Ұлы Қазақ тегіміз!

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 2

Тектімін деп бұғып жүр,
Жыландай уын сұғып жүр.
Қазақ кем деп өзге елден
Надандар айтып сөзін қу.
Ұлы болмақ осылай,
Өнерден, білім қашып-ай.
Күштілермен таласпай,
Тек жетілмес өсіп-ай.
Ұлдарым бар жігерлі,
Еркектік мінез өнерлі.
Мен қазақтың жалғасы,
Ісім бар әлем көреді.
Өмірде сынап тіреспей,
Ит жығыс жүріп тіреспей.
Еркек болып не керек,
Бірлігінен елдің жіп еспей.
Жығылсаң жер көтерер,
Жебесе аруақ күш берер,
Мыңмен де жалғыз күрескен,
Бабалар рухы көтерер.
Қорқақтар, қорқау ши бөрі,
Шуылдап не іс білер?
Тәуекелшіл Нұрсұлтан,
Кезінде мұндай қысылтаң
Қазақтың рухын көтеріп
Әлемге үлгі іс қылған.
Жоқ емес ерлер қазақта,
Қалмаймыз артта мазаққа
Өнерін әлем меңгеріп,
Алашты алып мадаққа
Кіреміз алғы санатқа!

***  ****

Топқа түсіп сыналмай,

Жеңіліс дәмін біле алмай.

Жан өспейді жетіліп,

Өнерден қуат және алмай.

Майданға кіріп жалғанбай,

Өзіңді-өзің сынамай,

Қорқып бұғып тығылып,

Нәсілің тегіс жиналмай,

Текті қазақ аталмай.

Ой шұңқырды сағалап,

Жатпақсың сұр жыландай.

Ащы мен тұщы дәм алмай,

Өмір тәтті болар ма-ай,

Бірліктің жолын таба алмай.

Дүниеге сілекей шұбыртқан,

Кедейліктен қорықсаң,

Еңбектен қашып тер төкпей,

Тегі емес қазақ ант ұрған!

Мұнан да жаман күн болған,

Одан да қазақ құтылған.

Жаяу-жалпы салпылдап,

Бір үзім нанға зар болған.

Бүгінгі күні қарын тоқ,

Дүниеден өзге уайым жоқ,

Қанағат, шүкір айта алмай,

Қатындай да тірлік қыла алмай

Даурыққан надан ерің көп.

Азғырып елді, жастарды,

Құдай сүйер сөзің жоқ.

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.