Ғайыптан енген көлеңкең,
Өзіңнен шыққан әсерден.
Құбылтады көңілді,
Бейнеленіп сөздермен (more…)
Жөнсіздік пен түзулік,
От пен судай шарпысқан.
Мұнан шығып қозғалыс,
Өлім мен тіршілік алмасқан. (more…)
Басшың болса без бүйрек,
Елдің жайын кім білмек?
Қосшысында жоқ қанағат,
Өзінде жоқты үйретпек. (more…)
Жанға- тән, ындын, дене,
Тыншытпай тарлық етсе.
Өскені де ол жаныңның,
Көбейіп жеті сабақ өнім бере. (more…)
Ындынның іштегі жарығы,
Жақпаса отын көңілдің.
Бүлдірер аңдып сырттағы
Арттағы қырағы ерткенің. (more…)
Сиясы таусылмаған ғайып теңіз,
Алланың сөзі таусылмайтын ұшан деңіз.
Толқыны бірде қатты бірде баяу,
Ақылдың ақ нұрынан несібеміз. (more…)
Көзіңнің қарашығы дүние қармар,
Ағы болса жаныңа азық жинар.
Ақ пен қара арасын айыра алмай,
Жалғанның қызығына тоймас жандар. (more…)