Бірлігі дінге қарсы боп…  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 1

Өзін-өзі кісі ғып,

Ақыл айтқан кісімсіп.

Қорқақ, қорқау үлкен бар,

Шешімнен бірлік дүрлігіп.

Пайғамбар боп көріпкел,

Байлығын елдің түгесер.

Бодан қылды өзге елдерге,

Қазақта жоқ деп естілер.

Жастарды жүр азғырып,

Бірлікке қарсы шақырып.

Дінсіз надан үлкендер,

Оғымен ажал аталып.

Қырыққа келмей иман жоқ,

Мастықтан бойын тыйған жоқ.

Ел билемек жастар жүр,

Құдайға қарсы надан боп.

Сынайды ел билікті,

Ақылы бұған жетіпті.

Бала туып, бақ таппай,

Халықтың бағын біліпті.

Абайын дана тыңдамай,

Единица аталмай.

Ақыл айтып әуресі,

Қазақта көп кем есті.

Өз тағдырын есебін,

Көрмегеннің есі кем.

Сынақтың біліп бағытын,

Таппаған жердің тесігін.

Құдайдан уәде алғандай,

Көгіне саты тапқандай.

Тағдырын құдай қолдамай,

Қарсылық қылып тажалдай.

Бірлігін елдер қолдамай,

Сөздері тура шайтандай.

Дау айтады ойланбай,

Тағдырын халық болжап-ай.

Асқақтап сөзі кісімсіп,

Сынаған қартты білгішсіп.

Аруақтың қалып назына,

Өз жанын өзі өлтіріп.

Ақылыңның жеткені-ай,

Ойынды жүрген ойлап-ай.

Көп ойыннан от шығып,

Тарихта елдер жоғалды-ай.

Ендігі болды кісілік,

Дүниенің ісі естілік.

Уайымы боп, құдай ұмытар,

Несібесі қазақ кесіліп.

Бірлігін дінін қолдамай,

Құдайым кетпек тастап –ай.

Түсірмей көктен несібе,

Таңылмақ қазақ боданға-ай.

Аруағың солай айтты ма?

Өзге елден қазақ басқа ма?

Жер ана бермей несібе,

Құдайым бізді атты ма?

Шықты қайдан тажалдық,

Шоқ тастап ұлтқа араздық.

Еңбекке, өнерге шақырмай,

Сыналмай текті бола алдық?

Дәстүрің бабаң жолы еді,

Жібектің жол керуені.

Әлеммен түгел дос болу,

Саудасы құдай осы еді.

Сенбеңдер надан тажалға,

Мұндайда иман, ар бар ма?

Ғылыммен, өнер жинамай,

Майдансыз бақ қонар ма?

****   ***

Майдаланып жәндіктей,

Ұлттың жанын өсірмей.

Тажалдық білім алды көп,

Ақылың қалды жетілмей.

Оймен тілді қосалмай,

Философ ғалым аталды-ай.

Тілші болды сөз жазып,

Жансыз ойды қосарлай.

Кетті, бітті, құрыды,

Қазағым мұнан ұтылды.

Анау алды тонап деп,

Байлығың енді таусылды.

Даурыққан жұрт елеріп,

Мастарға үлкен жүр еріп.

Жауы үлкен орыс боп,

Басшылар ісі теріс деп.

Ойбай күнде естіген,

Жау шапты деп елірген.

Дос болған басқа елдермен,

Құрыдық деп биліктен.

Бүгінде қалмай кісілік,

Үлкендер кетті ісініп.

Бас-басына би болып,

Болжайды тағдыр кісімсіп.

Жастарың ақыл толмаған,

Философ болды ойды алған.

Үлкеннің алып жағасын,

Данышпанға өзін балаған.

Елірген қызу мастар көп,

Құдайдан аян алған жоқ.

Азаптап түрлі сынақпен,

Елейтін мұны адам жоқ.

Ар, иман өліп халықта,

Түскенмен сын сағатқа.

Жатқанмен елің қырылып,

Ниеті  жұрттың байлықта.

Құртты, кетті кеміді,

Орыс деп жауың ендігі.

Тажалдықты көрсетпей,

Аздырған жаның, дініңді.

Қатының, қызың азғанын,

Дертті боп түгел жастарың.

Ар иманың жоғалып,

Жоғалтып ділін бақшаның.

Жан әлсіз  тегін өсе алмай,

Жүз жылда ел боп тұра алмай.

Жер анаңды еме алмай,

Нәсілің болмақ жоңғардай.

Отырсың мұны ойламай,

Тегіңе нәсіл уәде алмай.

Құдайдың қашып сынынан,

Ұлтыңның жанын қорғамай.

Құдайды алмай есіңе,

Сөз айтасың көсіле.

Басыңа бәле тілеп ап,

Түсесің аруақ тезіне.

Бар жаратылыс есебін,

Раббымның өзі білетін.

Болғанмен қарсы иеге,

Пендесің түбі өлетін.

Ұрпағың тартар азапты,

Мирасың болған сынақты.

Жамандық көрсең өзіңнен,

Қазақтық кетер тегіңнен.

Нәсілге қылып қарсылық,

Бүгінгі жалған мақтандық.

Орыс боп, әлде неміс боп,

Туасың әлде кеміс боп.

Екі рет азап тартқызам,

Уәдесі бұл жаратқан.

Соңына түскен нәрсенің,

Күйігін тартар жаралған.

Бүгінгі осы надандар,

Нәсілін байқап қараңдар.

Бұрынғы тегі қалмақтар,

Әлде кекшіл жоңғарлар.

Сырты қазақ іші орыс,

Ұлтыңда көп ой жорығыш.

Тегін қазақ қыла алмай,

Дәстүрді бойға ала алмай.

Өтеді көптер осылай,

Адал еңбек қыла алмай

Ақ жүрек қазақ бола алмай

Қазақтың жанын туа алмай.

Айналып өзге нәсілге,

Қытайға әлде негірге

Етуге еңбек жеріне

Тағдырын қайта түзеуге.

Өнер, білім ойламай,

Жаныңа нәсіл қоса алмай.

Әлсіреп тегің тарихта,

Болғансың елге бодандай.

Құдайым тегіңе қазақтық,

Орыстан нәсіл жалғаттық.

Білімге қылған құмарлық,

Шет жұрттан ой қуаттық.

Және алып нәсіл араптан,

Әулиелікке қазақ жалғасқан.

Олардан кетіп тектілік,

Қазаққа мирас исламнан.

Қытаймен қыз алысқан,

Өнерден қуат жалғасқан.

Талай ұлт жерден жоғалған,

Тегінен ізде қазақ- аруақтан.

Біртұтас аруақ адамдық,

Шынықса тегің жалғанып.

Жаны ұлттың өсер жетіліп,

Адамзат жүр мұны арман ғып.

Өлмейді көпшіл қазағым,

Сыйлайтын көрші, қонағын.

Ұмытып ескі кектерді,

Жібектің жолын жалғасын,

Қыздырып әлем базарын.

***  **

One thought on “Бірлігі дінге қарсы боп…  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.