Сыртқа кеткен көңіл(232)

Бөлім: Зікір өлеңдер 46

Ындынның іштегі жарығы,

Жақпаса отын көңілдің.

Бүлдірер аңдып сырттағы

Арттағы қырағы ерткенің.

Шабыт боп көңіл жүрекке,

Қонбаса айналып зейнетке

Бықсыған оттай жана алмай,

Білікті салар әуреге.

Ашатын құлпын біліктің,

Ескеріп алсаң кілтін.

Шамасы келмес бұруға,

Секемшіл мен секеңнің.

Тым қатаң оның егесі,

Әркімге болмас тиесі.

Қабағын ашпас әрдайым,

Қаһарлы қыстай киесі.

Тоңдырар нәзік денені,

Суық боп ішке енгені.

Жүрекпен ыстық ерітіп,

Бәйшешек бақша өнеді.

Аңқиды жазда жайқалып,

Жаюға иісін тарқатып.

Жемісін төгер күзінде,

Жұмбағын шешсең жалғанып.

Түсінер бар ма қазақта,

Жалғанған рұқы Абайға.

Сөзімнің деген ішін ал,

Сырттағы көңіл жарай ма?

Бақшаға бәйшешек еліңнің,

Ішіне енсе көңілің.

Жылан мен тікеннен жиренбей,

Табар еді миуа жемісін.

Тіліңді балдай үйірер,

Сөзінің дәмін жан білер.

Жүректің қосып үніне,

Иманға қуат келтірер.

Жемісін алып миуаның,

Ашылар түндігі сананың.

Жүзіңнен нұры шашылып,

Ғылымды сен де болғаның!

Көңілін сыртқа байлаған,

Үш тілмен ғылым ойлаған.

Діл мен тілдің білімін,

Надан көп білмес хайуаннан!

(Қаңтар 2019 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *