Салдақылық

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 48

Еркектің  табанының бүрі кеткен,

Басынан ар қуаттың сыры өшкен.

Етексіз, жаулығы жоқ жалаң білек,

Қатын, қыз жаны өлі көні кепкен.

Қанынан шарабы жоқ шайтан өскен,

Бал сұраған еріне уын еккен.

Жетесіз ер азамат қазақта көп,

Бассыздыққа қатыны төмендеткен.

Еркек аз қатынына егін еккен,

Рұқынан қуат беріп дәнін сепкен.

Белсіздіктің дертіне ұшырауға,

Әйел тегі азғындап күйі кеткен.

Еркек бас, әйел болар мойын деген,

Мойын жалғар басыңды кеудеменен.

Мойын жіңішкерген еркектер көп,

Бас жоғалып жетесі жетілмеген.

Сөз жазып талайларды сынағаным,

Қазақтың ер, қатындарын бұл заманың.

Үлгісі болсын деген салт дәстүрдің,

Салдақысы болма деп бұл заманың.

Шайпау сөз, еркекке деп артылмағын,

Біліміңді алып ақылыңды тастамағын.

Гендірлік теңдік деген салдақылық,

Лағнетіне қалма деп Бір Алланың.

Әке, атаң құрдасы емес, қыз баланың,

Салдақылық атыңа мұны жалғағаның

Әкесі, атасының қызы болмай,

Жүктелесің тозақтан жындық күнәларын.

Мойныңа қарғыны байлап алдың,

Шалбарланып еркекше болған халың.

Артыңа тозақтан ертіп алған,

Салдақысын ескілердің жалғап алдың.

Салдақысы бүгінде бұл заманың,

Қыз, қатының білдің бе қаны азғанын.

Болашақ ұрпақтардың білсең тегін,

Көгілдір, сайқал шайтаннан жын боларын.

(Қазан 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *