Рухани жаңғыру(119)

Бөлім: Зікір өлеңдер 1

Рухани елді жаңғыртып,

Боламыз озық әлемде.

Дүние,байлық қуаныш,

Болады деп еншіде.

Елді алдаған ел билік,

Елірген бүгін көсіле.

Ібілістің жобасы,

Іске асты қазақ елінде.

Көрініп бұты қыз, қатын

Жалбырап шашы төгіле.

Әйелден ұят кеткен соң,

Жаңғырамыз дейді несіне.

Арсыздығын қара нәсілдің,

Жалғантып қазақ жерінде.

Құт-береке шаңырақтан,

Қашты бүгін  еліңде.

Түзейтін мұны қазақ жоқ,

Нәсілі бүтін тегінде.

Текті қылып өзді-өзін,

Бояған сөзді тілінде.

Таңбасын алып қараның,

Қысқартпақ ділдің үнін де.

Байлықтың түскен соңына,

Әкетердей бірге көріне.

Бай-бағландар барына,

Қанағат тұтпас тіріде.

Рухани өлмей өзгеріп,

Өсе ме жаның бүгінде.

Кедей-кепшік, орта қол

Бай болудың ізінде.

Қу тірліктің бітпейтін,

Күн көрісті ғана білуде.

Ар, ұждан мен ұятты,

Тыйып қойған сенімде.

Мұндай күймен қай жаққа,

Жаңғырмақсың бүгінде?

Жаңғыру емес қаңғыру,

Кезең болды еліңде.

Жаныңды өлтіріп жатсыңдар,

Қияметін Құдай көруге.

Арыңды сатқан иттікке,

Есебін берер түбінде.

Антұрғандық бұл қазақ,

Тажалдық шығып биіңде.

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.