Наным-ұғымдылық (219)

Бөлім: Зікір өлеңдер 50

Қызыр Ілияс бабаның,

Алсаң егер батасын.

Жолға түсіп жортқанда,

Білесің жолың боларын.

Ептілікпен еңбек ет,

Еселенер малмен тек.

Кіндігіне жердің жалғанып,

Тектілігің болар ес.

Сезімтал, кең пейілді,

Дархандық бар көңілі.

Патшалығына Ғисаның,

Меңгерер рұқпен енуді.

Қаталдық болса сенімге,

Ар, ұятпен өмір сүруге.

Салқын қанды боларсың,

Толық есті танып өзінде.

Болғаның онда Мұсылман,

Хабарын біліп ғылымнан.

Сен де бір кірпіш дүниеде,

Өз орынын тауып қаланған.

Нәрсенің әрбір шоқтығы,

Болады және жоқтығы.

Бір кем дүние жалғанда,

Адамдықпен көңіл тоқтығы.

Қуғанмен дүние жеткізбес,

Нәпсіге тойым білдірмес.

Қанағат, шүкір азғы,

Кемісін пенде білдірмес.

Адалдық Адам шоқтығы,

Бүтіндік еспен тоқтығы.

Құр сөзбен дене ауыртпай,

Мал жанның болар аштығы.

Егінін жардың өсірген,

Қосылып адал некемен.

Малдарын жайып егінге,

Өмірге ұрпақ келтірген.

Бүтіндігің жиған иманың,

Ділінен жұбай алғаның.

Төмен етек санамен,

Басыңа қуат қосқаның,

Сақтана білсең кесірден,

Тоқтамсыз ашу өсірген.

Тағдырды тазарт заманға,

Ғылымын тектілік меңгерсең.

Ананың тілі сөз өнермен

Құраннан жеті үні келген.

Жүректен сүре шығарсаң,

Мүмін боп ғылым меңгердің.

Жаратқан тегін табуға,

Әр ұлттың ділі қанында.

Номадтық нәсіл қазақтың,

Тегі ақ нәсіл жаныңда.

(Қаңтар 2019 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *