XX-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен адамдық және аманатқа қиянат қылмау туралы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 62

       Қазіргі таңдағы масһаб діншілері мен дін имамдары Алламен арада ешқандай дәнекер болмауы керек, тікелей Аллаға табынып (ұқсастықта болып) жалбарыну керек деп түсіндіреді. Негізінде жалпы жаратылыстың барлығы тұтастай Алла болып, Алланы тану дегеніміз әлемдік тұрғыда ақылымыздың шамасы жеткенінше ғана жаратылыстың барлық құпия сырларын, ішкі зайырлық қадір-қасиет, білімін және ақиреттік білімін меңгерумен ғана Алламыздың өзіндік сипаттарын ғана ұғынып, танып, біздер үшін жаратқан қадір, қасиеттеріне, жолына бой өрісімізбен, жан өнімі көлеңке перштелігімізбен жалғанамыз. Сондықтан да сол жолдың сипаттарын, яғни көркем есімдерін меңгерген Раббымыздың (сүйген құлдарының) аттарына дұға, тілегімізді арнап Алламызды мадақтаймыз. Раббымыздың аттары болып оның барлық нәрселердің киесіне жалғанып, олардың әрекеттерін таза ақыл-оймен басқарушылық дәрежесіне жеткен, құдайдың жобасына сай ойланып әрекет ете білетін кісілері мен оларды белгілі есімдердің иесі болған періштелер арқылы бейнелейтін адамзаттың ақиреттік өмірдегі көлеңкелері болып саналады.

Кісілік болып; белгілі бір әрекеттерді атқаруға бірленген қуаттардың жүйесі 9 сандық белгімен байланысты болса, ал жер әлеміндегі барлық іс атқарушы Алланың бұйрығын жеткізіп, оның орындалуына тікелей әсер ету қабілетіне ие, негізінде  41 санды періштелердің бірлігінен тұрып, Адам сипатты бейнеленетін Алланың құдіретті қолы болып саналады.  Аятта; «Егер Пайғамбарды бір періште қылсақ еді, оны да бір адам бейнесінде қылар едік те оларға күдіктенген сайын шақ (сынақ, қыспақ) салған болар едік» (6-9) Бұл аяттың сандық мәніне жүгінгенде әлемдік 6 түрлі қозғалыс негізі мен 9 кісіліктен Адам атты күрделі қанатты періштенің жаратылысымен ғана барлық жер бетінің тіршілігі басқарылып, Алланың бұйрығын орындаушылар болатынын ашық ескертеді.

Пайғамбарымыз; «Жер бетінде Алланың кез келген періштелері бар. Олар үмметімнің сәлемін сол сәтте маған жеткізеді» деген ұғымның Алла тағаламыздың; «…Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу көмес істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?»,-деді» (2-33) деген аятының Мен-Адам болып, барлық көктер мен жердің құпия сырларын, істерін толық меңгеруші болып жаратылғанын ескерткен еді. Сондықтан да «Маған (түсірген, көрсеткен жолыма) құлшылық қылыңдар» деген Алла тағала бұйрығының жеті түрлі иманның шарттарын орындаумен, жеті жаратылыс үніне жалғанып, жеті тозықтық қарсылықты меңгеріп, жеті жанды жетілдірумен Адам-Мен сипатымызды, періштелігімізді қалыптастыра аламыз.

Мұндай жоғары дәрежелі Адам-Мен періштелік сипатты меңгерген, жеті жолының атқарушылары болған, жеті арысқа жататын пайғамбарлар ғана болып, ал қалған пайғамбарлар, әулие-әмбилер, елшілер Алланың сүйікті құлдары 70 бұтақты иман ағашының сабақтары болып аталады. Мұхаммед пайғамбарымыздың миғраж уақиғасында Алла тағаланың мен-заман-жол сипаты және жеті жолдың жеті құлпы болып, ал оның кілтін ұстаған пайғамбарлар арқылы жолға енуге ұлықсат берілгені баяндалды. «Негізінде Алланың қасындағы бір күн, сендер санайтын мың жылмен тең» (22-47) деген ескертумен бірге; «Алланың қасына Жәбірейіл мен періштелер бір күнде сендердің санауларыңмен 1000 жылда көтеріледі» деп ескерткен Раббымыз. Демек жер мен көк аралық барлық істерді меңгеруге, Алла достары тарапына, «Біздерге» қосылуға әрбір пенденің Мен-жанына 1000 жылдық өмір мерзімі берілгені хақ. Қазақта; «Мың өліп мың тірілу» деген нақыл бар.

Сонымен Алланың өзі сипатына ұқсастықта жаратқан барлық істерді меңгеруші Алланың көркем есімдерінің қасиеттерін, белгілерін толық алған періштелері, кісілік қуаттарының бәрі де Аллаға тән, бір тұтас жүйемен Алланың қолы және Ол-Біз сипаты болып аталды. Бір Алла ұғымы; Ол Алла-Раббы-Бір Тәңір-Біз және Раббының аттары, көркем есімге айналған біртұтас Алланың достары болып құранмен насихатталады. Яғни барлық істердің атқарушы иесі Бір Алланы- құдай деп атаған қазақ ұғымында. Сондықтан қазақ даналығында; «Әулие құдай емес, құдайдан да былай емес» деген астарлы нақыл бар. Сонымен әрбір пендесін Алла тағала жаратқанда «Маған құлшылық қылатын Адам-Мен ұқсасым БОЛ» деген махаббатымен жаратуы да хақ.

«Ол, көктер мен мен жердегі нәрселер өзіне тән Алланың жолы. Сақ болыңдар! Істер Аллаға қайтады.» (42-53) Олай болса көк жердегі, екі аралықтағы барлық істердің орындары, бейнесі, қуаттық жүйе-жұлдызы және белгілі бір денесі-кісілігі болып бір қуатпен жалғанғанда Алланың сөзінің жолы болып шығады. Және Алланың барлық қуаттың иесі жалғыз тәңірлігіне дәлел болып саналды да, аятта; «Осы дәлелдер бойынша, шын мәнінде Алла; Ол, хақ. Күдіксіз Ол, өлікті тірілтеді. Өйткені әр нәрсеге күші жетеді» (22-6)  Абай атамыз; «Рас сөзге ор қазып, тор жасамақ не деген ынсап, құр өзімшілдік һәм әр өзімшілдік-адам баласын бұзатын пиғыл. Растың бір аты-хақ, хақтың бір аты-алла, бұған қарсы қаруласқанша, мұны ұғып, әділетпен тәптіштеу (тәпсірлеу) керек. Мұндай пиғылдардан (ниеттіліктен) күпір (діннен шығу) қаупі бар…»

      Алланың растығының, хақтығының дәлелі барлық жаратылыстан артық қылып жаратқан өзінің орынбасары болып, жер бетінің барлық істерін, сөз жарық жолдарын меңгеруге бұйырған да ол үшін де әрбір пендесінің өлген күнәлі рұқын, аруағын қайта тірілтіп, өз қауымын түзеуге, бір-біріне, туыстарына жалғанып қайта қызмет қылуға немесе тағдырын түзеуге қайта жер басуға жан береді. Әрбір жаратылған пенде осылай 3 рет жер басуы, қайта өмірге келуі де заңдылық (алдағы жазбаларда баяндаймыз). «Ер кезегі үшке дейін», «Менің екі туып бір қалғанымсың ба?» деген нақылдардың осы жағдайды ескертіп тұрғаны да растық. Аятта; «Әлбетте қиямет келеді. Онда күдік жоқ. Шәксіз Алла, қабырдағыларды тірілтеді. (7) Адамдардың кейі; білімсіз, жолбасшысыз және сәуле (иман нұры) беруші кітабы да жоқ. Алла жайында таласады.» (22-8)

Енді қайта тірілудің яғни қияметтік уақиғалардың әрбір пенденің тағдырына, қауымына және белгілі бір 9 дәуірдің тоғысына келіп, үнемі қайталанып тұратын сағаттық, күндік, мезгілдік, замандық т.б. сипаттары болатынын да білген жөн. Адамзаттың Мен-жанының мәңгілік өмір сүруге жаратылып, өмірге қайта келу уақиғаларын алда баяндай жатармыз. Енді әрбір пенденің тағдырына қарай ғана қалай жолбасшысына, яғни Алла досына жалғану мен нұрландырушы иман кітабының жаратылыс сырларын тәптіштеп түсіндіре кетейік.  Қазақ даналығында «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деп төрт қыбыламыздың және аманаттармен жалғанудың сырын пайғамбарымыздың; «...Алла елшісі алдына, оң жағына, сол жағына және арт жағына қолдарымен «ақша беріп жатқандай» ишарат жасап; «Қасымда бар ақшаны Алланың құлдарына таратып беруді қалаймын»-деді…» деген хадистен де қазақ дәстүрінің; «Өліге иман ақша-қуатын сұрап, өзіне берекет тілейтін», «Өлілер аруағы риза болмай, тірі байымас» дейтін ата жолы дін құлшылық негіздерінің бер жағындағы масһабшылардың емес, негізгі сахабалар ұстанған жолымен, тақуалық, сопылық амалдармен байланысты жағдайын көруге болады.

Ал енді; Ақша, теңге қуаттың әрбір пенде құлшылығы арқылы тағдырына несібе қуат болып, яғни он саулық байлығы қылып жүктеп алады. Әрбір адам баласы құлшылық амалына қарай сауаптық сипатта, құдайдан алатын жалақы болып; 90түрлі қуатпен байланысты болады. Оның 45 сипатын 40 жасқа дейін алсақ, 45-ін өлгенше аламыз. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» деген қазақ даналары. Ежелгі замандарда түркілер дін ұстанымында қадым ілімі деген ұғым бар. Қадым; 6 қадам даналықтың баспалдақтары және 6 түрлі нәсілдік қуатты европалық ойшылдар; 6 «расалық» адамзаттың рухани, даналық даму деңгейі деп түсіндірген. Енді жанның 6 белгімен жаратылыс табиғат әлемімен жалғанумен; Алғашқы екі қадам топырақ, өсімдіктер қуатымен байланысты, тіршілік нәрестелік шақпен қалыптасуы болады.  3-ші, 4-ші қадам, 3-мүшелдік жаспенен, хайуандық, жәндіктік-сезімдік әлемімен жалғану болады.

Пайғамбарымыздың; «Жастар мен әйелдер мастыққа тән» деген өсиеті бойынша, алғашқы үш мүшел жастың сезімдік ақылды меңгерудің кезеңі, яғни жындылық, шайтандық қылықтарды меңгеріп,  ақылдың қуаттанып толысу кезеңі болады. Ал енді соңғы екі қадамның 5-ші құстық сипаты;   ізгілік, діндарлық пен көңілдің жетілумен, көңіл құсы – жұлдызы болып бейнеленеді. Ал соңғы қадам; Адамдық аталады. Туыстық жеті ата-баба  шежіресімен, ұлттық текті меңгерумен және әлемнің барлық нәсілдеріне де жалғанумен даналықтың баспалдағы болып саналады. Осы 6 қадамдық негізінде де жанға жалғану әрекеттерінің алуан түрлі салты пайда болып, қазіргі таңда әйелдерді былай қойғанда, еркектердің де бір-біріне және өлілерге гүл шоғын сыйлаудың, адамзаттың алғашқы даму сатысындағы нәсілдердің гүл-жанға шоқыну әрекетінің нәсілдік сипатын қайталау деп түсінген жөн.

Негізінде арап жұртының шариғаттық салтының, масһаб ұстанымдарының құстарды ерекше бағалап және дін құлшылығында 5 қадам нәсіл (расалық) яғни ізгілік, діндарлық арқылы көңіл құсын қалыптастырумен байланысты екені де сөзсіз. Оған дәлелді пайғамбарымыздың; «.Кейін тағы жолын жалғастырды да былай деді; «Дүниеде мал-дүниесі көп болатындар ақиретте сауабы аз болатындар. Бірақ оңына, солына және арт жағына, былай, былай және былай таратып беретіндер-мұнан тыс. Дегенмен ондайлар, өте аз» деді...» деген өсиеті үлгісіне байланысты, әр пенденің үш жұрты ағайындармен туыстық байланыста болумен қалыптасқаны да, ал кейіннен мұндай құлшылықтың; «серік қосу, шерік қосу» деген жалған ұғыммен қарсылыққа түскені де растық. Қазіргі таңдағы, ислам әлеміндегі барлық топтар, мейлі тарихаттық болсын, ханафилік болсын, бұл пайғамбарымыздың сүннеттік үлгісін мүлде жоғалтып, өлілерге құран бағыштап, иман серігін, жолдасын қосуды тілеп, аруақтарына жалғанып, ақталудың құлшылығын; «серік қосу, шерік қосу»деп терістеп алғаны да хақ.

Ал енді имандық қуаттың, жолдастың яғни діншілерде; «СЕРІК ҚОСУ» деген ұғымының, жанның өнімі болған адамзатқа иман серік періштелердің бейнелену сипатына келсек,; 1.Тереңдікпен; 2. Сұйықтықпен; 3.Бумен; 4.Қоймалжың жыныспен; 5. Сәулемен; 6. Табиғатпен  байланысты яғни ақ боз атты періште болып бейнелетін қуаттық жүйемен қосылуды білдіреді. Ал адамзаттың негізінде бұл жүйемен құран арқылы қосылуы міндетті болуы керек. Тек ібілістік теріс оймен жүктелген діншілер ғана байбаламдап, жұртты қарсылыққа шақырумен өздері ібілістің ұрпағы, шайтан жамағаты, бүлікшілер болып алғандары да хақ.

«ШЕРІК ҚОСУ» ұғымына келсек; шеріктер, жын-шайтанды топтардың керісінше әулие-әмбилер, киелі орындарды таза сақтап дәретсіз, киімі толық жабық болмай зияраттауға тыйым салған, үнемі құран оқылып, құрбан шалынған орындарда зиянды шеріктік қуаттардың болуы да мүмкін емес. Керісінше қазіргі таңдағы жалаңбас, жалаң аяқ, және қатын-қыздардың шалбармен, толық дәретсіз басына шүберек байлай салып мешіттерге намаз, құран оқылғанмен қара жындардың, сасық иісті шеріктердің мекеніне айналып алғандары да жеткілікті екені сөзсіз. Әулие бастарын арамдаумен де бой жарығы әлсіз зияраттаушы пенделерге арамданған шеріктерді еріксіз жалғауға қызмет қылатындар да көп жағдайда ата жолындағы арсыз, жын-шайтанды «аққу, сұңқарлар»  мен зияратшылар екенін де мойындаған жөн.

     Сонымен қадым ілімін толық меңгерумен, 6-шы тұрғыдағы даналыққа, маңдай тағдырдың тазаруымен қуаттанып, үшінші көріпкелдік көздің ашылумен, 7-ші саналық өріске жалғану арқылы аспан мүлкіне, жолдарына жалғану үшін; тағдырға берілген жалақыдан да артық хайыр, сауап жасап, Алла жолында мал-жанымен көркем түрде соғыса біліп, аруағын, иман серіктерін көбейте алғандар ғана тән. Яғни алдыңғы жағына және әлемдік қуаттық жүйеге де қуат қосып, төрт жаққа ақша-қуат беріп, сары түсті ғылымды меңгерудің құлшылығы арқылы 70 бұтақты имандылықты меңгере алады. Тектілік сипаты;  Сана қуаты арқылы; көру, сезіну, аянмен толық жалғану болады. Қазақтың ұғымында; Сарағайған жетер мұратқа, сары қарын бәйбіше, ұзын сары, сары оғлан, сарыарқа, сарыөзек т.б. атаулары осындай жайдайға байланысты қалыптасқан.

Енді дін насихаттарының ұғымында парасаттылықты меңгерумен; сабырлық, жеті үндік сипатқа жалғанумен; 7 арыстық жүйеге; 21 ақ сатыға (алдағы жазбаларда талқылаймыз); 7 жан ошағын (иық, бұғана, қар, төс, бел омыртқа, көз, таңдай) толық жетілдірумен; 7 ғайып нәсіппен (Алланы танитын іс, қимыл, көру, сезу, жүрек әмірі, бойдағы белгілер, көктен нәсіп алу) жалғанумен; ойдың 7 дәрежесін (ұшқырлық, кеңістік, таяздық, тереңдік, тұжырымдылық, толыққандық, лездік) жалғанумен (7х7=49) толық имандылық қуаттарды меңгеру керек. Ал мұндай иман қуатының көрінісі болып; әулиелік болжампаздық қасиетпен, алды-арты ойлаумен, елшілік істерді атқару қабілетімен байланысты болады.

Ал үш жұрттың, үш ағаштың түгелдігімен 60 бұтақты имандылық болып; тектілік, қан тамырдың тазалығы, табанның ағарып, өрісінің қалың болуы, құран аяттары арқылы бақсылық, емшілік қасиеттерді меңгерумен, даналықты, сөз мәресін, астарын меңгерумен байланысты қалыптасады. Және бұл жалғанудың бәрі адамдық тұрғыдағы жанның қуатымен 7 аруақ, 7 үн 5 аналық, 5 ақ жаулық қуат жүйесімен байланысты; 7 періште, 7 қасиет арқылы тылсымның үніне жанның жалғанумен және 111; 99 сандық белгілермен байланысты болады. Енді бұл 60 бұтақты имандылықты, толық мұсылмандықты, мүміндікті меңгере алмағандардың бәрі; мейлі ғалым, ғұлама, дін хазіреті аталғанмен шала мұсылман, жынды болып саналуы керек.

Қазақ еліндегі қазіргі таңдағы ел басшымыздан бастап, иманың бірінші дәрежесінде толық меңгере алмағандығына ашық дәлел болып; даналықтың, қазақ дәстүріне сай шешендіктің, сөз мәресінің қасиетінің сақталмауы да мұндай иманға нұрландырушы кітабымыздың насихаты Абай-Шәкәрім әулиелерін түсіне алмауынан да ашық дәлел болады.  Негізінде 60 бұтақты иманды толық меңгергендер;  Төре аталып, ал 70 бұтақты имандылықты меңгеру үшін даналықтың жоғарғы дәрежесі парасаттылықты, қожалықты меңгеру керек. Сондықтан да пайғамбарлық қасиеттерді, парасаттылықты толық меңгеру үшін сопылық жолға түсіп, дүниенің жалған істерін тәркі қылумен ғана бұрынғы замандары мүмкін болған еді. Абай атамыз мұндай жағдайда мағрипатқа жете алмағандардың көп болғанын да ескертеді. Сонымен бұндай тектіліктің сипатын қожа деп атап, бірақ адамзатқа ортақ дінінен, Алланың атау сөзін руға айналдырып алып енді «төре, қожа» дегендеріміз мұсылман сипатты жындылар болып табылады. Ал қожа болу үшін әкесі арап болып немесе сол қауымның ұрпағы болу керек деген пәтуаға құран арқылы 70 бұтақты иманның Алла тағалаға тұрақты жалғануымен нәтижелетін сипатынан дәлел келтіре кетейік.

       Алдыңғы тарауларда; Сөз қуатын меңгерудің жоғарғы дәрежесі 13 сандық белгімен байланысты болатынына мысалдар келтірдік. Олай болса, құранда да 13-ші сүре «Рағыд-құрметтеу» болып насихатталады. Аятта; «Сендерден кім сөзді жасырса да жарияласа да және кім түнде жасырынып, күндіз шықса да Аллаға бәрі бірдей. (10) Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы періштелер бар. Расында бір қауым (әркім өз жан дүниесімен байланысты бой өрісін, серік көлеңкелерін, аруақтарын), өзін өзгертпейінше Алла, оны (ол пендесін) өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға (барлық рухани өніміне, аманат жүктеріне) бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші жоқ.» (13-11) Негізінде әрбір пенденің рухани тұрғыдағы қауымы үш жұртымен байланса, бұл жұрттарды 7 атаға дейін тарқатқанда, 21 сатылық жұлдыздық көк мүлкіне жалғанумен дәрежелену керек. Ата жолының Айша ананың ақ туымен, 21 жұлдыздық белгімен бейнеленуінің құпия сыры да осындай жоғарғы қауымдықты меңгерумен де яғни  құран аяттарымен Раббымыздың үкімдерімен байланысты екені де хақ.

Адам баласының кеудесінен — көңілдік өрістің, сөз қуатының сүйектен өткен өнімдері мен қол екі істері – аруағы арқылы бой өрісімен бейнеленіп, періштелік қуатқа айналуы шарт.  Абай атамыз көңіл қуатын 6 сипатпен өлеңмен өрнектеп өтіпті. Сондықтан да алдыңғы жағымыз жанның бейнеленуімен, рұқтық қуаттармен бірленуімен яғни көру қасиетімен және сөз өнері қуатымен, екі қол істермен өсіретін ой қуатының бақшасы болып саналады. Олай болса, Мен-жанның айнасын ой бақшасының, ақыл-естің өніміне айналдырып, жеті бой өрісінен көңілдің қуаты болып қалыптасып, ал көңіл-бақшадан (бәйшешек бақшасынан) жүрек көзінің періштелік ұжданды, көңіл құсын жетілдіру Алла тағаланың қалауымен 7 аруақтық аманаттардың шындық, ғылымын меңгерумен ғана нәтижесін береді.

Сонымен оң жағымыз; Нағашы жұртынан 3 аруақ. Арт жақта; Өз ата-баба жұртынан 2 аруақ яғни 7 аруақ міндетті түрде аманат болып жалғанады. Сол жағымыздан; Қайын жұрт аруағынан 3 ата жалғанады. Әрине мұндай аруақтық жалғануды біз сезіп біле алмаймыз, бірақ аян арқылы ескертіліп, құран бағыштап, құрбан шалуға немесе түс арқылы аяндармен зиярат басына шақырып отырудың да белгілі қағидалары бар. «Шақырғанда бармасаң шақырғанға зар боларсың» деген аталарымыз. Сонымен бірге мұндай жалғануға да әрбір ер азаматтың өз бойынан бөлінетін көлеңкелерін қалыптастырумен байланысты 9 аманаты болса, әйелзатында 7 аманат болып бекіген.

      Біздер 60 бұтақты имандылық қуатын меңгеру арқылы ғана алдымыздағы ұжданымызды, яғни сана қуатына көктегі жұлдыздарға жалғанатын көңіл құсын, жұлдыздық сипатымызды қалыптастыру үшінде 5 анамен, аруағымен жалғанып, тылсым үнін алатын 5 жаулықтық қуатқа, 7 періштелік, 7 қасиеттік, 7 үндік қуаттық жүйеге жалғануымыз да міндетті болмақ. Осындай аманаттарды толық орындап, тылсымдық жүйелерге жалғанумен; 9 әулиелік дәрежені және 13 жандық сатыларды меңгеру шарт. Жанның 6 түрлі жаратылыстық белгілер арқылы түрленуден өтіп қалыптасатын болса, енді бұл қалыптасқан жанды тағдырлық аманатқа алумен, оны әрі қарай дәрежелеу үшін; 1-4 арасындағы дәреженің тәндік қозғалыс, қимыл әрекетпен, 12 мүшенің түгелдігі, 40 буын қозғалыстың бір жүйемен басқаруын қалыптастыру керек.

Олай болса, әрбір пенденің ішкі ағзаларымен, қуаттық жүйелерімен жалғанатын, көбейіп бейнеленетін, қауымдық тұрғыда жинаған, өндірген жарығының сырттағы бейнеленген көлеңкесі, серіктері, аманаттары, аруақтары болуы шартты болмақ. Негізінде адамзаттың өмірінің басқарушысы бас және жүрек болып табылады. Жүректің көзі алдыңғы жақтағы көңіліміздің өндірген бақшасының жұлдызы – ұждан, күзетші періште болып бейнеленеді. Ал артымыздағы жүректің есту қасиетімен байланысты және баспен арадағы жалғаушы қуаттық жүйе періштелігіміз, жан-жануарлар әлемімен, екі аралық тылсымдық өмірмен жалғанып және бастың ұждан арқылы аспан әлемімен, жер ананың рұқымен жаннаттардың да арасын жалғап тұратын маңдай тағдырлық періштенің қалыптасуына дәнекер болады…(жалғасы бар Наурыз айы 2016 жыл).

2 thoughts on “XX-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен адамдық және аманатқа қиянат қылмау туралы

  1. Қазіргі таңдағы масһаб діншілері мен, дін имамдары Алламен арада ешқандай дәнкер болмауы керек, тікелей Аллаға табынып (ұқсастықта болып), жалбарыну керек, деп түсіндіреді. Негізінде жалпы жаратылыстың барлығы тұтастай Алла болып, Алланы тану дегеніміз әлемдің тұрғыда ақылымыздың шамасы жеткенінше ғана жаратылыстың барлық құпия сырларын, ішкі зайырлық қадір, қасиет білімін және ақиреттік білімін меңгерумен ғана, Алламыздың өзіндік сипаттарын ғана ұғынып, танып, біздер үшін жаратқан қадір, қасиеттеріне, жолына бой өрісімізбен, жан өнімі көлеңке перштелігімізбен жалғанамыз. Сондықтан да сол жолдың сипаттарын, яғни көркем есімдерін меңгерген Раббымыздың (сүйген құлдарының) аттарына дұға, тілегімізді арнап Алламызды мадақтаймыз.

    Что такое Бог
    Разберём для примера имя «Юпитер», запишем его как UПИТЕР. Знак U обозначает верх, или верхний мир, знак П или обозначает низ, или нижний мир, а буквой/знаком Т вместе с твёрдым знаком, который в кириллице носил название ЕР, предки обозначали землю, или наш срединный, трёхмерный мир. То есть земля это ТЪ, ТЕР – отсюда происходит название «терра», то есть «земля под солнцем». Вместе всё это выглядит так: U ТЪ – UПТЕР – ЮПИТЕР – то есть Бог – это тот, кто обнимает верхний, нижний и средний миры и правит ими, что мы и видим из рис. 5. Это целостный взгляд на мир, а когда современные религии помещает Бога где-то наверху – это половинчатый взгляд, при котором ни о каком духовном развитии не может быть и речи. Отметьте себе, что мужское имя Юпитер включает в себя и женское начало – землю. То есть данное имя целостное и показывало правильный путь. Приведу другой пример, как предки видели и понимали Бога. В индуистском пантеоне есть богиня Renuka Yellamma – очень почитаемая и очень сильная богиня. Я пишу её имя латиницей, чтобы можно было ясно увидеть её суть. Ренука – Ре-ника – Вновь и Вновь Побеждающая. При этом ника – это тот, кто прошёл через низ: nica – нис – низ – дно (см. выше). Yellamma – знак Y это знак вилы, то есть знак, указывающий на присутствие Высшего Разума; эль – аль – переводится как «самый высший» и относится к верхнему миру, ла – тоже переводится как «самый высший», но на земле; mma – mama – мама. То есть перед нами имя Великой Матери – женское начало, которому поклонялись до того, как в мире победило мужское начало. Если соединить полученные сведения вместе, то имя Ренука Йелламма переводится примерно так: Вновь и вновь Побеждающая, обнимающая оба мира Великая Матерь, являющаяся Высшим Разумом. На рис. 5 ясно видно, что Великая Матерь обнимает верхний и нижний миры и является Высшим Разумом, который включает в себя мужское начало. Это видно из рисунка, но из самого имени этой богини не видно, что она включает в себя мужское начало, значит, оно передает однобокий взгляд на мир (возможно, эта богиня была главной в самый расцвет матриархата). Любой взгляд в наше время однобокий, если он исключает из видения одно из начал или какую-то противоположность. Целостное видение предполагает, что Высший Разум это когда верх и низ, явь и навь, Мудрость и Закон, Жизнь, Смерть и Сила Жизни являются одним Целым. Это и есть Бог, я думаю. И заметьте себе, что у Бога нет имени, даже имени «Бог», – у Высшего Начала нет ни имени, ни образа, ни пола. Расшифруем имя Аллах – Алла – так как букву Х можно исключить. Алла-Ал-ла. Ал обозначает нечто «великое, высшее», принадлежащее верху, нави, непроявленному миру, небу; ла – это нечто великое, высшее, но принадлежащее низу, явленному миру, земле. То есть имя (а лучше сказать восклицание) Аллах/Алла правильно соединяет в себе то, что принято называть Богом: Всё высшее в яви и нави, включая мужское и женское начала.

    1. Жарайсың Ербол. Шығармашылық шабыт берсін Раббымыз! Мұны парақшаларға да салып қооямын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *