XXXII-Ойға түрткі, ақылға дем      Жындылық пен ынсаптылық және  адамдық  ұждан, ар текті  меңгеру

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 65

«Жарға ғашық болғаныма Таңданатын түкте жоқ. Жер жаралмай тұрғанында Менде асықтың нұры бар. Жан денеме кіргенінде, Бірге кірген осы дерт, Жан беретін дәрігерің де Ем таба алмай қор болар. Менде де бар да, тіпті сізде Жоқ емес бұл қасиет. Оны өшіріп, бәріңіз де Дедіңіздер: «жауды жар». Әлемнің бастауы болып, жерді жаратпай тұрып жаратушы иеміз мәңгілік өмірді яғни өзінің жарлық-құдайлық сипатын жаратқанды.  Жанмен бірге кіретін барлық жаратылыстың жанының ерекшелігі  мен қасиеттілігінің сапасы; «Мен» — Жар мәңгілік өмірлік нұры болып саналды. Рұқ пен жанды бір деп атап ислам діншілерінің  адасуы да, Мен сипатының қасиетін, зайырын, ішкі сырларын түсінбеуден пайда болған.

     Інжілден; «Әуел баста Сөз болған, Сөз Құдайда болатын. Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес». Сонымен қандайда бір қозғалыстың, уақыттың, заманның, тағдырдың, әрбір жаратылыстың жүйесінің иесі – сөз киесі, құдайлық сипаты болуы хақ. «Жер жаралмай тұрғанында Менде асықтың нұры бар», деген сипатты; «Сөз сатып алып не керек, екі сөзбен тәңірі атқан!» деген Абай атамыз. Бұл екі сөзді; Жүрек – иман: Тіл-кәлима яғни дін тағдырымыз, шындығымыз болып саналды. Сонымен Мен-жан болып, жаратушы тарапынан нәрестенің 40-күндік мезгілінде Мені үрленіп, яғни жан, иман, сенім қуаты, маңдайға үш белгісі дін тағдыры жазылады. Осы үш қасиеттің негізінде адамзатқа тән діні – үш сүюдің құлшылығын да Абай атамыз насихаттап өткен.

Пайғамбарымыз іште жатқан нәрестенің 40 күннен үш кезеңде 120 күнде; «Алла бір періште жіберіп оған 4 сөзді жазу әмір етіледі және оған «Оның амалын, ризығын, өмірін және бақытты бақытсыз болатынын жаз!» деп айтылады. Содан кейін жан (дүние есігін ашып мені) үрленеді…»(1294-өсиет) деп жер бетіндегі өмірінің, тіршілігінің тағдырымен Мен-жанының екі түрлі жағдайда жазылуын білдіреді. Енді осындай бейнеленген қасиетті жеті сөздің әрекетімен адамзаттың барлық тіршілігі, өмірі басқарылып, 7 түрлі аруақтық белгімен тылсыммен жалғанып және 7 белгімен оң, сол қол аруағы да қалыптасады. Жеті жолмен, жеті қат көкпен, жеті қабат жер қыртысымен, жеті жермен, жеті желмен, жеті райлық табиғат әлемімен, жеті киелікпен, жеті қарақшы жұлдызбен бір тұтас жүйеге айналуды, басқарылуды «Маған құлшылық қылу» немесе «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген қазақ даналары.

Әрбір пайғамбар жер бетіне адамзаттың заман өркениетіне қозғалысына сай түнек күштерінің ықпалынан азат қылуға сенімін, иманын қуаттандыруға, құдайдың нұрын –шындықты әкелуші болып саналады. Жер бетіне түскен барлық діндердің, оқылған кітаптардың рұқтық, имандық қасиеті тұрғысында; Ғиса пайғамбармен, ал сенім қуаты қасиеті тұғысында; Мұхаммед пайғамбарымызбен және Алла тағалалық жан-жарға жүйеленіп, Мен болып аталды. Адамзаттың діні болып 7 қасиеттілік арқылы 8 белгі жын қуатына бірленумен (7+8=15) белгімен; «Бір ханның кеудесіне жара шыққан… Маңдайында қаз-қатар үш меңі бар Он бестегі баланың өті керек…» деген Шәкәрім атамыздың астарлы насихатындағы адамзаттың бой ұсынуы, құдайшыл болуы үшін көңіл қуатын, ұждандылығын жетілдірумен; 1.Ұяттылық; 2. Арлылық; 3. Маңдай тағдырлық қасиеттерін қалыптастыра білулері шарт.

Әрбір пенденің дүние тіршілігінде қате сөйлемеуі, дүние қызығына алданбауы мүмкін емес. Олай болса кеудесіне шайтан ұясын салмайтын, кеудесіне жара шықпайтын да пенде болмайды.  Сол үшін де ақылдың толуымен, інжілдік рұқтық тұрғыда ақталудың маңызы зор болмақ. Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарымыз; « «Мен саған Құдайға құлшылық етуіңді өсиет қыламын, өйткені Құдайға жалбарыну – жақсылық атаулының басы. Құранды үнемі оқып отыруға кеңес беремін, бұл сен үшін аспандағы естелік пен жердегі жарық сәулемен тең болмақ. Пайдасыз сөздерді көп қолданба, бұл сенен шайтанды аулақтайды, дін жолындағы істеріңе жеңілдік туғызады. Көп күлуден сақтан, ол адамның жан сарайын бүлдіріп, жүзіне көлеңке түсіреді. Дініңе ең қажетті нәрсені ізде, өйткені менің қауымымның басталар жері. Бақытсыздыққа ұшырағандарды сүй, соларға серік бол. Өз жағдайыңды өзіңнен төмендегілермен салыстыр, жоғарғы тұрғандармен салыстырма, бұл қолыңда барды жоғалтып алмаудың бірден бір жолы. Егер жақын адамдарыңның өзі сені жалғыз тастап кетсе, сен олардан безбе, араласып тұр. Шындық қанша ащы болса да, Алланың аты үшін оны ауызға алып тұр. Жаман адамдардың қастандығынан қорықпа. Өз кемшілігіңді бағдарла және өзгенің кемшілігін таратпа.» (288-өсиет)

«Құлшылықта Құдайшыл болыңдар, яғни Маған құлшылық қылыңдар» деп ескерткен Алла тағала. Енді біздер құдайшыл болу үшін; 1.Құдайға жалбарыну;                 2. Құранды оқып үнемі оқып отыру, яғни құдайдың ақиреттік құлдарына дұға жасау.         3. Дінге ең қажетті нәрсені іздеп табу, жер кезіп, зияраттап, жерден есік, көкке сатыларды тауып, аспандағы естелік пен жердегі жарық сәуле-ойпаттарға, қауымдық ақ бастау бұлағына жалғану. 4. Пайдасыз сөздерден аулақ болу, сөз мәресін меңгеру, ана тілін аралас сөздермен былғамау; 5. Бақытсыздыққа ұшырағандарға қол ұшын беріп, жүгін жеңілдету, жамандығын жақсылықпен кетіру, яғни садақа, қайыр жасаумен бірге тазарту, емшілік істерін де меңгеру. 6. Әрбір өмір сүрген күніңе шүкірлік қылып, қиын-қыстау сынақтарға төзіммен қарап, сабырлықты меңгеру. 7. Туысқандықты, ағайын арасындағы татулықты, бірлікті сақтау. 8. Шындықты айту, ол үшін тақуалықты меңгерумен, құдай жолын мықты ұстану, құдайшыл қауымда болу.

    Енді тақуалықты меңгеруге, шындыққа жалғануға исламдық тұрғыдағы бес парыздың және шариғат ісінің, масһаб білімінің де негізі осы жоғарыдағы пайғамбарымыздың ескерткен 8 діндік құлшылығын меңгерумен 9-шы тұрғыдағы тәубелік намазымыз болу керек. Олай болса құдайымызды танып, құдайшыл бола білмей, бес парыз намаз оқумен, бүгінгі масһабтық жағдайымызбен Алла тағалаға тікелей жалбарынып, жалғану да мүмкін емес. Барлық құлшылығымыздың, ісіміздің арадағы дәнекері Алланың өзінің сипаты, барлық жаратылыстың зайыры, киесі болған Құдай-Раббымыз болуы керек. Сондықтан Алланың өзінің де үш түрлі сипаты болуы жаратылыстың заңдылығы болуы керек.

Алланың баралық жаратқан әлемінің екі нұрдан басталып, үш түрге бөлініп, төртінші сипатта білімі, қасиеті, тегінің бейнеленумен Алланың өзі сипатының ұқсасы болып табылады. Сонымен Алланың; Алла тағала-Ақ; Раббы-бастапқы сары нұры, құдайлық сипаты болып бейнеленеді. Ал тәңірлік сипаты; қозғалыс, уақыттық, тағдырлық сипаты болып бейнеленеді. Адамзаттың құлшылығы өмірінің нәтижесі болып; «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деп кәлима, сенімді  және «Маған құлшылық қылу, шындықты меңгеру, құдайшыл болу» деген ұғыммен жүрек-иманды, рұқтық қасиеттілікті, жанның құпия білімін бейнелейді. Ислам дініндегі «бес парыз» құлшылық ұғымы болып, негізінде Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып сенімді болумен, намаз оқумен және қадір-қасиетін шындықты меңгерумен, құдайшыл болу арқылы Алланың өзінің үш сипатын толық меңгерумен нәтижелі  болмақ.

Раббылық-құдайлық жарық нұр сипаты; 1. Сары іліммен; 2. Ілтипаттылықпен; 3.Игіліктермен;  4.Жаратушылық қасиетпен; 5. Адамдарға қамқорлық қасиетпен; 6.Тағдырлық сынақтан өту үшін әрбір пендеге мүмкіншілік берушілікпен байланысты болмақ. Сонымен бірге Раббымызың, құдайлық адамзатқа меңгеруге тән; 7. Сәруарлық, көркем есімдік белгілері болып, оны толық меңгере алған Нұқтың ұрпағы; Япши  болып саналады. Енді бұл Раббылық-құдайшылдықты жоғарыдағы баяндаған қазақтың әдет-ғұрпы болып қалыптасқан жеті санға байланысты амалдармен ата жолымыз, салт-дәстүріміз болып қалыптасқаны да хақ. Негізінде сары нұрды меңгеру; әйелзатымен, Мариям анамызбен, Сүлеймен пайғамбарымыздың ғибратты үлгілерімен байланысты болуы да керек.

Алла тағалалық, ақ түсті жеті қанатты періштелік сипаттың адамзаттың барлық меңгеруге тиісті қадір, қасиетінің өте жоғарғы дәрежесі болып табылады. Сондықтан біз Алла тағала бола алмаймыз және ақ түске сары нұрсыз, Раббымыз-құдайсыз жалғана да алмаймыз. Бірақ құдайшыл болу арқылы ғана оған ұқсауға тырысу шартты болмақ. Абай атамыз Алла тағаланың 8 сипатты болмысын 38-сөзде насихаттап өткенді. Алла тағаланың сегіз сипатының бірі құдіреті болып ғылыммен бір болса, осы құдіретімен ғылымына рахмет сипатының 9-шы тұрғыда, 9 түрлі кісіліктің сиатын да ескертіпті. Олай болса Алла тағаланың 8 сипатына толық жалғану үшін де құдайшыл болу арқылы тақуалықтың 9 түрлі рахмет сипатын меңгеруміз қажет. Құранда (8+9=17) «Ісра-белгілеу» болып; 1.Бойшаңдық, бой ұсынушылық; 2.Кіріптарлық; 3.Телегей теңізге құштарлық; 4. Жөнді білушілік; 5.Қас-қағым сәттің қадірін білушілік. 6.Қасіретке төтеп бере алушылық. 7.Қартаюудың қадір-қасиетін білушілік. 8. Дем сала білу қабілеті; 9. Құдайға қарсы болуды жазалаушылық болып қасиеттері белгіленеді.

Алланың Тәңірлік сипаты; аспан денелерімен, күн аймен байланысты барлық қуаттардың жүйесі болып табылады. 1. Лағфуз-Мағфузға иелік; 2. Жерге иелік;              3. Жердің үнін, сарынын естушілік; 4. Жер бетіндегі 4 мезгілдік уақытты алмастырушылық, уақытты басқару. Осындай үш сипаттың адамзатқа тән барлық жер әлеміне танылған; қадір, қасиетін, растығын, барлығын БІР АЛЛА деп атаймыз да, оның де екі негізді сипаттық белгімен жүйесі бар. Енді осы үш негіздің көшірмесі, бейнесі әрбір пенденің Мен сипаты адамзаттың құпия жан, рұқының ішкі сырлармен байланысты болып; 1.Дарындылық; 2. Данышпандылық; 3.Өлшеусіз ақыл сипатымен; 4.Адамдардың қабілетінен тыс құдайлық қасиет нұр жарықпен байланысты кісілік, періштелік  бейнесін атайды.

Аятта; «Алла тағала: «Әлбетте Мен және елшілерім жеңіске иеміз» деп жазған. Шүбәсіз Алла; тым күшті, аса үстем.» (58-21) деген үкімінің адамзаттың ішкі дүниесін Мен арқылы Алладан басқарылса, ал жер бетіндегі барлық қозғалысты басқарушы бір тұтас елшілігі; Ол Алла сипаты болып саналды. Ол Аллалық сипаты көркем есімдермен және Раббымыздың аттары болып табылатын Алланың ұлықтауға бұйырған, барлық пайғамбарлар мен елшілері, әулие-әмбилері, мүмін сүйікті құлдарының ақиреттік тұрғыдағы бір тұтас адамдар сипаты Адамдық-қадір, қасиеттері болмақ.

Сонымен жер бетіне кітап болып оқылған қандайда бір дін білімін, пайғамбарлар өсиеттеріне сай құлшылық қылғанымызбен, оның қарсылық аяттары мен атау сөз ұғымдарының үнемі өзгеріске түсіп отыруымен, құдайдың әрбір пендесіне оқылып отыратын шындығын, уахи, аянды өз достары арқылы оқылатын көркем сөз батасына, мирас кітаптарына жалғанбай, яғни көктегі жұлдыз бер жерден шығатын сәулелеріне, естілік тарихи жадымызға – ғылымға жалғанбай, құдайшыл болуымыз мүмкін емес. Біз құдайға, өзіміздегі зайыры болған  жарға ғашық болуымыз арқылы ғана Алламыздың; Алла тағалалық, Тәңірлік сипаттарының қадір, қасиетіне әлемдік қуаттық жүйеге жалғана аламыз. Ол үшін де «Маған құлшылық қылуды» меңгеру керек.  Және адамзаттың Мен сипаты заттық тәндегі барлық сезімдік жан ошақтарымен, ақылдық рұқ сарайлары ағзаларының тазалығымен тікелей қатысты.

Әрбір адам баласы күнәдан жаралады деген пайғамбарымыз. Олай болса тән сарайымызды күнәдан тазартып, оның таза ұстау үшін сыртқы бойымызды қалыптастыруға, зейнеттік жарық киімді меңгеруге тиістіміз. Ол үшін де шариғаттың парыздары мен әдебін, ар-ұяттылықты меңгерудің маңызы да зор болмақ. Ал енді біз сыртымызды түзеп, бой жарығымызды намаз оқумен тазартып ұстағанымызбен, ішкі дүниеміздің ақыл, жан сарайларын тағдырлық жүктермен және өмір сүру барысында сырттан еніп, ішке бекіп, жәндіктерге бейнеленіп алған түнек күштерінің ықпалынан азат етіп ақталудан өтпей мүмкін де емес. Және иман келтірдім деп уәде беріп, бес уақыт намазбен, шариғатпен жүріп иманның өзі іздеп келеді, жүрегіме енеді деген де надандық. Иман жарығы ата-бабаларымыздың естелік жады, кісілігі 9 төре болып, төбемізден еніп, табанымызбен, жұбайларымызбен байланысты 40 жан ошағына қасиетін беру керек. Сондықтан да тәндік ағзалардағы күнәлі рұқымызды, сезімдік шайтандық қуатымыздың, жынымыздың өлімнен өтіп жарыққа айналуына да мәжбүр болатын інжілдік ақталу, өлім сатыларынан өтумен, исламның, пайғамбарымыздың сүнеттерімен, құран арқылы меңгеруді исламның бірлігі деп атаған жөн.

Мұндай жағдайда біздер дін тұрғысындағы меңгерген ілім, білімнің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс, яғни күшін жойған, әлсіреген, немесе қарама-қайшылыққа түскенін білу үшін де құдайдан жоба алуымыз керек. Яғни жоба болып, ата-аналарымыз арқылы естелік жады, жүрек және көздермен бейнеленген шындығын, яғни ұйқы кезінде жанымызға оқылатын, білім болып жазылатын өсиетін де тыңдауға, аян алумен байланысты дәрежені де меңгеруіміз керек. Мұндай жағдайда біз жеті аталық туыстық жіпті қалыптастыруға, жандық тұрғыдағы естеліктердің, жадымыздың үзілген дәуірлерін қайта жалғауға тиістіміз. Өмірдің,  талай замандардың қиын-қыспағынан өткен ата-аналарымыздың аруақтарының күнәсін, жүктерін алып, оны тазарта білуді де біз өз бетімізбен құдайдың жәрдемінсіз, көрсетуінсіз орындай алмаймыз. Демек ақталудың да жол-жобасын әр пенденің тағдырына, туыстық байланысына қарай құдай шындығы арқылы орындауға міндетті болмақ.

Әрбір пенденің өзінің тағдырына тән шындығы құлайдың көрсетуімен ғана жоба болып оқылады. Ал шындықты табу үшін; «Құдай-Нұр, Оның ішінде ешқандай түнек жоқ. Егер біз Құдаймен байланыстымыз дей тұра түнекте жүрсек, өтірікші боламыз да, өміріміз шындыққа сай болмай қалады. Ал егер Құдайға ұқсап нұрда тұрсақ, онда өзара байланысты боламыз және Оның рухани Ұлы Исаның төгілген қаны бізді бар күнәларымыздан тазартады. Егер күнәсізбіз десек, онда өзімізді алдап, бізде шындықтың болмағаны. Егер күнәлармызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады. Ал егер еш күнә жасаған жоқпыз десек, Құдайды өтірікші етіп көрсетеміз, әрі Оның сөзі жан дүниемізден орын алмағаны.» (Жоханнан).

Енді күнәміздің жын қуатымен бірге өсіп, жынымыздың жағдайын, мінезіміздің тақуалыққа, кісілікке сай, әлде лайық емесін де ақылмен аңғарып пайымдау да шындықты іздеудің, әділетсіздіктен құтылудың, құдайшылдықтың жолы болады. Сонымен қазақ еліндегі өздерін текті, құдайшылымыз деген, ал шындығында жындылыққа негізделген кейбір топтардың имандылықтан алшақ екенін баяндап көрейік. Жалпы масһаб діншілері мен дін істері қызметкерлері, ғалымдар, дәрігерлер негізінде жындық-жадылық тұрғыда есектерге жатады деп ескерттік. Және осындай дін топтарының арап тілін тікелей аудармасыз пайдаланып; «аллаһ, ықтипат, кәпәрет жасау, тәуессил жасау, ғалейксалам, алек салам, радиоаллаху анху т.б.» тіл біліміне, ұлттық ділімізге, ана тіліне қиянат жасаушылардың иман түгіл жүрек көздері жабылған, 69-топқа бейнеленген, қауыпты белестен өте алмаған «шибөрілер» болып саналады.

Мұндай шибөрілерге ел басқарушы, әкім-қаралар, білімді қауым өкілдерінің арасында да қағазға қарап оқып немесе ойын жеткізе алмай, жас балаша сақауланып сөйлейтіндер, орыс тілділер де жатады. Азат, Дат, Республика т.б. түрлі саяси топтар құрып, ел басшыларды тек қана дүние байлықпен айыптап, «диктатор, жердің бар байлығын сатып жіберді..» деген сияқты халықтың болашағын мал, дүниемен бағалаушылар да есерлер тобы, жынды «Есектер» болып саналады. Жалпы шайтандыққа қосылуға тікелей жын тобы қара қасқырлар болып, періштелердің қарғысына ұшыраушылар, қара жынмен жүктелушілер болып, барлық темекі шегуші, шылымқорлар тобы жатады. Бұлардың  мейлі қандай дәрежелі, білімді болсын 34-ші санды Алланың үкіміне ашық қарсылық білдірумен негізделеді.

Негізінде ең жоғарғы жындардың тобына жататын төрткүл дүниеге түрткі салып, адамзаттың құдайшыл болып, шындыққа жалғануға кедергі болатын, қарағай басынан артықты аңғаруға қабілетсіз Арыстандар тобы, ел билеушілер болып, оған ел басшымыз тікелей негізделіп алғаны да хақ. Ел басшымыздың жындық қуаты аузы қан Арыстан, белгісі жебе болады. Сондықтан ата жолын, құдайшыларды мойындамауға, құдайдың хабарына ашық қарсылық білдіруге де шебер екені де жалған емес.

Дін тұрғысында ең жоғарғы жындардың тобына жататын және сырттай құдайшылдар тобы болып көрінгенмен шынында Нұқ сүресі -71 сандық белгіні терістеушілер болып; Ақтөбе қаласындағы «Қадыр ата» аталған; Жанарыс Жақсылықұлы Еңсепов деген емшінің екі бүйірге келетін қарат қуатпен, жындылық топпен байланысты; ашкөздік, қанағатсыздыққа түсушілікке «Әлі де мұнан да артық баюшы едім» деген ниетпенен байланысты болады. Қандай да бір емшілікті Ғиса пайғамбарымыздың үлгісімен; «Тегін алдың құдайдан қасиетті, оны тегін тарат» деген өсиетімен байланысты болу керек. Және ислам дінінің бекуімен байланысты емнің, шипаның тек қана құран аятымен, құран арқылы, құдайдың көрсетуімен ғана атқарылуы шарт. Егер емдеу, тазарту, дем салу шарасына ақы талап етілсе, онда қара жындық қуатқа жалғануға да жол ашылады.

Қандай да бір мұндай емшілік тұрғысында қара жындарға жалғанғандарды домбыра үнімен тазартуға да болады. Қазақ домбырасы шындықтың үні болып табылады. Ал қобыз үні аққу, сұңқар үнімен, тылсымнан хабар келтірумен байланысты болады. Негізінде тағдырында әулиелік белгісі жазылған адам баласының аңдушысы «Нағыр» атты түлкілік жын тобы, жұбы 28 санымен байланысты болып, осындай ақша байлыққа қасиетті айырбастаумен шектеледі. Аралдағы Ербосын атты баланың да емшілігі де осы жынның негізінде және 9-шы дәрежелі өтпелі кезеңмен байланысты болып 17 жасқа дейін жалғасады. Қорасан атаның бақылауында тұрғаны да бар.

Марат «Сары әулие» аталған емшінің, үнді халқының нәсілімен, маңдай көзімен  байланысты, 37 жасында қара қуат болып қосылған, исламдық тұрғыда ата дәстүрін, құдайшылдықты сақтамай, 5 қуатты меңгермей артқа тастаудан, көріпкелдікпен байланысты жоғарғы жындар тобымен негізделген. Осындай емшілікті құдайдың тегін берген қасиетін дүние баюшылыққа айналдырудан, ібілістің саудасын жүргізушілер, жоғарғы санатты жындар тобынан болып саналды. Қазақтың мұндай тектілік қасиетін  дұрыс жолға салуға жәрдем беруге тиісті ел билеушілер де өздерінің жындылық ақыл, білім шегінен аса алмай, керісінше түрлі ұлықсат қағаздар алып, салық салып, ақша табатын кәсіпке, құдайсыздарға айналдыруға да еріксіз мәжбүрлейтін саясатты ұстанады.

Енді халықтың ерікті түрде ғана беретін садақасынсыз мұндай тазартушылық, емшілік іспен айналыстандар мейлі ата жолындағы болсын; 8 түрлі рухани дертті таратушылар, ұшыраушы, ұшыратушы болады. 1. Ашкөздік; 2. Жетенің шектелуі; 3. Ар-ұжданың көтеріліп жетілмеуіне; 4. Аяқ балтырдың тамырының түйілуіне; 5. Жынның желкеге мінуіне, отыруына; 6.Аян хабарлардың ұрлануына; 7. Есту қабілетінің нашарлауына;        8. Болашақта ұрпақтарының жетім қалуына өздерін де соңына ергендерді де ықпал етеді. Мұндай емшілерге 74-санды сүренің қарсылық үкімі түседі.

Ал қандайда бір емделушілердің ақша талап еткен емшілердің алдынан өтумен жоғарғы  жындық қара қуаттарға еріксіз жалғанып; 1. Жүрек көздері жабылады; 2. Ойлау қабілеті шектеледі; 3. Адамдарға күмәнмен қараумен, сенбеушілікпен, өзін басқалардан артық санауы артады. 4.Сегіз көзге опыра және  кінарат түседі. 5. Ата-баба қауымдық жағдайы ауырлап, 84-сүренің қарсылық үкімі түседі.

Жалпы мейлі дінші, ел билеуші, білімді зиялы қауым өкілі, ғалым, аққу, сұңқар, қасиеттің жолындағы пенделер, қарапайым бұқара халық өкілдері болсын құдайдан жобасын хабарын алып әрекет қылмаса болды, құдайсыздыққа түсіп, өзін әлемді құтқарушы жер бетінің «тәңірісіндей»  болып, ібілістің ұрпағы немесе шайтан жамағатына айналуы да оңай. Яғни барлық аспан денелерін, әлемдік қозғалысты басқаруға арналған; «1. Лағфуз-Мағфузға иелік; 2. Жерге иелік; 3. Жердің үнін, сарынын естушілік; 4. Жер бетіндегі 4 мезгілдік уақытты алмастырушылық, уақытты басқару.» төрт қасиеттің қарсылық сипатына түсіп алады.

Қазақ ел билеушілерінің осындай әлемдік тұрғыдағы «Армагеддондық» түнек күштерінің ұстанған саясатын қолдаумен; 1. Халықтың тағдырын, рухани әлеуметтілігін заң шығаруымен, дүниемен жақсарту; 2. Жерді тек өнім, азық алу ретінде сауда мүлкіне айналдыру. 3. Табиғаттың болып жатқан апаттарын, жер ана үнін, сарынына құлақ салмай, құдайдың ескертулерін құралдармен, техникамен, адам күшімен басқару, қарсы тұру.           4. Тәнді емдеумен, ағзаны ауыстырумен, дәрі-дәрмектерді өндірумен, тұрмыстық жағдайды жеңілдетумен, адамзатты ұзақ жасату, тәңірлік уақытты меңгерумен, жаратушының өзіне, құдайдың түсіріп жатқан аяты, хабары, үкімдеріне ашық қарсылықпен айналысып кеткендері де жалған емес…(жалғасы бар Сәуір 2016 жыл) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *