Category: Ата-дәстүр өлеңдері №4

  • Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?

    Қыз деген шоқ қой отты тұтататын,

    Шоқты көміп күлмен анаң сақтайтын.

    Шоқ сұрау салты болған қазақтың,

    Шоқтан да талай даулар туылатын. (more…)

  • Жан өседі жаннан жарық болып

    Жан жаннан өседі екен болып адам,

    Адам деп жан жарығы еді аталған.

    Адамдық нәзіктерден бастау алып,

    Махаббат толық жан аты, бүтін болған. (more…)

  • «Келдім» деген гүл сыйлаппын

    Нәзіктер неге гүлге құмар?

    Гүл сыйласаң риза болар.

    Ал мен де жас болғанмын,

    Ырым дедім гүлдей солар. (more…)

  • Қызғанса екен қатындар

    Ой енеді болып уайым,

    Қанға азық болар дайын.

    Шабыт деген арманы ойдың,

    Ұстай алсаң қан ғой дайын. (more…)

  • Қамшыгерлік дәстүрің

    Қазаққа киелі сөз қамшы деген,

    Қамшылайын сөзбенен түсінбесең.

    Қамшыда сұс бар істерді білгізетін,

    Қан тазартар қамшының сырын білген. (more…)

  • Махаббаттың теоремасы

    Махаббат деген  қазақта ұғымың бар,

    Ғашықтық деп ақындар жырға қосар.

    Махаббатпен жаратқан деп адамзатты,

    Абай атаң бұл сөздің астарлапты. (more…)

  • Жұмбақ сырлар

    Үлкен үйдің бар егіз ұл мен қызы,

    Ол екеуін біледі дүние жүзі.

    Ұлы түнде ұйықтайды, қызы күндіз,

    Білінбейді басқанда жүрген ізі. (more…)

  • Шалдық дәстүр

    Ақыл толар келіп қырықтың қырқасында,

    Ал, елуде келдің деген қазақ ер жасына.

    Мен келіп елуге түстім бабам жүрген ізге,

    Япырмау сақал мұртым аппақ болмасы ма? (more…)

  • Айыпталу мен ақталу

    «Мен» деген сотым ішімде,

    Айтаушым келер түсімде.

    Ақыл-ой, дінім жақтаушым,

    Жұмса дейді біздей күшіңді. (more…)

  • Жалған-күнә мен күмән

    Бұл дүниені осы жұрт неге жалған дейді,

    Жалған деген, жоқ әлде өтірік деген бе еді?

    Ал ақылмен болжап көрсек жалғандықты,

    Растыққа айландыру адамзатқа сынақ еді. (more…)