Құштарлық пен іштарлық (118)

Бөлім: Зікір өлеңдер 56

Қарама–қарсы сезімдер,

Бойынан пенденің жетілер.

Бірі туса сүюден,

Кемтарлық бірінен көрінер.

Сүю мен мейірім, құштарлық

Махаббаттан туған адамдық.

Жындылықтан ессіздік,

Шығады қылық іштарлық.

Дүние ісімен мастанып,

Ар-ұяттан бос қалып.

Іштарлықтың бұл бастауы,

Жан өлтірген қастандық.

Іштарлық жанның қапасы,

Ішінде пенде абақты.

Сегіз сезім батырдың,

Араммен артқан қарасы.

Қайратың тентек бойдағы,

Жана алмай шайтан қандағы.

Жүректе арам қанымен,

Шайтан жын пенде болмағы.

Қысқарып өмір уақытың,

Ерік жігер күш ар үнің.

Сауыты тар кигендей,

Қыспақта жан, тағдырың.

Тарам-тарам сезімдер,

Жүректен шығып түрленер.

Сегіз бастау бойдағы,

Мінез болып өзгерер.

Мінезді ақыл басқарса,

Тірегі болар адамға.

Ақылды мінез басқарып,

Айналады жынды іштарға.

Мінезің болар ішкі сыр,

Сегіз сезім, сегіз қыр.

Атадан келген қасиет,

Меңгерумен мінсіз түр.

Сыр сандығын ақтарар,

Бір қуатпен берсең дүр.

Тектілігің жалғанып,

Құштарлықпен болар сыр.

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *