Жынды мен шайтанды.

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 47

Мінез қылық адамзат еркі екен,

Жұбы бар бұл сырдың бейнеленген.

Шеріктер деп аталып дін білімде,

Жер мен көк арасын мекен еткен.

Адамзат бұл қуаттармен жалғанады,

Жаратылыс себебшісі  тағдыр заңы.

Жын-шайтан деген атпен белгілі боп,

Ер мен әйел бұл қуатпен сыналады.

Жын деген түп негізі ағаш деген,

Жақсы мен жамандыққа шектеу берген.

От пен су арасын жалғап тұрар,

Қозғалыс себепшісі қол істерден.

Жанатта шайтан жылан іштен шыққан,

Атаң мен анаңды сыбырмен еді азғырған.

Өзінің тегі болған қарғалған жын ағаштан,

Адам мен Хау анаға дәм татқызған.

Жынысы бейнеленіп ата-ананың,

Ашылған әуреттері болыпты сыры мәлім.

Кет деген қарғыс алып жын мен жылан,

Адам ата Хау анамен бірге жерге қуылғанын.

Адамзат бейнелер бар қуат күнәменен,

Жынысы иттен, ал сезім жыланменен.

Әйел жан, су негізі жылан болса,

Еркектер от негізі ағашы жыныменен.

Екі ағаш бірі жылан, бірі жыннан,

Жынмен бірге және бір ағаш болған.

Арша боп өмір ағашы жаннаттан ол,

Жер бетінде жын ағашы шырша аталған.

Алақанда үш ағаш сызығы тағдыр жазу,

Сына бейне итарқа, ит аяқ болған тарту.

Адамзаттың мінезі бұл сына ағаштан,

Киесі иттің бөрі боп, қорғайтын досың тату.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *