Ақ жолдың алғы шарттары

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 61

      Қазақ қандай елміз, қай жолмен жүріп, қай бағытты таңдасақ ұлы жолға тоғысамыз?- деп иманы оянып, түсі түзелген, әрбір көкірегі ояу азаматтың  ой пікірлерін баспасөзден де, теледидардан да көріп те, естіп те жатырмыз. «Зайырлы мемлекет боламыз» дейді көпшілік ислам танушылар. «Зайырлы» сөзі ескі түркі тілінде; Ибалық, әдептілік, имандылық, тектілік, қасиеттілік болып, пенде бойындағы болатын құпия белгіні айтады. Ибалық мінездің жұмсақтығын ұялшақтықты білдіріп, еркектерде мейірімділік, әйелдердегі затына тән қасиетті ескертеді. Ондай қасиет қазақ халқында орыс империясы кері қалыптастырып тіптен қазақ болып туғанына келіспейтін бауырларымыз дәлел. Енді европаның әйелдер теңдігін үйреніп те  үйретіп те жатыр. Алысқа бармай-ақ өзіңіздің қасыңыздан табасыз. Ал бүкіл мемлекетті тектіге айналдыру мүмкін емес, жаратушымыз да ескерткен, нанбасаңыз құранды оқыңыз. Әдепке келсек әуелі анықтап алу керек, бізге керегі қай әдеп? Батыстың шектен шыққан еркіндігі болса, олардың малдары қарасынан шығып кетіп жабайыға айналып Алланың лағнеті жауып, біз үйреніп болам дегенше өздері өзгере бастайды жуық арада. Жалпы біз әдептіміз бе?  Әдепті, ғылымды үйретіп,  киімді жаратып, кітаптарды түсіріп, сол үшін ыстықты суықты сынақтардан өткізіп әр халыққа дәстүр қылып бекітіп берген жаратушымыздың несібесін, батыстан қалмаймыз деп жүріп, әбүйіріміз ашылып ұят деген қасиетімізді жоғалтып алдық. Зейнет деп аталатын жаратушымыздың әр пендеге көрсетпе деген құпия белгілерін қыздарымыз да аналарымыз да дәріптеуге шықты. Әншілерге кешірімді, олар өзінің емес, біреулердің кейпін бейнелеуші мақтан сүйер халық, бала сияқты. Сондықтан да «ұялмаған әнші болады» деген қазақта. Ақыл беретін құзырлы орындар өздері шоқынып; «Неге тәніңді  жабасың?» деп бас киіммен  кіргізбейді, жұмысқа да қабылдамайды.

      Мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан  мұсылман мемлекеті  деп ақша бермей қоюы мүмкін, батыстықтардан жалпы ұят. Ақшаға арымызды айырбастап алдық. Әрбір нәрсенің болмыстық белгілі шегі, басы мен аяғы болуы шарт. Оны ғылыммен ғана есептеп, шамасын ғайыппен салыстыра білуді ақыл деп атаған. Ешқандай хайуан қорегін арқалап жүрмейді, тек адамзатқа берген сол қасиетті сынақ үшін. Бүгінгі жалаңаш қыз, ертең бедеу, бүгін дүниеге массың,  түбінде тамақ батпай немесе өтпей, аштан өлесің дәм таусылып. Ұрпақ алдында бәрібір жауап бересің, егер артыңда қалса сол ұрпақ. Бүгінгі мақтаның — ертеңгі сорың. Сондықтан аталарымыз; «Таздан жарғақ бас туар. Кедейден  мал бақпас туар. Соқырдан көрмес туар. Сараңнан бермес туар. Ер арыса, әруақ болар.Тәңірінің мазағы — адамның азабы. Адамның мазағы, тартылар жазасы!».  Жаза басталып та кетті. Оны ғылымда «кселлол» ауруы  деген. Ауаның өзгеріп табиғат құбылыстарымен кешке сау болсаң ертең ауру. Бүгінгі  бұзық  ертең қылмыскер. Ақша да өркен ниет те құтқара алмайды. От пен судың шарпысуы басталып кетті, жуық арада сол европашыл қазаққа да кезек келеді. Қалай және кім құтқарады? Ол тек әр пенде иманын табу керек. Иман өзі келмейді, оны ел болып іздейді. Болмаса мәжбүрлеп өзін ғана таныту керек. Ата дәстүрін, ата жолын, ата-анасын қадірлей білуді еріксіз  түрде үйреткенде ғана іске асады. Заңмен міндеттегенде ғана апаттар тоқтайды. «Тесік моншақ жерде қалмас» деген қыздың тәрбиесіне көзі жеткен де қазақ. «Балтыр ашылады» деп ескерткен жаратушымыз. Сол балтыр ашылды көп елдерде, сол тесік моншақтарына құрт түсіп, белсіздік белең алып, еркегі әйелден қашатын болып, әйелдер саны еріксіз қысқара бастайды. Оның арты әлемде болатын өзара  соғыстар және жұт, аштық. Қазақ баласының өзіне тән қасиеті, мінезі болуы шарт! Бар байлықтың  тегі де, тірегі де денсаулық. Тек дені сау халық қана Алладан белгілі үлесін алады. Сондықтан бүкіл саясатта қарыштаған өндірісте «зайырлы» ұрпақ дайындауға жұмылғанымыз абзал. «Зайыр» мемлекет меншігі бола алмайды, жеке адам меншіктейді. Сонда әлемге үлгі «Қайырлы» мемлекетке айналамыз. Тәрбиені де тәртіпті де еркіндік қалыптастыра  алмайды, бойға сіңбейді. Мінез қалыптаспайды. Ол үшін бүкіл халықтың жауапкершілігін арттыру керек.

      Иман — ұлттық,  тілдік мінез көрінісі. Тек тіл мен дәстүр арқылы ғана иман бекиді. Қазақ болып туып, арап дәстүрін ұстап, иман іздеу ақымақтық! Себебі жаратушымыздың қарама-қарсылық заңына үйлеспейді. Рух дамып өспейді, құранды оқысын сенбегендер. Қазақ деп ат берген Алла тағала, сондықтан қазақ баласының көкке шығар өз жібі, қасиеті, ерекшелігі бар, оның аты Қазақ! Яссауи бабамыз салған жол ғана жеткізеді бар қазақты сол биікке. Ақиқатқа апарар тура жол – ақ жол. Тек өзін танып, ата дәстүрін меңгерген ғана текті аталмақ. Ақ жолдың да міндетті шарттары бар. Бірінші шарт тілін меңгеріп, қалай жүріп тұруды, өзін ортада қалай ұстап, қалай сөйлеуді, сыртқы ортаға байланысты қалай киінуді, қалай тамақтануды арамдардан шектеліп, өзіне-өзі тыйым сала біліп және  оны әдетке айналдыруы керек. Оған жету үшін «Баланы жастан қатынды бастан» деген қағиданы үнемі естен шығармаған абзал. Үкімет тарапынан батыл шешім қадамдар қазіргі уақытта қажеттілік. Екінші шарт әрбір пенде өз қасиетінің шамасында іздену керек. Ал сол қасиеттерді анықтайтын да жолға салатын да Алла ұлықсатымен өзіңнің бақи өмірге өткен ата-анаң. Иманын толықтыруға ұмтылған ізденген пендедегі күрделі де қиын мәселе. Бірақ өліктермен сөйлесу «Аян» және аруақтар батасымен тез оңай шешіледі. Енді қасиет, қабілеттердің күтушісі тек шариғат ісі және пайғамбарымыздың ізгі істері. Бұл міндетті үшінші шарт. Жол біреу, ол ислам жолы, бірақ әр халыққа ұлттық ерекшелігіне сай елшілері келген және келе де бермек. Бірақ осы жерден бастап қарама-қайшылық туындап дау-дамайлар туындайды. Себебі әрбір қасиет белгісін алған пенде үшін ұстаз керек. Ол шарттардың бәрі Яссауи бабамыз көрсетіп нысанын қадап кеткен. Аяндардың да шыңдары бар, ол үшін құран аяттарын түсініп меңгеріп сәйкестендіргенде ғана жүзеге аса бастайды. Басты мақсат ғайып құпияларының сырына қанып, соған ат қойып, көріпкелдік қасиеттерді дамытып, өз ортаңды апаттардан, аурулардан сақтандырып, қорғану тәсілдерін меңгеріп шапағатыңды тигізе білу. «Ондай қасиет тек жаратушыға жол тапқан адамда ғана болады» деген аятта. «Жамандықты жақсылықпен кетіру» деп те атаған жаратушымыз.

      Осы жерден тақуалық белгі екіге айырылады, негізі сопылық жол болып, ғалымдық  және дәруіштікке бөлінеді. Шешімін тапай топтарға бөліну де осыдан басталған. Бар сопыға ғалымдық жазбаған, себебі ғасырлар өтсе де, бірде-бір сопы әлі құран құпиясын ашып ғылымға, қоғам дамуына үлес қосқан емес Яссауи бабамыздан кейін. Сондықтан болар ислам діні бөлшектеніп топ-топқа бөлінуі. Ал дәруіштік жол өз мәнін жоғалтты, себебі «дәруіш» деп аты айтып тұрғандай ерекше көріпкелдік қасиеті бар емші адамды атаған. Ел кезіп сонымен ақы алмай сауап жасап, Алла тағаланы танытуға уағыздаған, ем-шипа жүргізіп кереметтер көрсеткен. Қазақта ондай қасиет егелерін «бақсы»деп атаған. Қазіргі таңдағы ел кезіп Алланы танытам деп кітаптар таратып жүргендер өздері де нағыз Алланы тани алмай адасқандар. Қасиетті пенде ел кезбейді, өз ортасына, еліне, ағайынға қол ұшын созады біріншіден. Ал осындай екі бағытты бір арнаға тоғыстыра білген ғұлама әулие бабамыз, сондықтан да күрделігімен ерекшеленіп тек қана қазақ халқының үлесіне тиген. Оған себеп жоғарғыда ескерткендей аруақпен тілдесу арқылы ғана жүзеге асады. Жалпы дін танушы қауымға түсінікті болу үшін құран аяттары арқылы ғана алдағы кітаптарда талқылаймыз. Шариғатта жол біреу, ол құран аяттары мен  пайғамбар ізгі істерін  толық меңгеру, «Тақуалық» деп атаған құранда. Сопылық жол тура жолға тиісті бағыт, себебі пайғамбар уақытында елемей кеткен аяттар мағынасын түсіндіру, жүзеге асыру болып саналады. Сол аяттардың құпиясы ашылды. Қазіргі жағдайда аяттар түсінігін шатастырып алып, есебінен жаңылысып, өздері де түсінуден қалған сопылық жолды ұстаушылар. Тақуа болу мешітпен тығыз байланысты,  мешітте арнаулы күндерінде бәсең түрде зікірлері болу керек  және әрбір сәжделерден кейін қосымша түнгі намаздары болуы шарт. Намаз бес түрлі амалдар жиынтығынан тұрады. Бес уақыт сәжде сол амалдардың бірі. Сәждені оқымайды  аяттарды жаттап алып жасайды, орындайды. Намазды замандарға байланысты оқиды. Оқу сөзі үнемі үйрену, сәуле алу болып табылады. Сонан кейін ерекше қабілет, қасиет арқылы ғана сопылық жолға өтеді. Алланың жібін ұстайды. Жан сарайын зікірмен әсемдеп көктен мағлұматтар алып, әр пенде өзіне сай қасиет қабілеттерімен сауаптар жасап, қанға сіңіріп, болашақ ұрпаққа мирас етіп қалдыру негізгі мақсат. Неге қазақ халқында неше түрлі жолдар, ағымдар пайда болып өздерінің де, өзгенің де миын ашытып жатыр? Кім жауабын бере алады? Дін басқармасы атқару керек әрине. Осы жерде айтып өтпесе болмайды; Санаға ой салып белгілі бір үлкен мешітке бар деді. Жұмада барып көпшілікпен бірге сәжде жасап, енді артынан таспиқ тартуға  ыңғайлансам құран оқылып жатыр, мен де халықпен бірге қол жайып намазды аяқтап қайттым. Көкейде неге жетеледі? деген сұрақ  туып құран бетін ашып қалсам мынандай аятты оқыдым: «Алланың мешіттерінде Оның аты зікір етілуіне тыйым салғаннан, әрі мешітті бұзуға тырысқаннан кім залымырақ? Олардың мешітке қорыққан түрде кірулері керек еді. Ол үшін дүниеде қорлық, ахиретте зор азап бар» ( Бақара-114) (Мешітке зираттау деген ұғым бар, оған толық ой жеткізу үшін ақирет өмірінен толық мағлұмат алып барып түсінікті болар).

«(Мұхаммед!) Раббыңа  ішіңнен жалбарына қорыққан түрде бәсең сөзбен ертелі – кеш зікір ет. Сондай-ақ қаперсізден болма». (Ағраф– 206)

«Әй мүміндер! Алланы көп зікір етіңдер. (41) Оны ертелі кеш пәктеңдер (41). Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтан жарыққа шығару үшін өзі рахмет қылып, періштелері дұға қылады. Сондай-ақ  мүміндерге ерекше мейірімді» (Ахзап -43).

«Әй ақыл иелері! Алладан қорқыңдар. Иман келтіргендер Алла сендерге бір зікір түсірді» (Талақ – 10). Әзірше осы аяттар ұғымдар түсінігін дін танушы ғұламалар мен оқырманның өзіне қалдыруды жөн көрдім.  Себебі «Сәни дәптерді» талқылап барып ажыратуға болады, ал оны талқылау үшін құран аяттарынан мағынасын ұғу керек. Енді жоғарыда айтып кеткендей айдың  3 күні «Ықтифар» құлшылық жасап Алланы дәріптейтін күнге жатады. Аятта: «Раббым  маған белгі бер» деді (9). (Алла) «Сенің белгің: сап-сау бола тұра үш тәулік адамдармен сөйлесе алмайсың деді (10). Сонда (Зекерия) михрабтан шығып қауымына «Ертелі — кеш  Алланы дәріптеңдер» деп нұсқады» (Мәрием – 11).

 Және зікір туралы бөлек үкім түскен. «Санаулы күндерде Алланы зікір етіңдер. Сонда кінәдан сақтанған болсаңдар екі күнде бітірсе оқасы жоқ. Алладан қорқыңдар. Әрі негізінде Аллаға қайтарылатындарыңды біліңдер» (Бақара – 203).

       Осы белгілерді пайғамбарымыз орындап, көрсетіп, тақуалық жолдың негізін салып кеткен. «(Мұхаммет пайғамбар) ол мешітте әсте намаз оқыма. Бастапқы күннен бері тақуалық негізінде салынған (Құба) мешіті намазға тұруыңа лайық. Онда тап-таза болуды сүйетін кісілер бар. Алла өте таза болушыларды жақсы көреді» (Тәубе -108) Кісі сол бақилық болған ата-аналарымыз жаны, тәубеге келіп тазаруға келетін. Аруақ түгіл тірі пендені зікір салма деп қудалап жатқанда мешіттеріміз, енді олардың бәрі қазір әулиелердің басын күзетеді, үміттенеді « Мүмкін ұрпағым келіп қалар» деп. Қазақ жерінде пайғамбар ізгі істерімен жүретін тақуалық мешіт бар ма екен? Зікір, дәріптеу, пәктеу, үлықтау, мақтау сөздері әрқайсысы  екіден мағына береді, сондықтан құран аятынан сәл бұрылса қателік! Аянмен ғана ескертіліп отырады ол жолға бет бұрған пендеге. «… Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар». (Юсып -76) Ол тағы да аруақ! Маған аманат етіп жаздырып отырған да аруақ. Бәрін қағазға сыйғызу мүмкін емес. Сопылық жолдардың қолға түскен еңбектерімен таныстым, Исматулла Мақсұмның да еңбектерін зерттедім, «Сәни дәптермен» салыстырдым, мүлдем алшақ кеткен. Тұжырымдар жасап газеттерге ой-пікірімді ұсындым,  араша түсіп дін танушылардың кейбіреулерінің алдынан да өттім. Газеттердің де олардың да белгілі ұстанған мүдделері болды. Сонан кейін кітап жүзінде сынамақ болып дәлелдер келтіріп дайындадым, сол уақытта аян алдым. Айша ана 11 сағат 30 минутта кел деп белгі берді. Құраннан 11-сүре 30-шы аятта; «Әй елім! Егер мен оларды қудаласам, мені Алладан кім қорғайды, түсінбейсіңдер ме?».  Бұл  дін танушыларға бәріне де жауап, иман келтіргендерді қудалауға болмайды, Алланың сынағы қазақтың дін танушы қауымға жіберген. Тағы да аятта; « Расында адамзатты әбігер жараттық. (4) Оған екі жол көрсетпедік пе?(10) Сонда да ол кедергіні асуға тырыспады (11). Кедергінің не екенін қайдан білесің? (12)Ол: құл азат ету,(13) Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру;(14) Жақындығы болған жетімді (15) Немесе шаң топырақтағы сорлыны (16) Сосын иман келтіріп, бір-біріне сабыр меңзегендерден болу (17) Міне осылар оңшылдар. (Бәләд – 18) Әр пендеге берілген екі өмір екі жол болып, кедергіні аса алмаған белгісі ерін ұзындығы болса, әрбір жолға да екі сынақ қарама-қарсылық белгісі болады. «Құл азат ету» сөзі дұрыс тәпсірленбей елеусіз қалған. Құл тозаққа түскен шаң топырақтағы мұсылман жаны. Қажылықтың басты мақсаты сол болар. Құран ғана азығы болып, зираттау содан қалған.  Құлшылықтың екінші жолы. «Кедергінің не екенін білесің бе?» Кедергі өзіміз, тек араптар арқылы ғана тану керек, болмаса ана топтың анасы мына топтың мынасы жақсы деп өзімізді де өзгені де шатастырып жатырмыз. Зікір әрбір пендеге байланысты аяттардан ғана тұратын аянмен ескертіліп отыратын күрделі есептер жүйесі. Сол зікірлердің орындалу тәсілдері, орны, уақыты арқылы ғана аруақтар азық алады. Сен де сорлы болып шаң басып аш жатпайтыныңа кім кепіл? Әке балаға немесе бала әкеге бодау төлемейтін күннен қорық деген де аят мағынасы осы. Аллаға шүкір, қазақ халқы әлі ол дәстүрден жаңыла қойған жоқ. Тек сабыр меңзейтіндер жетіспей жатыр немесе шайтан ықпалы күшті болып тұр.

       Ақ жол деп шариғат жолын немесе турарақ жолды сосын тура жолмен жүруді айтады. Соңғы екеуінің де негізі тек шариғат жолын меңгеріп барып дамиды, болмаса тура жолдың қисығы немесе қисық жол болып бөлінеді.  Жалпы бар жол тек құранға негізделеді.  Құпия білім тек он сүре есебімен түсіндірілу шарт!

«Немесе олар құранды өзі жасады дей ме? (Мұхаммет пайғамбар) оларға «Егер айтқандарың шын болса, Алладан өзге көмекке шақыра алатындарыңды шақырыңдар, сол сияқты  10 сүре келтіріңдер» (Һұд -13)

Шерік қосу, шерік қату, шоқыну, серік қосу, т.б дау-дамай туғызып жүрген ғылыми мағынасы бар аяттар үш  аят санымен сүренің қай елге меңзегенімен тұжырымдама жасалу керек, сонда ғана қандай мақсатқа және кімдерге ескерткен нәтиже бағасы немесе жазасы айқындалады. Бұл кітаппен бәрін қамтып түсіндіру мүмкін емес және нарықтық заңның қағидасы көтермейді, сондықтан әзірше есептеп көруге дін танушылардың өзіне қалдырамыз.

Шексіз дүние шетінің шеңберіне ешкім әлі жеткен жоқ. Бірақ ақылы жеткен жеріне әркім бір нысана қойып белгілеп кеткен. Әр халықтың белгілі нысанасы бар. Қазақ халқының нысанасын қадаған Әзіреті Сұлтан Құл Қожа Ахмет Яссауи бабамыз. Жалпы адамзаттың шарықтау шегі болып оны қайталау әлі ешкімнің қолынан келмеген мүмкін де емес,  тек надандар ғана мойындамайды, себебі өресі, ой өрісінің кемелденуі жете алмай жатыр. Сол адамзат үшін берілген жүз мың ғажап сыр бар деген әулие бабамыз.

Әр ұрпақтың мақсаты сол сырлардың өмір атты керуенінде сапқа тұру. Сол арқылы ғана кейінгілерге жол ашасың. Қатарға тұрып санатқа қосыла алсаң мәңгілік өлмеу сол болмақ. Жаратушымыз құранда сол сапты біртұтас адамдар деген.

      Адамзатқа жүктелген Рух – ол құранмен түсіндірілген өмір жобасы және құпия сыры. Ғылымды, өнерді, тілді меңгеріп ой кеңітсең, бұл өмірден алатын бағаң да сол – жан сырың «Ар» болар. Жаннан мекен тауып өз орнын алса жұпар иісі шығып рең (түс) пайда болса «Аруақ» деп аталар. Сондықтан да бірінен-бірін аулақ әкетуге болмайды. Тексіз зат болмас. Затсыз бейнені әлпештеуден қаншама қателіктер туындап, тексіздер тобырын көбейтуді доғарғанымыз жөн болар. Шындықты табу үшін қарама-қайшылық заңдылық болуы  керек. Іс-қимылға айналып дәлелденген шындық қана «жеңіс» аталып ащы дәмі болады. Алдыңғы кітапта шамалы ескерту айтып ауыз күйді. «Ақиқат өтіріктен қорықпайды, бірақ қаймығады». Себебі пышақ бір жүзді, адамдар кейде екі жүзді. Адам аласы сыртында емес ішінде. Кітап оқу білмеген, сөз астарын ұқпаған — надан. Шындықтың аты қашанда шындық. Енді сол кітапты қайта-қайта оқыған пендеге он аянға шындыққа кілт бар. Сонан кейін «Ақ ұлдың» кітабымен белгі түсер. Шындық солай іс-қимылға ауысады. «Даңқ екінің бірі көтере бермейтін ауыр жүк» Сол бақ келді қазақ жеріне. Бірақ ақталмаған ақиқат та өсектің бір түрі. «Адам болам дегенге артық байлық бітпейді», «Жетімдікті көп көрген үш айтпаса әу демес, жоқшылықты көп көрген өзі тоймай мә демес». Бұл көп қазақтың ахуалы, бірақта адамның бақытты бақытсыздығы өлер сағатында ғана белгілі болады. Сондықтан ағайын алға жіберер, алдыңнан күтер дүниені ойлайық, мүмкіндік беріп тұрғанда халық болып қамданайық!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *