Біздердің ұғымымыз, түсінігіміз сырттағы бізге беймәлім құбылыстардың ішкі зайыры яғни түр, түстік, қуаттық, қасиеттік, тектік сапаларының белгілері оларда емес, керісінше біздің өзімізде ішімізде болады. Әлем сөзден бастап жаратылған деген астарлы ұғымның мәні де жарықтың зайыры, үні, қасиеттері нәтижесінде адамзаттың ақыл-ойымен атау сөз болып бейнеледі. Бұл сырды алғашқы меңгерген, жаратылыстың барлық қасиетті белгілерін атау сөзбен белгілеп шыққан Адам атамыз болады. Сонымен иман парасаттылық қуат түрінде барлық жаратылыстың ішкі зайырын бейнелеуші, жоғарғы ұғым, қуат, күш болып Адам атамыздан бастап жаратылды. Бүкіл адамзаттың тарихи оқиғалары мен қаракетті, қасиеттері, тектілігі тазарудан өтіп Раббымыздың нұрымен қосылып иман қуатына айналып отырады. (more…)