Бастың қадірі (117)

Бөлім: Зікір өлеңдер 42

Кетіп қадір бастардан,

Қадірсіздер елді басқарған.

Көпшілік жүр жалаңбас,

Бас киіммен болып қас.

Жабуға басты қорқады,

Ішінен шайтан салғаны

Басымды жапсап егер де,

Жұрт не дер деп сасады.

Бас киім парыз болса да,

Құдайдың берген бұйрығын,

Белшесінен басады.

Баста саулық болмаса,

Адамдар қайтып оңады.

Қадірі басқа қона алмай,

Сары су мен жыны артады.

Бас жұмыстан қалған соң,

Сөзіңнен ойы қашады.

Теріс ойы еніп біліммен,

Біліммен  пенде шатады.

Астарына сөздің бойламай,

Аманат нақыл қалады.

Әлемнің арсыз салтымен,

Арзан сөзді бағады.

Атау сөзді бұрмалап,

Ұғымын бұрып бағады.

Талай ғасыр өткенге,

Қайта оралып нанады.

Саяз ойлы мәнсіз сөз,

Кереметтей болып барады.

Періште қашып бастардан,

Жын-шайтан билік құрады.

Түрлі-түспен ой салып,

Ақылы пенденің азады.

Сана түгіл жете жоқ,

Ар-ұяттың болмас сұрауы.

Қубастар билік айтқан соң,

Елден бірлік қашады.

Алланың жібін тарқатып,

Тозығын тарих алады.

Арам асты адал деп,

Тән семіртпек арманы.

Жаннан хабар белгі жоқ,

Жол-жобасыз қалады.

Ел басқарса қадірсіз,

Орындалар ібіліс жобасы.

Ой жорумен алжасып,

Тозаққа елді бұрады.

Ойын-сауық, тойшылдық,

Мақтанмен халық тозады.

Шатыры кетіп еліңнен,

Сағатың қиямет соғады!

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *