Дүниені арсыздар уайым қылған

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 49

Талай сөз даналардан нақыл болған,

Құраннан аят, хадис дін ісінен үлгі алған.

Дәстүрінен ата жолдың өсиетінен,

Талай кітап жазылды бар ма оқыған?

Мұхаммедтей пайғамбардан бата алғам,

Бөленіп шапағатына тектілік кітап болған.

Ашылмай жатқан нақыл, даналықты,

Құраннан сан білімге, таза ойға есік ашқам.

Түсінен оқыса екен деп зиялылар,

Ел билеген және білімді қауым да бар.

Қазақтың ата жолы — бақ жолың деп,

Тылсымның талай сырын ашқаным бар.

Тауға да жартасқа да айғай салған,

Абай дана астармен өлең жазған.

Тас болған жүректер көп жартасындай

Тау деген ел билеп жұртына тұтқа болған.

Енді мен қалай құдай еркін түсіндірем,

Әлде депутат болып жақыннан айтып көрсем.

Иманнан сөз бар ма жүректер елітетін,

Райына ел биліктер қайтар ма екен?

Әлде жұлдыз болып шықсам ба екен,

«Шоу» жасап құдай еркін айтсам ба екен.

Күн-түні көз алдында мылжыңдасам,

Мезі болса, райларынан қайтар ма екен.

Әлде күшті бір спортшы болсам ба екен,

Таң қалдырар хайуаннан айлам асар ма екен.

Риза болып ел басшылар мені танып,

Сыйын алмай кітабымды берсем бе екен?

Білемін ел басшымыз бәрінен де есі бүтін,

Таныса мені кітабымды оқыр шіркін!

Түсінбедім мынаны неге бұлай жаздың деп,

Шақырса аманатын аруақтар айтар ма едім!

Япырмау мен жындылық қыла алмаймын,

Тықпалап оқы деп жазбамды айта алмаймын.

Сөзімді де өзімді де жек көрген ғалымдарға,

Құдайдың сөзін тыңдаңдар деп жалынбаймын.

Мен олардай деген емес бола алмаймын,

Білемін құдайымның мұны қоштамайтын.

Сынағы құдайымның жүректерге мөрін салған,

Жамандарды ажыратып азаппен жазалайтын.

Арлы болса сөз ұғар ер деп ойлаймын,

Сөз ұқпаған басшы болмақ тажалдайын.

Оқы деп білім зарлағаннан пайда бермес,

Имансызға ата-баба дәстүрін сыйламайтын.

Қиямет сын сағаты екінші жыл басталғалы,

Алты жыл қазақ түгіл әлем жұрты қиналады.

Дүние байлық заңға шоқынып қайда бармақ,

Тозақтың азабымен бәрібір сыналады.

Шайтандар, тажалдар түгел жоғалады,

Қазақ елі  ұйқыдан рухы тазарып оянады.

Ясауи ілімімен, Айша ана туын көтеріп,

Тура жол алтын ғасыр қазағымнан басталады.

Жеті аруақ әр пендеге кітабы жалғанатын,

Құдайым халқыма білдіре  көр нұрсатын.

Жалынып, жалбарынып сұрайық имандылар,

Ия Раббым, қолдай көр деп бұқара халқын!

(ақпан 2014 жыл)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *