Нұр отандықтарға

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 45

Құдай бар, қара қазағым,

Партияны қылған мазағын.

Құдайсыз болды жөндемек,

Ұлтының рухын санасын.

Келмейді деп тағдырын,

Жөндеуге қазақ баласын.

Бейтараппыз деп бас иген,

Жалғандық емес таза шын.

Меңгермей ұлттың дәстүрін,

Ұстанған салтын өзге елдің.

Нұр түгіл Отан бола ма?

Ойы елдің көктік нәсілің.

Байлығың болар он саулық,

Бірінші керек денсаулық.

Ортасы болар ақ жаулық,

Жоқ болса Нұр да жалғандық!

Партияға сеніп табынған,

Заңың артық құдайдан.

Шоқынған жалған тәңірге,

Нұр бермей елге Нұротан?

Жарғыны жеті жазсаңдар,

Дәстүрін ұлттың алсаңдар.

Адамдық ар-намыс емес пе?

Біртұтас ел болсаңдар.

(ақпан 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *