«…Адал жолда өлгеннің арманы жоқ, Дегені болмай ма екен құрғақ мақтан. Ар, ынсаптың құмары осы десе, «Құмарың не-деп- сұра зұлымдықтан?» Артында азап та жоқ, рахат та жоқ, Емес пе ерегіскен екі дұспан? Сен ананы сүйесің, ол мынаны Мұнан ақыл жиренді не қылмыстан. Ар, ынсаптың осыдан үміті не? Ел түзелсе, өлген соң, не пайда оған? Не дін емес, не тыныш өмір емес, Артқы үшін арпалысты неге осыған? Ел түзелсе тарихта аты қалар дейді, Ақылым тоя алмайды менің бұған..» (Шәкәрім әулие) Қазіргі таңда елді түземек, әлемді түземек болып түрлі ойлар айтып, жазып дінші, ғалым аталып, сопылық топтарды құрып, соңына шәкірт жинап немесе түрлі партиялар құрып, тілді, дінді, дәстүрді түземекші болып; әйтеуір ардың, ақтың жолы осы деп, өздерін тектімін, төремін, қожамын, батырмын, ақынмын, әділ заңгермін, кемеңгермін, депутатпын т.б. атақ шенді, мансапқор қиялшылдар жеткілікті елімізде. (more…)