«Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғарғы кемелдік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелдік дәрежесіне жетеді.» (Әбу Насыр Әл-Фараби) Дана бабамыз Алла тағаламыздың құран аяттармен үкім берген қауымдастықты меңгерудің сырын осылай тәптіштеп түсіндіріп кетіпті. (more…)