V-Ойға түрткі, ақылға дем Әлеуметтік топ және ібілістің ұрпақтары мен жамағаты туралы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 45

«Басқа келетін он пәленің тоғызы тілден» деген пайғамбарымыз. Олай болса, адамзатты азғыру үшін ібіліс те сөз ұғымдарын өзгертуге, көру, есту, ойлау, сөйлеу  қасиеттерінің жындық қуатына шайтанды жүктеуге яғни бастың қадірін, маңызын ұмытырумен, тазалығын сақтауды терістеумен, теріс ойға жалғаумен адамзатты да оңай өз жолына түсіріп алады. «Ібіліс: «Осы менен ардақты қылғаныңды көрдің бе? Егер мені қиямет күніне дейін кешіктірсең, әлбетте (Адам) ұрпақтарының өте азынан басқасын қырыма бір аламын.» деді.» (17-62) Қазақта «Сегіз қырлы бір сырлы» деген ұғымының сөз өнерін жетік меңгерген, қол өнерін де жетік меңгерген, өмірде көргені көп, ата-аба дәстүрін ұстанып, рухани жетілген еркекке байланысты айтылған. Әрбір пенденің тіршіліктің барлық әркеттерін меңгеруге қабілеті, талабы болған 8 түрлі жыны-қыры болып, мұның 6 түрлі әлемдік қозғалыс қуаттармен көбеюін қазақ даналығында «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп тілге абай болу мен алты сезімдік жан қуатының тазалығын сақтауды ескерткенді.

Жаратылыстың бұлжымас қағидасы қандайда бір рухани, жандық қуаттардың жұп және пар болып жаратылғанын құран аяттарымен ескертеді. «Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық» (51-49). Олай болса масһабшы және дінші ғалымдардың ібілісті және жынды  адамзаттан бөлек жаратылыс қылып, өздерін жынсыз, ібілістің азғыруынан тыс, исламдық бес парыз арқылы таза періштелік жаратылыс қылып, халықты құранды теріс түсінуге азғыруының нәтижесінде әлемдік рухани дағдарыс пен адамзаттың ақылын ібілістің жобасына байлап берумен ғана «экстремизммен» белгілі бір жындық топтарды көбейтумен айналысып жатқандары да  хақ.

Олай болса рухани тұрғыда адамзаттың жер бетіндегі тіршілігінде жұп және парлық сипаты болатынын; Адам, жын, шайтандық сипаттармен бейнеленуін  аятта; «Оларды шамаң келгенше даусыңмен  (іштен шайтандық- сезімдік үнмен ) әуліктір. Және оларға, атты (еркек), жаяу (әйел) түрде келіп, байбаламдап, дүрліктір. Сондай-ақ олардың малдарына, балаларына ортақ бол. Оларға жалған уәде бер. «Негізінде шайтан оларға алдаудан басқа уәде бере алмайды. (64) Шынайы құлдарым болса, оларға ықпалың жүрмейді. Раббың уәкілдікте жетік» (17-65). Адамзаттың малы болып; 100 түрлі бұлшық еттерінен бөлінетін қуаттарды және оның жын мен жанның қосындысынан пайда болатынын білген жөн. Сондықтан да адамзатқа ұяттылықты сақтау, киім мен дәреттің маңызды болуымен, егер де  діннің бұл қағидасы сақталмағанда біздің теріміз арамданып, ет малдарымыз шайтаннан болған қар түнек жын қуаттарымен жүктеліп мінез-қылығымыз да  тұрпайыланып хайуандана береді. Себебі қанымыз да қарайып, жүрегіміз тасқа айналып, ақылымыз шайтанның басқаруына өтеді де.

Ал адам баласы  (көк түс) ұғымын зерттесек; әрбір пенденің рухани тұрғыда өнімі, ішкі дүниесінің айнасы, жұбы болған 4 жағынан рухани көлеңкесінің жетілуімен және «төртеудің түгелдігімен» жалғанатын жеті бой өрісінің бастағы маңдай тағдырлық қуатымен, жүректің тазалығымен байланысты пайда болатын; ұждандық жүрек көзінің періштелік сипатының жұлдызының пайда болуымен Адам болып аталады.  Жаратылыстың барлық жанды жансыз нәрселерінің Алланың ғана мүлкі болып саналуына дәлел болып әрбір нәрселердің ішінде құдайлық жеті үннің сипаты болатынын естен шығармаған жөн. «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген бабаларымыз.  Қазақ даналығында жеті санымен әулиелікті, киелікті белгілеудің өзінде Алланың тілі, үні барлық нәрселерде болатынын жүйелік жалғанып бейнеленуін білдіреді. Сонымен бірге уақыттың, қозғалыстың, қасиеттіліктің тегі үш негізден пайда болуын, яғни қарама-қарсы бағыттағы қуаттардың арасында аралық екі қуаттың да басын қоса алатын қуаттық жүйесінің, тегінің болуы да шартты болмақ. Қазақта «Үш ағашқа ат байламаған еркек еркек емес» деген. Адамзат негізінде 3 тектен пайда болуын 3х3=9 кісілікті, 9 жолдың торабында кездесуін осылай түсіндірген. Ал әлемдік және қазақ билгінің саясатындағы экономикалық және тұрмыстық дамумен бақытты боламыз деп ұлттық жобасын, әлеуметтілік тегін ұмыттыруға тырысудың өзі жаратылыстың білімін түсінбеуден және ғылымға жалғана алмай мақұрым қалудан туындап жатқаны да хақ.

Алайда; Әлемдік қуаттардың көк, жер және екі аралық болып бөлініп, адамзаттың да осы жүйеге жалғануға рухани көлеңкелері тылсымдық бейнесі жұбы, пары болып 3 түрлі сипатан тұратыны да хақ.  Біздің жер ана рұқына жалғануымыз артымыздағы бейнеміз, жүрекпен немесе жануарлар әлемі арқылы тарихпен, шежіремен жалғана аламыз. Сондықтан әрбір жан, жануар, хайуандар да адамзаттың өткен тарихымен байланысты ақпараттық аруағына жалғанып тұратынын да естен шығармаған жөн. Ал енді біздер бой өрісіміз арқылы ғана көкпен жалғанып, көк тәңірлік қуаттарды, даналықты, парасаттылықты меңгеруге мүмкін болып, екі  қол аруағымыздағы тағдырлық жазуларды тазартуға ібілістің азғыруынан құтылып, керісінше оны аруағымыз арқылы өзімізге қызметке қойып, шайтаннан – жан, жыннан – кісілігіміз пайда болып, адамдыққа, рухани көлеңкелерімізбен бір тұтастыққа айналып, яғни гендерлік бүтіндікті меңгерумен нәтижеленеді. Бұлардың барлығының жүректің тікелей басқаруында тұратын, қолдан пайда болатын періштелік сипатына аруаққа бағынышты түрде бір тұтастықта, тектілікте болатыны қазақта «қол қол бала» деген сөздің ұғымы әшкерелеп тұрғаны хақ.

Енді мұндай «Төртеуін түгелдеп», ұжданы-жүрек көзі-жұлдызы санамен жалғанып, Алланың сүйікті құлы болатын дәрежеге тақуалыққа, әулиелік тазалық даналықпен, ал қол аруағымыз қанатты періштеге бейнелену дәрежесіне жету үшін де біздерге екі аралық періштелік сипатымызда яғни ұждандылықты алдымыздағы періште күзетші көздерімізді жетілдіруге яғни жүрек көзін ашуға дейін жетілуіміз керек. Бірақ жоғарғы аяттағы ібілістің әуелі алдымыздан келіп, біздің мұндай көзімізге шөп салып, оның бөренеге айналуымен, біздің рухани көлеңкелеріміздің өзара жалғанбай бір тұтас тағдырлық қуаттарға айналмауына кедергі қояды. Қазақ даналығының құпия беймәлім қуатты, бір тұтас дене – арды меңгеруге, дәстүр болып қалыптасқан және сөз атауларымен, нақылдарымен, әулие-әмбилердің қалдырған насихаттарымен ашық түсіндіріліп, аманатталған мұндай білімді, енді қазіргі таңда біздің ұғына алмауымыз үшін ібіліс өз ұрпақтарын дайындап, оларды жоғарғы дәрежелі ел билеуші, ақпараттық іс басындағы ақыл беруші, ақын, жазушы, тілші, дін ғалымы, имам қылып, дүние тіршілігі арқылы беделге жетуге де әлемдік «Армагеддондық» саясат арқылы ықпал ете алғаны да хақ.

Сондықтан да қазіргі таңдағы ақпараттық жүйелерден кез келген ән салып, би билеген ар-ұяттан жұрдай болған, көтін ашып, төс қолын жалаңаштаған шайтаннан болған жындар мен еркек жындарды, немесе төбелесуден, айла-тәсілде жетік болып ойында жеңіске жеткендерді кез келген әрекетпен таң қалдыруға құштар жас – мастарды  жұлдызды», ұжданды, даналықта жетілген атап, «жұлдыздар отбасы» деген жорналдың да «тұлға» аталған ел билеуші тобынан шығарылып жатқаны да жалған емес.  Тілші, дінші, имам атты қауымның ақылы толмаған, мастықтан айықпаған жын-шайтандылар тобынан  болып, шайтанның жамағатына айналып, қазақтың сөз ұғымдарын мүлде ой қуатын жоғалтып, теріс оймен өзге қасиеттілік сипат алып, ұлтымыздың діл қуатының жоғалуына да қызмет жасатып жатқан да жоғары дәрежелі ел билеушілердің яғни ібілістің ұрпақтарының әрекеті екені де хақ. «…Ақырзаман жастары, Қосылмас ешбір бастары. Бірі-біріне қастыққа, Қойнында жүрер тастары...» деген Абай атамыздың зарын да, ой қуатының тегін, мағынасын жоғалтып, ібілістік теріс оймен жүктелген сөз ұғымдарымен алған білімнің тасқа айналып, жүректі қатайтып, бір-біріне рухани тұрғыдағы бастарының; ниеті мен ұстанымдары сәйкес келмейтін жындылық топтарға бөлініп алып, бір-бірімен өзара біліммен, дін тәпсірлермен алған ұғымы теріс, ойы басқа сөз, «таспен» шөкелеуді, бөріксіздің басын жарып, өріссіздің қолын-аруағын сындыруды әдетке айналдыратын заманның келетінін болжаған екен.

Енді мұндай жағдайда үлкендік жасқа жетіп, дүниелік қызықтардан жалығып, адамдықты іздеп, ұжданын жетілдіріп, көк тәңірлік қуаттарға жалғанып, әулиелікті меңгеру жолына түсіп көңілі арқылы иман қуатын тарту жолына, Алла жолында мал жанымен соғыса алатын ақсақалдықтың, жан қуатымен бөлісе алатын кемпірліктің қазақ елінде маңызы жоғалып; «Әй дейтін әжесі, қой дейтін қожасы жоқ» елге айналып,  дүние тұрмысты жақсартумен, ұлттық әлеуметтілігі де, ділдік қуаты да екі есе төмен болған, жел-ел-әйелдік қан тегі азып, семіздіктен көз аша алмай жатқан, 30 еллдердің қатарына қосылып мәңгілік ел боламыз деген ұлттық арманымыз да ібілістің жобасынан болып табылатыны да сөзсіз. Сондықтанда елдігіміз азып, гендерлік бүтіндігіміз жоғалып, тектік бірлікті сақтаудан бас тартқан елдерге желдің бағытын өзгертіп түрлі азаптар мен апаттарды жіберетін құдайдың лағнетіне ұшырап жатқан жынды елдердің де алдында шығып алғанымызда хақ.

Алланың өзіндік бізге мәлім болуға жаратылған сипаттарының; Алла тағаламыздың, Раббымыздың біздерге әшкере қуат яғни құдай немесе Ол Алла болып хикметті білімдері мен мұғжизаларын түсіну үшін де Раббымыздың барлық жаратылыстың киесі түрінде белгілері ешқашан жер бетіне көктен түсуін, көк тәңірлік белгісін барлық жаратылыстардан көрсетуін тоқтатпайды, тоқтауы мүмкін де емес. Сондықтан Алла пендесімен тілдеспейді деген ібіліс ұрпақтарының пәтуасы жалған, Аллаға ортақ қосу. Адамзаттың ақыл-ойының дәрежесіне қарай Алла барлық пендесі мен сүйікті құлдарының, елшілерінің, пайғамбарларының аруақтары арқылы сөйлеседі, тілдеседі де оны тек көріп, біліп есту үшін де жүректің тазалығы керек. Ал егерде мүлде шайтаннан болған жындарға айналып, жүректері тас болып, дүниеден басқаны аңғармайтын жағдайға жеткенде аурулармен, азаптармен, табиғаттағы ерекше құбылыстармен, жан-жануар, хайуандар арқылы да ескерту беріп ақылға келуге, адамдықты іздеуге шақырады. Сондықтан да аятта; «Мұнафықтарды (екі жүзді жынды, шайтандыларды) жылына бір, екі рет сынасам да сода да түсінбейді ме?» деп ескерткен.

Қазақ елінің ата салт-дәстүрі болған көк тәңірлік ақпараттарды меңгеруге арналған Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан ислам дінімен біртұтастықта қайда өңдеуден өткен әлеуметтілік жағдайын мүлде жалғанға шығарған діншілер, масһабшылардың азғыруымен енді жоғарғы дәрежелі ел билеушілері мен зиялы атты қауымның ата жолының  ата-баба, әулие-әмби аруақтардың құдайдың ұлықсатымен елімізге баяндап жатқан баталарын, тура жолға исламның бірлігіне шақырған насихаттарын терістеп, қудалағанын былай қойғанда, ап-ашық алдын-ала ескертіп түсіріп жатқан азаптарын, апаттарын да мүлде терістеп, өздерінің ойлап тапқан заңдары  арқылы құдаймен ашық соғысуға елді мәжбүрлеп жатқанын неден деп білеміз?

Әрине біздің еліміз әлемде алғашқы болып қияметтік сын сағатын бастан өткізіп жатқаны да хақ. Соған байланысты әлемдік барлық жындылық топтардың білімі де, салты да біздің елімізден бейнеленіп табылып жатқаны да сөзсіз. Енді жындық топтың 70 түрі болатыны, оның жетеуі адамдыққа байланысты қалыптасатын, адамдықтың әулиелік тоғыз дәрежелі кісілікті меңгерумен байланысты болуын; «Ата жолы және аққу сұңқарлар» аты жазбада баяндап жатырмыз. Енді еліміздегі жындылық топтардың сипаттарына, қандай біліммен, қылықтармен байланысты болуын, ата-баба аруақтарының білдірген хабарлары арқылы тоқталып өтейік….(жалғасы бар. Қаңтар айы)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *