XXXVI-Ойға түрткі, ақылға дем Құдайшыл болу мен адамдық ұждан, ар текті меңгеру

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 48

«Алланы алғаш тану оның болмысына қатысты ажырамас ұғым. Оның қалауынсыз ағаштың бірде-бір жапырағы жерге ұшып түспейді.» (Әл-Фараби). Алла ұғымы барлық әлемдік жаратылыстың мейлі жанды, жансыз нәрселердің біртұтастық тәңірлік сипаты, яғни барлық қуаттың негізі деп түсіну керек. Енді әлемнің ішкі көзге көрінетін, көрінбейтін барлық қозғалыстағы жанды нәрселердің рухани, метафизикалық тұрғыда барлық жаратылысты баураушы, бейне беруші кеңістіктегі орны болып, оның бізге ғылымы, кереметі арқылы танылуға мәлім болатын әлемнің ішіндегі болмысын Раббы-Құдай деп атап; «Құдайсыз, яғни Раббымызсыз қурай да сынбайды» деп түсіну керек. Негізінде адамзаттың тіршілігіне, өсіп-өнуіне, жер бетінің барлық әрекеттерінің басқарушы, халифалық дәрежесін меңгеруіне байланысты Алланы Раббымыз, Құдайлық сипаты, яғни Алланың өзі арқылы рухани тұрғыда танып, байланыста болумен растығы, барлығы, хақиқаты әшкере жарияланбақ.

Әлемдегі барлық тіршілік, қозғалыс иесін сөзден жаратты десек, ал сөздің баста құдайдың нұры, буы, сандық сипатта болумен енді жаратылыстың барлық тіршілік иесінің жандық қуаттық, періштелік негізін Алла тағала деп атаған жөн. Раббымыз оттың негізі сары нұры болса, ал Алла тағала сипаты судың, ақтың негізін бейнелейді. Раббылық, құдайлық және Алла тағалалық сипаттар Алланың өзі болып, ал Алланың өзі тәңір деп ұғыну керек. Себебі Раббылық, құдайлық сипатында да, Алла тағалалық сипатында да тәңірлік сипаты бір болады және ешқандай қарсылығы жоқ. Сондықтан да; Алладан басқа тәңір жоқ дейміз. Ал енді адамзаттың сипатында Алланың өзіндік сипаты «Мен» болып, және менге қарсылықтан текті өсіріп көбейтуді құлшылық деп атайды. Құлшылықтың өзі жария және құпия болып, екі түрлі қуаттық жүйенің арасынан ақыл-ойдың бақшасын өсірумен ғана құдайшылық сипатта болмақ.

«Адамның болмысы құпия және жария болып екі бөлінеді. Жариясына келсек, күнделікті көріп жүрген тәні, дене мүшелері. Құпиясы; адамның рухани күші. Адамның рухани күші екіге бөлініп бірі қаракетке, екіншісі танымнан әсте босамайды. Қаракеттің өсімдіктерге, мақұлықтарға, адамға тән үш түрі, ал танымның; мақұлықтық және адамдық екі түрі бар. Осынау бес қасиет түгелімен адам бойында бар және олардың көбі өсімдіктер мен мақұлықтарға да ортақ!» (Әл-Фараби). Қазіргі таңда жаратылыстың жариялық сипатын білім арқылы меңгеріп, адамзаттың жарамсыз болған, дерттенген тән ағзаларын да ауыстырып, түрлі құралдар, мәшинелерді құрастырып, өзімізді жер бетінің барлық ісін меңгеруші, басқарушы жер тәңірісіндей сезінгенмен құпия бомысымыздың, рухани күштерімізді меңгерудің қыр-сырын жете меңгере алмағанымыз да хақ.

Дана бабамыздың өсиетіндегі рухани бес негізгі қуатты танымдылық тұрғысында меңгерудің сырын исламда бес парыз құлшылығы деп атап, бірақ екі түрлі адамшылық қасиеттің (тәңір атқан екі сөздің), иман мен сенімнің бірлігін, яғни жақсы мінез бен ақыл күшін қалыптастыратын; «Төртеу түгел болса (төрт ақыл қасиеті) төбеден келеді, алтау (ақыл күші) араз болса ауыздағы кетеді» деген қазақ даналығының, сара жолының, құдайшылық негізін меңгеруді ел билеуші, дінші, ғалымдарымыз да мойындауға құлықсыз екені сөзсіз. Сондықтанда ұлттық тұрғыдағы мінезіміздің әдет-ғұрып, салт-дәстүрмен бекіген қазақтық тектік ерекшелігімізді сақтауды мүлде жоғалтып алып; дінші болса арапқа ұқсамақтық, ал білімді болса; әлемнің бар салтымен қылық-мінезіне ұқсау керек деген саясатты ұстанып алдық.

Осыдан барып құдайшылық сипатымыз, ата-аналарымыздың аманаттары мен тағдырлық істеріне, жүктеріне жауапкершілік, аруақтарына деген сүйіспеншілігіміз әлсіреп кейбіреулерімізде мүлде жоғалғаны да сөзсіз. Сүйіспеншілік пен сенімнің бірінсіз бірі өмір сүре алмайтынын білсек, онда өз ұлтының даналығына, діліне, тарихына, дініне деген сүйспеншіліктің азаюынан жаны да жетілмей, ұжданы қалыптаспай, көркем, жақсы мінезді-құдайшыл адам болуы да мүмкін емес. «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.» (Әл-Фараби). Олай болса құдайшыл болмай ақыл күшін де жетілдіріп; жетелі, саналы аталуымыз да неғабайыл болмақ.

Қаракеттік және танымдық ақыл тұрғысындағы бес қуаттық рухани күшіміз негізінде жындық сипатымызбен яғни қайраттылық пен білімділік, ақылымызбен байланысты болса, ал жанымыздың қуаты имандылық пен сенімділіктен; әділеттілік, мейірімділік, махаббаттың қасиеті, құдайшылдық туындайды. Абай атамыз;«Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та, бар қалан! Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат (рахым, мейірім) кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу соңғысыз Біте қалса қазаққа, Алдың-жалын, артың-мұз, Барар едің қай жаққа?»

Қазіргі таңда қайратты, ақылды, әлемнің бар білімін, дүние ісінің тәжірибесін меңгерген және дін тәпсірлерін жетік біліп, құлшылықта бес парызын орындаушы болып, өздерін кісі санайтындар жеткілікті. Бірақ ана тіліне, ұлтымыздың даналығына сөз өнеріне деген сүйіспеншілігі аз, сондықтанда атау сөз ұғымдарының ойын бұзып және аралас сөйлеумен, алдында өсірген бақшасын ойы бұзық сөздермен өртеген, ібілістің ықпалына түскендіктен жүрек көзі жабық, ойлау қуаты білімділік тұрғысында ғана шектелген екені де хақ. Ал мұндай пенделердің дінші, ел басқарушы, ғалым, философ, психолог, теолог, тарихшы, ақын, жазушы аталғанмен денсаулықтары жетілмей қалған. Олай болса; «…Бастапқы екеу соңғысыз Біте қалса қазаққа, Алдың-жалын, артың-мұз, Барар едің қай жаққа?» деген сипаттағы ел билеуші, зиялы қауымның ұстанған саясатымен құдайсыздықпен әділетсіз заңдар мен ар-ұяттылығы, нанымы жоғалып, мейірімсізденіп, наданданудан халқымыздың бүгінгі қияметтік сын сағатта сыналып жатқаны да хақ.

Денсаулықтың негізі; қаракеттік және танымдық ақыл тұрғысында екі естің бірлігінен пайда болып, ал бір естің ата-бабаларымыздың меңгерген шындыққа айналған аруақтық жадымен жалғануға, құдайшылдық дәстүрімізбен 7 (жандық) және 9 (кісілік) санды киеліктерді меңгерумен байланысты екенін білімді қауым мен ел билеушілеріміз мойындауға шарасыз. Сондықтанда; «Ауру адам қиратуға бейім тұрады. Дені сау адам ғана жасампаздыққа, біртұтастыққа бейім жақын болады.» деген даналар.

Біздің денсаулығымыз тектілікпен, ата-бабамыздың шежіресімен байланысты, анамыздың қаны, атамыздың шауқатымен, жердің қасиетінен, ақиреттік өмірдің нәсілдік қуатынан пайда болады. Олай болса кез келген адамзаттың өмірі өлімнен ғана бастау алады. Ақиреттік өмірдің жеті сыр сандығы болып, оған кілті 1001 сандық белгімен; «Мың бір түн оқиғасымен», аяндардың жүйесін меңгерумен ғана құлпын ашуға мүмкіндік болады. Қазақ даналығы; «Мың өліп мың тірілумен», қарсылықтың мың себебімен күресумен ғана күнәлі рұқының ақталуымен, рухани оянуымен нәпсісін меңгеріп, жақсы мінез-құлықты тауып, Алла тағаланың ғылымынан, таза ойдан қуат алумен, ақылдың күшін жетілдірумен ғана өлім мен өмірдің мәнін ұғынуға талпыныс шығармашылықты, ойшылдықты, еркін ақылды туындатады.

Ал мұндай шығармашылық, ойлампаздықпен ақиреттік өмірдің сырын түсінумен түстерін жорып, намазын (амалын, қарекетін) орындаумен айналыспайтын адам баласы бірте-бірте өледі, яғни өмірдің мәнін жоғалтып алады. Ол материалдық, тәндік өмірін сақтау үшін ғана күреседі. Қарекеттік, танымдық ақылдың күші тұрғысында тек жануарлық, мақұлықтық сипатта ғана жетіледі. Сондықтан оның өмірінде тереңдік болмайды. Ал, ондай пенденің өмірі өмір емес, тек кіріспе қажеттілікті, дүниелік қызықты өтеу ғана болмақ. Оның өмір кітабы, тағдыры ашылмаған, ата-бабалық жадына, мәңгілік өмір естілігіне жалғанбаған. Оның туғаны рас, бірақ ол тірі емес, құдайсыз, адамдық тұрғыда қарекеттік, танымдық ақыл күші жетілмеген. Ал құдайшыл болу үшін, адам болып саналу үшін рухани тұрғыда өле білу керек.

Себебі иман қуатын өлілер қауымы арқылы ғана меңгере аламыз. Сондықтан рухани бес қуатты меңгерумен ғана шұғылданып бес парыз дін ұстанып, намаз оқумен, масһаб тәпсірімен ғана өмір сүріп, (60-13) аяттың үкіміне қарсы қабірлердегіні тастап қойып, наданданбау үшін де қазақтық дәстүрін, тура жолының үлгісін, ата-бабаларымыздан қалған насихаттарына да ақыл тоқтатуға, қайрат пен ақылымызды үйретушіден, үйренушіге жеге білуіміз де керекті. Бұл 9-ға мойынсұну, тәубеміз және «Тоғыз кісіні төбеден алуымызбен» байланысты иман қуаты да болмақ. Имансыз сенім қанша біліммен қуаттанғанмен де тура жолын таба алмайды. Керісінше кез келген жақсының немесе жындылық топтың ықпалында кетеді. Ал иман қуаты Алла тағала ғылымынан, ата-бабаларымыздың естілігі аруақтық шындықтан ғана пайда болады. Ғылымға жалғану үшін ойшылдықты, сөз даналығын меңгеру де шартты болмақ.

«Пайданы көрсең бас ұрып, Мақтанды іздеп қайғы алма. Мініңді ұрлап жасырып, Майданға түспей бәйгі алма. Өзіңде бармен көзге ұрып, Артылам деме өзгеден. Күндестікті қоздырып Азапқа салма езбеден..»деген өсиетпен Абай атамыз жақсы мінез-құлықпен ғана ақылдың күшін меңгеруге сөз майданына түсуді ескертіпті. Енді жоғарғы тараудағы құдайшылдықтың негіздерін жеті санымен байланысты қазақ дәстүрінің, дін салтының ерекшелігін жалғастырайық. Барлық нәрсенің жұбы пары болып жеті санына байланысты қазақтың құдайшылдық дәстүрінің ғибратты, үлгілері де жеткілікті. Адам өмірін жақсартатын жетеу; 1.Әкімдердің шарапаты; 2.Ғұламалардың шариғаты; 3.Байлардың салауаты; 4.Кедейдің қанағаты; 5.Үлкендердің ұлағаты; 6.Жастардың инабаты; 7.Азаматтардың ар-ұяты. Өмірде жеті нәрсеге асығу керек деген; 1. Қонаққа дастарқан жаюға асық; 2. Қателігіңе кешірім сұрауға асық; 3. Қарызыңды өтеуге асық; 4. Бойжеткен қызды ұзатуға асық; 5. Қаза болған жанды көмуге асық; 6. Егінді себуге асық, 7. Өнімін жинауға асық; Өмірде жеті сүйеніш болады дейді:1. Әйелі еріне сүйенеді; 2. Бала ата-анасына сүйенеді; 3. Шәкірт ұстазына сүйенеді; 4. Патша әскеріне, әскері әкіміне сүйенеді; 5. Халық патшасына сүйенеді; 6. Қайырымдылық ақылға сүйенеді; 7. Сопы дініне сүйенеді.

Аталарымыз құдайшыл болуға, 7 ұлағатты сөз қалдырған; 1. Әлсізге медеу бол; 2. Күштіге айбар бол; 3. Зарыққанға жебеу бол; 4. Тарыққанға демеу бол; 5. Асқанға тосқауыл бол; 6. Сасқанға сал бол; 7. Ұрпаққа ұстаз бол. Құдайшыл адамды жеті жағдайда таныр деген; 1. Батыр адам майданда танылады; 2. Туған-туыс жәбірленген кезде танылады, сөзінде тұрып, қарызын мезгілінде өтеумен танылады; 3. Ақылды адам тапқырлығымен танылады; 4. Дархан адам мырзалығымен танылады; 5. Бөгде біреумен сөйлескенде биязылығымен танылады; 6. Кедей болсақұлқын ойламай, қылмысқа бармай танылады; 7. Жамандық пен жақсылық арасының арашасы жеті болмыс. Тозақтың да жеті сипаты, екі қақпасы бар.

Құдайсыздыққа шақыратын жеті түрлі адамнан қашық бол дейді; 1. Орынсыз ақыл берушіден; 2. Ешбір іске турасы жоқтан; 3. Өзін үнемі жоғары санайтын еркектен (ел басшысынан); 4. Өз пікірін ғана құптайтын өтірікшіден; 5. Өзінен гөрі ақшаны артық бағалайтын сараңнан; 6. Өз мінін мойындамайтын оспадардан. 7.«Жетіні меңгерсең сегізге жетерсің, Жетесіз болсаң сергелдең басталар» деп жетелік ақылмен байланысты ғана сегіз жындық қуатты, қырды меңгеруге болатынын да ескертіпті. Пайғамбарымыздың миғраждан алған (286 =16) аятының құдайшылдық құлшылық сыры болып; 16-сүре; «Нахыл-Уағыз» және 61 сүре; «Саф-Жүрек ашу, ақиқат» сырын меңгерудің намаздарын орындау насихаты пайда болады.

Олай болса бұл құдайшылдық намаздардың, қуаттық жүйенің; құдайдың шыны, махаббаттың, иманның, сенімінің қасиеттілік бейнесі болып, жеті сабақты имандылық қуаттың құлшылық сырын қазақ дәстүрімен және жетелік, саналық, ойшылдық жағдайымен бейнелесек; 1. Ізгілікті ой ойлау. 2.Жетімдерге қамқорлықпен қарау. 3. Үлкенге құрмет, кішіге ізет әдебін сақтау. 4. Сергелдеңге түспеу. 5. Көзін арамнан тия білу. 6. Қос тілді араластырып ділді арамдамау, пайдасыз сөздерден аулақ болу. 7. Жердің қасиетін терең түсіне білу. Жеті әулиелік жандық қуаттық, тектілік сабақтық жүйені толық меңгеру үшін осы жеті қасиеттілікті меңгеру, әрбір өзін қазақ тегіненмін деген пендесіне міндетті парыз болмақ. 4-ші тұрғыдағы «Сергелдеңге түспеу» үшін күнәмізден ақталуға, арттағы, алдағы жағдайлардан хабар алуымызға, ата-аналарымыздың тарихи есімен жалғануға яғни жоғарыдағы (6-35) аятының үкімін орындау керек болады. Олай болса, ата жолының ата-бабаларымыздың зияраттарын аралап, құрбан шалып, естілік жадымызға жалғанатын құдайшыл болудың да маңызы зор.

Енді «Жердің қасиетін терең түсіне білу» дегеніміздің өзі осы 4-ші белгіні меңгерумен байланысты болып, қазіргі таңда ел билеушілірміздің жерді жекеге сату деген зұлымдығы құдайсыз надандықтан, қарапайым тұрғыда жетесіздіктен туындап отырғаны хақ. Қазақ жері әлемнің ешқандай жеріне ұқсамайтын жандық нәсілдің рухани егінін өсіріп, рухани ақталудың, Алланың рахметіне жалғанудың, құдай патшалығының орнайтын жері болып табылады. Орыс мақалында; «Земля слухами полн» деген. Қазақ жері нәсілдердің (сыбыс, сыбдыр сөз үні) дәнін өсіруге жер мен аспан арасында көркем сөз ағашын өсіріп әлемнің денсаулығын түзейтін, жанға қуат алатын, ғылымға жалғанатын құдай патшалығының жеріне айналуға тиісті.

Мұндай жағдайда табиғатты сақтауға, түрлі хайуандардың, жәндіктердің өсіп-өнуіне жерді баптап, сақтап күтетін елдігімізді қайта табуымыз керек. Жерден нұр шығатын ойпаттардың санын арттыруға, жаппай халықты зияраттатып құран оқылуымен, құрбандық қанымен жеріміз бен көк арасын тазартуымыз да керек. Сонда ғана әлемнің барлық елдері қазақ жеріне, әулие-әмбилеріне тағзым етіп, құдайға сыйынып ақталауға саяхаттайтын болады. Сондықтан да ібіліс ұрпақтарының мұндай жерді тек қана егін өсіріп, мал жаюға арналаған деп ақиреттің тіршілігіне қастандық қылуға, «босқа жерді тыныш жатқызуға болмайды» деп рухани егінді өсіруге қарсылықпен жанталасып жатқанда, оған «Басқа бәле тілден» деген шайтанның жамағатына айналғандардың өздерінің иманын, сенімін, адамдық қасиеттерін мүлде жоюға арпалыстың болып жатқаны да дәлел.

Жеті жүйеден, жетелік ақылдан белгісі бар қазақ ұлтының ел биліктің бұл шешіміне жүрегінде қарсылықтың пайда болып, қандай дүниелік пайдамен қызықтырғанмен алдана қоймайды. Ал жетелігінен белгісі жоқ, жеті аруағы, аманаты түгел емес пенделердің мұндай дүниелік пайда келтіретін іске қолдау беріп, халықты да үгіттеп жатқандар түбінде мойнынан аманаты алынып, тұқымы тұздай еритіндер санатынан болады. Мұндай түбінде өздеріне бітпес дауға, арты құдайдың лағнетімен егіннің шықпай қалуы, күйіп кетуімен, малдардың қырылып, қазынаның таусылып, мұндай қияметтің азабынан халықтың рухани оянуы да артып, жаппай наразылықпен бұл билікке де үлкен қауіпті өздері сатып алғанын әрине аңғаруға шарасыз.

Қазақтың мейлі қандай заманда, қандай жағдайда өмір сүрсін жоғарғы жеті әулиелік қуаттық, жетілік жүйемен жер ана рұқымен жалғанған, жер ана жылуын бойына сіңіре алған, жеті жанында белгісі, жетелігі болса, онда «құдайдан үміті» бар, отаншыл деп атаған. Негізінде бұл жеті жүйені толық мегеру үшін; 41 шілтенге жалғанумен, 41 әулиелік белгіні алумен де байланысты болады. Ал енді әулиелікті меңгерумен таза ақылған жалғанудың тақуалық тұрғысында намаз орындау ерекшелігі де масһабтық тәпсірден әлдеқайда тиімді және жан ғылымымен де негізделген. Қазақтың құдайшылдық сара жолы, ата жолының тақуалық, әулиелік шарттары 10 көктік әлемдік дәрежелеуші қуаттарға, 10 саулыққа, 10 кітаптық сүреге, 10 үңгірден өтіп 10 еселеумен, 10 күнге, Алланың рахметі болған 10 сипатына және аспан денелеріне жалғанумен, сегізкөзді тазартумен, сегіз дін бірлігін қалыптастырумен, сегіз жындық қуаттың бірлігін қалыптастырумен, 88-саруарлық белгіні меңгерумен нәтижеленеді.

Қара Бура Халық Əулиенің айтқанынан; 1. Бір дегенім — Əділ Алланың таңбасы; 2. Екі дегенім — Дуа Ғапіл жан; 3. Үш дегенім — Тірі, Мəңгілік, Мəдді, Жəдді; 4. Төрт дегенім — Құбыла, Құп Ұлы Ана, Төрткүл əлем; 5. Бес дегенім — Жалған, Жарық ізден ілімнен; 6. Алты дегенім — Аталы алтын талшы; 7. Жеті дегенім — Киелі сан, Үкім Алладан; 8. Сегіз дегенім — Аламанның алдысың; 9. Тоғыз дегенім — Дербент құнның басы; 10. Он дегенім — Түйіннің алтын түймесі. Бұл жерде; Ғапіл жан — бұл екі жүзді пенде, сенуге болмайды. Мəңгілік, Мəдді, Жəдді, Үріс, Үкім, Таразы — қазіргі тілмен айтқанда ой елегінен өткен, талқыға салынған Сот, Елбасының т.б.бұйрығы жазылған Жарғыны, Заңды – Таразы деп атаған. Жалған – бұл бес күн жалғанда ілім ізденіп оқысаң, о дүниенің жарығы деп түсіну керек. 1. Бір — əділ, 2. Екі — дуа, 3. Үш — тірі, 4. Төрт — Текті үй (төркі). 5. Бесік — Бөке құт. 6. Алтау — Бөпе, сəби.7. Жеті — киелі. 8. Сегіз — Семур. 9. Тоғыз — құн дербент — күнəңді ойлан. 10. Он — Түп — осыдан əрісін жасай алмайсың. (Ақпантай Байғұтов. Асан Тұрабаев)

Қазіргі таңдағы «Иман келтірдім» деген діншілердің масһабтық бес парызды орындаумен байланысты айтатын куәліктері сеніммен ғана байланысты болып, ал сенімділіктің жоғарғы тақуалық дәрежесін меңгеру үшін құдайшыл болып, құдайлық шынға, иман қуатына, он саулық байлығына жалғанумен ғана нәтижелі болады. Енді Раббымыздан сұрап, иманды тақуа құдайшыл пендесінің қандай белгісі болуы керек, деген сауалға; 1. Сегізкөз қара қуаттан ада болуы керек. 2. Омыртқа бойында аруақтан белгі болуы керек. 3.Інжілді мойындап түсініп, меңгере білу керек. 4. Ғиса пайғамбар назарына ілігу керек. (аянмен жүздесу) 5. Кезбеліктің (жер бетін аралап ойпат іздеу, зияраттау) қыр-сырын меңгере білу. 6.Томаға-тұйықтықты меңгере білу.7.Сексеуілдің қызуындай қуаты болу. 8. Даралықты жетік меңгеру. 9.Құс іліміне жалғану. 10. Мұхаммед пайғамбар шапағатына жалғану керек.

Енді мұндай иман келтірген құдайшыл адам баласының пайдасыз сөзді сөйлеуі, жоғарғы жеті жүйені бұзып, қарсылыққа түсуі де мүмкін емес. Мұндай қасиеттілікті Абай атамыз 13-ші сөзімен, сөздің 13 қуаттылығын, парасаттылықты меңгерумен байланысты насихаттап кетіпті. Қазіргі таңдағы ислам әлеміндегі бүліктердің де, жалпы жер бетіндегі дағдарыстың бәрінің себебі де адамзаттың құдайсыздығына, әлемдік қуат түгіл бір-біріне де қуат қоса алмайтын рухани дағдарысқа түсуден пайда болап жатқан қияметтік жағдай деп түсіну керек. Бұл дағдарыстан аз шығынмен шығуға, әлемде үлгі болып рухани көш бастаушыға айналауға тиісті қазақ елінің құдайсыздығына себеп болып жатқан надандықтан шығатын жолын да Раббымыздан сұрап баяндап көрейік…(жалғасы бар Мамыр айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *