Сөз патшалығы (221)

Бөлім: Зікір өлеңдер 60

Пайғамбар Ғиса сөздерін,

Көркем сөз рұқтың өнерін.

Абайдай дана сөйлеткен.

Меңгеріп Інжіл дерегін.

Тереңнен теріп маржанын,

Теңізге тереңдеп алғанын.

Тілімен қазақ сөйлеткен,

Ғылыммен сөзі Абайдың.

Көк кітабын алып Құдайдың,

Заманға сыйы жобасын.

Сөз түзеген шындықпен,

Меңгеріп уахи, аянын.

Елшілік ісін жалғаған,

Көк кітаптан Мұсадан.

Шәкірті ерген Абайдың,

Ішкі сырын жазып ұқтырған.

Шәкәрім сопы, әулие,

Екі жүз сексен хикметке

Жолығып оны тарқатқан,

Бейнелеп қазақ сөзіне.

Көтеріліп миғражға,

Жанға құпия жазарға.

Ұлтының қазақ мирасын,

Келтірген иман аларға.

Құпиясы талай өлеңде,

Ашылмай жатыр бұл күнде.

Ғылымын бар ма табатын?

Жалғанбай Біздер киеге.

Самайға ақ түскенде,

Жалығып жалған дүниеден.

Аталар жолын ұстанып,

Жыныңды алсаң тізгінге.

Кісілігің тұрса жетіліп,

Ата салт-дәстүр меңгеріп.

Көп сөзді сонда ұғасың,

Жетеден сана өсіріп.

Майданға түсіп шыңдалмай,

Сөз асылын тілге алмай.

Ойдан маржан тергізіп,

Жетілмес сана оп-оңай.

Түсінік өзі келе ме?

Тазалық болмай жүректе.

Сүресін алмай құранның,

Жалғанып жеті үніне.

Келтірдім деме иманды,

Қырық жыл біліп жиғанды.

Ақылмен дәнін өсірмей,

Діліңмен бой бақшаңды.

Жерлерің болса алқапты,

Тазартып тәннен малдарды.

Егін боп әйел нәзіктер,

Сезімнен сана болмақты.

Үш жүз алпыс саны бар,

Шеңбермен сызық сызылар.

Ерекше белгі құпиясы,

Оң мен солға айналар.

Оң мен солға тербелген,

Ортасынан несібең.

Өткенсіз жоқ ертеңің,

Тоғызбен толып көбейткен.

Ғылымды болсаң шешесің,

Нұқтың мінсең кемесін.

Тектіліктің болып белгісі,

Меңгерген сөздің өнерін!

(Қаңтар 2019 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *