Жанның сыры — Ар

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 50

     Жер бетінде 6,5 млрд. халық тұрып жатыр. Және жыл сайын өсіп келеді. Түрімен, түсімен бейнесімен, тілімен бір-бірінен өзгешелігі, айырмашылықтары және ұқсастық белгілері бар. Енді тәпсірлер бойынша осынша жанды жаратып олардан уәде алған сол уәдені “Әлмисақ”- деп атайды деп түсіндіреді дін танушы ғұламалар. Шындығында солай ма? Ғылымға келмейді, ақылға сыймайды. Себебі рухтың даму үшін белгілі жоспарды меңгеріп, жақсылықпен жаманшылық арасын ажыратып және сол заманға сай бейімделіп түрленіп, өсіп-өну шарт. Яғни даму барысында келесі жан пайда болып орын алмастырмаса жан әрі қарай дами алмайды. Бір санын онға айналдыру үшін оған тағы бірлік қосып екіге айналдырып сосын тағы 2-ге көбейтіп оған бірді қосып 2-ге тағы көбейтсе 10 саны шығады. Жанның түрлену дәрежесі осындай жүйемен жаратушымыздың бірақ өте күрделі есебінен туындайды. Адам жанының бірінші сатыға көтерілу дәрежесі қиямет сағаты болып есептеледі. Түрленудің бірінші сатысының үш қиямет сағатын өткізіп барып, екінші мезгіліне өтіп, төрт мезгілін атқарғаннан кейін ғана кейін қиямет күні екінші саты болып, төрт  қиямет мезгілін атқарып үшінші сатыға көтеріледі. Осындай жеті сатыдан өтіп барып қиямет-қайым соңғы есеп беру болып саналады. Енді жан есебін Құран аяттарымен есептеп көрелік. «Көктердегі және жердегі сыр Аллаға тән, қиямет сағаты кірпік қаққандай, тіпті одан да жақынырақ, сөзсіз Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші». (Нахыл -77)

       Жан  сыры көктен ғана бағдар алып жерде есептеледі өсіп-өнеді. Алланың үкімі әрбір сағат сайын түсіп тұрады. Сол сағаттарда күн тұтылады. Жыл есебі уақыт пен жыл санын құраса, көк есебі заманмен есептеледі. Аятта: «Күн мен түнді екі белгі жасадық. Сонда түн белгісін кетіріп күндізді: Раббыларының кеңшілігінен несібе іздеулерің және жылдардың санын, заманның есебін білу үшін жарық қылдық. Сондай-ақ әр нәрсені ашық баян еттік». (Ісра -12)

«Сақ болыңдар, билік оған тән. Әр ол есепшілердің ең жүйрігі». (Энғам-62) Жан есебі жарықпен есептеледі. Себебі жан жарықпен ғана өсіп-өнетінін ескерткен. Жан есебі үшін тәулікті тек 12 сағат жарық уақытымен алуды меңзеген аятта.  «(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен азаптың тез келуін тілейді. Алла уәдесінен әсте айнымайды. Негізінде алланың қасындағы  бір күн, сендер санайтын мың жылмен тең» (Хашыр-47)

«Қиямет-қайым болатын күні, күнәкарлар бір сағаттан басқа тұрмадық деп ант ішеді. Осылайша олар адасқан еді» (Рұм-55)

      Бұл аяттардан адам өмірі ахирет есебімен 1 сағат құрайды.  Яғни қиямет сағаты: 1000 жылды бір күнге теңеп оны 12 сағат орта күннің мезгіліне бөлсек 1000 ж:1=12 сағ = 83,3 жыл болып шығады. Адамзат баласының орташа өмір сүру уақыты белгіленген. Енді қалдық 3 жыл 3 ай. Немесе 3 қараңғылықта тәрбиелеу тылсым есебіне жатады. Аятта: «Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты тоғыз арттырды» (Кеһф-95) 300 жылды 9-ға бөлсек 33 саны шығады. Өзіндік жандық есебі бар, ай жолына және рухқа тәуелді сан. Тоғыз санының нәрселерге байланысты мерзімдік, тербелістік, үндестік, амалдық есептік сипаттары бар. Алла қосса алда бұл санның да құпиясын білерміз. Енді адам баласының тәнінің тазалығы, ерекшелігі ата-ана қанымен келген кісіге және көктен келген жанға байланысты. Себебі болашақта қандай тәнге ену соған басшылық ету мүмкіндігі 40-тан кейінгі өміріңнің жемісіне тәуелді. 40-тан асып қылық шығаратын мінез де осы құбылысқа жандардың енші алуына және рухтық жазудың тоқтап ақылдың толуына байланысты құбылыс. Себебі енді ахиреттік жанның билігінен ажырап шыққан биігіне оқыған, тоқыған, алған тәрбие, өнеге, әдетке байланысты жоспар беріледі. Бірі тәтті, екіншісі ащы екі теңіз екеуі де жеміс береді,  бірақ ішкі құрлысы екі түрлі тек сыртқы дүниесі ұқсас. Сол жан тазалығының белгісі көз. 40-тан кейін өзінен бұрын көзі қартаятындар көбейді. Бәрін заманға итере салады ғалымдар. Жоқ, бар кілт адамдардың өзінде өмір сүру ерекшелігінде. Көру қасиетінің жабылуын ескертеді немесе тозақтан хабар, жанда ақау бар деген белгі.

«Аллаға қалайша қарсы келесіңдер, өлі едіңдер тірілтті. Тағы өлтірді. Соңыра қайта тірілтеді. Содан соң оның алдына қайтарыласыңдар». (Бақара -28). Демек өлгеннен кейін міндетті түрде тірілу жер басу бар, ал келесі тірілу екінші өмірге толық тәуелді.

Жан екі рет жерге келіп барып Алланың алдына есепке келеді. Ол  қиямет сағатының мезгілі болып есептеледі. Яғни ол жиілік 33,3 жыл арасы болу ықтимал. Екі жарты бір бүтін деген қазақта. «Оларды жинайтын күні күндіз 1-ақ сағат тұрғандай болып, олар бірін-бірі таниды. Аллаға жолығуды жасынға шығарып тура жолға түспегендер зиянға ұшырайды».(Юныс-45)

Екі жанның кездесу мерзім арасы 83,3 жыл шамасында болады. Бұл кездесу өтетін жиналатын жер ұжмақ болып есептеледі. «Ей Раббым мені екі өлтіріп екі тірілттің енді шығар жол бар ма дейсің»  (Ғыфыр — 11)

Бұлар екі рет келіп рух жоспарын орындай  алмай ар жинамаған  жандар тағы енді осындай жандар қосылып біріктіріліп бір топ жандар болып, бір жан есебінен жерге қайта жіберіледі. Және бұдан басқа Алланың белгілі бір жоспарымен жіберілетін жан да болады. Олар болашақ ғұлама, ақын, патша, т.б. болып ерекше қасиет белгісімен өмірге келеді. Ол әрине қоғамды ілгерілетуші, рухты дамытушы ұрпақтарға  жаннаттық жан белгілерінен қосылып, бұрынғы өткен қасиетті бабалар жанынан да қосылған белгілер болады. Алла тағаланың сынағынан 3-ші сатыдан өткен жандар жаннаттық болып енді өзінің ұрпақтарын немесе жер бетіндегі өмірді түрлендіруге ондаған, жүздеген жандарға белгілері беріліп ықпал септігін тигізе бастайды.

 Қозғаған қуат – жан дейміз,

Жан өсті жаннан сан дейміз

Сол жандар әсер берген соң,

Жаралды сансыз тән дейміз,

Жанына қарай тән солар,

Түрлі жанда дене түрлеп,

Өзгеріп тұр бұл ғалам.

Жоғалатын нәрсе жоқ деп,

Айтты ғалым байқаған.

Көзге сеніп, ойға сенбей,

Жанды жоқ деп қаңғырып,

Адасып жүр ақты көрмей,

Көңілі соқыр көп надан.

Үшінші рет келген жандар туралы

Шын асықтың әрбірі

Өліп топырақ болды да,

Жаралыстың  тағдыры,

Жаратты мені орнына.

Бәрінің нұры қосылған,

Мол керемет менде бар.

Жалғыз жарға шоқынған

Қайда мендей пенде бар.(Шәкәрім ата)

Аятта: «Раббың қалағанын жаратады, сұрыптайды. Оларда ерік болмайды. Алла (т) олардың қосқан серіктерінен пәк, өте жоғары». (Қасас-70)  Бұл жерде аятта жанның түрленуге түсетінін, түсінбеушілік Аллаға серік қосу болып табылатынын ескертеді. Алланың сұрыптауынан өткен жандарда ерекшелік белгілер болады. Адамның түсі, көзі, шашы, тән белгілері және жан белгілері ерекше қасиет қабілеттерімен айқындалады. Және ол белгілер түрі тозақтық  (қабілет) және жаннаттық (қасиет) болып аралас та келеді. «Алла жалында мол сарып қылғандардың мысалы: әр сабағында жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәріздес» (Бақара -26).

Таза адамның жанның өсімі 700 жанның таралуына себебін тигізеді, өседі, көбейе алады. Жеті сабақ 7 жәннат бөлімі болса, тамыры ұжмақтан нәр алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *