Жанға қожалық (234

Бөлім: Зікір өлеңдер 55

Жанға- тән, ындын, дене,

Тыншытпай тарлық етсе.

Өскені де ол жаныңның,

Көбейіп жеті сабақ өнім бере.

Сегіз түгіл тоғызға да

Тоқтам етпес тәнің өлсе.

Із кесумен тыным таппай,

Ізденер жан кеңістікте.

Күнде іздер шарқ ұрумен,

Қансонардай түсіп ізге.

Кеңшілігінен Ол Алланың,

Күтер түнді кездесуге.

Рахметінен түсіретін

Ғазиз жанға бір түбінде,

Қосылып жар киесіне,

Қайта оралар иесіне.

Денеге еніп орын табар,

Қожалық бар пендесіне.

Жан қонақ, дене мекен болар,

Азығын сол денеден аршып алар.

Тәнге үйретсең арам жегіздірмей,

Сезімталдық жанда белгі қалар.

Ауыздың жөні бөлек, азық үшін,

Оныңды таза ұста дәмі болар.

Жақсы сөз айтып, сөйлеттірсең,

Сол болар азығыңа берген құнар.

Ауызым өзімдікі, өзім білем,

Деген сөз айтсаң білімменен.

Алты дәм ауыздан жоғалады,

Ой жорып сөз үнін терістеуден.

Жаныңа бұл тозағың өзің берген.

Сөйлесем жауабын берем өзім дағы,

Дегендер шерік қосар өзім білем.

Тоқтаусыз, тұрлаусыз шатқандары

Тілімен ана діл жанын көбейтпеген.

Тоғыз түрлі бәле тілмен енген,

Қу бастарда жете болмас,

Ар сауытсыз жүк көтерген.

Білімді ақыл деп түсінген,

Жүрегі соқыр ауыздан дәмі кеткен.

Сегіз қыр бар, бір ғылымсыз,

Сыртын бояп жан өлтірген.

Бекіген құранда сүременен,

Мұхаммед жан қожасы елші деген.

Рұқ – Ғиса Алла сөзі көркемінен

Жалғанар Ахметтік тегіңменен.

Ру болып қожалық жетілмеген,

Алланың бұл қалауы нәсілдермен.

Жанға қожа қазақта әулие-әмбилер,

Жетпіс үші миғражға көтерілген.

Діншілер дін ісінен білім білген,

Құдай ісін жол-жобасын меңгермеген.

Ғылым, рахметі сегіз сипатымен,

Ар білімі ата жолмен жібі өрілген.

Даналығын Абайын түсінбеген,

Сыртын алып ішіне үңілмеген.

Жынды мастар жанына қожа емес,

Тоғыз түрлі бұзықтықпен кісіленген.

(Ақпан 2019 жыл)

****   *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *