Ақиқат бастауы. Алғы сөз.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 129

Бұл кітап ақиқаттың ақ бастауы болып, өз ұлтына бейтарап қарай алмайтын қазақтың мүддесін жоғары ұстаған оқырмандарға ғана арналады. Себебі бұл шығарма «ақиқаттың ақ бастауы» болып, қазақ халқының наным сенімі және дін ұстаным жолы мен әлемдегі қазақ халқының ерекшелік белгісі мен болашақтағы алатын орнына құран аяттарымен нақты дәлелдер келтіріліп, осы уақытқа дейінгі құпия болып келген тылсым сырлары мен ақ жолдың ақиқаты баяндалады.

Редакторы: медицина ғылымының докторы, профессор

Садықов Сайын.

АҚИҚАТ БАСТАУЫ

Бисмиллаһир рахманир рахим!

Аллаға шексіз шүкірлік! Отанымыз егемендігін алып, тәуелсіз даму жолына түскеннен бері қалың жұртшылық ұлтымыз боп мемлекетіміздің тарихи бастауларына ерекше ықылас аударуда. Дініміз жайлы, ұлтымыз жайлы еркін ойлауға, жазуға мүмкіндік туды. Қазіргі мұсылман елдерінде дін ұстанып ешкімді таңқалдырып қоғамда ешнәрсе өзгерте алмайсың. Қасиетті дін жәй дәстүр дәрежесіне дейін кұлдырады. Сол дін дәстүрі қайдан келді? Осылай әлсірей берсе әлем халқы жол таппай тығырыққа тірелмей ме? Адамды «адам айуанға» айналдырмай бүкіл қасиетін ұстап тұратын дін ғылымы жойылғасын адам ұрпағы да біржолата жер бетінен құруға айналды. «Неге тек қана дін, басқа да ғылымдар бар ғой, діннің де талай былығы бар ғой» — деп дау айтуға асықпаңыз. Әрине кез-келген діннің дағдарысқа ұшырап кететін кезі болады. Тарихта ондай кезеңде дүмше діндарлар дін басына келгенде қоғамды артқа сүйреуші кері-тартпа күшке айналады. Ондай жағдай қазіргі қоғамда қатты байқалады. «Екі күн бұрын ойланған, болашағын бір күн бұрын болжайды» деген екен бұрынғы аталар. Келіңіз болашағымызды болжап көрейікші. Ондай шұбар фактілер мыңдап кездеседі, шатақ діндер осылай кете берсе Қазақстан халқы не болар, қазақ халқы өзінің хақ дініне қайта оралып, бабаларымыз құрған таза рухани ілімге қайта оралып еге болмаса, жарқын болашақ туралы бүгінгі жұмыстарымыздың бәрі бекер болмақ.

Ендігі заманда әркімнің шылауында кеткен қазақ ұландары тамыры ата діннен басталатын көркем салт-дәстүріне айрандай ұйып, дербес ұлттық мәдениет өндіре алмайды. Халқымыз зұлымдық пен мейірімділікті ажырата алмай қалатын адам жүрегінің өлуі деген ұлы апаттан сақтайтын, өзінің қазаққа тән төл дінін, дінді дінге соғыстыратын дімкәс догмалық дінге айырбастап алатын кезеңге кіріп келе жатқан сияқтымыз. Бұл дегеніміз ұлттың іргесі сөгіліп, этникалық мәдениеттің ыдырауын туындатады. Сана бірлігі мен салт бірлігінің жойылуына әкеліп соқтырады. Бұл ұлтты ұйытып тұрған дәстүрлеріміздің ұмытылуы деген сөз. Болашақта осылай жалғаса берсе, қазақтың әрбір азаматы өзі қабылдаған шетелдік діннің, бөтен сенімнің нәпсіге тиімді, басқа ұлттың мінез, менталитетіне сай құрылған жат ережелерін ұстанатын болады. Осы өзі қабылдаған жаңа дінге сай келмесе, мың жылдық тарихы бар қазақ мәдениетін, әдет-ғұрпын тәрк етіп, рухани тұғырынан оп-оңай ажыратады. Бөтен дін қабылдаған қандастарымыз ендігі заман Құран аяттарын, Пайғамбар хадисіне сүйеніп айтылған ертегілер мен ислами жыр қиссаларын баласына оқытпауға, ұрпағының санасына сіңірмеуге тырысады. Отан ұғымын, ұлт ұғымын талақ етеді. Олардан өсіп-өнген жаңа ұрпақ есейіп, қоғам өміріне араласқанда қазақ халқының дүние танымына жат бөтен ғұрыптарды қазаққа зорлап таңып, көрінген келімсекке идіріп, құрдай жорғалатып қоюға бар күшін салады. Сосын саналы түрде қазақтың дәстүрлерін тұрмыстан ысырып шығарады. Мұның соңы еркін ойлайтын қазақи аға буын мен дімкәс дінмен уланған кейінгі ұрпақ арасында бітіспес рухани қақтығысқа ұласуы мүмкін.

Әдетте кез-келген халық ұлттық бейнесін өзінің салт-дәстүрі арқылы ғана табады. Мұның әлем тарихында басқа жолы жоқ. Осы бетімізбен бұйдамызды ағылшын, түрік, иран, т.б. миссионерлерге ұстата берсек, енді бір 50 жылдан соң қазақтың мінезі, түрі, түсі, дене бітімі, киімі, ішер асы түгелге жуық өзгеріске ұшырайды. Дүниеде бағзы заманда инабатты, қонақ дегенде ішкен асын жерге қоятын биязы қазақ деген халық жер жүзінде қалмайды. Неге? – дейсіз әрине. Мейлі, кез-келген қандай да бір діннің қатып қалған бұлжымас қағидасы мынау: ол діні бөтен адамға үйленбеу. Бір діннің адамы өзге діннің жамағатымен қыз алысып, қыз бермейді. Қыз алыспайды. Мұсылмандар да солай. Жалпақ тілмен айтқанда кәпірге қыз бермейді. Олар да әрине мұсылманға қыз ұзатып құйрық-бауыр жеуге құлықты емес. Тағы да діндері ала шұбар қазақтар енді бір он жылдан соң бұрынғыдай елмен жарқын құдаласып, емін-еркін араласа алмайды. Ал қазақта саяси уағызшылар өз дініне кіргізген соң әрбір қазақ отбасы, жаңадан қабылдаған діннің шеңберінде ғана қыз алысып, қыз берісіп тұруға еріксіз мәжбүр болады. Бұрынғыдай 7 атаға толмай қыз алысуға болмайды деген салихалы бабалар аманаты біржола тоқтайды. 7 ата емес енді 700 атадан қосылатын арап, парсы, түрік, неміс, кәріспен некелесе бастайды. Некелесіп жатыр да. Бұлардың арасынан американдықтар сияқты пейілі түсініксіз беймәлім будан шығады. Әрқайсысы тұтынған дінге сәйкес жөн-жоралғы жасайды. Дәл қазір діні бөтен қазақтардың балалары буддист, не болмаса вахаббист болып өсіп жатыр. Олар атам заманнан сол тілде өсіп келе жатқандай жайбарақат жүре береді. Міне ұлттың ыдырауы, мемлекеттің құлдырауы, мәдениеттің тоқырауы деп осыны айтады. Сонда қалай, осынау ата тектен осыған қарсы қояр жалған діндерге дініміз немесе рухани іліміміз де жоқ па? Әрине, бұл бәледен тек Ислам діні сақтап қалады деп көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар күресіп жатыр. Бірақ қазақты қандай Ислам қорғап қалуға тиіс? Бүкіл әлем американдық АҚШ мәдениетіне жұтылып бара жатқанда, біреу біреуге жан ашып бөтен үшін біреуге сырын бермейді. Әр халықтың көкірегі ашық, саналы азаматтары, ғалымдары, адам өмірін түзейміз деп сан түрлі ойлар айтып, ол ойларын халыққа таратып, том-том кітаптар жазып таратып та жатыр. Біреулері адам өмірі жаратқан иесін тануымен түзеледі деп, күнде бес уақыт намазын оқып, құранды қақпан қылып, елді алдап жүрген молда-сопылардың қылықтарын ойлап көріңіз.

Өмірдің өзі – тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек деп, бірін-бірі қырып жатқандар да бар. Оқу-білім, ғылыммен түзеледі десе, үйренген ғылыммен түрлі қару жасап, әлсіздерді құлданып, жердің бетін адам қанымен бояп, мәңгілік өмір сүреміз деп басқа планета іздеп, қашып кетудің амалын қарастырып жатыр. Әрине, Алладан қашу мүмкін емес. Партиялар құрып бай мен кедейді теңеп, байдың малын кедейге бөліп беріп түзейміз деп жанталасып жатқандар да бар, ол кедейді еріншектік, еңбексіз мал табуға дағдыландырып арты құрдымға тірейді.

Бұдан шығатын қортынды қазақты өз төл салт-дәстүрінен басқа ештеме құтқара да алмайды, бұл тығырықтан алып та шыға алмайды. «Қолыңа сіңсін әдет, көңілің бұр, халыққа құлағың түр, өмірін біл, ізгі дін ежелгінің ғұрпын сақта, кез-келген есік қақса кілтін жаппа» — деген дана қазақ.

Қайырлы болсын десең артың кейін,

Әділ бол қарғамасын халқың кейін.

Жарылқа жұртты жақсы пейілменен,

Қолыңды соза алмассың кебініңнен.

Қарынбай қазынаңа сенбе мүлде,

Көк тиын әкетпейсің көрге мүлде.

Өмірде түйгені көп қазақ аталарымыз;

Егерде нығайтқың келсе еліңді, еңбектен, ізгілік, көп іс тындыр шын жүректен, тайдырма ізгі жолдан табаныңды, білмей өт құдай сақтап қара күнді, көп жасап көпті көрген құлақ ас, қариядан ақыл сұра. Өйткені олар бабалар ақылы, біздің асыл қазынамыз.

Қазіргі таңда шетелден оқып келген діндарлар ұлтымызды салихалы салтынан айыру үшін қалыптасқан салт-дәстүріміздің көпшілігін дұрыс емес деп айта беретін парықсыз пендеге айналып бара жатыр. Және де теледидардан, не бір көбейіп жатқан діни газеттер бетінен «Ақ жол» ақ жол емес. Зираттап жүргендер діни сауатсыз, әрбір теледидар сұхбатында көрермендер сауалына, аруаққа сену дұрыс емес, ата-аналарымыз да білмей ширик қосқан, тіптен әулие-әмбилер де білмей ширик қосқан және де көгілдір экраннан сұхбаттар беріп, кейбір қандастарымыздың: «Мен құранды қазақшасын оқыдым да арапша сауап ашып, керемет болып кеттім»-, деп құран аяттарына тәпсір жасап жүрген молдаларға, ясауи танушымын деп тек «Сәни дәптердің» мазмұнын да дұрыс ұқпай жүрген ғалымдарымызға, құранның бір-ақ аятын оқи сала, пәтуа жасап жүрген қаптаған дін танушы мен арап танушыларға сол араптардың да қателігін түзеген, әлі де қателесіп жатқанын өткен ата-бабаларымыздың әлемде теңдесі жоқ дәстүр қалдырғанын дәлелдемекке бел будым. Әрине көп оқырмандарға түсініксіз және оқылуы қиын болып ойға салмақ түсетіні даусыз. Ол жағдай менің жеткізе алмауымнан немесе қазақ тілінің күрделілігінен емес, оқырман ойының қараңғыланып кіндік қаны ана тілінің ділдік сананың қараңғылықта қалуынан, сөз астарын жеткілікті дәрежеде ұғына алмаудан деп біліңіз. Бұл кітап «Ақиқат» бастауының «Ақ бастауы» болып мүмкіндігімше қазақ салт-дәстүрі мен сөздік қорын кеңейту мақсатында жазылған деректерді пайдалана отыра қасиетті кітаптың асыл сырларының сөз астарына және есеп жүйесіне ақыл жүгіртіп көрмекпіз. Сондықтанда қазақ тілін меңгерген оқырмандарды ақиқатты анықтау үшін нақты деректермен аталар жүріп өткен ізге үңіліп көруге және қасиетті киелі кітабымызға ғылыммен жүйелеп қайтадан қазақшасын оқып көруге шақырамын. Неге қазақша ғана оқу керек дейсіз әрине? Сәл шыдасаңыз, болашақта ана тілінің құдіретіне, жаратушымыздың қазаққа берген несібе, бағына көзіңіз жете бастайтынына кәміл сенімдімін. Көп оқырманның көкейіндегі сауалы; «Атеизм қағидасы бойға сіңгендіктен және арапша білмегендіктен дінді түсініп меңгеру мүмкін емес» деген күдік бой көрсетіп тұрады қашанда.

Мен де өзіңіз сияқты кезінде совет идеологиясымен тәрбиеленіп, бірақ та сол қанға сіңген ата дәстүріміздің, қасиетіміздің оянуына Қыдырәлі Тарыбай ұлының бастауымен «Ақ жол» атты жолда бабалар батасымен бағдар алып және кешегі компартия заманында түрлі мамандықтарды меңгеріп, жоғары дәрежелі білім алып, «Қара магия» «Қызыл магия» және «Гипноз», «Тибет медицинасынан» да түсініктер алып, осы біздің халқымызда болған ба? — деп ізденіп жүріп, Ақ жол арқылы іздегенімді тауып, ойға түйіп ақыл таразысынан өткен көп көңілде болған сұрақтардың жауабын сіздермен бөліскім келеді. Бұл кітапты «Ақиқат бастауы» деп атап, «Ақ жолдың басталуы», «Атейзм туралы не білеміз?», «Құран Кәрім туралы құпия сырлар», «Әдет-ғұрып, салт дәстүр саласында тағлымдар», «Емдеу жолына түсініктеме және бақсылық туралы оның алатын орны», «Имандылық негіздері» және «Мұсылмандық шарттары», Ақ жол – «Ақиқат бастауы» дүние жүзілік маңызы және қазақ халқының алатын орны деп бөлімдерге бөліп, негізгі қазақ халқында діннің іргетасын қалап оған өзіндік ерекше ізін салып кеткен Әзірет сұлтан Ахмет Яссауий, Абай, қазақтан бірінші теолог ғалым Шәкәрім Құдайберді ұлы аталарымыздың еңбектері мен Құран Кәрімнің аяттарын негізге алып, ой пікір білдіріп отырмын. Қарапайым құлаққа ойға танымал пікір сөздерден жинақтап, күрделі танымал ғылым салаларына сапар шегеміз сізбен бірге болашақ басылымдарда. Бұл бірінші кітапшаны ой түзер сөз ғылымы деп ескеріңіз.

Қазақ сөз қорын толық қамту, жазу мүмкін емес, бірақ мүмкіндігінше қазақ халқына таныс, жазылып айтылып келе жатқан шығармашылық еңбектерден көлемді түрде қамтуға тырысып көреміз. Сондықтан кейбір саналық тілдік дәрежесі өспеген оқырмандарға түсініксіз, әрі оқуға ауыр болатыны сөзсіз ақиқат. Кейбір келіспейтін жерлері болса, оны тек менің пікірім деп қабылдап, уақытқа төрелікке жүгінейік. Шындықтың да өз дәрежесі барын ескерсек; кешегі шындық, бүгінгі шындық және ертеңгі шындық. Осы үш шындықты таразылай білген адам баласына ғана ақиқат таңы атары даусыз. Сіз бен біз кешегі мен бүгінді салыстыра отырып, қазақ оқырмандарына танымал еңбектер мен дін туралы, салт-дәстүр туралы жазылған, айтылған ойларды сол қалпында таныстыра отыра, қасиетті кітапта жаратушымыз сөзімен таразылап көрмекпіз. Сондықтан алдағы кітаптарда мүлде құлаққа тосын, бірақ тарихтың терең түбінен келген хабарлармен Құран, Қазақ және ғылым болып болашаққа сапар шегеміз. «Керек тастың ауырлығы болмас», бұл шығарманы «Ақиқаттың ақ бастауы» деп алдағы кітаптарды түсінгіңіз келсе, қоржыныңызға ұмыт болған сөздерден толыстыра ала білуіңізге тілектестікпен Алла жар бол, ата баба аруағы қолдай көр демекпін!

Байтасов Тоқберген Кескірұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *