Ай — жан несібесі.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 85

      «Көрмедің бе? Расында Алла түнді күндізге қосады. Сондай-ақ күн мен айды бағындырады. Барлығы белгілі бір мерзімге дейін жүреді. Рас Алла олардың істегендерін толық білуші».  (Лұқман — 20) Түн қараңғылық бояуы, қаншалықты араласуына байланысты түн қараңғылығы пайда болады.

Әрбір күн мен түннің айырмашылық ерекшелігі бар деп ескертеді. Көлемдік, қоюлық, түрлік, түстік, тербелістік, жиілік, ерекшелік өлшемі болады. Содан шығатын іс бар. Түнде жол ұзарады деп ескерткен аталарымыз, Күн мен ай бағынышты түрде мерзімдік жүріс жолы бар. Одан шығатын сәулелер тербелісі де өзгеріске ұшырап отырады.

«Сондай-ақ күн белгіленген көлемде жүреді, міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі (38). Тағы айдың орындарын да өлшеп қойдық. Ескі құрманың қураған  бұтағындай болғанға дейін (39). Күннің айға жетуі мүмкін емес және  түн де күндізден  ілгерілемейді. Әрбірі көкте жүзеді» (Ясин 40). Демек күн түнді құраушы, ал ай күндізді құраушы. Күн де ай да өз көлемінде өз көлінде батып шығып жүзеді. Және сол көлдер есебі жолдары бар. Түн қараңғылығын туғызатын күн болса, керісінше күндіздің дәрежесін белгілеуші қызметін атқарады. Күннің жүрісі көлемдік жүріс болып мезгілдік жолы болса, ал айдың жолы белгілі бір сызықтық тәртіпке бағынышты. Ескі құрманың немесе оған ұқсас жұмақ өсімдігі болған алма ағашын алсақ тамыры жерден алып басы төрт бұтақтан тағы үш бұтақ бөлінеді.  Әрбір үш бұтақта жұп тақ болып 29 және 30 болып жылына 11 рет әр айда толық үш рет жеміс беріп 9 күндік айырмашылық байқалса, ай туылуында 9 сағаттық айырмашылық болады. Ай әр бұтақта бір ауысып, жұлдыздан  күннен  сәулелерді жинап  нұр және сәулені жерге үлестіруші несібе таратушы жұлдыз. «(Мұхаммед) Көрмейсің бе? Алла қандай мысал береді. Көркем сөз тамыры  мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді». (Ибраһим 24). «Ол ағаш Алланың бұйрығынша әр уақыт жемісін береді. Алла адам баласына насихат алуы үшін мысал келтіреді».(Ибраһим 25). Сол ағаштың негізгі діңі мен бұтағы сөзден құралып  онда да құран аяттары мен насихат ақыл, зікір яғни тербеліс жиілігі жолдардан өсетін аспан әлемінің көркем ағашы. Негізгі тамыры антрактидадан  таралады. Ал енді жаман сөз жердің бетінен қопарылған орнықсыз ағаш сияқты деп ескерткен. «Алла  сондай  иман келтіргендерді  дүние тіршілігінде  де  ахиретте де мықты сөзбен бекітеді. Алла залымдарды адастырады. Сондай-ақ Алла қалағанын істейді» (Ибраһим 27). Жаман сөз тамыры жоқ қаңбақ  болып өсіп шығып,  қашан отқа  тап болғанша сай-сайды қуалап желмен домалап жүреді. Ай ағашының жеміс беретін уақыты солтүстік мұзды мұхит бөлігімен тоғысатын уақытқа сәйкес келіп айдың толуы деп аталады. Атлантида елі деген аңыздың да негізі бар. Жер асты жанаттар жолымен байланыс кіндігі антарктика болып, көкке шығар 8-ші жаннат есігі солтүстік мұзды мұхитта. Жер бетінің су қоры негізінен екі төбедегі суықтық белгіден тараса негізгі тегі Ай әлемінде. Айдың  бір жылдық жүрісін қаңбақтан көруге болады. Тек жемістері бар яғни жеміс орындары бар. Сол орындар 4-ке бөлініп 4 түрлі мезгілді және жер бетіндегі ықылым жағдайын туғызады. Аян арқылы ай құбылысының төрт түрлі жағдайын көрдім, біріншіден ай жүрісін тербелісте көрсетті оңнан солға  жерге (солтүстікке) тиер-тимес болып тербеледі және бір жүрісін екінші рет қайталамайды. Екінші бір жағдай айдың тууын көрсетті. Сол кезде орны жартылай қараңғылық болып қалды да, ай оң жаққа қарай ауысып тағы шамамен 35 дара жаттық бұрышпенен жоғары қарай көтеріліп жүріс жасады. Бірақ айдың өзі жерге көрінбейді. Орны ғана бізге көрініп тұр. Яғни ай тек белгілі орындарда жүріс жолдарында көрінеді. Үшінші рет аянмен айдың екі кезеңін толуға дейін  және толған уақытын көрсетіп үш рет Ықылас сүресін және үш рет Фатиха сүресін оқытты. Кейінен есептеп көрсем 3 күн ораза ұстап зікір айтатын Ықтифар және 3 күн нәпіл намаз оқып тілек тілейтін күн сол уақыттар. Сондықтан қазақта «Ай көрдім аман көрдім, ескі айда есірке жаңа айда жарылқа» деген сөз қалған. Ол ырым құлшылық уақыттарына байланысты шыққан. Яссауи бабамыз салған жол. Сол тәртіпті  орындап көріп керемет бір құбылысқа куә болдым. Бірақ оны айтуға әлі ерте, Мешіт дін қауымы тақуалықты толық мойындап, әркім басынан өткізіп, жүрекпен сезініп, көзбен көру керек.

       Енді айдың төрт кезеңі бар. Туған уақыттағы қара түнек болу келбетін, тозақ және ағраф көрініп тұратын сот үкімдер жүретін  уақыт белгісі болып, ұжмақ, бейіш, жаннат бәрі бір-біріне көрініп белгісі жерге келіп тұрады. Сол ай бетіндегі  белгі Тәураттан бері жалғасып келеді. Қазақта қонақ алдына бас қойғанда маңдайына қасқа белгісін қояды. Ғылымда қосу белгісі деп атаймыз. Ол белгі айдан алынып ортасы сөз таңбасы болып, сыртқы шеңбермен жанның белгісін береді. Енді ай бетіндегі бейне кескінді зерделесек оң жақ бөлікте жоғарғы жағы: 1. Танымдық теңізі, 2. Ылғалдық теңізі, 3. Бұлттар теңізі орналасса, сол жақ жоғарғы бөлігінде: 1. Молшылық теңізі, 2. Шәрбат теңізі, 3.Смит теңізі. 4. Оңтүстік теңізі, ал төменгі сол бөлікте 1.Аймақтық теңіз, 2. Тыныштық теңізі, 3. Бум болат теңізі, 4. Түс көру көлі, 5. Суықтық теңізі жартысы оң жақ бөлігінде  болып  1. Дауыл мұхиты, 2. Жаңбырлар теңізі, Кемпір қосақ шығанағы және ай бетіндегі көптеген шыңдар бар. Жер бетіне белгілі бір әсер ету уақыт жүйесі бар. Ай оңынан туған уақыттағы ширек ай белгісі ұжмақты, ал солынан туса бейіштің белгісін көрсетеді. Айдың толуымен ширек ай арасы 3 күн ықтифар уақытын береді. Және осы аралықтарда таң сәрі кезі «Жаннат мағауир» уақыты жүреді. Айдың толып төбеге шыққан уақытында ағаш үй шаңырағыңдай белгі түсіп «Жаннат нағим» уақытын белгілейді. Ал тас түнек қараңғы түннің орта мезгілі жаннат фирдауыс уақыты болып табылады. Айдың шалқасынан туып адам бет пішіні пайда болып, ертегілерде балаларға арналған әңгімелерде бейнесін көрсететін суретке ұқсас болатын кезең  «Жанат ғадим» уақытын анықтайды. Енді осы 8 мезгіл 8  жұлдызға тәуелді. Жер бетіне 8 түрлі сәуле және нұр жарық әсер етеді. Ай тасымалдаушы, өңдеуші. Әрқашан бар жерге нұрын беріп тұрады, бірақ біз кей орындарын көре алмаймыз. Әрбір жаратқан нәрсенің 3 кеңістікте орны бар. Сол сияқты жаннаттардың да 3 белгісі, орны бар. Сол орындарға тәуелді бірін-бірі толықтырып алмасып отырады. Тозақтық жандар да жәннат тұрғындарына  тәуелділікте өмір сүреді.

        Жер бетіндегі өсіп-өну ұрпақтық байланыс тозаққа тәуелді. Тозақ болмаса тіршілік тоқтайды. Ай шалқасынан туса «өзіне жайлы шаруаға жалпы тіршілік әлеміне жайсыз» деп жорамал жасаймыз.  Сол мезгіл тозақтықтардың тазару айы болып қуаттар алмасады. Көптеген жандар, жәндіктер тіршілігін тоқтатып, жан, жындардың тазарып жоғарғы әлемге көтерілетін мезгілі. Көктік несібе алмасу уақыты. «Олар Алланың жалғастырылуын әмір еткендер нәрсесін жалғастырып, раббыларынан қорқа отырып, есебінің жаман болуына қауіптенгендер (21) раббыларының ризалығын іздеп, сабыр еткендер, намазды толық орындап, өздеріне берген несібемізден көрнеу көмес пайдаланғандар және жақсылық арқылы жамандықты кетіргендер, міне ахирет жұртының табысы солардікі (22). Олар Ғадын атты жаннаттарға кіреді. Аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, олар да кіреді. Періштелер әр есіктен олардың үстіне кіреді: (23). Сабыр еткендерің үшін, Алланың есендігі сендерге болсын! Соңғы жұрт нендей жақсы». (Рағыд — 24).

«Алланың әмір еткен нәрсесі» тек ақ жолмен жүру бұйырған парыздар болса және «көмес несібе» бойға берген құпия ерекшелік қасиет белгілері болмақ. Сол арқылы пенделер бойындағы жамандықты жақсылықпен кетіру болып, сауап болып жазылады, тағдырға қосымша несібе алады. Сондай түзу іс жасағандар тұқым қуалап, қан арқылы қасиет қонып ұрпақтары да артынан сол жаннатқа кіреді деп ескертеді Алла тағала. «Осындай аяттар ұғымын түсіндіре алмай надандардан жердің астына қашып кірдім» – деген әулие бабамыз. Сол надандар қазақ елінде де жеткілікті, алысқа бармай ауыл ішінен тауып аласыз. Аятта: «Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қисығы да бар. Егер Алла қаласа барлығыңды тура жолға салар еді.»(Нахыл -9). «Бірақ кім тәубе қылып, иман келтірген түрде түзу іс істесе, міне солар ешбір әділетсіздікке ұшырамай жаннатқа кіреді.(60) Ол аса қамқор Алланың құпия түрде уәде еткен жаннаттары. Расында оның уәдесі орындалады.(61) Олар жаннатта сәлемнен басқа бос сөз естімейді және оларға жаннатта ертелі-кеш несібе бар.(62) Құлдарымыз біреу тақуа болса, соны мұрагер ететін бейіш осы». (Мариям -63) Яғни тура жолды тауып өмір сүруді барлық дін егелеріне жазбаған. Ол тек ерекше бір адам баласына аян, уақи арқылы ғана Алла тағала түсіндіреді, ал иманды өмірінде түзу істермен тіршілік еткен адам баласын бейішке баратынын ескертеді. Сондай түзу істермен көркем сөздер айтқан жандардың жаннат мұрагері Ғайса пайғамбар. Оған дәлел аятта: «Әй Яхия! Кітапты мықты ұста»- деп сәбилігінде-ақ  даналық берген едік.(12) Әрі оған өз қасымыздан мұлайымдық күнәдан тазалық бердік. Өзі де тақуа еді.  Әрі әке-шешесіне де мейірімді еді. Оған туылған күні және өлетін күні тірі тұрғызылатын күні амандық болсын».( Мариям -15)

       Айдың туылған күні және бататын уақыты күнәдан тазару  уақыты болып Ғайса пайғамбар куәлігі жүріп үкімдер түсіп тұрады. Және тірі тұрғызылатын Ғайсаның жерге түсіп,  қиямет мезгілі де сол уақыттарда болып тұрады. (Жер жүзіндегі апаттардың орындалу уақыты). Әсіресе білсе де білмеген  болып ата дәстүрін бұра тартып жүрген тоңмойындарға және азған пенделерге осы күндері қауіп.

Ол жер әлеміне келген сынақ! Құпия түрде әрбір пендеге ескертеді және ескертіп те жатыр ерекше мейірімді  Раббымыз. Сол үшін де әр пендемен түрлі жағдайда өліктерді сөйлестіреді. Тәубаға келейік, ағайын. Алла тағала әділетті, мейірімді, кешірімді қашанда. Ол үшін тек бұрынғы қазақ ауылына қайта оралу керек!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *