«Алланы алғаш тану оның болмысына қатысты ажырамас ұғым. Оның қалауынсыз ағаштың бірде-бір жапырағы жерге ұшып түспейді.» (Әл-Фараби). Алла ұғымы барлық әлемдік жаратылыстың мейлі жанды, жансыз нәрселердің біртұтастық тәңірлік сипаты, яғни барлық қуаттың негізі деп түсіну керек. Енді әлемнің ішкі көзге көрінетін, көрінбейтін барлық қозғалыстағы жанды нәрселердің рухани, метафизикалық тұрғыда барлық жаратылысты баураушы, бейне беруші кеңістіктегі орны болып, оның бізге ғылымы, кереметі арқылы танылуға мәлім болатын әлемнің ішіндегі болмысын Раббы-Құдай деп атап; «Құдайсыз, яғни Раббымызсыз қурай да сынбайды» деп түсіну керек. Негізінде адамзаттың тіршілігіне, өсіп-өнуіне, жер бетінің барлық әрекеттерінің басқарушы, халифалық дәрежесін меңгеруіне байланысты Алланы Раббымыз, Құдайлық сипаты, яғни Алланың өзі арқылы рухани тұрғыда танып, байланыста болумен растығы, барлығы, хақиқаты әшкере жарияланбақ.
Әлемдегі барлық тіршілік, қозғалыс иесін сөзден жаратты десек, ал сөздің баста құдайдың нұры, буы, сандық сипатта болумен енді жаратылыстың барлық тіршілік иесінің жандық қуаттық, періштелік негізін Алла тағала деп атаған жөн. Раббымыз оттың негізі сары нұры болса, ал Алла тағала сипаты судың, ақтың негізін бейнелейді. Раббылық, құдайлық және Алла тағалалық сипаттар Алланың өзі болып, ал Алланың өзі тәңір деп ұғыну керек. Себебі Раббылық, құдайлық сипатында да, Алла тағалалық сипатында да тәңірлік сипаты бір болады және ешқандай қарсылығы жоқ. Сондықтан да; Алладан басқа тәңір жоқ дейміз. Ал енді адамзаттың сипатында Алланың өзіндік сипаты «Мен» болып, және менге қарсылықтан текті өсіріп көбейтуді құлшылық деп атайды. Құлшылықтың өзі жария және құпия болып, екі түрлі қуаттық жүйенің арасынан ақыл-ойдың бақшасын өсірумен ғана құдайшылық сипатта болмақ. (more…)