VІ-Ойға түрткі, ақылға дем  Ібілістің ұрпақтары мен жамағаты және жындар әлемі

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 117

     «Әй жын мен адамзат тобы! Көктермен жердің шектерінен шамаларың келгенше, өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласыңдар.» (55-33)  Адамзат өте нашар жаратылған, жанжалшыл деп ескертеді Раббымыз аяттарында. Біздер өмірге келгенде жанның үстемдігімен, яғни шайтандық сезімнің басымдылығымен, жәндіктік сипатпен келеміз. Ал малдық қуаттылығымызды өсіріп, көбейтуге арналған жын қуатын; барлық жаратылыстан және тарихта белгілі бір кезеңдерде жын қуаттары ерекше басым болып, жер бетінде бұзықтықпен, қан төгіспен немесе түрлі спорттық ойындармен, ойын-сауықпен, нәпсінің қалауын орындап, жанын күйдіріп, жоғалтып, тіршілік етіп жер бетінен жойылып кеткен нәсілдердің рұқтарына жалғанумен қайратымызды, күшімізді, ерік жігерімізді жетілдіреміз.

Жетілген, кемел, бір есті, ғылымды Адам болу үшін жанымызды ақылмен өсіріп, қуаттандырып және шайтандық сезімдік қуат арқылы алты сезім жанымызды өсіріп көбейту үшін де жын қуаты болған тылсымдық жүктермен жүктелуіміз шартты. Сонымен Жан, шайтан, жын атты үш текті меңгеріп, оны ақылмен басқаруды меңгеру арқылы жаратушымыздың нұрын-таза ақыл, ойды, парасаттылықты меңгерген, барлық жанды жаратылыстан жандық, жын-кісілік тұрғыда жоғары тұратын әлеуметтілік тобымызға жалғанып, бір ғылымды яғни бір естілікпен бір қуатты яғни сана мен ар сауытын, адамдық метафизикалық жарық денемізді қалыптастырумен сират көпірінен өтіп, Алла тағаланың жанаттарына (таз ақыл порталына) жалғана аламыз. Мұндай бір қуатты меңгеріп, көк пен жердің шектерінен өтудің ашық үлгісін, насихатын Мұхаммед пайғамбарымыздың миғражға көтерілген мұғжизасынан ғибрат алуға болады. Мұндай біздер үшін ғайып, ертегі сияқты болған ғибратты насихаттарға да күдіксіз, кәміл сене білу де қазақтың дәстүрінің негізгі шарты болып саналады.

Қазақ дәстүрінің бізге беймәлім болып ешқандай қағаз бетінде жазба түрінде кітап болмаса да, ауыз әдебиетінде нақылдармен, өсиеттермен және әдет-ғұрыппен сақталып, ал оны салт-дәстүрімізге айналдырып және білім тұрғысында насихатын қалдырған Ясауи бабамыз бен Абай-Шәкәрім, Жүсіп Баласұғұн, Мәшһүр Жүсіп т.б. даналарымыздың аманаттарын жүрекпен қабылдап, иман тұрғысында түсіне алмауымызға да негізінен; төрт жағымыздың түгел болмай, аруақтық бір қуатымызды меңгере алмауымызға, ата-баба аруақтарына жалғанып, тазартып шындыққа айналдырып, әлеуметті, ғылымды тобымызға Алланың ұлтымызға түсірген жол-жобасына, әлеуметтілік жібіне жалғана алмауымызға да не себеп болды деген сауалға жауап іздеп көрейік. Және осы жағдайға тылсымнан, аруақтардың назарымен бағаланған деректерді жариялап көрейік.

Алдын ала ескерте кететін жағдай; өзін тектімін, таза қанды қазақпын дегенмен, мұндай көмес, ғайып мәліметтерді естігенде, қабылдауға қарсылық келтіріп; жыны қозып, жиреніп, теріс айналатындардың білімді қауымның өкілдерінде, ел билеуші, ақын жазушы, діншілердің де көп болатыны да мәлім жағдай. Себебі қазір қазақпын деп мақтанғанмен ата-дәстүрін шала ұстанып немесе мүлде ұстанбай, ал ұстанғандар екі жүзділікпен тек сөз жүзінде мақтан түрінде бір мезгілдік көрініспен көрсету үшін ғана керек қыламыз.  Және шариғатты да дұрыс ұстана алмаудан көпшілік халқымыздың жүректері теріс ойлармен, біліммен жүктеліп, тасқа айналып, ал ұят, ар қағидасын сақтай алмаудан шайтаны көбейіп жана алмаудан қаны қоюланып, қараланып қалуы да себеп болады.  Мұндайда  ақылдың негізделуі қалыптасып, яғни жындылық шеңбер ортасынан ақылын азат қылатын мұндай ақпараттарды ішіндегі мендігі-ібілістік бейнесі қабылдатпауға қарсылық білдіретіні де хақ.

Абай атамыз жоғардағы аяттың насихатын және жындылықтың сырын; «Қуанбаңдар жастыққа, Елірме күлкі мастыққа. Көзің қайдан жетеді Достық пенен қастыққа? Құрбыңның (шайтаныңның, сезімнің) қызық дегенін сөз екен деп ап шықпа…Бет алды жанға бой салма, Қорлық жүрмес сақтыққа. Елу бесте біз дағы Сенісер адам таптық па? Арсыз құмар болғандар Опыр-топыр, шақ-шұққа Түспей жүр ме, көрдің бе, Жалаң-жұлаң, тақ-тұққа?»  «Мен боламын демеңдер, Аяқты алшаң басқанға. Екі көзің аларып, Құр қарайсың аспанға. Бір ғылымнан басқаның, Бәрі де кесел асқанға. Өйткені адам жолығар Кешікпей-ақ тосқанға». Сонымен ібіліс адамзаттың қандайда бір даналық пен дәрежесіне қарамай ғылымды меңгеруге кедергі тосушы болып, әрі теріс оймен білімге жол ашып, байлық пен дүние қызығының, атақ пен мансаптың соңына түсіп, жер бетінде тәккаппарланып, аяғын алшаң басуға да жәрдем береді. Адамзатты жоятын ядролық бомбадан да үлкен қарудың ақша-байлық болып мұның ібілістің еркінен болуы да заңдылық емес пе?

Сонымен біздер қандай білімді, өнерлі, атақты, дәрежелі болсақ та меңгерген кітап жүзіндегі біліміміз, өмірлік тәжірибеміз арқылы жындылықтан толық тазарып, адамдық әулиелікті меңгеріп, екі дүниенің де қызығын қатар көретін бақыттылыққа жете алмаймыз. Мұндай жолға; ата–бабамыздың, өмірден өткен даналардың біздерге қалдырған ғибратты үлгілерін қайталау, құлшылық істеріне еліктеу арқылы дін-дәстүрімізді сақтап және құдайдың өзінен уахи, аян кеңестерін жанымызға жазып, ісін меңгерумен өзімізді-өзіміз тану арқылы ғана 9 түрлі кедергі, үңгір-қараңғылықтан бір қуат аруағымызбен өте алуымызбен ғана әулиеліктің жер бетіндегі жоғарғы дәрежесіне көтеріліп, пайғамбарымыздың үмметі және елшілік ісін жалғастырушы көмекшісі болуға сапқа тұрамыз. Сондықтан мұндай сөз майданына түсіп сыналумен, өзін-өзі танып, мұнан шығудың жолын ізденетін тектілігін жоғалтпағандарға ғана төмендегі баяндаулар ұғымды болатыны да хақ.

Ібіліске Алла тағала әуелі алдынан, сосын артынан, және оң солынан кел деген реттіліктің өзінде үлкен құпия сыр бар. Біздің көзіміз жын мен жанның және ақылдың қуаттық жүйесінен тұрады. Көздің қарашығы  «кристалл» зейтүн майымен, әйелдердің жанының қуаты және еркектердің жыныстық ата шауқат қуаттылығымен байланысты болып, бұл қуаттың әкеден қызға мирас болатыны да, «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан» деген қазақта. Және әйелдердің өмірінде мұндай майлық қуаттың өмірінде 13 рет түрленіп, жемісін беріп, өзгеріске түсетінін де білген жөн. Ал көздің екінші шеңбері жындық тұрғыда жерлік және көктік, екі аралық нәсілдік қуаттармен байланысты болады. Ал көздің ақ шеңбері ақылымызбен, ар, ұяттылығымызбен байланысты. Сондықтан Раббымыз құранда «Көздеріңді сақтаңдар» деп  мүмін еркек, әйелге де парыз қылған. Көзден ұяттың жоғалуы, ақылдың да жойылумен, біздің көру қабілетіміз өзгеріп, жақсыны жаманнан, арамды адалдан ажырату қасиетінен айырылады да мұндай әйел, еркек пендесі жынды болып саналады. Жалпы жындылық, шайтандықты көзден, қоғамға назарынан, ата дәстүріне көз қарасынан тез анықтуға болады.

Көп жағдайда мейлі еркек әйел болсын; Жынды пендені көзінен тану оңай, ешқандай қаймығу, ұялу деген болмай, көзге тік қарап, немесе арамға сұқтанып қарап, өзінің білімінен басқа нәрсеге көзқарасы да қарсылық білдіріп, мен білемдігі де үстем болып, мұндай пенделерде ұждан-көңілі жетілмейді.  Мұндай жағдайда есту қабілетіміз де әлсіреп, сезімнің үнін, іштегі еріншек, жалқау құрбымызды тыңдап, сөзбен бейнелеп, ал сөзіміз алдағы өрісімізге бейнеленіп, айналып артқы жақтағы періштемізге қосылып, жауырыннан өзімізге қара қуатпен бірге қайта енеді. Мұндай жағдайда қол аруағымыздың жетілуі болмай, біздің тағдырымызды басқару бірте-бірте ібілістің қарамағына өтіп кетуі де сөзсіз, егер бізді мұнан үнемі қорғап, өзінің жиған-тергенін жұмсап жүретін ата-бабаларымыздың Алла тағала алдында ақталған әлеуметтілігі, аруағы болмаса.

Сонымен ібілістің жындық қуаттың негізінен жаратылып, күлгін түсті ақтың негізінде білімнің де тегі болып табылады. Ал білімнің ойын теріске бұруға шайтандық сипаты қанымызда болып, қоңыр қызыл түстің кез келген білім мен ілімнің үнін терістеп көрсетуге, және сезім арқылы көзге де әсер етіп; жақсыны жаман, жаманды жақсы қылуға да адамзатпен бірге барлық нәрсеге ортақ болуға қақы берілген. Сондықтан қандайда бір жындық жүктердің құрамында шайтандық белгі қуаттардың болуымен; жындылық қуаттың, яғни жындардың үш түрлі топпен бейнеленуі де болмақ. 1. Хайуандық 2.Жан-жануарлық 3.Нәсілдік (адамдардан әскерлер) болып бейнеленеді. Ал таза жан мен жынның бірлігінен құстық сипаттың яғни адамдық тұрғыда кісіліктің, ұждандылықтың бейнеленуі болады.

Кез келген жер бетіндегі пенденің біліммен, ілімді жетік меңгергенмен жынды болмауы мүмкін емес. Ал жындылықтан тек қана ата дәстүрін, әдет-ғұрпын мықты ұстанумен, тақуалықтың жоғарғы сатысын меңгеріп ғылымды болумен ғана, жынын жарық кісіге бой өрісі, ар сауытына айналдыруымен, яғни ібілісті меңгерумен, өзіне  қорған күзетші иман жолдасы қылумен ғана нәтижелі болады. Әбір пенде туылғанда ібілістік жолдасы да бірге туылып, оның белгілі бір ырыммен көмілуінде де мән бар. Түбінде ол «метафизикалық»-тылсымдық тұрғыда бейнеленіп қайта келуін де ескерген қазақта. Сонымен біздің тазарған жындық қуатымыз арқылы ғана тәніміздегі 40 буынның қозғалысы, жібі қалыптасып, жүрек көзінен шығатын көкке жалғанатын саналық сәуленің негізін құрайды. Және адам баласының белінен шығатын сәулемен байланысты екі алақанға берілетін нұр мен маңдайдан шығатын сәуле нұрдың, екі қас  арасы 3-көзбен байланысты болып, әжелеріміздің  көз тимесін деп жас балаға қара күйе жағу индиялық дін ұстанымдағы қара, қызыл бояуларды жағу да жындық қуатты меңгерумен байланысты болмақ.

Мұндай адамзатқа жүктелетін жындық қуаттардың 70-топтық бейнесі шары (көздері) болып, оның 7-еуі ең қуатты үлкендері болып табылады. Осындай үлкен жындық қуатқа жататын ел басымыздың жындық сипаты; Арыстан, белгісі жебе болып және әлемдік тұрғыдағы қарағай басына шыға алмайтын жындардың әрекетімен, төрткүл дүниеге түрлі әрекеттер беретін, қарсылық жасайтын жындылықпен де негізделіп алғаны да сөзсіз. Сондықтан аузы қан жындық қуаты Арыстанын аққа айналдыруға да өзінің таңдаған көмекшілерінің, уәзірлерінің тосқауыл болуымен де, ата жолының, ата дәстүрінің мазаққа айналып, ұлтымыздың екі күнін заң жүзінде шектеп, ел билеушілердің тартып алуына себеп болғаны да хақ.

Бұл жағдайға ең басты себепші дін ғалымдары мен зиялы қауымның өкілдері болып, дін ғалымдарының негізінде кітап арқалаған есектік тұрғыда жындылықпен негізделумен байланысты болды. Әрине өзге жындық топтарға қарағанда есектік топтар төзімді, шыдамды және адамдыққа да қызмет қылуға жаратылған. Сондықтан дін басымыздың ең жоғарғы есектік жын тобынан болып, кітап білім жүзінде әйтеуір адамдыққа халықты шақырып, бірақ масһабтың ібіліспен терістелген көптеген тәпсірлік біліміне ақылдарымызды қазық қылып байлауға да қызмет жасап, дін басымыздың өзі де ібілістің ұрпағы болып саналады. Ал енді қырыққа келіп, төрт ақылы жетіліп толмаған және білімде озық болып, ел билеудің іс басында жүргендердің өзінің жүрегі арқылы құдайдың көрсетуінен сұрамай, мұндай білімді тура жол имам Ағзамды ешқандай қателеспеген, қиямет-қайымға дейін жол көрсетуші яғни құдай деп дәріптеп халықты да үгіттеп жүргендер шайтан жамағаты және төменгі әлсіз жындық  топтарды құрайды.

Ал исламдық тұрғыда экстремизммен және бес парызбен намаз оқушыны мұсылман, ал қалғанын кәпір деп бүлік шығарушылар бір ұлтты халық арасында дін топтарына бөлініп, намаз оқудың масһабтық ұстанудың тәсілдеріне бөлініп  алауыздық тудырушылар және мұны дәріптеуші, үгіттеушілердің бәрі төменгі 17-сандық жындылық топқа жатып «ЗІЛЛӘ»  деген жынның жетегімен байланысты болады. Бұлардың қозу шегі қырқүйек айымен байланысты болып, осы айда бұлардың жинаған қара қуаттары 42 буынға кері әсерін беріп, қос көзге де белгі түсіп, ұясынан шығып, шапыраштанып, қызарып дегендей «ЖЫЛПИТ» атты жынның үстемдігімен күшейтіліп отырады. Осы айда бүлікшілердің көбеюі міндетті түрде артып отырады. Бұл да бір ақпараттық, жүйкелік тұрғыдағы ауруды түрі екені хақ.

Қазіргі замандағы жындылықтың, бұрынғы замандағы адамдықтың жалғасы екенін де білген жөн. Бұрынғы замандарда жындылыққа түсу білімсіздіктен, ілімсіздіктен болса, ал қазіргі таңда бұл мүлде керісінше болып, жеке-жеке білімнің, ілімнің соңына түскендер екеуін тең ұстап ортасынан ақыл таба алмағандар жындылықтың жоғарғы дәрежесіне жалғанумен ғана нәтижесін береді. Қазір қазақ халқында білімді, ілімді өз дәрежесінде меңгере алмай қарапайым шаруамен айналысып, бірақ ата-дәстүрін де аз да болса сақтай білгендер адамдықтың сатыларын меңгеруге, мұндай құпия білімдерді түсінуге қабілетті болып келеді. Ал білімді, ілімді көбірек меңгергендер, әсіресе зиялы атты қауым өкілдері керісінше ақылдары негізделіп түрлі жындылық топтарға бөлініп, өзара партия құрып, немесе ақпараттық жүйелермен өзара қым қуыт қырқысып жатқаны да хақ. Бұлардың ішінде исламды тек араптық деп қазақ тәңірге табынған деген сылтаумен, ұлт арасында алауыздықты тудырушылдар құдайдың өздеріне аруақтары арқылы берген ескертуін мойындамаушылардың;  жындылық тобы 16-сүре нахылдың тағдырлық жазалау үкімдерімен белгіленіп, 32-санды сәжденің үкімдерін терістеушілер болып, ақпараттық жиілігі, ортасы; қоянмен және қарғамен байланысты болады.

Діншілердің масһабтың білім тұрғысында шариғатты ұстанып, адамдыққа халықты шақырғамен, тура жолдың қисығына түсіп алып, қазақ дәстүрін, аруағын мойындаудан бас тартушылар негізінде; 73-санды жындық топты құрап және мысықпен, 29-сандық үкімдермен, ақпараттық жүйесі, шеңбері  итпен байланысты болады. Бұларды тылсымнан әулие-әмби аруақтары; «шарбақ ішіндегі иттер» немесе «шибөрілер» тобы деп атап, оған ел басымыздың тек қана заңға жүгініп, өзіне де теріс ақпарат беріп, ата жолын терістеп жүрген ел билеушілердің бәрін жатқызуға болады. Жалпы ел билеуші және зиялы қауым мен ақын, жазушы, дін ғалымдары ішінде бәрі бірдей ит жынды немесе басқа жындық топтарға жатқыза беруге болмайды. Себебі өздерін текті санап, елдің болашағына еңбек етіп, бірақ құдайдың жол-жобасына тікелей жалғана алмай жүргендердің тағдырында әулиелік қабілет болып, ата-баба аруағының да кезінде әлеуметтілікті меңгергендер тобынан болып, оларды мұндай дәрежені меңгеруден тосып аңдушы «НАҒЫР» деген ең қуатты жындардың бірі болып, ондайларды жермен ғана байланысты ақпараттық жүйеге негізделуге, яғни түлкіге айналдыруға мәжбүрлейді. Қуаттық саны 28-бен анықталады. .. (жалғасы бар Қаңтар айы)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *