XIV-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен адамдық және аманатқа қиянат қылмау туралы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 46

  «Ұлтымыздың өз тамырынан қол үзбей оған балта шаппай, әрі қарай өсіп-өркендеуіне жағдай жасау – ең үлкен міндеттердің бірі. Нарық қазақтардың болмысын бұзбайды, керісінше жаңаша жетілдіре түседі» (Нұрсұлтан Назарбаев). Ұлтымыздың тамыры бабаларымыздың бізге қалдырған көместік тұрғыда әрбір мен қазақ ұрпағымын деген пендесінің жеті атасына байланысты тарихы, шежіресімен арадағы байланысын, жан жібін жалғаумен, жалпы ұлттық тұрғыдағы ортақ аманаттарын жүктеліп меңгерумен, әлемдік қуаттар жүйесіне жалғанумен нәтижеленбек. Сондықтан да біздерге бұл өте күрделі, қиын, көмес тұрғыдағы рухани құлшылығымызды меңгеру үшін құдай ісінің ортақ жол-жобасы дәстүрімізді аманат қылып, нақылдармен, мақалдармен бекітіп берген.

Ал енді дін дәстүріміздің насихатын, аманаттарды меңгерудің ғибратты үлгісін меңгеруде біздерге түсінікті болуға, сөз мінезін сақтауға өз арамыздан Ясауи, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Абай-Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп т.б. әулие-әмби даналардың еңбегін мирасқа қалдырғаны да Алла тағаланың нығметі мен ғылымына дәлел болмақ. «…Нарық қазақтардың болмысын бұзбайды, керісінше жаңаша жетілдіре түседі» деген ел басымыздың ойшылдығына Абай атамыз; «…Жаңа сүйгіш адамзат, көрсе қызар. Ар мен ұят ойланбай, тән асырап, Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар. Туысқаның, достарың –бәрі екі ұшты, Сол себепті досыңнан дұшпан күшті. Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған, Бұл не деген заманға ісім түсті?!..» Жаңа сүйгіштік, заманға күйлегіштіктен адамзаттың ар-ұятынан ажырап туысқанға, ағайынға, адамзатқа деген сүйіспеншілік-махаббаттың жоғалатынын ескертіп кетіпті.

     «Абайдың мұрасы-қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар тауларға шақыра береді» (Нұрсұлтан Назарбаев). Олай болса; Абай-Шәкәрім бабаларымызбен барлық исламдық тұрғыдағы әулие-әмбилердің артында қалдырған мұрасы болған; Ясауи бабамыздың сәни-ақыл дәптерінен тарап қалыптасқан ата дәстүріміз, аталар жолымыз болып, жаңа заманға сай халықты құдай патшалығына, аруағымен жалғанып аманаттарын тазартып, меңгеруге шақырған, тылсымнан тозақтан шырылдап жатқан әке-шеше, туыс, бауыр аруақтары үнін тыңдауға, күнәдан ақталу жолына, Адам атты рухани әкеге ішіміздегі шайтан, жындарымызды сәжде жасатуға тыйым салып, ел басымыздың өзі қол қойып заңмен неге қудаланды?

    Сөз жүзінде жоғарғы мінберлерден керемет бабалар сөзін жаттап алып, қайталап, сайрағанмен іс жүзінде ар-ұятсыз елге айналып, «мәңгілік ел», «нұрлы жол», «ұлттық арман, жоба» жасап, сөз мінезін жоғалтқан, өз тамырына балта шапқан яғни асыл сөздің қуатын дүниелік  істермен айырбастап, сөз Раббысын мазақ қылған, екі жүзді жынды екенімізге де ашық дәлел емес пе? Жындылықтың да 70 топтық дәрежесі болады. Ең төмені шайтаннан болған жындарға тән қазіргі таңдағы қыз-қатындарымыздың тәндерін жалаңаштап, әурет қырларын көрсетіп, шашын жайып, қиып, онан құйрық майын өсіруге, сезімдік дертіне жаппай жарысып жыланға, түрлі жәндіктерге рухани өрістік тұрғыда бейнелену сипаты болмақ.

Ал, енді жоғарғы мұсылмандық тұрғыдағы жындар тобы болып кейбіреулеріміз шариғатты толық ұстанумен, ал кейбіреулеріміз болса тәндік тұрғыда ұяттылықты сақтаумен, бес парызды орындаумен шектелгенмен, сөз мінезін сақтамайтындар, ата жол дәстүрін толық мойындамайтындар, яғни ұждандық – ұяттылық, саналық-ұяттылық пен арлылықты толық меңгере алмағандар болып саналады. Сондықтан да олар ұждандық тұрғыда өзіне қарсы жыныстың ұятсыздығына іштей қысылып, оны түземек түгіл мұны жаңашылдық, «гендерлік теңдік» және заманға, әлемге лайық болу деп қабылдайды. Ал саналық тұрғыда сөзден ұялуды ең жоғарғы шенділер, ғалымдар, философтар да ұмытып қалған, яғни меңгере алмаған, сондықтан жындылар болып саналады. Орыс халқының ұғымында; «лицемерие-игра на публику» десе, тылсымнан әулие-әмбилер «Ой түземей бой түзеп кеттің ұрпақтар» деп ескертіп жатқаны да бар.

Осындай жындылық топтардың сипатын; алдыңғы тарауларда баяндап, негізінде білімді қауым мен діншілердің, ел билеушілердің, партияшылдардың түрлі жындылық топтарды құрайтынын да естен шығармаңыз. Енді бұл жындылық топқа кіретіндердің құдайдан қорқатыны, өлімді, тағдырды мойындайтындары да сөзсіз. Бірақ шындықты (құдайлық аян, уахи)  естіп, көріп, түсініп, құдайдан ұялуы жоққа тән десек жалған емес. Олардың ұяты Абай атамыздың ескерткеніндей; ««Ұяламын дегені көңіл үшін, Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін. Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ, Жігері жоқ, маңызы жеңу үшін…» деген сипатта болады. Ерік, жігеріміз арттағы хайуандық қуаттардың ақталмауынан, аруағымызға жалғанбауынан адамдық түсінік, ұяттылық жетілмей қалады. Сондықтан да қазір ел билеушілердің дүниелік жеңіл тұрмысты меңгеру, кедейлікті жеңуді, рухани әлеуметтілікті жақсарту деп түсіндіріп,  қалайда 30 елдің қатарына еніп, бүкіл халық заңға ғана сенім артып, құдайдан қорықпай, ақиретті ойламай, еш уайымсыз, өлідей ұйықтайтын болсақ, арманымыз да, бақытымыз да сол деген саясатты ұстанады. Сондықтан қазақ елінде шариғаттық тұрғыда ұяттылықты сақтауды меңгергендер көбіне діншілер болғанымен, ал ұждандылық, жандық тұрғысында ұялуды білетіндер аз ғана. Шәкәрім атамыздың «Ұждан қыз» деген әңгімесі бүгінгі әлеуметтілігіміздің көрінісі болуы да хақ.

Ұят-қызыл түсті шындық, ғылым қуаты болады. Ақиқатқа жету дегеніміз құранның шындығын толық меңгеру, ақиреттік білімде жетілгендік пен сопылықтың, ғылымды болудың жоғарғы дәрежесімен байланысты. Ал шындық ғылымды меңгеруді жасынан әдетке айналдырмағандықтан, саналықтың яғни құдайдан оңаша ұяла білмек қасиеттің жетілмей қалуына әкеліп соқтырады. Сана деген барлық жаратылыстың есебін, өлшемін, сипатын, өзін-өзі тану, ақиреттік біліммен байланысты. Сондықтан да; «Есеп білмеген есек (жынды)» аталып; «Өткен өмір, жасаған жасың не жұмыспен өткендігін, соның есебін өз басыңнан өзің алуың керек. Бүгін бір сөзді өзіңе-өзің тауып айта алмай тұрсың, таңда Құдай алдында қалай тауып айтамын деп ойлайсың» (Мәшүр Жүсіп). Олай болса, әрбір пенде ұжданымен өз жанымен, ішкі құдайлық  «Мені» алдында есеп беріп, ұйқы кезінде тілдесе алса, онда ақталған, тірі болып, ұяты-шындығы толық барға саналмақ. Болмаса; «Санамасаң саннан шық, Елемесең елден шық» деген қазақта.

  Енді пайғамбарымыздың; «Еш күмәнсіз, Ұлы Алла тағала қандайда бір пендесін жоюды қаласа, одан ұятты тартып алады. Ұятты алған соң, ол пенде тек қана ашуға ұшыраған адам (жынды) болады. Ал ашуға ұшыраған соң (жындылыққа түскесін), онан сенімділік сипаты (аманат) алынады…» деген ескертуіне «Мен бір сөзге көп ұғымдарды енгізу үшін келдім...» деген өсиетін ескерсек, араптар үшін ұят деген жалпы шариғат әдебі болса, қазақтың дәстүрінде ұяттың тарихаттық, мағрипаттық, ақиқаттық дәрежелері бар. Ұят пен таза ақыл қуаты қосылғанда ғана махаббат болып саналады. Ал, Мәшһүр Жүсіп атамыз; Махаббат 4 түрлі болады. 1. Махаббат-рухани; Алла тағаланың сүйікті құлдарына, пайғамбарларына, достарына, әулие-әмбилеріне деген сүйіспеншілік; 2.Махаббат-қылбиа; ғылымға, заманындағы ғылымды меңгере алған ғұламаларға деген сүйіспеншілік. 3.Махаббат-ғақлия; өзара ұрысқан, кейіннен татуласқан туысқандар, ұлттардың арасындағы сүйіспеншілік. 4. Махаббат нысани; ерлі-зайыптылар арасында бір-біріне нәпсілік жан және нәпсілік тұрғыдағы ғашықтық, құмарлығымен байланысты қалыптасады. Соңғы екеуі көшпелі болады деген.

    «Әлемді Алла нұрлы сөзден шындық арқылы жаратқан» деген барлық киелі кітаптарда. Себебі Алла тағаланың 3 ғылымдық сипаты атау сөздердің ішіндегі ой қуатында, ұлттық тілдік үнінде өзіндік сипаты жасырылған. Сондықтан да Адам болу, ұлтының тілінің өзін білу, сөздің ой мәнісін, шындығын, ғылымын білумен оны біліммен бейнелеп түсіндіре алғанды әулие деп атаған.  Олай болса, жаратылыстағы барлық нәрсенің қуаттық жүйесі болып, жанды нәрселердің өсіп-өнуімен, азығы яғни сөздің өзі – періштелердің бірлік жүйесі, бейнелік, таңбалық белгісі болып табылады. Ал періште дегеніміз құдайдың нұрлы сөзінен, су мен будың әрекетінен пайда болған, сандық тұрғыдағы өлшеммен қалыптасқан, белгілі бір қозғалыстық, тербелістік қуаттық жүйе болып табылады. Сан  дегеніміз су мен будың әрекетінен бейнеленетін, оң санды қуаттың шамасы болады. Ал теріс сандар түтінмен байланысты деп түсінген жөн.  Ақыл мен ойдың жоғарғы дәрежесі сана – оң сандардың жарықтық сипатымен, Алла тағаламен арадағы байланыс жібі болмақ.

Сонымен Адам атамызды жаратқанда осындай оң сандық, он еселенген жақсылықпен дәрежеленген жүйемен бейнеленген 41 періштенің қызметке тұруымен және рұқтық бейнеленген 8 түрлі малдық нәпсілік қуатты меңгеру тиісті болып, 41+8=49 санды белгінің иманның негізі қуаты болуында да осындай құпия сыры бар. Олай болса, адамзат үшін Алла тағаланың тылсымдық 49 үнін түсініп меңгеру үшін көктегі жеті жолға, жеті бойлық өрісімізден, жүрегімізден шыққан қуаттардын, сөз өнерімізден, қол ісі аруағымыздан пайда болған көлеңке – айна, иман серігіміз, жолдастарымыз арқылы жалғанып,  жанымызға құпия білім түрінде жазумен, тақуалық, сопылықтың, адамдық, әулиелікті меңгерудің сипаты болады. Сандық тұрғыда; 7×7=49; 32+17=49; 6×3=18+31=49; т.б. намаздық сипаттармен меңгеру керек болса қазақ дәстүрімен; «Тоғыз төре төбеден келмей, қырық қожаны қырқа асырмай текті аталмас (Толық Адам тұлға болмасдеген. Ал, Алла тағалаға ұқсас ғылымды, ар сауытты Адам болудың сыры өте терең, жетілген тұлғалық қасиетті ұғым екенін түсіну үшін  жаралыстың заңына, себепшілеріне де мұқият болу керек. Енді жаратылыстың  хикметті біліміне тағы тоқтала кетейік.

Жер әлемінің тіршілігі ақ пен қараның өзара қарсылығы мен өмір сүру үшін екі түрлі жаратылыс нәрселерінің өз үстемдігін жер бетінде қалыптастырумен бейнеленеді. Сондықтан да мұндай жер бетіндегі екі түрлі өзара тең емес қуаттардың арасына Алланың атқарушысы әрі екеуін де тең дәрежеде меңгеріп бірлігін, бір қуаттық жүйесін қалыптастыруға өзіне орынбасар қылып, Мен сипатынан, шындықтан, ұяттық қуаттан, махаббатынан және барлық жаратылыстың қасиеті ақ топырақтан Адамды жаратқан еді.  Аятта; « …Сонда Адам  ол заттардың аттарын (қасиеттерін) айтқан сәтте, Алла: «Мен (Адамдық сипатым) сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істеріңді білемін (көріпкелдік қасиет) деп айтпадым ба?» деді» (2-33) Сонымен жаннатта метафизикалық тұрғыда Адам-Мен сипатты жаратылыс болып, Адамнан көбейетін жанның негізі даналық болып, ақ топырақтың сипатында Хау анамыз жаратылған еді. Адам бастапқы нұрдан рұқ, Алланың сөзі, шындық  Мені-Кісі болып, туылмай жаратылған жалғыздық сипатта Ол Алла болған еді.

Енді Алланың Өзі Мен сипаты; Адам-Рұқ-Әке болып, онан жаны, ақыл даналығы; Хау –Жан-ана болып жаратылған еді. Жанға берілген сезімдік қуаттың, нәпсінің теріс ой- ібілістің ықпалымен жүктеліп көбеюдің тегі болған; жындық қуатпен-қара түрмен жүктелуден кейін жер бетіндегі адамзаттық, жер әлеміндегі барлық табиғатпен тұтастық бейнеде қайта жаратылып, енді заттық-жануарлық және адамдық рухани тұрғыда да туылуға, көбеюге тән қасиеттілік сапаға еге болған еді. Олай болса, жынды және рұқты қайта меңгеру үшін барлық жаратылыстық қуаттар жүйесіне жалғану да шартты болады. Ал негізгі бастапқы, жаннаттық метафизикалық  Адам-мендік жаралыс тегінің, адамзаттың көместік рухани дүниемізде «Мені» болып, адамзат ішінде Алла тағаламен арадағы елшілікте тұрушы- кісісі, нұры және періштелігі болып қала бермек. Абай атамыз; «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп ойнап күлмес. «Мені» мен «менікінің» айрылғанын «Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес.» деген насихатының да жаратылыстың жан ғылымынан хабар беріп тұрғаны хақ. Ажал – қара, жынмен, әзірейіл періштелігімен байланысты болып, негізінде осы қара қуатты жынды да адамзаттың меңгеріп бір қуатпен, шындықпен мәңгілік  өмірге жалғануға парыз болған.

Ажал – қара, қияметтік жағдай болса, ал өлім дегеніміз өмір үшін ақ пен қараның шарпысуынан арасында қызыл қуатты, шындықты меңгеру арқылы, мәңгілік өмірді меңгеру болмақ. Абай атамыз; «Қансонарда бүркітші шығады аңға…Біреуі — көк, біреуі- жер тағысы, Адам үшін батысып қызыл қанға. Қар-аппақ, бүркіт-қара, түлкі — қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға..Күйеуі ер, қалыңдығы сұлу болып, Және ұқсар тар төсекте жолғасқанға…» Көк пен жер қуаттарының жұбайлық өмір арқылы адамзаттың қаны арқылы Адамдық текті меңгеруші ажалмен күресіп өмір сүруді  жалғастырудың, яғни ажалды жеңіп мәңгілік жанды Менді жетілдірудің сырын насихаттайды. Яғни ар, ұят, ақылдың басқаруымен қара қуат жын арқылы ақтың ішіндегі қызылды ұстап, Адамға, әлемдік қуаттық жүйеге қосамыз.

Олай болса, әрбір адамзат баласының құдайлық «Мені» мен табиғаттық қуаттар жүйесіне бірленген «Менікі» арасын ажыратуға көместік, денелік тұрғыда бір жағдайдан келесі жағдайға өткізуге арналған, яғни сезім тұрғысында «мың өліп мың тірілу» тәрбиесі дәстүрдің де негізі болмақ. «Мен» құдайға ұқсастық, періштелік әрі кісілік сипатымыз  «Бір» болса, ал «менікі»-табиғатымыз, жерлік өміріміздің барлық ақпараттық тұрғыдағы жинаған, күнәдан ақталып жетілмеген жағдайда жындық, жандық-шайтандық, малдық, хайуандық, құстық, жәндіктік немесе бой, денесі жетілген бір тұтастықта, адамдық сипатта аруақтық бейнеміз шындықтың дәрежесі болып қалыптасады. «Мен» біртұтас қуаттардың денесі  періштелік сипатта бейнеленіп, ал менікі оның аруағы қол- қанаты болып қалыптасуы керек.

Адамзаттың ар-ұяттылықпен немесе арсыздық, ұятсыздық тұрғысында да меңгерген барлық рухани өнімі (иісі, жылу, сөзі, бой өрісі) бақшасының өнімдері  тылсымда, ақиреттік өмірде періштелік сипатпен бейнеленіп, қанатты және қанатсыз болып, ұрпақтан ұрпаққа жалғануға берілетін аманаттық, тағдырлық кітабы, қуаттар жүйесі болып саналады. Қанатты періштелер адамзатқа иықтан, білектен еніп жалғанса, ал қанатсыз періштелер, қуаттар табаннан еніп, сүйекке қарай өтеді. Шеріктер тобына жататын бір қанатты періштелердің; Көз, тіл, сұқ өту, бой өрісіне қосып алумен байланысты болады. 2 қанатты періштелер; Өңеш, төс, екі жақпен, жұтумен байланысты бейнеленеді. 3 қанатты періштелік; Қолтық, білек арқылы көрінеді. 4 қанатты періштелік; Шынтақ, қос бүйректе түзіледі. 5 қанатты; Жауырында және екі алақанға бейнеленіп көтерілумен байланысты болады. 6 қанатты періштелік; Балтырда бейнеленіп жатырға түседі. 7 қанатты періштелік; Адам бойындағы үй (дене, сана өрісі) болып бейнеленеді. Екі иыққа жалғанып, саусақ арқылы орнығады. 6 қанатты періштелік қуаттар денесі 7-ші қанаттың қалыптасуы арқылы үйге қонады. Ең жетілген қуатты періштелік сипат адамзатың жанымен, ақыл-ойымен, өнерімен байланысты өсіп жетіледі. Қазақта; «Бақ қарасын, қыдыр дарысын» деген мақал да осы жағдаймен байланысты айтылады.

Мен иманның дәні болып, менікі-табиғаты, бақшасы, егіндігі, оның өсіп-өнетін ортасы болып, Ғиса пайғамбарымыздан; «-Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндерінің кейбіреулері жол бойына түсіп қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып жеп қояды. Басқа тұқымдар тастақ жерге түседі. Олар топырағы жұқа болғандықтан тез көктеп шығады. Алайда күн шыққан соң күйіп, тамыр жая алмағандақтан қурап қалады. Тағы бір дәндер тікен арасына түседі. Тікендер қаулап, оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды. Ал өзге тұқымдар құнарлы топыраққа түседі. Бұлардың біразы жүз. Басқалары алпыс, бірқатары отыз еседен өнім береді. Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!». Бұл астарлы өсиеттің масһабшы, діншілердің құдай пендесімен тілдесіп, өз нұрынан аян, уахи бермейді деген пәтуаларын терістеп және құранмен бекіген аяттарын растап тұрғаны хақ.

Аятта; «Олар, Алланың нұрын (аян, уақи, хабарларын) ауыздарымен өшіруді (ой жору, құдай ісіне қарсылық) қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла тағала мұны ұнатпайды да өз нұрын тамамдайды.» (9-32) (сәжде) Алла тағала нұрын, рұқтан сөзін, ғылымын кәпір болған пендесіне де тағдырына байланысты несібе ризық қылып, сөз періштелері, киесі арқылы аямен көрсетіп, уахимен естіртіп, жоғарыда көрсетілген қанатты, қанатсыз періштелері арқылы немесе аруақтар арқылы жанына жазып отырады екен. Ал енді Алланың мұндай нұрын адамзаттың меңгеру, ақталу құлшылығына келсек; Ғиса пайғамбардан; «Сендерге шындығын айтайын; көптеген пайғамбарлар мен әділ адамдар сендер көріп жүрген нәрселерді (аян, уақиларды) көргілері келді, бірақ көре алмады, сендер естіп жүрген сөздерді (тылсымнан аруақтар батасын) естігілері келді, бірақ ести алмады. Енді тұқым сепкен диқан туралы әңгіменің мағынасын тыңдаңдар. Біреу Патшалық туралы хабарды естіп, түсінбесе (өлілердің тылсымнан сөйлеуін), лезде әзәзіл шайтан келіп, сол адамның жүрегіне себілген бұл сөздерді, «иман білімін» ұрлап алып кетеді. Жол бойына түскен тұқым осы. Ал тастақ жерге себілген мынаны көрсетеді; адам Ізгі хабарды естіген бойда оны қуанышпен қабылдайды, бірақ тамыр жаймағандықтан берік болмайды. Ізгі хабарға бола басына азап не қуғын түскенде дереу сенімнен безіп кетеді. Тікен арасына себілген дәндер болса, мынаны білдіреді; біреу Ізгі хабарды естиді. Алайда бұ дүниелік тұрмыс қамын ойлап абыржып, байлыққа алданады. Осылайша Ізгі хабар ескерусіз қалып, өнім бермейді. Ал құнарлы топыраққа себілген тұқым болса, мынаны бейнелейді; адам Ізгі хабарды тыңдап, түсініп, өнімді болады. Ол жүз, алпыс, немесе отыз еседен өнім береді

    Қазіргі таңда қазақ халқының басынан өткеріп жатқан жағдайы; арсыздық, ұятсыздықтан, рухани өлім ұйқысынан оятуға құдайдың патшалығы басталып, өліктер сөйлеп, күнәдан ақталуға, шайтаннан болған жындарын біртұтас Алланың көркем есімдері «Бізге» жалғанып, Адам есіміне лайық болып, Алланың сүйікті құлы болған достарының алдына сәжде жасатуға, ібіліс ұрпақтары мен шайтан жамағаттарының қарсы болып өздерінің оттан ғана жаралғанына, барлық періштелерден де артық жаратылыс екендерін, Алла тағалаға тікелей бес  намаз-тәңірлері арқылы ғана жалғана алатындарын  дәлелдеуге тырысып «менін» ұмытқан жайлары бар. Әлемдік рухани бүлікке, түнек күштерінің мүддесін қорғауда қазақтың  ел билігінің, зиялы қауымының да еңбегі ібілістің тарапынан бағалауға лайық деп біліңіз ..(жалғасы бар Ақпан 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *