Аққу, сұңқар және ата жолы… (7-бөлім)

Бөлім: Аққу, сұңқар және Ата жолы тәлімдері 191

Үш ағашқа ат байлау еркектіктен,

Тектілігін меңгермек ата тектен.

Заманның өнер, білім, қозғалысы,

Қасиет жан көбейтер бес қуатпен.

Қожа, төре аталық деген текпен,

Үш жүзі қазақта бар іс бекіткен.

Ақыл-ойы әр ұлттың тіл мінезі,

Діл қуаты — қан тегі махаббатпен.

Адамзатпен туыстық жаныңменен,

Құдайдың Мен сипаты өзі берген.

Қасиеттің тағдырда жүк қарсылықпен,

Төртеуің түгел болар қандық текпен.

Жаннан қуат көбейер иманмен,

Туыстығың бір-біріңе қуат берген.

Өліге иман, тіріге бер деп берекетін,

Әлемге қуат беретін ата дәстүріңмен.

Мал қуаты-рұқ меңгерген орта топпен,

Көріпкелдік қасиетті терістеткен.

Тазартуға өз жынымен күресе алмай,

Шайтанның жамағаты қорқынышпен.

Ұғымын терістетіп ой үні білімдерін,

Көріпкелдікті сәуегейлік деп түсіндірген.

Масһабшы діншілерден тажал шығып,

Бүтін сөздің ойын ұрлап ел бүлдірген.

Сәуегейлік шықты дінші білімдіден,

Дін тәпсірін Құдайлық шыны деген.

Иман келмес меңгермей Құдай ісін,

Тазарта алмай теріс ойын ібілістен.

Көріпкелдік қасиет қасіретпен,

Бірге жүрер қашанда қарсылықпен.

Ақыл әлсіз, қасиеті жоғары боп,

Адасып талай әулие азап шеккен.

Көріпкелдік жетемен маңдай көзбен,

Хабарын екі арадан жанмен көрген.

Ұжданмен жалғанып құс жолына,

Көрегендік пайда болар санаменен.

Көргендік қасиеттілік Майқы биден,

Қазақтың бұл мирасы қасиетпен.

Жолында ата тектіліктің бұл жүйесін,

Әулиеліктің ісінен үлгі ғибрат келген.

Ақ бақсылық ұғыммен түсіндірген,

Ата жолда дәстүрмен дін меңгерткен.

Ясауидей бабадан дін дәстүрін,

Дәптерінде сәнидің бекітіп хикметпен.

Машайық боп Баба Мешін деген,

Пір боп қырық мың шәкірт ерткен.

Бес жүз құлашқа ұзындыққа секіретін,

Қасиетін керемет деп үлгі еткен.

Түркістанда әулие шықты деген,

Сынамаққа келген ертіп шәкірттермен.

Бес жүз қамшы соққанда үндемеген,

Бес жүз бірден айқайлап жылай берген.

Сауалына жауап беріп түсіндірген,

Өрісі зейнет, киім болған перілермен.

Ақ бақсылық аластайтын қамшыменен,

Пері қашып айырылған кереметтен.

Жолы аталар қамшы ұстап меңгерумен,

Жын шайтанды ажыратпақ тері, еттен.

Құран кітап алып меңгеретін,

Қазақтың дін дәстүрі сопылықпен.

Намазына құраннан шипа түскен,

Түсірген үкімі Алла аятын рахметпен.

Қазақтың дін дәстүрі намаздың орындауы,

Бірлігінен тарихат, мағрипат, ақиқатпен.

Бүгінде бұл жағдайдың сыры өзгерген,

Азғындап әйелзаты қаны тектен.

Періліктің жүйесі әйелмен бейнеленген,

Еркектерден үстем болмақ жылан іштен.

Перімен өрістерін нәзіктермен жалғап жүрген,

Еркектер көп, етек басты дін меңгерген.

Масһабшы, тарихатшы түрлі топпен,

Қосылды ата жолы аққу, сұңқарымен.

Ақ бақсылық қамшы ұстан қасиетпен,

Сынағынан әулие пірлер өте білсең.

Зікірін ата жолдың меңгерумен,

Сопылықты меңгермек дәуріштіктен.

Тазартар іштен жылан, сырттан шекпен,

Дәлелдерін  мақтанды дер мысал етсем.

Раббымыздың құлдарына берген бағы,

Ақ бақсылық қожалығы дін меңгерген.

Баяндап қыр-сырларын жазбаменен,

Жазылар талай дерек хикметінен.

Тылсымның құпиясы көп меңгермеген,

Шәкірт жоқ әзір озып үлгі берген.

Тәжірибеден талай дерттерді өткізумен,

Әлемнің керек ғалымдары мұны білген.

Қазақта зерттеп, білмек ғалымдар жоқ,

Жалғандыққа байланып жете үзілген.

Жеті өрісін тазартуға жәрдем берсең,

Жеті күні ашылып жанына қуат енген.

Аруағымен жалғанып ауруымен күресуге,

Алла өзі шипа берер хикметімен.

Ясауи бабамыздан сәни дәптерінен,

Ілімінің сынағы бар өзгермеген.

Сопылық жолын ұстап шәкірт ерткен,

Ғұлама боп дін исламнан тәпсір тізген.

Түркістанда әулие сопы шықты деген,

Хабарын естіп алыстан іздеп келген.

Он екі қашырға кітаптарын артып алып,

Сауалдарын қоймақ болып білімменен.

Хауызға салыңдар деп бұйрық берген,

Кітаптарын бар көлікке артып  келген.

Қайтадан судан алып қарағанда,

Су болмай жазулары кітаптан өшірілген.

Сауалына кітапсыз енді жауап берген,

Құдайдың кереметімен сөйлеттірген.

Көкейге салам сөзді деген аяты бар,

Бір перденің ар жағынан хабар берген.

Раббымыздан  ізденгенге білім берген,

Құс жолына жалғанумен зікірменен.

Хал ғылымынан хикметі кітап берген,

Жетпіс әулие миғраждан алып келген.

Ендігі заманның талабы көп өзгерген,

Сынағымен тәпсір жазып көбейттірген.

Таза ақылдан жалғанып құран үніменен,

Күреседі аққу, сұңқар құс ілімімен.

Мезгіл болар ата жолын әлем білген,

Оянып қазақ елі дәстүрін қадірлеген.

Суға атады болашақ текті жастар

Жазбаларын тәпсірмен «ғылым» деген.

Хауыздың бар белгісі бізге келген,

Жеті бұлақ ашылар деп құран үнімен.

Жеті қала таңдалған болашақта,

Жетілсе аққу, сұңқар қызмет еткен.

Жетесіз ел билік пен дінші өңшең,

Көре алмастық шайтаннан қара шекпен.

Ғылымсыз хайуан деген Абай дана,

Хикметінсіз, кереметсіз дін меңгерсең.

Үшінші ақ бақсылық қасиеті зікірменен,

Ху мен хай атаған әулиелер ілім білген.

Хай зікірі жын-перімен күресетін,

Ху  зікірі ойға қуат нұр меңгерген.

Әр заманға зікірдің сыры бөлек десем,

Құдайдан жол-жобасы аят түскен.

Халге еніп ақшам, таң намаздан соң,

Хай үнімен жаныңмен сапар шеккен.

Түрлі дертке жүйкеге, тыныс берген,

Өкпе, басқа дем түсер құран үнінен.

Ху зікірін сипатын санап болмас,

Әр пенденің пірлері болып хикметпенен.

Адамдық қасиеттерді көркем есімдермен,

Пірліктің бұл жүйесі Алла жүзіменен

88 сәруарлармен Ғайып ерен қырық шілтен,

Бір атаған көктердегі БІЗ- Алла өзінен.

Нығметін ата жолдың бізге түскен,

Адамзаттың бар тірлігін қамтып өткен.

Ауырмайтын жол ізден деген хабар,

Құдайдан аурудың себебіне жауап келген.

Белгісін алып  Бір-пірлер хикметімен,

Таратуға тегін бер деп, тегін келген.

Бас басына би болып діншілердің,

Қазақтың тектілік ісін жоқ меңгерген.

Жолында ата күресуге перілік жүйеменен,

Тіл білімін әлемнен жинай білген.

Білім біліп ақыл қылған жетесіздер,

Раббымыз; Кітабын арқалаған есек деген.

Адамзатты басқаруға іштен ібіліспен,

Европаның салтымен өмір сүрген.

«Гендірлік теңдік» деген пері кілті,

Ар, ұяттан өріссіз пендесіне оңай енген.

Перілердің басшылары ел билеген,

Халықтың қалауы боп заң түзеумен.

Қасиетке қарсылығы періліктің,

Жолында ата көріпкел боп, бата берген.

Жындардың топтары елде жүрген,

Адамдыққа бәсеке ісі білім, ілімменен.

Масһабшы, тарихатшы қарғалар бар,

Партиямен ел құтқармақ жындылықпен.

Жындылықтың тобы көп білімдіден,

Атаның баласы боп ақыл берген.

Атыңды қазақшалап, орыстан бөлінуге,

Латынның таңбасын алып үн өлтірген.

Алма деп бүлдіргі салтын бүлінгеннен,

Ілім мен білімнің тап ортасын ғылымменен.

Аманатын ата-баба ел билік ұмытқанды,

Рухани жаңғырудың кілтін хикметпен.

Оңай жүйе тіршілікке бейімделген,

Ібілістің жолы бұл білім, өнерменен.

Ет ауыртып, тер төгіп, еңбек етпей,

Әлемді аздырмағы жеңіл тұрмыспенен.

Отыз елге еріп жаңғыру осы деген,

Үш тілменен ғылымды атап жүрген.

Адамдық тек, қасиетсіз ғылым болмас,

Жан көбейтіп, рұқын елдің меңгермеген.

Тобы көп жындылардың тізе берсем,

Аққу, сұңқар, сарбаз бар, өзім білем.

Жетесіздік сипаттарын анықтаудың,

Жазғанмын жазбаларда оқып жүрсең.

Адамдықтың қыр-сырын білімменен,

Раббымыздан аян, уақи кітап берген.

Қазақтың мирасы еді жан ғылымы,

Ата жолы жазбасымен жеті үнмен.

Құранның үні болды үзілмеген,

Ақ ұлдың мөр хикметімен бірге келген.

Екі аққу Қалдыгүл, Қарлығашпен

Жер ана рұқынан жазылды дерегімен.

Қателік кетті тақуалыққа мән бермеуден,

Жалған түс, өсектерге еріп кеткен.

Көпірін Ақ ұл саған тылсым үнімен,

Бұзылуға қауіп қатер төндірумен.

Раббым өзі құтқаруға жәрдем берген,

Пенделік ақылға ісім көп қайшы келген.

Түсінетін есті аз бұл таңдарда,

Ақтаған өзі Құдай, дәлелі нұры берген.

Қасиетің  жүрмек бірге қасіретпен,

Тектіліктің қарсылығы бұл заманда әлсіреген.

Анадан төртеу, атадан алтау қуат алмай,

Рұқ пен жаның жалғанбайды ата текпен.

Ата жолы жазбасымен кітап берген,

Қазақтың мирасқа алған құпия ілімінен.

Әлемге жан ғылымынан мәлім болар,

Қырық тоғыз кітабы жеті үнмен.

Ел билік, ғалым, тілші, діншілермен,

Талай жыл қарсы болып жапа берген.

Шайтанның жамағаты, ібіліс ұрпақтары

Ата жолын қудалап, жеңдік деген.

Баяндап бұл жағдайдан мысал берсем,

Болашақ ұрпақтарға болған кезең,

Нәсіл боп қайта келер бұл сынақтар,

Қауіптің қай жағынан келерін білсе екен.

Көкжиектен көп елде хабар білген,

Аянмен өз тағдырынан дерек келген.

Қателіктен сабақ алсын біздер өткен,

Атаның жолына түскен жас, арттан ерген…

(Мәуліт айы 2017 жыл)

****   *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *