XVII-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен адамдық және аманатқа қиянат қылмау туралы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 49

   «Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден жаратқан және онан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ер әйелдерді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан және туыстардан безуден сақтаныңдар. Шәксіз Алла тағала сендерді бақылаушы.» (4-1) Жер бетінің барлық тұрғындары заттық, тәндік болмысында жануарлық сипатта, қуаттық, ұлттық, қылықтық, мінездік нәпсілік тұрғыда ерекшеленетін болсақ, адамдық нәсілдік, кісілік, тектік тұрғыда; Адам баласы болып аталамыз. Кісі ұғымы; толық кемел, жетілген адам, тұлғалықпен адамзаттың жасырын рухани жетілген, дін тұрғысындағы тазалық жағдайымен байланысты. Адам — бір тұтас кісіліктің шамасы және жаратушымыздың Раббылық Меннің сипаты, көшірмесі, бейнесі болып саналады. Олай болса, толық кісіліктің дәрежесі; Адам-Хау-Ер-Әйел рұқтық жағдайда төрт сипаты болып және адам балалары нәсілі  болып қалыптауы үшін жандық тұрғыда көбейіп жетілудің бес түрлі кісілік қуатын меңгеруіміз керек. Олар; 1. Қозғалыс-тіршілік қуаттары. 2. Ұйқы-өлім-көк қуаты; 3. Аян-өткен өмір қуаты;4. Ой-білім қуаты; 5. Жүрек-ес, ақыл, сана қуаты болып, адам баласының (4+5=9) тоғыз сипатты кісілік жағдайын қалыптастыруы шарт. Қазақ даналарының; «Тоғыз төре төбеден келмей текті аталмас» деген.

   Ал енді кісілік қуаттарды, тектілікті меңгеру жағдайында бүкіл жер әлемнің барлық адам баласы өзара белгілі бір жүйемен туыстықта, байланыста тұруы да хақ. Шығыстық «медицинада» да 9 түрлі кісіліктік қуаттың адамзаттың тәнімен ылғалдылықпен  байланысты болатынын дәлдейді. Тура жол дегеніміздің өзі көместік, метафизикалық тұрғыда 9 кісілік қуаттарын бір Мен арқылы басқаруға жалғанып және Меннің бастауы болған әлемдік қуаттар жүйесіне; Адам-Хау-Әйел-Ер кісілік арқылы ғана лахфуз махфуздық ашық Кітап жүйесіне-аянға, аспан мүлкі «Біздерге» жалғанумен байланысты болады. Аятта; «Негізінде біз ап-ашық үкімдерді әрі тура жолды Кітапта адамдарға баян еткеннен (аян, уахи, әулиелер батасы) кейін жасырғандар (жорып амал қылмағандар), соларға Алла лағнет етеді әрі барлық лағнет етушілер лағнет етеді.» (2-159)

Әрбір өмірге келетін нәрестенің өмір жарығының тегі болған, кісілік нәсілден бастап жаратылуын аятта; «Алла тағала көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы: Ішінде жарық қуыс сияқты (ана құрсағы). Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек; бейне інжудей бір жұлдыз (кісі). Шығыста батыста болмаған берекетті зәйтін майымен (ата шауқатымен) тамызылады. Тіпте от тимей-ақ оның майы жарық бергелі тұр (ұрықтың жетілуі) Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді.» (24-35) Қазақтың нақылында; «Жақсы қыздың құрсағында алтын бесік жатады», «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан» деп кісілік сипатының әкеден қызға ауысып, тұқым қуалайтынын да ескерткен. Керісінше жандық қуаттың анадан ұлға ауысып, ананың көз қарашығынан ұлдың бел қуаты, яғни аналық зәйтүн майының қуатынан болатын да жаратылыстық құпия сыры бар. Әйелзаты зәйтүн ағашымен кісілік тегі байланысты болып, көз қарашығы осы тектің белгісі және өмір сүру барысында 13 рет алмасуы, өзгерісі болады.

Ал енді ислам ғалымдары мен біздің масһаб, муфтият діншілерінің қазақ дәстүрінде от басында өмірге ұрпақ келмеген жағдайда киелі орындарды, әулие-әмбилердің зияраттарына тағзым, тәу ету арқылы, осындай Алла тағаланың жер көктік нұрына жалғанып, бала сүю бақытына ие болуын да құран аяттарымен Раббымыз растайды. Аятта; «Бұл нұр (кісі-жұлдыз) Алланың жоғары бағаланып, ішінде өзінің атының (сүйікті құлдарының көркем есімдерінің) зікір етілуіне бұйырған үйлерінде болады. Онда ертелі-кеш Оны дәріптейді.» (24-36) Бұл аятты егер мешіт үйі деп ұғынсақ, онда мешітте тек жарық уақытында ғана Алла тағаланың Ол сипатын, құлдарын дәріптеп құран оқып, құдайға сыйыну керек болады. Әрине мұндай орындарда түннің мезгілі тыныштық болып, тек қана таң мен кештің арасында атқарылатын зиярат орнындағы құлшылықты ескертіп тұрғаны да сөзсіз.

Сонымен мұндай жарық нұр-жұлдыз-кісіліктің; Адам баласы болып аталуымен; Адам атамыздың белінен алынған нәсілдік сипатымыз; «Әлмисақ уәдеміз» болып, метафизикалық қуаттық өріс сипатында; Түйіршік тәріздес алқызыл түспен бейнесі болып; әйелдік жыныстық сипатта көгілдір түспен, 0,3 сандық белгімен, 18 сандық қуат болады.  Ал еркектік жыныстық нәсілде 0,7 сандық белгімен, қара сұрғылт түсті; 81 санды қуаттық шама болады. Негізгі түсі алқызыл жұлдыз-махаббат нұры болып жерге түсіп, онан әулие-әмбилердің, Алланың сүйген құлдарының рухани қуаттарымен қайта бейнеленіп, жыныстық сипат алып барып әйелдер жатырына енуімен, біздердің жер бетіндегі ұлттық сипаттағы, шежірелік болмысымыздың тегі болып саналады.

    «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сенде сүй ол алланы жаннан тәтті…» деген Абай атамыздың насихаты осы шындық-қызыл қуаттың негізінен адам баласы болып, Раббымызға берген уәдеміздің де сипаты болып саналды. Алдыңғы тарауда ескерткендей Алла тағаланың өзі құдайлық сипаттың «Мен»-жанға иман қуаты болып, нәресте кезінде 40 күн толғанда енетіні және оның нәсілдік бастапқы кісілікке жалғанып; 8 түрлі таза жындық қуаттың да белгісі келіп, жүректе негізгі орны болып; барлық сезімдік, жүйкелік жүйеде, көкіректе бейнеленіп, негізінде 8 кісілік белгімен, адам баласы кісілігімен қосылып 9 түрлі кісілік сипаттың біртұтас бір ғылымның басқаруында бейнеленуі керек. Сондықтан да бұл кісілік сипатқа жан берумен жанның да 9 түр ерекшелігі болуы шартты болмақ. Негізінде адамзаттың рухани жаратылысында 2 негізгі нұрдың сипаты және 8 жындық қуаттың, Алла тағала нығметінің, ғылымының кереметінен қуаттар жүйесі болады. Інжілде Ғиса пайғамбарымыз; «Екі торғайды сегіз тиынға сатып алмайсыңдар ма?» деп ескертіп; 1. Амал, 2. Сауаппен келетін игілік арқылы, 8 жындық қуатты жұмсау арқылы бұл нұрларды өсіріп көбейту керек екенін білген жөн.

    Сонымен мұндай кісіліктің тегі бірі оттан рұқпен байланысты болса, ал енді бірі сумен жанмен байланысты болып, ана мен ата тектің өзара қосылуымен және оның арасында енді үшінші текті (ағаш) кісілікті жетілдіруді де қажет етеді де, ер азаматқа; «Үш ағашқа ат байламаған еркек еркек емес» деп, «Сегіз қырлы бір сырлы болу» болса, ал әйелзатына «Он теңгелі» болу керек те әйел мен еркек жинаған рухани қазыналарының «екі жарты бір бүтін болу» «Гендік бүтіндікті сақтау» болып 9+10=19 санды «Мариям-бой ұсыну» рухани жағдайының қасиеті пайда болады. Сондықтан ер бала бірі кем «Бойында дақ» болса, қыз бала «Бойжеткен» болып саналды. Ал Абай атамыз бұл екі тектің жағдайын; «Ата тегің мұндағы-Орта жүздің ұлығы; Ана тегің ондағы-Өзен судың тұнығы..» деп және «Сөз сатып алып не керек, тәңір сені екі сөзбен атқан» деген астарлы сөзбен бір сөз; Мен — Жүрек иманмен байланысты, екінші сөз, Тіл-діл-дін-кәлима ұлттық нәсілдік белгі, уәдеміз деп түсіну керек.

Құранда кісіліктің жағдайы, рухани сипаттары ер көбіне ер азаматқа байланысты болып насихатталса, ал інжілде әйелдер меңгеруге тиісті аймен байланысты нұрды, жандық ақ қуатты меңгеруді жақсы түсіндіре білген. Ғиса пайғамбарымыздан; «Он күміс теңгесі бар әйел біреуін жоғалтып алса, оны тапқанша шам жағып, үйді сыпырып, бар ынтасымен іздемей ме? Тауып алған соң; «Жоғалтқан теңгемді тауып алдым, менің қуанышыма ортақ болыңдар!» деп достары мен көрші көлемдерін шақырады. Сендерге шын айтамын, Құдайдың періштелері теріс жолдан қайтқан бір күнәкар үшін де осылай қуанады.!». Құдайдың періштелері Алланның сүйген құлдары екенін құранда ашық ескерткен. Әрине біздің ата-бабаларымыздың аруағы-кісілік, періштелігі қандай да бір ұрпақтарының теріс жолдан қайтқанына шаттанып қуанатындары да хақ.

Енді әйелзатының он теңге байлығына, толық кісілік-кемпірлік жағдайына келсек; 1. Нәзіктік; 2. Ибалық; 3. Имандылық; 4.Сабырлық; 5. Қанағатшылық, 6. Жылылық;      7. Сезімталдық; 8. Кішіпейілділік; 9. Ізгілік болып, бастапқы әкелік кісіліктің негізінен болып, ал енді әйелзаттарының үнемі жоғалтып алатын, мұнан жындардың ықпалына түсіп, қалған барлық кісілік негіздерінің жоғалуына ұшырататын Хау аналық даналықтан; 10. Төзімділік болып саналады. Қазақта; «Ана болдың – дана болдың» яғни 10 теңгеңді төзімділікті меңгердің деген өсиеті қалған. Әйелдік жыныстық сипатын, ерекшелік қасиеттерін, дін-ділін, ұят, ұжданын сақтаудың бәрі осы төзімділікпен ғана байланысты. Ел билеушілеріміздің «Гендерлік теңдік» атты саясатының негізі де ібілістің ықпалына түсіп, әйелдерге ғана тән аналық төзімділікті ұрлап алумен ғана нәтижеленеді.

Қазақ әйелдеріне тән ұлттық тұрғыда жоғалтып алған тектілік, төзімділікті табу үшін де ұяттың даналық, ақылға, сезімнің аңғарымпаздығына байланысты жарық-шамын көзде жағып, өзін-өзі жан айнасынан көре алуына жол ашатын, ата жолының әзірге меңгерілмей жатқан дәстүрлік сипаттағы құлшылығын заман білімімен байланысты жетілдірумен ғана мүмкін болмақ. Әйелзаттарынан төзімділік жоғалғанда шайтаннан болған жындарға айналып, құйрықтарына қоңыр май жинап иістері шығып жәндіктенулерімен, еркектерден сана, жете жоғалып, кісіліктің де қуаты жетілмей, «Мәңгілік ел болу»деген құр ертегі ғана болмақ. Себебі әйел рұқтан өнім алудың яғни жан өнімі тұрғысында егіндік болса, еркек керісінше жан арқылы рұқтық, малдық қуаттарды көбейтіп өсіретін бақташы, қойшы болмақ. Мал – жан мен рұқтың (жынның) қосылумен болатын еркектерге тән рухани қуаттық шама болса, ал егіндік, бақша-сезімдік (шайтандық) қуаттармен рұқтық таза қуаттардың әрекетімен керісінше жанның өнімі болып жетіледі.

Сонымен негізінде барлық рухани қуаттардың Мен-жан арқылы басқарылуымен әйелдерде төзімділік сипатын меңгеруге; «Қырық үйден тыйым» аталып, негізгі ағзалары; 1. Құлақ бездері, (екі без); 2. Тамақ бездері (екі без), ас қорыту жүйесінде екі без 3. Ұйқы бездері, жан өрісімен ойлау қабілетімен байланысты  (екі без) 4. Көкірек бездері; тыныс алу, жүрек соғу, омырау, өңеш, жүрек қалқаншалары, нәр беру жүйесі мен ойлау жүйесіне байланған (жеті без) 5.Ас қорыту жүйесінің бездері ; 6. Ішкі құрылыс; бауыр, өт жолдарының бездері; 7. Жатыр бездері, 8. Қуық бездері; 9. Бүйрек, нәжіс тамырларының бездері болып 40 без – жан мен рұқтың кездесу ошақтары болады. Ал жанның негізгі үйін қайталай кетсек; 1.Төбеде; 2. Құлақ шекеде; 3.Жұтқыншақта;         4. Тілде; 5. Бауырда; 6.Балтырда; 7. Санда; 8. Жамбаста жер көктік ақпараттардың қанда тоғысуы мен жетіліп өсіп көбейетін жандық қуаттардың бой өрісімен тығыз байланыста тұрып, киіммен қорғалуы тиісті болуы шарт.

Ал еркектің жанды көбейтуге емес, ана сүтімен және жұбайынан алған жандық жарықтардың қуатын зорайтып арттырумен, ақыл біліммен байытумен айналысуы керек. Еркектің жан үйлері болып; 1. Ойлау жүйесі, ағзалары; 2.Іскерлікпен байланысты қолдың тазалығы; 3. Белді таза ұстаумен байланысты бой тазалығы; 4.Табан ағзаларының ақталып тазару, өрісінің қалың болуы; 5 Бел қуатының (шауқатының) нәрлі болуын қамтамасыз етуі, ас қорыту, дұрыс тамақтана білуі, арамнан аулақ болу; 6. Желке қуатының қалыпты болуымен ерекшеленеді және еркек дін құлшылығының рұқтық қуаттарды, жындарды меңгерудің  жауапкершілігі де қиындығы да әйелзатынан талай есе артық екені де сөзсіз.

Мұхаммед пайғамбарымыз; «Адам баласында 100 кесек ет бар, оның негізгі  біреуі бұзылса, қалғандары да бүлінеді» деп ескерткен екен. Олай болса ер азаматтарының 99 бұлшық еттері рухани тұрғыда еркектік жыныстық, жындық кісіліктен болып, ал жүректің анадан, жан негізінен болып бейнелетінін ескерсек аятта; « Ғиса пайғамбарымыз; «Егер араларыңда біреудің жүз қой болып, солардың бірін жоғалтып алса, ол тоқсан тоғыз қойын далаға қалдырып, жоғалып кеткенін тапқанша іздемей ме? Тауып алған соң, оны қуана–қуана иығына салып алады. Үйіне келгеннен кейін; «Жоғалған қойымды тауып алдым қуанышыма  ортақ болыңдар!»-деп достарын, көршілерін шақырады. Сендерге шындығын айтайын; сол сияқты «Маған теріс жолдан қайтудың қажеті жоқ» дейтін тоқсан тоғыз «әділ» кісіден гөрі, теріс жолдан қайтқан бір күнәкарға көктегілер көбірек қуанады!». Шынында бүгінгі күні қазақтың барлық ел билеуші, дінші, «зиялы» атты қауым өкілдерінің бәрі дерлік бір қойын және аманаттарын жоғалтып алғаны да хақ. Сондықтан құрбандық шалып, ойпатты жерлерден жан қуатын іздеуден бас тартып, бас ағзаларын тазарта алмай, аманаттарын да таба алмай, жетелері қалыптаспай, осы уақытқа дейін құдайдың мың түрлі ескерту белгісі келсе де, қазақ ұлтының екі күнін күштеп тартып алып, оны жарыққа шығаруға жол бермей, өз бағыттарынан «әділдік» деп атаған заң шешімдері мен пәтуаларын өзгертуге жүректеріндегі шайтандары қарыстырып қойғаны да сөзсіз. Кезінде Перғауын елінің басшылары мен құдайдың ескертуін жеткізген Мұса, Һарұн елшілердің жағдайы қазақ елінде рухани тұрғыда қайталанып жатқаны хақ….(жалғасы бар Наурыз 2016 жыл) 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *