Көз қарас- елдің тегі (230)

Бөлім: Зікір өлеңдер 51

Көзіңнің қарашығы дүние қармар,

Ағы болса жаныңа азық жинар.

Ақ пен қара арасын айыра алмай,

Жалғанның қызығына тоймас жандар.

Ағартып көңіліңді алдарқатсаң,

Көптің ісін құп көріп кеттің әрмән.

Жолаушы бола тұрып жалғыз жолда,

Жолбасшың бағыт бермей жалғыз қалған.

Күміс жіп ілігетін бір жол болған,

Өрмелеп биікке бір шыға алсаң.

Үнемі жерге қарап жүргендіктен,

Көгіне зер салып қараланған.

Қарашық нәзік жанда зейтүн болған,

Ағашынан тектілікпен жалғандырған.

Он үш жылда алмасып қайта түлеп,

Кеңістікпен өрісі ел қуаттанған.

Он үш жас мүшел қыз бен ұлға,

Рұқ пен жанның теңдігін алған қолға.

Көзқарасы өмірмен жаратылыс,

Ағымен бойы толып белгі жанда.

Ағынан қарасы артып тұрған,

Ұяттан қуаты жоқ тік қараған.

Көздерді шел қаптаған бұл заманда,

Көк пен жерден бас-табан ажыраған.

Көзқарасы әйелдердің арамданған,

Діл қатайып зейтүні шайырланған.

Еркектерден жетесі тазара алмай,

Қаннан жоқ суаты жанға алған.

Өмір мен жараталыс көздер болған,

Құранмен ақ пен қара жалғандырған.

Құранның үнімен ғылым, кісілік жоқ,

Ақыл, мейірім шуақсыз тұманданған.

Қара тоймас дүниенің қызығына,

Қара өсірген ойын-сауық тойшылдықта.

Ақиретті ойламай ағын көздің,

Жан көбейту жоғалған ұл, қызыңда.

Алатын сыбағадан құр қағылған,

Шел басқан көзге нұр жинамаған.

Көзінде ой жоқ, құлақ бітеу,

Мида таза ақыл қайдан болған?!

Құранда Хадид деп аталған,

Көкпен жер құс ілімі жалғандырған.

Кісілігің маңдай көздің ашықтығы,

Бақ құсың құс жолынан хабар алған.

(Қаңтар 2019 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *