Жесірлер мен кәрі қыздарға….

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 54

Жалғыздықпен өтіп жатқан талай ғұмыр,

Тау, тас та мұжылып, тозады және темір.

Жеке өмір ошақсыз жанған от сияқты,

Қалатын шала жанған оттан көмір.

Адамның тәні құмнан қыш құмыра,

Тағдырдың сыйын құйған ары барға.

Ақылмен бұл жалғанды болжап көрсек,

Текті ұрпақты туған әйел қор болған ба?

Жаулықты, етекті әйел арымаған,

Ары үшін тәнін жаннан аямаған.

Ұрпақ үшін жан аямай жалын кешіп,

Тоқал болса да байға шығу міндет болған.

Несі айып, қорлық есті ерге қылса қызмет,

Тез есейіп әйел жаны, санасы өспек.

Есті әрі арлы еркекrе тоқал болып,

Қазақта меңгерген ана кемеңгерлік.

Жан қадірін біле алмас тәнді ойлаған,

Ар білімін меңгермесе дүние сарсаң.

Салынсаң сарсаңдыққа не таппақсың,

Таусылар сырт айналып дүние жалған.

Әйелдің байлығы желге ұшар жинағанмен,

Тәнің тозар қанша сұлу еш жанға қимағанмен.

Басыңды кім сыйласа пірің-машайығың,

Аз ғұмырды бөлісу ғанибет сыйлағанмен.

Арлы әйел, ер несібесі болады бой азғы,

Жер анамен жалғанар киізден қазығы.

Арсыз, ұятсыз, жаулықсыз қу сабандай,

Еккен егінің өнбейтін жердей сазды.

Дүние қызығы жеткізбес қуғанменен,

Дақ түссе арға, кете қоймас жуғанменен.

Ақ ниетің арыңнан, зейнетің көйлегің ғой,

Дақ түссе арға тазарар баланы туғаныңмен.

Жалғыздың өмірі перделеп күйме мінген,

Елес қуып, арманмен, қызыққа күйлеп жүрген.

Жете алмайсың бәрібір, тоқта да сен қарашы,

Жұбыңды тап, ағытатын көйлектің түймелерін.

Жұбайлардың қызық өмірі бар түнде өтеді,

Күндіз шаршаған көңілден кір кетеді.

Әйел нәпсісі – қызыл түлкі, еркек –бүркіт

Бірін-бірі ойнап қуып, қызықтап індетеді.

Алқызыл қашып жүрген көп қой түлкі,

Ер азаматқа қайда қалмас жиған мүлкі.

Есті ерлер бір-бір тоқал алсаңдаршы,

Туылмай ұлтыңда тектер несіне бос кетеді.

Несіне бос өтпексің дәстүр қумай,

Көбейіп өсе ме жан, жанды тумай,

Талай жесір, кәрі қыздар өтіп барад,

Қанатынан қайырылған бейне аққудай.

Бір жақсылық құдайым берер деген,

Жесірлер көп сөз айта алмай ер іздеген.

Мемлекет шаруасы байығаннан бар ма пайда,

Әйелдер азса, ұлтың қалар елдігінен.

Ұлтты сақтау жолы қиын бұраңдаған,

Заман салты өзгермей де тұра алмаған.

Бірде шөл, бірде көл болып талай заман,

Сынына тағдыр өтіп дәстүрің еді қалған.

Білімді европадан және арсыз салтын,

Ұқсамақ және алып түрлі  ғаламатын.

Болжаған көрер  елдің тозып, ұлт азғанын,

Саны өсіп, тектік нәсіл сапасы жоғалғанын.

Кең байтақ жерің бар қарашы ер азамат,

Бабалардан  мирасы еді бізге аманат.

Қазақ ұлты жоғалмассың болып сағым,

Дәстүр ұстау міндет деген заңды шығарт.

Бақыт та, байлық та мәңгі тұрмас,

Дәулет қуып, құр босқа болмайық мас.

Екеу болса малым, төртеу болсыншы деп,

Текті ерге төрт қатын болсын жолдас.

Жесірлер ерге шық бетіңнің қызылы барда,

Емеурінді білдірсеңдер көңілің ауғандарға.

Дүние өтер,  бір күн олай, бір күн бұлай,

Жас  тәнді қимай, жаныңды жоғалтып алма.

Дүниенің алды барлық, арты тарлық,

Көңілді өсірмес, дүниемен іші тарлық.

Дүние жүр қызығымен жіпсіз байлап,

Арсыздық, ұятсыздықпен қылып жарлық.

Ойласаң өмірдің алды ыстық, арты суық,

Қаңғырасың ортасында дүние қуып.

Баяғы ата-анаң сапарлап кеткен жерге,

Айдан сұлу, ару болсаң да барарың анық.

Ары бар пенде көнер іске, Құдай салған,

Орындар шариғат пен дәстүрін парыз қылған.

Асығып арманыңа талаппен қолды созбай,

Бақытсыз сол, жан өнбей қапы қалған.

Бұл жалғаннан бай да өткен, сұлу да өткен,

Талай жан жалған намыспен жалғыз кеткен.

Артынан іздеу жоқ, тамырсыз, шежіресіз,

Талай нәсіл мәңгілікке жоқ боп кеткен.

Көрінер жастық шақта шекер дүние,

Арман қуып ойламай артын бекер дүние.

Отау құр үй ішінен үй тіксеңде,

Тұқым қалса бұл дүниеден өттім бекер деме.

Бүгінгі бағың, жемісінен ағашы ата-бабаң,

Дәстүр қылып біздерге із қалдырған.

Көкте жинаған қазынадан бізге сый болған,

Үлесіңді қос, көбейтуге болмай надан!

(желтоқсан 2013 жыл)

****   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *