Зияткерлер…

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 36

Министр жарлық түсіртті,

Ақтамаған ақ сүтті,

Түзетпекке діншіні,

Орыс тілді мәңгүтті.

Насихатын мешітті,

Үш тілменен бекітті.

Ана тілін қазақтың,

Өгейсініп тұқыртты.

Қолдау берген сөз шықты,

Оразалин деген қу шықты.

Дінді тілсіз, жан ділсіз,

«Тәңірсіп» ақын кемсітті.

Кімде билік сол күшті,

Қазақта болды ең мықты.

Ой жорумен сөз сатқан,

Меңгерген дүние қулықты.

Сөз түсінбес қырсықты,

Шайтанан қылық жын шықты.

Терістеп дәстүр дініңді,

Келтірді елге сұмдықты.

Зияткер елге бастықты,

Түлкідей білген қулықты.

Қойларды қасқыр бақ деген,

Арыстан берген бұйрықты!

Ойласаң енді кім ұтты?

Құдайдан түсер бұйрықты.

Қазақтың туын түсіртер,

Ажалға себеп қылықты!

(Қазан 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *