Сүйінші сұрасам ба…?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 0

Өңім бе әлде түсім бе екен,

Әлде  құдайдан хикмет түскен.

Ел басшы жинап алып ел билікті,

Ата жолын соттаған заң күшін жоймақ екен.

Ата жол, ата дәстүр және салтың,

Мойындап жеті жарғы заң шығарсын.

Масқара тарихта болдық деп біз,

Қайғырып жүр билік пен ғалымдарым.

Қаздырып Алаш баба, Алтай Жүрсін,

Мұрағатын ашып, әлемге мақтан қылсын.

Алтын адам — анамыз деп ұлтымыздың,

Қайта жазып шатпақтарын мойындасын.

Отырар кітапханасын да ашқан екен,

Әлемнен  халық кезекте тұрған екен.

Түп қазығы түркілердің — қазағым деп,

Түркі елдері таласқан білдіріп қызғанышын.

Шыңғысхан, Абылайханға жайын салып,

Зияраттауға келген әлем жұрты хабарланып.

Жақып, Ысқақ, Ыбрайымдай пайғамбарларға

Өтініш түскен екен зияраттауға құрбан шалып.

Япырмау сенбейін бе  әлде сенсем бе екен.

Есімов әлде басқа әкімді көрдім жүрген.

Қажы баба пайғамбарға ақша аударып,

Жарлықсыз қалай құрылысын бастап кеткен?

Ғисадай пайғамбар мен Мариям анамызды,

Әлем халқы жиналып зияратына там тұрғызды.

Алдына ала ұлықсат беріп кезек тосқан,

Ақ ордаға өтініштен қар жауғызды.

Һұд пайғамбар Мәлік Сыдыққа жол салыпты,

Зияратын көтеруге әкімдер қолға алыпты.

Әлем естіп тағзым жасап құрбан шалып,

Қой таба алмай талай әкімдер қиналыпты.

Ясауи, Абай, Шәкәрім және даналарын,

Арыстан баба, Укаша мен отыз үш сахабасын

Пір Бекет пен үш жүз алпыс бір және екі әулиені,

Араптар да зияраттап көрдім құран оқығанын.

Мешіттен шыққан ғалымдар мен имамдар да,

Таласқан шырақшы, бірі күзетуге зияраттарды.

Ата жолы дәстүрі тура жол дініміз деп,

Бәрі де діншілердің аққу, сұңқар болып алды.

Сарайлар ойын-сауық бос қалыпты,

Қонақ күткен қонақ жайға айналыпты.

Қазақ елі бар аурудан шипа алатын,

Ордасына денсаулықтың әлемнің айналыпты.

Жұмыссыз еңбек етпеген жан таба алмайсың,

Бұрынғы тексіздер жоқ дүниені уайымдайтын.

Қиындық келсе бұл сынақ өзімізден,

Жақсылықты құдайдан деп біледі екен.

Қазақ елі ар-ұяттан дәстүрін үлгі қылған,

Ел билік ата заңмен арнаулы заң шығартқан.

Бүгінгідей арсыз қыз, жалаңаш қатындар жоқ,

Көшемізде нәзіктер жүр әуретін қымтап жапқан.

Жас қатын түгіл кемпір де бала туған,

Тоқал болуға жесірлер де жүр жарысқан.

Қазақтың қыздары да гүл жайнаған,

Баяғы замандардай беттерінен нұры тамған.

Япырмау өңім бе әлде түсім бе екен,

Бүгінгі ата жолын сатқандар тірі екен.

Арасында Нұрсұлтан қария жүзге келіп,

Сақтады Құдай өзі, ақыл айтып, шүкір деген.

(ақпан 2014 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.