VIII-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 48

Түп негізді жаратушымызды біз ақыл тұрғысында Алла деп атап, ал оның бізге көрінетін растығы, барлығы Алла тағала деп аталады. Ал бастапқы барлық ғаламның жаратылған алғашқы нұрын Раббы деп атаймыз. Сонымен Алла тағала біздерге мәлім болған 8 сипатты қуаттары болып; 1.Өмір, 2.Ғылым, 3.Құдірет, 4. Түсінуші, 5.Естуші, 6.Қалаушы, 7.Сөйлеуші, 8.Тудырушы- бар қылушы. Алла тағаланың бұл сипаттарын біз жеке-жеке қарастырғанмен, оның түсінігі, болмысы біздің жерлік тұрмысымыздағы пенделік ақылымызбен қабылданатындай емес. Себебі барлық сипатында өмір бар, сол сияқты ғылым мен құдіреті де бар. Ал бұл сегіз сипаттың біздің барлық жаратылысымыздағы қуаттардың негізі болып, бірақ оның қарама-қарсы қайшылығы арқылы біздің  болмысымызды қалыптастырады, қуаттарымызды бейнелейді. Бұндай жаратылыстың сырлары Алланың ғылымы мен құдіретті арқылы бізге мәлім болады. Абай атамызға жүгінсек; «Алла тағаланың көрмегі, естімегі біз секілді көзбенен, құлақпенен емес, көргендей, естігендей білетұғұн ғылымның бір сипаты…Бұл көзге көрілген, көңілге сезілген ғаламды қандай хикметпен жарастырып, қандай құдіретпен орналастырған, ешбір адам баласының ақылы жетпейді..» (38-сөз) Бірақ Алла тағала бұл сырларын өзінің көркем есімдері арқылы бейнелеп және оны меңгерген, жоғарғы санаттағы періштеге айналған, сүйікті құлдары болған достары, парасаты- «Біздер» арқылы бізге үйретіп, көрсетіп, түсіндіріп отырады. Сондықтан біздер Алланың Өзі-Достары ғана көрсетіп, білдіріп үйреткеніндей яғни шамамызға қарай ғылымын, кітабын алу арқылы ғана ғаламдағы біздің ақылымыз жетпейтін хикметінің, жаратылыс қуаттарының негізгі сырын  түсіне аламыз.

Бірақ ол үшін де біз үнемі замандық қозғалысқа, қуаттардың түрленуіне қарай білімімізді көбейтіп, жетілдіріп отыру арқылы бір ақыл қуатын (ес) жетілдіріп қуаттандырып, парасаттылықты меңгеруге,  Алла тағала ғылымының сырларын, яғни құпия білімін жанымыз арқылы зейнеттеп алып, намаздық амалға айналдырып, оның білімін де жарыққа шығаруымыз керек. Сонымен ғылым ең алғашқы болып Адам атамызға берілген еді. Аятта; «Алла Адамға біртұтас атауларды үйретті де сонан соң, оларды періштелерге көрсетіп; «Айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер.» дедеі.(31) Періштелер: «Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың» деді. (32) Алла тағала «Әй Адам! Оларға, бұлардың аттарын баян ет» деді. Сонда Адам ол заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің көмес істеріңді білемін деп айтпадым ба?»,-деді» (2-33) Сонымен бұл аятқа мұқият ақыл жұмсасаңыз, Адам атамызға «Мен» деген сипатты қасиетті беріп, Алла тағаланың үйреткен бір тұтас атауларын сөз ғылымын меңгеру мен оның құпия сырларын түсініп, ат қойып, жаратылыстың барлық көмес істерінің құпиясын меңгерумен ерекшеленеді. Яғни Адам атамызға Алла тағала өз жанына үлес берді. Сондықтан негізінде біздің жандарымыздың тегі, мендігіміз- «Бір» болып саналады.

  Сонымен Алла тағаланың ғылымы, құдіреті және өмірін-Жан және Рұқының, мал қуаттарының жарықтық, нұрлық бір тұтастығын  Мен деп атаймыз. Сонымен жер бетіне түсіп бейнеленген, адамзатқа тән тұрғыдағы қалған бес сипатын; «Түсінуші, Естуші, Қалаушы, Сөйлеуші, Тудырушы-бар қылушы»  Рұқ деп атаған абзал. Және бұл бес сипаттың белгісі барлық жаратылыстағы нәрселерде болса, ал үш сипатының бірлігі адамзатқа ғана тән рухани қасиеттілік  ілімі болып саналады. Ал; 1.Өмір, 2.Ғылым, 3.Құдіреттен жанның жарығы, құпия ілімі пайда болады. Бұл ілімдерді меңгерудің білімін дін деп атаймыз. Бірақ біз дінді ақыл арқылы ғана меңгере аламыз. Ал ақылды Алла тағаланың ғылымынан, жолынан кітап алып, заманға сай үнемі жетілдіріп отырмасақ, білімнің немесе мәлім болған ілімнің соңына түсіп алып, шариғаттан жол жасап, жанымыз жетілмей, ақылымыз қуаттанып өнім бермей, ғылым жоғалып, білімге шоқынып азғындап, жер бетінен жоғалып отыруымыз  тарихта болған, бола беретін де қалыпты жағдай.

Енді Алла тағаланың әрбір адам баласына тағдырымен берілген белгілі бір талабы яғни ғылымнан құпия білім болып, біздір сол білім арқылы ғана талантты, өнерді, қасиеттілікте өзара жарысқа түсеміз және бұл жандағы құпия білімді жетілдіріп көбейтіп отыру арқылы ғана жанымызды көбейтіп, зорайтып өсіре аламыз. Және әлемдік жандық жүйеге, жандық қуатқа  жаннатына өнімін қайтарып беріп қана қоймай, оны көбейтіп отыруға да міндеттіміз. Сондықтан да; «Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жаннәтпен айырбастап алды… Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Міне осы ірі қол жетушілік» (9-111) деп сүйіншілеген. Олай болса біз малдық қуаттарымызды өсіріп, оны өз орынан жұмсап, тер төгіп, адал еңбек етіп орнына жанымызға жаннаттан қуат, білім алып отырамыз. Аятта; «Мұхаммед сондай бет бұрғанды көрдің бе? (33) Ол, аз берді, тоқтатты.(34) Оның жанында құпия білім болып, шындықты сол ғана көре ме?(35) Оған Мұсаның нұсқаларындағы нәрселер білдірілмеді ме?(37) Сондай-ақ әмірді орындаушы Ыбырайымның да.(37) Ешбір күнәкәр, басқаның күнәсін көтермейді. (38) Адамзат; еңбегіне қарай ғана табысқа ие болады.(39) Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді (40) Сонан соң оған еңбегінің бодауы толық беріледі.»(53-42)

    Біздер жанымыздағы берілген, зейнеттелген құпия білімнің шамасына қарай ғана белгілі бір жаратылыстық құпия сыр білімдері арқылы заманға сай тағдырымызға берілетін құдайлық шындықты көре аламыз. Сол арқылы өміріміздегі белгілі бір даналықтың, кәсіптің, өнердің сырын меңгереді екенбіз.  Пайғамбарымыз; «Білім екі түрлі ғана болады. Бірі діл білімі, екіншісі тіл білімі» деген. Бұл аятта осы екі білімнің негізі көрсетілген. Мұса пайғамбарымызға берілген нұсқаулармен және Інжіл кітабы мен Ғиса пайғамбарымыз меңгерген елшілік істерден діл білімінің негізі білімі өсіп, өрісі кеңіп жетіліп отырады. Ал Ыбырайым пайғамбарымыз бен Зәбур кітабы, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымыз және құран тіл білімінің негізі болып саналады. Мұхаммед пайғамбарымызға жеке өзіне берілген елшілік нұсқаулар мен сүнеттері арқылы осы екі білімнің тұтастығының құлшылығын қалыпастырғаны да хақ.

Сондықтан да аятта; «Мұхаммед оларға айт; «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Сонымен діл білімін тазартып жетілдірмей және Дәуіт, Сүлеймен, Ыбырайым пайғамбарлардың үлгісін орындамай тек құранмен, пайғамбарымыздың сүннетін ғана орындаймыз дегендердің азғындыққа түсуін, қазақ елінің масһабшыларының зұлымдығы мен ислам әлемінің бүліншілікке ұшырап отырғаны ғылымнан бас тартудан екенін құран аяттары да растап тұрғаны хақ. Біздер өзіміздің жанымызға берілген құпия білім талабымыз арқылы ғана белгілі бір дәрежеде өнерлі, білімді, қасиетті, текті бола аламыз.

Бірақ мұндай жағдайда заманға сай діл, тіл білімді қуаттандырып жетілдіруден бас тартып, бұрынғы замандағы білімге ғана сүйеніп, ғылымсыз пәтуа пайымдаулар жасап, халықты түземек болатынымызды да; «Оның жанында құпия білім болып, шындықты сол ғана көре ме?» деп ескертіп тұр. Ал ғылымды меңгеру үшін әуелі шындықты көріп, діл, тіл білімімізді жетілдіретін; «Оған Мұсаның нұсқаларындағы нәрселер білдірілмеді ме?(37) Сондай-ақ әмірді орындаушы Ыбырайымның да.» деген үкіммен Мұса пайғамбарымызға берілген нұсқаулар күнәдан ақталу жолы мен бақсылық қасиеттерді меңгерумен және Ыбырайым пайғамбарымызға Раббымыздан берілген түспен берілген әмірлерді мүлтіксіз орындау құлшылықтарын да меңгеруіміз шарт. Яғни жер ана рұқына, Раббымыздың жер ойпаттарынан, тау, тастардан шығатын нұрына жалғана білуіміз керек.

Дін дегеніміз тек қана намаз оқып, бес парызды орындап, құдайға жалбарынып немесе  арап елінің орта топтық салтына сәйкес құран арқылы ғана тіл білімін меңгерумен ұлттық тіл, діл білімін тастап масһабпен ғана жүретін болсақ, онда біз жанымызды тазартып, құпия білім-ғылым кітабын ала алмаймыз да. Ол үшін де; «Адамзат; еңбегіне қарай ғана табысқа ие болады.(39) Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді (40)» деп ескертеді. Және өмірдегі тіршіліктің барлық саласында да тер төгіп, еңбек етіп, дінде тақулықты жетілдірумен ғана;   «Сонан соң оған еңбегінің бодауы толық беріледі.»(42) деп ескертеді. Бұл аяттағы әрбір санның өзіндік ғылымы да бар екенін естен шығармаңыз. Енді нақты мысалдарға жүгінсек; Біздің елбасымызға тағдыры бойынша жанына құпия білім (ғылым кітабы) беріліп және оның анасының терең судан өтіп, мылтық алып шыққанын да өмір тарихынан білеміз. Сонымен су діл білімімен,  мылтық – өнермен, тіл білімімен, Зәбур мен Сүлеймен пайғамбарымызбен байланысты болса, осы тұрғыда Астана қаласын салу мен еліміздің шаруашылығын өркендетуде әлем таң қаларлықтай еңбек еткенін ешкім де жалған дей алмайды. Бұл істе білімді қауымның көпшілігі қарсы болып, сынап, даттағанмен оның болашағын жетесі бар, ғылымнан діл білімі барлар ғана ел басына сеніп жәрдемге де тұра білгені сөзсіз.

    Бірақ елбасымызға құран, таспих берілген жоқ жанына. Сондықтан еліміздің рухани саласын меңгерушілер, ғалымдар, діншілер, философтардың бұл ғылымды меңгеріп, халыққа үлгі жол көрсетуі тиісті еді. Өкінішке қарай мұндай ғылымды ел билеуші, дін ғалымдары, философтар, ақын, жазушылар  арамыздан шыққан жоқ. Қазіргі зиялы атты қауымды білімсіз деп ешкім кінә таға алмайды, бірақ ғылымнан мүлде хабары жоқ деп ашық айтуға болады. Біздің мемлекетіміздің саясатының өзі; «Білім және ғылым министірлігі» болып құрылған. «Және» ұғымы бұл жерде жұмыс істеп тұрған жоқ. Себебі енді біздің әлемнен жинап алып жатқан біліміміздің бәрі сөз жүзінде ғылым болып аталады. Шынында адамзатты арсыздықтан сақтап, рухани кемелдікке жеткізетін әлемдік қуаттардың жүйесімен бірігуге әкелетін ілім, білім ғана ғылым деп атаған дұрыс. Сондықтан біздің талғамай алып жатқан білімімізді тазартатын ұлттық ғылымымыз, дәстүріміз түгіл білімнің ғылымын дәлелдейтін философиялық мектебіміз мүлде өз мақсатын жоғалтып алған. Мұндай жағдайда ой жорып, құр біліммен болашақты болжап, үш тілді меңгеріп білімді болып, ғылымсыз жанды жоғалтуға ашық саясат ұстанып отырмыз. Сол сияқты масһабтық дін ұстанымымызда білім де ілім де бар, оның қайсысы ілім қайсысы білім екенін таразылайтын дін ғылымы (тарихат, мағрипаты) мүлде жоқ. Керісінше ата дәстүрлік тұрғыдағы мирас болған ғылымды меңгертпеуге жан таласып ақпараттық соғыс ашып, оны ел билеушілердің қоладап отырғанының өзі халықтың болашағына балта шауып, зұлымдыққа түсіріп, білімді бірақ хайуанданған топас елге айналдырумен ғана айналысып кетті… (жалғасы бар. Мамыр 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *