Сөз жазып, өлең өлшемек…  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 64

Сөз жазамын түнімен,

Бар ұйқымды қашырып.

Тығып қойман мұны мен

Еш адамнан жасырып.

Мен кетермін, сөз қалар,

Ақ қағазға басылып.

Бозбалалар қолға алар,

Әр ауылға шашылып.

Оқырсың да қолға алып,

Сөздің мәнін табарсың.

Өз сөзіңе өң салып,

Дауды жүндей сабарсың.

Болмасам да қасыңда,

Алды-артымды қамарсың.

Миың бар ма басыңда,

Байқастамай шабарсың.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Құраннан ақыл дәптері,

Кітабы Раббың көктегі.

Ғылымын әлем түгелдеп,

Ясауи баба берген-ді.

Хикмет-ғылым бір болар,

Тура жол ісі жалғанар.

Сопылық ғалым үлгісі,

Абай-Шәкәрім даналар.

Тәпсірі білім масһабтың,

Дін ісі бес күн қорғаның.

Екі күнді алмай ғылымын,

Имансыз болды намазың.

Әулиесін аруақ құраннан.

Алладан басқа атаған.

Жастар жүр ой жорумен,

Өсиетін баба алмаған.

Үлкендік бүгін қалмаған,

Бір ақыл есті болмаған.

Өзі үлкен қылығы балаша,

Аманатын жоқ ақтаған.

Сөз қадірі жоғалған,

Ардан қадір қалмаған.

Хабар болмас санадан,

Суық ми ақыл азғаннан.

(Б.Т.К)

***  ***

Білімді жұрттың ақыны

Біздің сөзді сынамас.

Жазушының жақыны-

Қазақ мұны ұнамас.

Ауылым қонды Нұрға,

Мінген атым сұр ала.

Керексіз сөзбен бұрала,

Қазақ сүйтпей тұра ма?

Сөзімде өлшеп қараңыз,

Уәзінге дәл шыға ма?

Қазақ деген балаңыз,

Уәзінді де ұға ма?

Сөзді әнге дұрыстап,

Өлшеумен сыға ма.

Сыймаса да сырықтап,

Зорлық қылып тыға ма?

(Шәкәрім әулие)

****   ***
Ақын да көп бүгінде,

Сыймайды мүлде тізімге.

Қыз теке сезім қуғандар,

Қысқа ақыл ойсыз тегінде.

Қыз мінезді сезімдес,

Ақын көп ер көңілдес.

Әнге сыйса болғаны,

Ой мен тілі келіспес.

Арсыздықтан жерінбес,

Жыландай ізі көрінбес.

Таңба мен ныпсын өзгертіп,

Өлімен бірдей есімдес.

Уәзінді зиялы түсінбес,

Уәдесін алмай тұр көмес.

Данасын тектік ұғуға,

Уәзінін-уағда, сенімдес.

Уәзінсіз- үмітсіз зиялы,

Өңешке симай қиялы.

Түсінбей ойшыл уәзінін,

Көкейге жетпей жоғалды.

Дәуітке берген уәзінін,

Қостырып тау, құс үнінін.

Көкейге сөзді салатын,

Уәзінің ғылым мендігің.

(Б.Т.К)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *