Арлы мен арсыз айырмасы

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 51

 Дүние желден жүйрік, судан терең,

Жан жұсап тәнді, ар іздеген.

Әр пендеде әр түрлі күнкөріс бар

Бір әке, бір шешеден туғанменен.

Ақ ниет, таза көңіл, арды білген,

Ар болады ақ сауыт, мінезбенен.

Ақ көйлегің сияқты ақ ниетің,

Жанға дене ар болып зейнеттелген.

Ар өлшемі ұлтыңда дәстүрменен,

Ар меңгерген бабаңды әулие деген.

Еті таза пенденің, қаны таза болып

Көркем сөзбен арды өсірер сүйгенімен.

Арлы ер, сұңқар мінез көктен көрген,

Болжаған болашақты дін меңгерген.

Арлы әйел аққу жанды таза болып,

Жұбайлық өмір сырын жібін өрген.

Аңдысып арсыз ит пен мысық болған,

Арсыз көп бір күн тату, бір күн дұшпан.

Аманатқа қиянатта арсыздықтың  өзі болар

Бай болып, бақытты деп дүние жинап.

Салынып арсыздыққа-дүние сарсаң,

Меккеге  жылда барып қажы болсаң.

Ар бекітпей Мекке барып не алмақсың,

Бастағы бес мүшеңді қорғап тазартпастан.

Жаулықсыз әйел арсыздық және ауру,

Жаны жетіліп, бойымен болмас тату.

Көңілі қашып тұрар түлкі не жәндік болып,

Болады баласы да дертті, ауру немесе залым қу.

Орамал тон болмайды, жол болады,

Ақ жаулықтан қуат жаннатқа жол ашады.

Арлы әйелде қанағат, сабыр болып,

Аманаты ата-дәстүр ұрпағында ақталады.

Бөріктінің намысын бөрікті киген қорғар,

Қадірін білсе бөріктің, ары өсіп, толар.

Ар мен қанағат сабырды іздеп тауып,

Құлшылығын меңгерген ер әулие болар.

Тән сұқталып жалаңаштан, ар жоғалар,

Ар болмаса жан үйісіз азып, тозар.

Мал қамын ойлаумен, қораланбай,

Түрлі қайғы-уайым келіп жаның азар.

Жан тазармай қайғыдан жетілмейді,

Өспесе жан, арың толып бекімейді.

Түрлі қылық жын-шайтан жүгін алып,

Шеріктер жанды меңгеріп өсірмейді.

Арсыз пенде қызғаншақ, күншіл болар,

Атақ даңққа, дүние, байлық болып құмар.

Өзінен артық пенде болса көре алмайды,

Дүние ісімен арандатып өзгеге де  торын құрар.

Арсыз пенде болымсызға бұлданады,

Өзінде жоқ, өзгенің  бағын  қызғанады.

Ынтымақпен арсыздармен жолдас болсаң,

Алыс-беріс, ішкен, тышқанын сөз қылады.

Арсыздардың қанбайды шіркін ұйқы,

Үлкен болса, жастарша еске алар сан қиырды.

От басында отырған ақылсыз жас балаша,

Жалаңбас, ұяты аз, үлкендіктен болмас сиқы.

Арсыз байда рақым, ұлық та, әділдік жоқ,

Арсыздықтың ел билікте сансыз түрлері көп.

Отырған бала бағып қатынды да алдап,

Арсыздар билік құрар заңымен екі рет жеп.

Күш-қуатты арсыз қатын қайдан алмақ,

Шарт қояр дүние, байлық болса, бала тумақ.

Шариғат пен дәстүрден айтасаң сабақ,

Жамандадың, қарғадың деп кінә тақпақ.

Ар жоғалар арамданса ар сауытың,

Тұқым жоғалады, азып қаның кетер парқың,

Қандай текті, жақсыдан туылғанмен,

Хайуанға айналасың тұрғыны боп тозақтың.

(желтоқсан 2013 жыл)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *