VІI-Ойға түрткі, ақылға дем  Ібілістің ұрпақтары мен жамағаты және жындар әлемі

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 54

    «Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай-шын құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса кім құдай? Бұрын шын бар, бүгін шын Ертең шын бар – үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың Бұзылмайтын шын керек! Шын махаббат қылуға Шын сабырың жетер ме? Көрінген әрбір сұлуға Көңілің толқып кете ме? Олай болса таза ақыл, Әулиелік сенде жоқ. Баянсызға бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ» (Шәкәрім әулие). Бүгінгі біздің жер бетіндегі дүние қызығымен байланысты адам баласының рухани өркениетіне, әлеуметтік тобына жалғанып, жанын көбейтіп өсіріп, ар сауытын қалыптастыруға зиянды, баянсыз нәрсенің бәрі жынды әрі шайтанды пендеге бәрі сұлу, қызық болып, тек қана бүгінгі күннің шынымен тіршілік етіп жатқанымыз да сөзсіз. Мемлекеттік жағдайда өз жерімізді шекарамен белгілеп, өзімізді-өзіміз басқаруға қол жеткізіп егемендік алдық, әрі рухани тұрғыда әлемге тәуелсіз ел болдық деп мақтан қыламыз. Бұл бүгінгі шынымыз.

Бірақ шындық жүзінде мүлде олай емес. Қазақ халқының ана тілімен байланысты сөз мінезі, діліміз және ақылды қуаттандырып отыратын ой қуаты бүгінгі заман білімінің тасасында қалғандықтан шындықты түсіну қабілетіміз ақыл-ойдың екі күнін шындығында рухани бодандыққа, әлемдік түнек күштерінің ықпалына беріп, сондықтан жылдан жылға айдан айға өткен сайын белшемізден ұйыққа батып, құдайдың лағнетіне ұшырап жатқан елдердің қатарын көбейтумен айналысып жатқанымыз да хақ. Әлемде қияметтік мезгілдің басталып, бұрынғы өткен даналардың, пайғамбарлардың ескерткен белгілерінің бәрі де жер бетіне түсіп, ал қазақ елінің ерекше қияметтік сағаттық сынақтан өтіп жатқанын да білген жөн. Қандайда бір дін өркениетін кітаптарының түсуімен жер бетінде ақпараттық бейімделудің, мемлекеттер мен және бір ұлттың ішінде өзара ақпараттық және қантөгіспен де аяқталатын соғыстардың жүруі де тарихтан мәлім жағдай.

Мұндай жағдайдың жер бетінде ақылдың азып, діннің әлсіреп, адамзаттың кітап жүзіндегі білімнің ғана соңына түсіп, құдайдан келетін аян, уахилар мен хикметті белгілеріне мән беріп меңгеруден бас тартып, дүниенің қызығы мен ойын-сауықтың соңына түсіп өздерінің арасынан шыққан ел билеуші басшылары, ғалымдары білімге ғана негізделіп ой жорумен шығарған заңдарына табынып шоқынып кетумен ібілістің жобасын меңгеруге іс басындағы басшыларымыз ұрпағы болып бейнеленіп, ал олардың соңына ергендер шайтанның жамағатына айналып алуы да хақ.

Адамзатты негізінде үш түрлі тектен Раббымыз жаратып; 1.Жын-анықтау, алу, жарату болып; жынын білімнің тегі  ібілісті жаратып, ал ібілістен теріс ой сезім үні шайтан жаратылған. 2. Адам топырақтан жаратылып яғни метафизикалық тұрғыда барлық қуаттардың өсіп-өну өзара бірігуімен бастапқы періштелік негізге қайта бейнелену жүйесі денесі болып; Адамнан сөз атаулары мен оның қасиетінен, ілімнен жанның жаратылғаны, ал жаннан бес қуатты меңгерумен адам баласы аруағы және тағдыр ісі пайда болып, адамзаттың бір тұтас тағдыры, ғұмыры, кітабы Раббымыздың құдіретті қолы болып және түрлі сипаттағы атқарушы періштелері пайда болып отырады. Бірақ  жан мен жын қарама-қарсы бағыттағы, түр түстегі қуаттар болып, бұл екеуінің арасында тек ағашымыз яғни көркем сөздің ілім мен білімнің ортасы ақылдан пайда болатын да және осы тегіміз арқылы ғана үнемі жоғарғы дәрежелі таза ақылдан, жаратушылық ойдан қуаттанып отыруымыз да шартты.

Ібілістің тегі жыннан болып, ал адамзатты аздыруға теріс жолға түсіруге өзінің Алла тағалаға қарсылықтан пайда болған ұрпағы шайтан арқылы ғана жынға да жанға да теріс үнмен білім мен ілімді терістеумен, Алланың жібі шежірелік тегімізді меңгермеуге, шындыққа шындық арқылы келетін  таза ақылға, бейнеленген хақиқатына қарсы әрекет жасауға мәжбүр қылады. Яғни біздің ата-бабамыздан жалғасты келе жатқан ақылдық сапамызды білім арқылы теріс пайымдатып, түсінігіміз, нанымыздың жоғалуына өзімізге қызмет жасатады. Сонымен бұрынғы замандарда адамдық болып қалыптасқан қасиеттердің, білім, ілімнің бүгінгі таңда жындық сапаға бейнеленіп және әрекетінде жындылыққа айналып, заман білімімен бұрынғы заман құдайлық болған ғылым мен кереметтердің бүгінгі заман білім арқылы өнермен құлтемірді қызметке жарату  арқылы кез келген пенденің мұндай кереметтерді меңгеруіне үйретеді де, ұят, ар, ақылмен өсетін адамдықты ұмыттырып, тәкаппарлыққа түсуге өзін жер тәңірісіндей, барлық істі білімі арқылы басқара алатын құдайдай сезінуіне тәрбиелейді.

Олай болса, әрбір жаратылған пенденің екі жүзділікпен өмір сүріп жын жанның қалауын ортасын тауып, жын-кісілігін, жан-періштелігін жетілдіріп қалыптастыруға; бастапқы болмысы болған адамдықты меңгеруге білімін, ілімін, дін құлшылығының пайда зиянын ажыратып отыруға да, жаратушыдан таза ақылдан, адам баласының өнімі болып бейнеленген кісілері арқылы  нұр алып отырумен ғана нәтижелі болып; мұны аманат деп атаған.  Адамдықтың дәрежесі, құлшылығының нәтижесі де; аманатын меңгеріп, таза ақылға жалғануымен, яғни  құдайлық шынмен, шындықпен қауышуға шын сабырды, шын махаббатты меңгерумен және дүние, ойын-күлкі, сауық-сайран нәпсінің қанағатына  негізделген, сұлу алдамшы қызықтарынан жалығып бас тартумен, үлкендікпен де байланысты болуы керек.

Ол үшін де жастық шақ пен жігіттік дәурендерден, төрт ақылды өсіруге жаратылыстан жасымызға байланысты жалғанған білімді, ілімді меңгерумен де жүктелген және өмірдің қызығын көрумен өзара шерік болып қосылып алған; жынымыз бен шайтандық қуаттардың арасын бөліп; бір ақыл, естілікпен басқарылуға жету керек. Әрбір адам баласы тағдырлық тұрғыда белгілі бір шамамен Алланың нұрынан үлес алып тұруға, құдайлық ұшқынынан, нұр иманнан жаратылатыны, ал мұны махаббат, сүйіспеншілік деп атап, құранда Мұхаммед есімімен байланысты екенін ескерткен. Егер жаратылыстан сыйға берілген тектілігіміз; сүйспеншілік, махаббатымыз болмағанда, мүлде хайуанға айналып, адамзат түгіл бір-бірімізді де дүние тұрғысында жек көрумен, қызғанышпен жемтікке таласқан хайуандай өзара соғысумен де жер бетінен жоғалып кетеріміз де хақ. Сондықтан мұндай адамдық негіз; «Мұхаммедтік» қасиет, тектің құран кітабының белгілі бір тағдырлық аяттары әрбір пенденің ішінде болатынын аятта; «Егер Алла қаласа еді, мен сендерге Құранды оқымас та едім де, оны сендерге білдірмес те еді. Расында мен сендердің бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»,-де» (10-16)

Сонымен біздің Адам атамыздан бері ішімізде «Мен» болып бейнеленетін махаббаттық, құдайлық нұрымыз, Алла мен екі арадағы елшіміз, елшілік кітабымыз болып, құраның көркем сөз болып әр ұлтқа оқылып сөз ғылымын, дін ұстанымдарын, ақылдың кені ғылымды меңгеру әдет-ғұрпын, салтын қалыптастырғаны да хақ. Осылай құранның негізгі кітаптарының амалдары әлемнің халқына пайғамбарлары арқылы оқылып, елшілері арқылы амалдары жетілдіріп болғаннан соң, ең соңында барлық діндердің, Алла тағалалық ғылымның жинағын меңгеруге, бұрын пайғамбар келмеген арап еліне пайғамбар келіп, және жалпы адамзатқа елші болып бейнеленіп, адамдықтың жоғарғы әулиелік үлгісі қалыптасты. Жер әлемінде ең үлкен оқиға қияметтік мезгілде құранның оқылумен болғаны хақ. Яғни ібілістік біліммен қалыптасқан түрлі діндік салттарды және оны таратушы, насихаттаушы ұрпақтарын мен жамағаттарын құранның ғылымы арқылы, құдайлық хикметті білімдерді, мұғжизаларды көрсету арқылы адамзатқа деген сүйіспеншілігін оятып, өзінің ішіндегі құдайлық  «Мен»- махаббатын танып, меңгеріп тәубеге келтіріп, ислам дінінің бірлігіне адамдыққа жүгінуге мәжбүрлеумен ғибаратты үлгісі қалыптасты да.

Біздер өзімізді – өзіміз яғни ішіміздегі құдайлық болмысымызды танып, Алланың өзі меніне, «МАҒАН» сипатына, бір тұтас көместік, тылсымдық тұрғыдағы жаннаттық болған адам баласы; «Біздерге» ұқсас болумен, яғни маған құлшылық етумен, құдайлық махаббатқа лайық болып, құдайымызды тікелей тыңдай білу дәрежесіне, яғни әулиеліктің ең жоғарғы сатысы Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына  жалғанумен нәтижелі болмақ. Қазіргі таңдағы діншілердің, дін зерттеушілердің «Алла мен арада дәнекерлік жоқ, құлшылықта тікелей Аллаға жалғану керек» деген пәтуаларының да негізінде әулиеліктің, парасаттылықтың ең жоғарғы дәрежесімен Мұхаммед, Ғиса, Дәуіт, Сүлеймен, Мұса пайғамбарларымыздың ғибаратты үлгісімен байланысты екені де хақ. Бірақ барлық адамзатты немесе исламдық без парызды орындағандары мұндай жоғарғы пайғамбарлық дәрежеге жеткіземін деген Раббымыздың уәдесі жоқ ешқандай діни кітаптарда. Бұл жындылық сөз және ібілістің жобасы, ұрпақтарының сөзі ғана.

Біздер өмірге күнәдан жаратылып, бұл қара қуаттық тағдырымызды әлемдік барлық жанды, жансыз нәрселерімен жалғану олардың ішкі сырын, зайырлық қуаттарын тазартып пайдаға жаратумен, жындық, шайтандық қуаттарымызды көбейтіп, өсіріп, құлшылығымыз арқылы үнемі жарыққа айналдырып; Ар сауытын қалыптастыру арқылы ғана ұждандық, саналық періштелік сипаттарымызбен таза ақылға құдайдың жеті нұрлы жолына жалғанамыз, сыртқы қарсылық ақпараттық жүйелерге тәуелсіз ерікті адам болып қалыптасамыз. Ұлтымыздың арманы, тәуелсіздігі дегеніміз; осындай бір ғылымды меңгерген тұлғаларымыздың болуымен, біздер «төре, қожа» кісілігі жетілген, жынсыз, арлы кемел даналардың құдаймен жалғанып, саясатта бағыт-бағдар, жасаған жобаларымен жүру арқылы бір тұтас халық болып мәңгілік елдің ірге тасын қалаймыз. «Сөз түзелмей ел түзелмес» деген қазақ даналары. Қазақтың әлеуметтілігінің жағдайын үлгілі ғибратын, насихатын, ғылымды меңгеру жолын Абай атамыз жүйелеп түсіндіріп өтіп, Абайды түсініп амалымызды бағыттай алмасақ, онда жынды екі жүзді болуымыз хақ.

«Абайдың мұрасы-қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге асқар асуларға шақыра береді. Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер тұтқан халқымыздың асыл дәстүрлерін жаңа заманға жарасымды жалғастыруымыз керек» (Нұрсұлтан Назарбаев) Ел басы дегеніміз сол мемлекеттің қандайда ұлттардан құралсын, бүкіл халықтың бірлігін, тұтастығын қалыптастыратын рухани емші, бас бақташы, ғылымды тұлға  болудың да үлгісі болу керек. «Ел билеушілер кісілікке жеткен тұлғалар, ал қалған халық малға тең» деген Жүсіп Баласұғұн атамыз. Сонымен біздің бұқара халықтың дүниелік тұрмысын, ішіп-жемін ғана емес, рухани азығын да тауып беріп жол көрсетуші тұлғаларымыз, кісілеріміз бұл міндеттерін қалай атқара алды? Ұлы дала текті бабаларының қалдырған даналық аманаттарын, ойшылдық нақылдарын, жазба түрінде біздерге құранмен, пайғамбарымыздың өсиеттерімен, жер бетіне түскен барлық дін құлшылықтары ғибратты үлгілерін меңгерудің сырларын көркем сөзбен насихаттап өткен Абай-Шәкәрім аталарымызды түсініп, ақылымызға қуат қылып, жынымызды тазартып, ксілігімізді жетілдіріп; құдайлық ғылымға жалғана  алдық па? Ұлтымыздың арманы малды, жанды, арлы ел болып, ел басымыздың; «…асыл дәстүрлерін жаңа заманға жарасымды жалғастыруымыз керек» деген үндеуін амалға айналдырып, рухани еркін халыққа айнала алдық па, әлде әлемдік екі жүзділік тұрғыда ғана айтылған ұран жүзінде қалды ма?

Әрине сөз жүзінде адамдық, ал іс жүзінде керісінше әлемнің барлық жындылық салтарын меңгерген және әлемнің бар құзғыны қазақ елінен табылатын ел болып, мәңгілік тозаққа да жол салып, болашақ ұрпағымыздың тамырын қиып, мүлде қазақ тегінен жоғалуға көбіміз жолдаманы алып та қойдық. Қазақ еліндей қандайда бір жындылық топтарды рухани біріктіріп, емдеп тәрбиелей алатын, ар білімнен мол қазынасы, өмірлік тәжірибе үлгісі, дәстүрі бар ел әлемде жоқ десек жалған емес. Бірақ біз бүгінгі күнгі өзіміздің рухани болмысымызды танудан қалғанымыз, мұны жоғарғы ел билеуші, зиялы қауым мен мұндай құндылықты еріксіз меңгеруге тиісті үлкендік жасқа жеткен ақсақал әжелердің де өте аз екені де хақ. Сондықтан ел басымыздан бастап біз ертеңмен және өткен ғасырлардағы естеліктермен өмір сүруді, дәстүрімізді бүгінгі жаңашылдық ойын-сауық пен спектакльдерге айналдырып, ата-баба аруағына шөп қойып құрметтейтін ібілістік салтты ұстанып яғни шайтаннан болған жындылықты әдетке айналдырдық.

Көпшілік жындыларымыз ертеңнен үміт күтіп, діншілеріміз намаз оқып, жын шайтанынан ораза ұстаса болды тазарып, дұға тілегімен ешқандай арлық дәнекерсіз   құдайға тікелей жалғанып және күнәдан аянмен, уахимен жол-жоба алып орындамай-ақ, яғни өздерін-өздері ақтап жаннаттық болатындарына, ал білімділеріміз бас-басына топтар құрып, партияға бөлініп, әйтеуір бір дүниелік тәсілмен немесе ел басының халыққа жолдауымен, шаруашылығы дамыған 30 елдей болсақ мәңгілік өмір сүреміз де үміттенеміз. Қайта–қайта сайлау өткізіп әйтеуір біреуіміз аяқ астынан керемет заң ойлап тауып бақытты халыққа айналатынымызға үміттенеміз. Және түрлі ойындарды жетілдіріп, әлемді таң қалдыратын сарайлар тұрғызып, күшіміздің артықтығымен, әншілерміздің «жұлдыздығымен»,  демалатын ойын-сауық орындармен, тұрғындары арсыз, ұятсыз ақымақ болса да «ақылды қалалар» салып, «дайын асқа тік қасық болып»  әлемді шақырып қалталарын қағып отырсақ, бақытты елге айналатынымызға да сенімдіміз.

Ал, енді мұндай армандар мен жобаларды жындылық емес деп дәлелдеп көріңіз, себебі «Құдай қаласа» деген бабаларымыз. Ақылды мен ақымақтың, адамдық пен жындылықтың да айырмашылығы әрбір сөз атауын өз орына қойып, ішкі ой қуатын да сақтай білумен әшкере болмақ. Ұлттық сөз атауларымызда аманаттың бірі болып, «Аманатқа қиянат жасау арсыздық!» деп ескерткен бабаларымыз. Ал енді ел билеушілеріміз;  Аспандағы дін құлшылығымен жалғанып меңгеретін нұрлы жеті жолды қара жол қылып төсеп,  жеті түске бояп тастап, «ОЛ»  жолдармен жүріп өтсеңіз болды, нұрланып, тағдырыңыз өзгеріп, бақытты мәңгілік ел  болатынымыздан да үміттіміз. Сол сияқты ел басымыздың 100 қадам жасап ел билеу мен дүние ісін реттесек болды, ұлттық арманымыз орындалатынына да сенеміз. Ал бұған Абай атамыз басын шайқап; «Ұрпақтарым ай, жүз қадам дүниелік қараны меңгеріп, оған сұғын қадап тұрған екі жүз кісі-жынды алды-артыңды тазартып шындығын меңгермей қалай ел боласыңдар?» деп тұрғаны да анық. Абай атамыз ескерткен; «Екі жүз кісі сұғын қадайтын» яғни шайтанмен қосылған шеріктік жын қуаттары (ұяты жоғалған беттің жүздері) бір тобы алдан тосса, ал өмірден жынын тазартып адамдықты толық меңгере алмаған, аманатымыз болған аруақтық қуаттардың екіншісі артымыздан келіп, мұндай жермен, елмен байланысты деректердің де тарихымыздан, өткенімізден хайуандық сипатпен де келетінін, құранды, ғылымды меңгерумен біздер, ұрпақтары арқылы тазарудан, електен өтетінін де және біздің де осындай жағдайға түбінде түсетінімізді, ұрпағымызға аманатымыз екенін де  біліп отырыңыз.

Осындай арттағы өткен бабаларымыздың, батырларымыздың кереметтігін аңсап, руға, жүзге, төре, қожалыққа бөлініп алып, солардай болсақ, дүние тіршілігіндегі сол әдеттерді жаңғыртсақ, және жаманын жасырып, жақсысын асырып, кейбір қателіктерді жаңа заманға бейімдеп білдіртпей түзеудің орынына, кейбіреулеріміз өмірден өткен даналарымызды, батырларымызды ешқандай қателік жасамайтын құдайдай қылып алдық. Адамның баласы болудан ашық бас тартқан жынды білімді, зиялы атты қауым өкілдерінің; орыс және басқа ұлттардан іргемізді аулақ салып, есігімізді құлыптап алып, жер байлығын тек қазақ ұлты бөліп алсақ бақытты мәңгілік ел болар едік деген жындылық топқа бөлініп, қазақ елі өзара жындылықта жарысып жатқандарымыз да жеткілікті.  Ал ел басымыздың шабыты келгенде айтқан; «Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер тұтқан халқымыздың асыл дәстүрлерін жаңа заманға жарасымды жалғастыруымыз керек» деген үндеуін өзі де жүрегімен, жанымен түсініп орындауға құлқы жоғын, тек көкжиекті көріп өскен бұқара халықтың аз ғана тобы түсініп, тек қана іштей қарсылықпен, ашық сын айтуға шамалары да жоқ.

Себебі кезінде жындары қара қасқыр болып ел басымыздың Астананы салуға, басқа еліміздің шаруашылығын көтеруіне қабылдаған саясатына ашық қарсы болып дауласқандар енді ел биліктің майлы шелпектерін бөліп жегесін, хайуандық қуатпен бейнеленген жындары «итке, шибөріге» айналып алып, биліктің өзгеру оңтайлы сәттерін күтіп отырғандары немесе «шарбақ ішіндегі иттерге айналып» ел басымызды қалайда жаңылыстыруға өз халқының рухани құндылықтарына қарсы қоюға мәжбүрлеп жатқандары да айқын. Қияметтік мезгілде адамзаттың адамдықты ұмытып, жындылықпен ғана ақылдары негізделуіне байланысты, жанның өркениеті қалыптаспай, халық рухани өліп, ұйқыға кетіп, мұнан оятуға құдайдың ерекше хикметті белгілері мен жер бетінде өзгерістердің, ақпараттық ағымының, рухани дауылдың соғуымен халық азапқа түсіп, ұйқысынан оянып өзін тану жолына түсе бастауымен байланысты болатыны да хақ. Олай болса біздің жындылығымызға дәлелдің ерекше белгілері, жындылық сипаттары мен оның емделу жолын да қарастырып көрейік….(жалғасы бар. Ақпан айы 2016 жыл).

3 thoughts on “VІI-Ойға түрткі, ақылға дем  Ібілістің ұрпақтары мен жамағаты және жындар әлемі

  1. Сәлеметсізбе Байтасов мырза, егер сіз өзіңіз елбасы болғанда не істер едіңіз?

    1. Сәлем Сарқыт; Ел басы болу бұл заманда оңай іс емес. Бұлда тағдырдың жазуы. Бірақ ханның дәрежесі де уәзірлерінің біліктілігіне байланысты. Ал жоғарыдан қарағанан гөрі төменен қарағанда таудың барлық қалтарысын көруге болады. Қай заманда да ел басшы, хандарымыз қарашаның арасынан шыққан ақын, жырау билерге құлақ асып, өзін түзете білген.Және жүрегін таза ұстап, құдайдан аян алу, оны жорып іске айналдыру елге тұтқа ел басының ғана емес, қазақ дәстүрінде қарапайым шаруаның, қойшыныңда адамдық қасиеті болғанын да ұмытпайық. Мен ел басы болсам әуелі, бұрынғы өткен хан бабалардай АДАМ болу және адамның баласы ғана болып қалу жолын ұстанар едім.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *