Қиямет мезгілі, ел билік, халықтың дінсіздігіне жауабтар

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 1

Осы уақытқа дейін ата жолы атынан Раббымыздың аруақтар арқылы біздерге беріп жатқан деректерін, елге келетін рухани сынақтарды хабарлау әдетімізге айналды. Бұл сынақтардың қазіргі таңда 70-пайыздан бастап шынға шығып жатқаны да хақ. Қандайда Құдайдан келген хабарлардан қорқып тәубеге келіп, жалбарыну арқыл бұл сынақтардан айналып өтуге де болады.

Бұрынғы замандарда; «Құдайсыз қурай да сынбайды» деп түсінген ата-аналарымыз Раббымыздың табиғат жаратылыс нәрселерімен, хайуандармен, құстармен жалпы барлық райлық құбылысқа да мән беріп, Құдайдың белгісі деп қабылдап алдын-ала құлшылық амалын орындай білгенді. Ал ені қазіргі таңда аруақтар арқылы аянмен, уахимен тегінен толық ажырай қоймаған елдің бар тұрғындарына қияметтің сынағы көрсетіліп ескертіліп жатқанымен, мұны өздері білмегесін ел билеушілер, діншілер, білімді қауымдықтар теріске шығарып жатқаны да хақ.

Сонымен Раббымыздан біздерге хал ғылымы арқылы берілген хабарлардан; 1. Халықтың аласапыранға түсуі көбейеді. Теңізден қара толқын, таза толқын қуаттар артады. 2. Ресей халқына үлкен қауіп бар. 3. 6 айда ел билеушілері амалсыздан ата жолына қолдау береді. 4. Ақ ордада сапасыз сапырылыс көбейеді. 5. Ақтөбе әкіміне сынақ келіп 2-3 айда тағынан түседі. 6. Алдар көсе сияқты елде алдаушылар көбейеді. 7. Жүрек аурулары артады халық арасында. 8. Мырза жігіттер ата жолын меңгеруге күреске шығады.

Төбедегі төрелер өзара таласады. 10. Қасиетті тектілерге тылсымның пердесі ашылады. 11. Жіпті инеден өткізгендей талай пенделерді сынақтан өткізеді. 12. Елге ел қосылады. 13. Дінмен қуатталған пенделер көбейеді.14. Ата жолын құлатамын дегендерге Алланың ғайбат күші көрсетіле бастайды. 15. Майқи бидің қолдауымен көріпкелдіктен көрегенділікке өтетіндер көбейеді. 16. Ақ сауыт киген аруақтар келіп, насихаттың түбі тексеріледі. 17. Ағайын-туыс, дос-жарандар бірігетін күн туады. Ой жорығыш сәуегейлердің күні салқын болады. 19. Ел басшымыздың есі кетіп, аруақ жайында ауыр жүк деп шешім қабылдай алмай тұрған кезеңі бұл.20. Су тасқыны, аласапыран жалғасады. 21. Төбедегі тәубешілдер көбейеді. 22. Ақ ұлдың 25 жылдық жобасын іске асыруға жетеленетін аққу, сұңқарлар көбейеді. 23. Қазақ жерінен жеті кәусар бұлағының көзі ашылады. 24. Сарыарқа аруақтары ел басын бақылап тұр, ата жолына қандай шешім шығарар екен деген хабар келді. Арқаның талай арқалығы ашылады. Сарыарқа төрінен 7 аруақтың басы көтеріледі. Елге танымал ғұлама аруақтарға халық жаппай зияраттай бастайды.26. Аққу, сұңқарлардың шайқалып тұрған кезеңі басталды. 27. Дәулетті, әулетті пенделер өз ықыластарымен ата жолына атсалысады. 28. Ғалымдар өзара таласып ата жолын зерттеп жазады. 29. Айша ананың ақ туы ақтықпен қайта көтеріледі. 30. Шағбан айында, Рамазан айында ата жолына қарсылық күштер жеңіліс табады. 31. Ораза айында үлкен кіші демей жаппай ауыз бекіту үрдісі болады. Көңіл көзі соқыр, тілі сайрап тұрған, жүрегі жабық имамдар бірақ оянатын өз уақытын күтіп жүр. 33. Құранды түсініп, кеміріп оқитын күн туады. 34. Қазақ елінің ата жолынан, дәстүрінен хабардар болған арап елінен ұсыныстар түседі. 35. Арарат тауында қозғалыс болып, Грузия, Армения елдерінде өзгерістер болады. 36. Жер дауы ушығып қайта көтеріледі. 36. Ата жолын, дәстүрін насихаттуға халықтың өзі хабаршы болады.  Ақу сұңқарлар ұйқысынан оянып іздене бастайды қайтадан. Ел билеуші, білімді, ата жолына қарсы болған қауымдар тұздың дәмін татып жатыр, бірақ дәмін білмей, білген күні кеш болып өкінеді. 38. Бай болып жұрттан асқанша, бір күн тыныштық артық еді дейтін пенделер көбейеді. 39. Неке азады, үйде отырып жүкті болатын қыздар көбейеді. 40. Ойнастан туатын азғын балалар көбейеді. Бұл үлкен қасірет дейді аруақтар тылсымнан! (Мәуліт айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.