Жалған-күнә мен күмән

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 40

Бұл дүниені осы жұрт неге жалған дейді,

Жалған деген, жоқ әлде өтірік деген бе еді?

Ал ақылмен болжап көрсек жалғандықты,

Растыққа айландыру адамзатқа сынақ еді.

Жалған деп әрбір сырға, сәтке күмәндану,

Адамға тән, өмір сырын ақыл-оймен тану.

Күмән мен күдіктен тұрмай ма ойлау деген,

Адамзатқа берген бұл сырды қыл деп қару.

Ойланып, күмәнданып жалған дейміз,

Ақыл мақұл демесе ондайға  біз сенбейміз.

Хайуаннан да әлсіз, ақылсыз жаралсақ та,

Ойланып ақылды меңгеріп, түгелдейміз.

Ар да, ұят та  жалған десең дін де жалған,

Хайуансың мұндай іске күмәнданған.

Парызың ата-ана ақылына күмәнданбай,

Намазың  ар білімің меңгеріп, қан тазарған.

Жалғанды терістеуге оймен  миды берген,

Ақылдың таразысы өлшейтін ұждан деген.

Бес қуат жалғануға әскерін және беріп,

Меңгеруге өнер-қуатын ақыл білімменен.

Ойлану бұл бір ғажап тіршілік еді нәрі,

Ойлансаң тірісің, күнәңді тірілтіп оятады.

Күнәні таныған, теріске алып берген үнін,

Жалғаннан бұл қуаттар растыққа айналады.

Оймен ақыл, ақылмен білім жинау керек,

Тәрбиесіз ақыл білім күнәні қайта өсірмек.

Күнәні көбейткеннен жалғандық пайда болып,

Бұл өмірің азапқа айналса тозақ демек.

Оймен  ақыл, ақылмен ілім жинау керек,

Ілімнен келер ақылға қуат, шындық дерек.

Ортасы ілім білімінің дәстүр болып,

Теңдігі бұл қуаттардан сана өсірмек.

Күмәнсіз тіршілікті шүкір демек,

Құлшылығың жаратқанға рахым көрмек.

Намазын көрсетуге сұрайтын құдайыңнан,

Жалбарыну Раббыңнан бер деп дерек.

Оқып намаз бес парызбен кімдер жүрмек?

Жаннатына дейді надан дінші өліп кірмек.

Жаныңмен жанат кіріп,  әулиеңнен бата алмай,

Тіріңде орындалмаған намазың жалған демек.

(қаңтар 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *