Қазақ сыншы болса екен  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 57

Сынатарсың өзіңді,

Менің түгім құрымас.

Өлген кісі сөзімді

Сынама деп сұрамас.

Сынасын деп жазғанмын,

Сынама деп шатпаймын.

Қазақтың мінін қазғанмын,

Айтқанымнан қайтпаймын.

Қазақ сыншы болса екен,

Болмасын деп айтпаймын.

Жетегіме ерсе екен,

Өлсем де тыныш жатпаймын.

Мен жетелеп өлемін,

Өрге қарай қазақты.

Өлсем де ойын бөлемін,

Сөзбен салып азапты.

Білімдінің сөзіндей,

Сөзім демен таза-ақ-ты.

Қазақ болса өзімдей,

Қыла алмайды мазақты.

Қазақтың жайы белгілі,

Өлеңі өңкей құрама.

Байқадың ғой ендігі,

Оны менен сұрама.

(Шәкәрім әулие)

****   ****

Жалғанбай тектік санаға,

Аталған көп ғұлама.

Кітабын ғылым алмаса,

Ғылымсыз білімді дуана.

Ғалым көп бүгін қазақта,

Атақ, дәреже санатта.

Бабалар сөзін мирасын,

Алып жүр тек мазаққа.

Білімді алып ақылға,

Нақылың қалып артыңда.

Ғылымнан екі күніңді,

Тастатқызған халқыңа.

Білімін әлем жинадық,

Ғылым деп мұны атадық

Сана түгіл жете жоқ,

Таза ой ғылым жоғалтып.

Тектерге қалай жалғандық,

Ой жорып, қадір жоғалттық.

Ғылым, хикмет- Алла өзі,

Құдай ісі жол-жоба анық.

Білім мен ғылым сыналған,
Құлақтан кіріп бойды алған.
Атаң Абай зарлаған,
Қайта оралды сол заман.

Қазақтың ділі қор болған,

Данасының сөзін ұқпаған.

Сөз байлығын ұлтының,

Зұлымдық шықты алмаған.

Ғылымын Абай данадан,

Сан алса ойға жалғанған.

Шығар еді сыншы қазақтан

Ғылымын құран қорғаған!

(Б.Т.К)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *