Ақ бастау (220)

Бөлім: Зікір өлеңдер 64

Ақ бастаудың бұлағы,

Азық болар баршаға.

Рұқыңнан жанса шырағы,

Қуат келер бойыңа.

Ардың қамын ойлаған,

Ұяла білер Құдайдан.

Уақыттың біліп қадірін,

Орнымен болар жұмсаған.

Жасынан зерек болса адам,

Білімді оқып пайда алған.

Адал еңбек, тер төгіп,

Тазартқан малын арамнан.

Қызығына дүние елірмей,

Мастыққа жастық есірмей.

Тоқтам беріп нәпсіге,

Жұмсай білген өсірмей.

Жеті әулие асылдың,

Затын білген жасырын.

Ғылым барын ескерген,

Табады Құдай хақ сырын.

Сергелдеңге салынбас,

Салпаңдықпен болып қас.

Ашу қысқан өн бойын,

Сабырлықпен жандырмас.

Жер кезіп, тауып ойпатын,

Әулие-әмбилер зиратын.

Нұр моншада шомылып,

Жанына алар қуатын.

Жалғанып Алла досына,

Жан енер ақтың қосына.

Аян мен уақи келтіріп,

Жан өсер иман қосылса.

Өсіріп бәйшешек бақшасын,

Егінін жардың баптауын.

Бас екеу болса мал төртеу,

Некемен зейнет алмақ сын.

Аяғы жермен жалғанған,

Жатырын сақтап арамнан.

Етектік сана киіз қазығы,

Ақ білек қасиет анадан.

Болмаса жарың таза қан,

Бойы жарық жүзі нұрланған.

Кезегі ердің үшпенен,

Төртеумен түгел бола алған.

Ғылымсыз болма наданнан,

Діл азып, тегің азғаннан.

Тәубеге келіп қыл амал,

Ақ бастау бұлақтан нұр алсаң.

Жетім мен жесір көз жасын,

Сүрте біл жастан құрғасын.

Қазынасын жасырын тығылған,

Ол алса, сен де құр қалмассың!

(Қаңтар 2019 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *