XXIII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 67

Адамзаттың  бақытты өмірі сүруін, қайғысыз тіршілігін, өсіп-өнуін қамтамасыз ететін күшті ақыл деп атаймыз. Ақылдың жоғарғы дәрежесі даналық болып, мұны өмірдің ағашы, көркем сөздердің бейнесі болады. Ақыл -күш, қозғалыс басы болса, оның қозғаушы себебі ой қуаты болады. «Таза ақыл қозғалыссыз мида жатса шіриді» деп ескертіпті Шәкәрім атамыз. Адамзат пен жануарлардың ерекшелігі де ойлау қасиеттілігінің артықшылығы мен қуаттылығын меңгеру арқылы, барлық қуаттардың жүйесін, бүтіндігін қалыптастыру арқылы «Жан» атты жарық нұрды өсіру, жарату қабілетін меңгерумен махаббаттың өнімін көбейтіп, өсіретін жаратушының жер бетіндегі орынбасары болып саналамыз. Олай болса, жаратушы иемізге құлшылық жасау дегеніміз; намаз оқып жалбарынып, тілек тілеп, өз басымыздың, дүние тірлігіміздің немесе бізге беймәлім ақирет өмірдегі қызық пен қуаныш, рахаттық сезімге жетуді армандап, жан амандығын ғана ойлау ма екен? Жоқ, біздің құлшылығымыз ақыл-ойымызды жетілдірудің қамындағы барлық адамзатқа қажетті әрекеттерді түгел қамтуы керек. Жинаған ақыл қуатымыз, күшімізге жан беріп, ал жанымызға да таза ойдан, иманнан азық беруміз керек. «Малың жоғалса өкінбе, малды тағы табарсың.Жанның көркі ойың жоғалса өкін.» деген даналар аманатында. Өйткені жанға қуат беретін таза ой — ОЛ нәзік нәрсе, қайта табу қиын болады. Ойын жоғалтқан талай жер бетінің тұрғындары надан болып, азғындап, жер бетінен мүлде жоғалып жатқаны да хақ.

Сондықтан түрлі білімдерді ойлап тауып немесе ой қуатын өзгертіп, халықтың ойын тежеп, ескірген тазартуды қажет ететін білімдерді ақылға қазық қылып байлап жатқан аңқау елге арамза молда, надан ғалымдардан да сақтану үшін ғылым яғни даналық пен парасатылықты толық меңгеру керек. Ал, ғылымға да махаббат керек, тек оны меңгеру арқылы ғана ғылымның шынайылығына қол жеткіземіз. Себебі махаббатта Алла тағаланың ғылымы мен құдіреті, хикметі жасырылғанын біз біле бермейміз.  «Адамзатты махаббатпен жаратқан» деп Абай атамыз махаббат деген ұғымның біздердің ішкі дүниеміздің мүлкінің зайыры болып және ақылдың жоғарғы дәрежесіне ғана лайық болатын даналық пен парасатылықтың негізі екенін астарлап кеткен. Сондықтан да барлық әлемнің жаратылысының құпия сырларын және адам баласы өзінің не үшін, қалай жаратылғанын тануы арқылы  әлемнің бар жаратылыс нәрселері адамзатқа қызмет қылу (сәжде жасау) үшін ғана жаратылғанын ұғыну арқылы жақсылыққа жақсылықпен, ізігілікке бағытталған құлшылықпен жауап беруді; ақылдылық, имандылық, сенімділік, тектілік, адамгершілік, мұсылмандық деп деп атаған жөн. Махаббаттың қандай жаратылыс екенін білу үшін де біз өз қуаттарымыздың шамасын, оларды меңгерудің әрекеттері мен тәсілдерін, ал оларды жүктеп алған жағдайдағы  пайда, зияндарының шектерін ұғыну, түсіну қасиетіміз ақылымыздың сапасын анықтауды бағалау арқылы ғана нәтижесін бермек. Бірақ біз бұндай салыстыруға тиісті қуаттардың сапасын жоғарғы ақыл иелерінің үлгілеріне, қалдырған аманат нақылдары мен білімдеріне табынып, оларға ұқсауға тырысып, ғибрат алып және біздерге зиянды жамандықтарды да ажырата білуіміз де керек. Осы екі аралықты ұстану арқылы ғана біздер  жоғарғы жетістікке жеткен Алланың сүйікті құлдарына ұқсас,  махаббат  есімінің иесі болып немесе иманымыз кәміл болып, қайғы-қасіретке апаратын әрекеттерді анықтап, аңғаруға мүмкіндік туады. Егер біздер мұндай  құндылықтарды өзіміздің ішімізден,  оған ұқсастықтағы тіршілік ортамыздан қасиет нысандарына жалғанбай, керісінше  деректерді сырттан іздейтін болсақ, мұндай білімдер біздің сенімділік біліміміз болып қалыптасады.  Егер біз қандай  сенімділіктің білімдерін, құлшылығын махаббатсыз меңгеретін болсақ, онда біздің ішкі дүниемізбен сәйкес келмей, яғни жан жібімен жалғанбаған жағдайда, берік сенім болып қалыптаса алмайды.

Себебі біздер махаббаттың ақ бұлағы болған; ана сүтімен, қанымен, әкенің тегімен жалғанып қана ішкі «Меніміз» махаббатымыздың дәні қалыптасады. Махаббат қасиеті жүректер арқылы біздің сан жүздеген ғасырлар бұрынғы өткен ата-аналарымыздан бері Алланың ақ пен қараның бірлігінен иірілген ұлттық, үмметтік жан жіптерімен жалғасты ұқсастық тұрығысында беріліп отыратын ерекше құдіретті тегіміз болады. Тектілік дегеніміз үлгісі арыстар болып, ал 7 арыстық қасиеттердің бәрі біздің өзіміздің ата-бабаларымыздың жандарында махаббатпен белгіленгені де хақ.  Сондықтан да Алланың біздердің өмірімізде барлығы, бірлігі де жүрегімізде, махаббаттың дәнінде тұрады. Иман дегеніміз рұқ пен жанның арасын жалғаушы, жеке меңгерген дініміздің қуатын санаға сіңіруші болып табылады. Олай болса иман арқылы ғана біздің жоғарғы түсіну қабілетіміз, саналық қуатымыз, бой өрісімізбен бірге сауытымыз, Алла тағалаға періштелік ұқсастығымыз яғни Арымыз да қалыптасады. Толық періштелік тұрғысындағы  ар қуатын меңгерумен ғана махаббат қуатының кемелдігі — Алланың жүзі пайда болады. Ал махаббатың дәнін иман деп атаймыз. Бірақ жеке-жеке иман да, сенім де, қасиеттер мен тегімізге ұқсастық болмай махаббат болып құралмайды. Және ақыл да, ой да, сезімдер мен түйсіктер де жеке-жеке махаббатты туғыза да көбейте де алмайды. Махаббаттың кемелдік дәрежесіне жеткен адам баласы дүниелік жауапкершілікке де, борыштылыққа да тәуелді болмайды, жамандықтың қандайда бір түрінен аулақ болады. Мұндай мұсылмандақ қарыздар мен парыздардан түгел құтылып, тек қана жаратушының нұрына-жарға ғашық болатын сопылық мақамға жете алады. Ал жетілген кемелдік махаббат бар жерде борыштылық та жауапкершілік те маңызын жоғалтады. Себебі мұндай адам баласы қандай да бір айналысқан істерді қалауымен, ынтамен, ықыласпен атқаруға машықтанады. Махаббатта құдіретті әлемнің киелерінің барлық уәкілдігі бар. Ал құдірет әлемі адамзаттық қандайда бір сезімдеріне тәуелсіз.

Біздердің ақыл-ойымыздың жетістігі болған, даналық-парасаттылықпен танылуға Алла тағала өзінің сегіз түрлі сипаттарының бейнесін 99 көркем есімді махаббаттың қасиеттерін жаратқан. «Махаббатың жүз сипатын жаратып оның біреуін ғана адамзатқа көретіп қойған» деген өсиет қалдырған пайғамбарымыз. Біздер Аллаға түп негізді жаратушыға тікелей табынып, құлшылық қыла алмаймыз, табыну үшін махаббат тұрғысында сипаттарын тану керек, ал біздердің пенделік  ондай ерекше құдіретті тануға ақылымыз да жетпейді. Сондықтан біз түп негіздегі жаратушымызды Алламызды ұлықтап, мадақтап, сәжде ғана жасаймыз. Ал құлшылық қызметіміз бізге мәлім болған, өзіміздегі белгілер бойынша салыстыру арқылы махаббатымызды тани аламыз. Ал ондай жүрегіміздегі белгілердің орнын  тазарту арқылы тегіміздегі ұқсастыққа жалғануға, яғни Алла тағаланың 99 көркем есімдерінің қандайда бір сипатының ұқсасын өз жанында қалыптастыра білген,  ақирет өмірінде де хикметтеріне жалғанып Алланың сүйікті құлы болып бейнеленген,  ерекше қасиетті тұлғаларының махаббатына табынып, ұқсауға тырысып, құлшылық жасап белгілеріне жалғанамыз.  Ол үшін де құранды оқу  арқылы құдайға сыйынамыз,  түсірген, көрсеткен үкімдері бойынша намаздарын орындап,  құлшылығымыздың қатесін түзеп, жетіспейтінін арттырып отырамыз. Қандайда бір қателіктерден бас тартып тәубеге де келеміз. Ал егер мұндай Алланың біздерге көрсеткен дінінің үлгілеріне табынып, ғибрат алудан бас тартып, жандарымыздың ұқсастық жағдайда ғана бірігуге махаббатына мән бермей, ата-анамыздың жандарына жалғану жолында құлшылық қыла алмасақ, онда өзіміздің жанымыз өсіп-өнбей, иманнан жәрдем келмей адасатынымыз да хақ. Себебі мұндай жағдайда сезімдік ақылдың жетегімен әркім өз әуесін, құдірет, ғылым деп танығандарын «Тәңірі» санап, өз құмарлықтарына табынып, жалғанның дүниесін, білімін ақылсыз жинаумен айналысып кетеді.

Ал, ондай құлшылығымыздан парасаттылық түгіл даналыққа да жол жабылып, ата-бабамыздан қалған көркем есімдерге айналған мирас, тектілік қуаттардан тиесілі үлес алуда бірлену әрекеті де болмайды. Шариғаттың дін істерін ғана меңгерумен,  құдайдың патшалығына енбей, аян, уахиларын меңгермей, яғни бұрынғы өткен дін ғалымдарының әуелі ақиреттік қуаттарын көркем есімді кісілігіне, үніне, ой қуатына жалғана алмай, білім тұрғысында қалдырған  сөзін, білімін ақыл қылып алатын  болсақ, көптеген мұндай дін адамдарының жеке басының пайдасы үшін ғана қалыптастырған дін ғұрыптарын да орындаумен тура жолдың қисығына да түсіп алып, адасушылыққа түсетініміз де сөзсіз. Себебі мұндай жағдайда біздер Адам ата, Хау анамыздан бері жандық тұрғыда жалғанып келе жатқан жанның жібін үзумен, махаббатың қуатынан да ажыраймыз. Қажырлық, жігерлікті сақтаудың  амалы, ойдың үздіксіздігі, Алланың жібі жаныңда жалғануы болмаса, біздің алған сөзіміздің ақылы біздің өз ішіміздегіге ұқсасы болмаса да иманды өсірмейді, керісінше жоғалтуға себепші болады.  Және адамзатқа ортақ махаббаттың ғылым мен құдіреттен пайда болғанына дәлел 99 көркем есімді сипатына жалғанудан ғана пайда болатын, ата-бабамыздан тектілік-өмір ағашы болған шежіремізден пайда болатын үмметтік жобамыз, ойлау қуатымызды да үзіліссіз болуын қамтамасыз ету керек екенін білген де жөн. Енді сөзіміз дәлелді болу үшін; Абай атамызға жүгініп көрсек;  «Пенделерде болатын қуат; Құдірет, Ғылым ақылдан бөлек тұрады. Ал Алла тағаладан болатын Құдірет-Ғылым және рахметі болмақ.  (Рахмет деген сипаттың өзінде екі сипаттың да бірленген көрінісі болуын білдіреді). Сонымен Ол деп Рахмет сипатын атаймыз.  (Ол Алла деген Алланың рахметі болып саналмақ) Рахмет сипаты сегіз сипаттың ішінде жазылмаса да Аллла тағаланың; 1.Рахман; 2.Рахим (жарылқаушы, келтіруші); 3. Ғафур кешіруші ); 4. Уаруд(сүйікті, сүюші); 5.Хафиз (қорғаушы); 6.Сәттар (ара түсуші, арашашы); 7.Аззақ (несібе беруші); 8.Нариғ (пайда беруші); 9.Уакил (уәкіл басқарушы); 10.Латиф (жақсылық, мейірім) деген ұлық сипаттарын да негіздеп, бірлеп сипаттауға керек.   Ал енді бұндай ұғымдарды түсінуге дәлел жоғардағы Алла тағаланың 99 есімдері болмақ…»  (38-сөз) Сонымен көркем есімдердің пайда болатын Алла тағаланың  ұқсасы болған бұл 10 сипаттың барлығы тұтастай Рахмет Ол Алла болып,  көктен келетін Раббымыздан түсетін нұрдың-он саулық байлығын белгілеп тұр.Біздер көркем есімдерді белгілі бір сипаттық қасиетілікке жалғану арқылы 10 саулық иман нұрымен, парасаттылық қуаттарымен көбейтіп дәрежелеп отырамыз. Олай болса біздер ақылдың құлшылығын  жетілдіру арқылы ғана ғылымды, құдіретті болған Алланың сүйікті құлдары меңгерген, жандарына алған кітаптарына жалғанып қана даналық пен парасаттылықты меңгере аламыз. Даналық-ғылыммен, ал парасаттылық –құдіретпен, хикметтермен байланысты екенін де білген жөн.

Ақиқат –«Бір»- махаббатпен бірге айқын болмақ. Біз Алла тағаламен бір тұтастықта болу үшін махаббатпен бірге бүтіндікке айналу үшін жаратылдық. «Екі жарты бір бүтін» деген ер мен әйелдің өзара тұтастыққа жеткен махаббаттың бастауы болады.  Ал, Алла тағаланың;  «Бар»-лығы-шындық болып бейнеленеді. Олай болса, Алла тағаланың барлығын тану арқылы және барлығы арқылы берілген хабарларын, аяттарын құлшылығымызға айналдыра білу арқылы ғана біздер барлық қуаттарымызды «Бір» жүйеге, бір ақылға, бір иман, бір естілік саналыққа, тұтастыққа, бір қуатқа айналдыра аламыз.  Енді Абай атамызға жүгінсек; «Енді біздердің ақылымыз — үкім беруші, ал қайрат, қуатымыз қызмет қылушы болмақ. Енді осыған қарап Алла тағаланың да жаратылысы сондай болар деп ойлап көрсек. Мысалға, Ғылым және Құдірет сипаты өзара салыстыруға тұрарлық екі сипат екені біздің ақылымызға ұғынуға лайық. Ал егер Ғылымда құдірет болмаса онда қалай болады? Ондай жағдайда жоғарыдағы пайымдауымызға лайық болмай, бір сипаты ертуші, екінші сипаты еруші болуға тиісті. Мұндай сипат Алла тағалаға, Раббымызды тануға лайық болмайды. Себебі сегіз сипаттар әр қайсысы өз алдына белгілі бір шегі, қызметі болып бөлініп тұтастықтан «Бір» болудан қалады. «БІР» деген ұғым барлық жерде кереметтілігі бірдей деген ұғым. Егер Алла тағала сипаттарын «Бір» деп ұғынбасақ, онда жеке-жеке тәңірге, құдайға айналдырып аламыз. Сондықтан Бір Тәңір, Бір Құдай деген ұғымға лайық болмайды(38-сөз) Алладан басқа тәңір де, құдай да жоқ. Сондықтан «Бір» ұғымына жаратушымыздың бізге мәлім «Өзі» болған барлық сипаттары сыйып кетеді. Бірақ біздер махаббатты меңгеру барысында әділеттілікті сақтай алмасақ ,онда құлшылықта адасамыз. Олай болса әділеттілікті қайдан үйрене аламыз?

«Ал ақылға ұғынуға дәлел Құдай тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтін келісім бірлікпен жаратып және бір-бірінен тек пайда алатұғын сипатта жаратқан. Ал бір-бірінен пайда алу ұғымына келсек; Жансыз жаратылыс нәрселерден пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайда алатын ақылды адам баласын жаратқан. Хайуандарды асырайтын жансыздарды еті ауырмайтын қылып, жан иесі хайуандарды ақыл иесі адам баласы асырайтын қылып және олардан ақиретте машһарда сұрау бермейтұғұн қылып, ал бұлардан пайда алатын адам баласын машһарда, ақиретте сұрау алып, жауап беруге жаратқандығында әділет және махаббат бар. Адам баласын құрт, құс, өзге хайуандар секілді тамақтан өз басымен алғызбай ыңғайлы екі қолды басқа қызмет еттіріп, аузына қолы ас бергенде, не ішіп не жегенін білмей қалмасын деп, иісін алып ләззаттанғандай қылып, ауыз үстіне мұрынды қойып, оның үстінен тазалығын басқарарлық екі көз беріп, ол көздерге нәзіктіктен, зияннан қорғарлық қабақ беріп, ол қабақтарды ашып жауып тұрғанда қажалмасын деп кірпік жасап, маңдай тері тура көзге ақпасын деп қаға беруге қас беріп, оны жүзіңе көрік қылып, бірінің қолынан келместей істі көптесіп бітірмекке, біреуінің ойын біреуіне ұқтырарлық тіліне сөз беріп жаратқаны махаббат емес пе?..» (38-сөз) Бізге барлық әлемнің жаратылыс нәрселерінен, хайуандардан да ең соңғы пайдасын көретін, өмір сүруімізге қажетті пайдалы қуаттарды өндіріп алатын тіршілік иесі қылып жаратып және өзара бір-біріміздің көмегімізге мұқтаж да қылып жаратқаны да хақ. Олай болса, біздерге қандайда бір әлемнің жаратылысынан өзімізге қажетті қуаттардың өнімін ала алмайтын және онан пайда көре алмау надандық болса, ал ақиреттік азықты біздер өлілер әлемінен, яғни тылсымдағы ата-аналарымыздан, өз туыстарымыздан да пайдалы қуаттарды алып, оларға да өзімізден олар үшін пайдалы қуаттарды, азықтарды беруіміз керек екені де хақ. Егер бір жақты ғана біз пайдаланушы, тұтынушы  ғана болатын болсақ, қандай әділеттілік және махаббатқа махаббатпен жауап берген болмақ? Әлемдік жанды жаратылыс егелерінде бір бағытты қозғалыс та, бостық та болмайды. Ал  жанды өсіретін, көбейтетін өмір қуаттарының  тең тұрғыда алмасуын, өзара сауда шарттылығын сақтайтын әділеттілік жоқ жерде махаббат та өсіп-өнбейді, тұрақтамайды. «Бес бересің, алты аласың бар ма менде» деген қазақ даналығында мұндай құлшылықтың түрін.

Сондықтан да; «….Кім өзіңе махаббат (жақсылық, ізгілік) қылса, сен де оған махаббат қылмағың (игілікпен, жақсылық арнап жауап бермегің) қарыз емес пе? Ақыл көзімен қара; күн қыздырып, теңізден бұлт шығады екен, ол бұлттардан жаңбыр жауып, жер жүзіне неше түрлі дәндер өсіріп, жемістер өндіріп, көзге көрік, көңілге рақат гүл-бәйшешектерді, ағаш-жапырақтарды, қант-қамыстарын өндіріп, неше түрлі өсімдіктер өсіріп, хайуандарды сақтатып, бұлақтарды ағызып, өзен болып, өзендер ағып дария болып, хайуандарға, құсқа, малға сусын, балықтарға орын болып жатыр екен. Жер мақтасын, кендірін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін, құстар жүнін, етін, жұмыртқасын; хайуандар етін, сүтін, күшін, көркін, терісін, сулар балығын, балықтар икрасын, хатта ара балын, балауызын, құрт жібегін-барлығын да адам баласының пайдасына жасалып, ешбірінде бұл менікі дерлік бір нәрсе жоқ, бәрі-адам баласына азық…» (38-сөз) Олай болса, бізді осындай махаббатпен жаратып, барлық нәрсенің өмір сүруіміз үшін пайдасын алғанда,  ал біздерді сәждемізді ғана орындап жаннатқа барып, тегін ризықты жатып ішіп, түк бітірмей дем алсын деп жаратпаған шығар? Махаббатқа махаббатпен жауап беру дегеніміз біз де махаббатың жер әлемінде кіші сипаттарын, қуаттарын құлшылығымыз арқылы жаратуға және әлемдік қуаттарға өзіміздің өндірген қуаттарымызды берумен, үлесімізді қосып отыруға тиістіміз. Болмаса мұндай алған аманатты қайтармаған, қиянат қылған болып табыламыз.

   «…Жә, бұл хикметтерінің барлығында  мархамет және анық ашық әділеттілік сипаты тұр екен. Біз ортамызда бұл мәрхаметін, жақсылығын әділетті иманның шартына есептейміз, ол үшін иманды мүмін болып, Алла тағалаға табынып оның жолында болмақ едік. Ал, болғанымыз қайсы? Құдайдың қалауын жоққа шығармаймыз, өзгелерде болғанын да жек көрмейміз, өзіміз бірақ тұтпаймыз. Бұл қиянатшылдық емес пе? Қиянатшылдыққа жақын тұрған адам – мұсылман емес, ең болмаса шала мұсылман. Алла тағаланың пенделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді…» (38-сөз) Әрине біз жаратылыстан әлемнен, Алла тағаланың махаббатының бөлшегі, мархаметі мен әділдігін аңғару  үшін біртұтас қозғалысқа қосылып, және  Алланың жолында болуы үшін меңгерген дінімізде, насихаты мен білімінде шариғатпен ғана шектеліп қалмай әлемдік қозғалыстың, қасиет, тектердің жүйесінің  барлығын қамтуымыз да керек.  Біздің біліміміз кеңіген сайын әрбір жаратылыстың ішкі сырының қуаттарының  түрленуін, алмасу, өсіп-өну, жетілу, өлу, жоғалу сияқты жағдайын түсінген сайын мұндай рухани қозғаушы күштерге, біздің өмір сүруімізге себепшілерге деген білімдік тұрғыдағы көзқарасымыз да кеңіп, ақыл күшіміз де артып, даналыққа қарай есік ашылары да сөзсіз. Және мұндай хикметтер, Алла тағаланың ғылымы мен кереметі ақылдың шегінен тыс тұрғаны да хақ. Ал ақылдың шегінен тыс білім емес, ақиқаттың өзі, ілімі болады.  Ал ілімсіз махаббат жоқ, махаббатсыз ілімді меңгеру мүмкін емес. Сондықтан да махаббатты 99 сипатты көркем есімдердің ата-бабамыздың, аналарымыздың жанындағы, тегіндегі қасиеттілік белгілерін меңгермей, біз құдайлық жолға жалғана алмаймыз. Егер масһаб білімі, намаздары, амалдары жол болса, онда ілім тұрғысында шектеусіз де болып, ал білімде осы баяндалған барлық хикметтердің себебін және олардан зиянсыз пайдасын қалай алуын, қиянаттан сақтануын да қамтамасыз ете білу керек. Бұл қандайда бір діндердің бірліктерді меңгеруімен, әлемдік қуаттардың бірлігін, тұтастығын қалыптастыру қағидасына лайық болса керек.

«..Қандайда бір дін өсиеттерін алып қарасаңыз; Тәңір туралы көзқарастардың, Құдайдың жақсылық істеушілерді сүйетіндігі, оларды жаннатпен сүйіншілеуі және адамдықпен жақсы іс атқарған адамдардың есебін толық жақсылықпен қайтаратындығы, ал залымдарға, жамандық істеушілерге дәл сондай жазасын береді деген әділдіктің жоғарғы ұстанымдарын ықыласпен, ғылымымыз жетіп неге қабылдамаймыз? Енді мұндай әділдікті қабылдап үлгі қыла алмасаң онда ұяттың жоқтығы. Ал ұят жоқ болса, онда иман да жоқ деген пайғамбарымыздың хадисі дәлел дүр…» (38-сөз) Сонымен Алла тағала жер бетіне негізінен 8 діннің үлгісін түсіріп, екі пайғамбарды Ахмет-тазартушы деп, әділеттілік пен махаббаттың бізге үлгісін көрсетіп және 9-шы тұрғыда кісіліктің үлгісін; Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың ислам бірлігінің қазығын қағып, Алла тағаланың ғылымы мен құдіретін; сәни-ақыл дәптерімен сандық тұрғыда хикметтердің санын түгелдеп жазып қалдырғаны да жалған емес. Жер анамызды даналықпен 4 күнде жаратып онан парасатты бөліп алып, көк әлемінде аспан мүлкі қылып ерекше қорғап, біздердің арамыздан құлшылықта, даналықта озық шыққандардың ғана үлесіне тиетін қылып жаратудың өзінде біздің ақылымыз жетпейтін құдіреті мен ғылымы тұрғаны хақ.

Иманды адам баласына; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті , 5.Сабырлы болу деген бес түрлі негізгі қасиеттерді меңгеру керек. «Иман келтірдім» деп тілмен айтып, ал іс жүзінде бұл бес қасиеттерді меңгеру үшін де махаббатымызды тірілте білуіміз керек. Ол үшін де бізге ескі күнәлі рұқымыздан тазаруға, ақталуға яғни Інжілдік қағидаларды орындап, Ғиса пайғамбарымызға бесінші арыстық даралыққа жалғануымыз керек. Ақирет әлеміндегі адамдар өмірімен жалғану арқылы ғана біз 6 арыстық белгі Сүлеймен пайғамбарымыздың жан-жануарлар, құстар, жәндіктер әлемімен, тозақтармен де жалғанып қуаттық алмасуына қосыла аламыз. Біз осындай өлім сатысынан өту мен ақталу арқылы ғана жаратылыспен тұтастықта болу арқылы ғана ең жоғарғы адамдық құндылықтардың кеніне, парасаттылыққа яғни Мұхаммед-сүйспеншілік ізгі амалдарына жалғанып, махаббатымызды тірілтіп қана қоймай, оны жаңартып, бүгінгі замандық болмысымызға қарай ғылыммен,  өмірдің шындығы түрінде қалыптастыра білуіміз де керек. Ал енді бүгінгі дініміз, махаббаттың дәні иманымыз қандай десек;  «…Енді белгілі иман құр иланғандықпен болмайды, әділетті  және оның ізгілікті  қағидаларын ұстанумен ғана, бірленумен ғана иманды бола алады. Біздің тәнімізбен қылған құлшылықтарымыздың, оқыған намаздарымыздың ешбірі жоғарыдағы ескертілген әділдіктің қағидаларын сақтауға, ұстануға, жақсылық, ізгілік істерін меңгерудің мәрхаметін (нәтижесінжемісін) бермейді. Күнде көріп жүрген намаз оқушы (намазхандық), ораза ұстаушының қандай әділетті іс атқарып жүргеніне дәлелді іздеп  керегі жоқ. Себебі әділеттілік барша ізгіліктің анасы дүр. (Әділеттілік ұстанымы болған жерде барлық ізгілікті де таба аламыз) Ынсап, ұят-бәрі де әділеттен шығады. Мұндай жағдайда адамның көңілінде; халық менімен сондай-мұндай әділетті қылықтармен қарым-қатынаста болса екен, маған ешкім зәбір бермесе, жақсылық қылса екен деп ойлап тұрып, менің де олармен әділетсіз болғаным жарамайды деп тәубеге келсе, осының өзі әділет және ынсаптық емес пе?….» «Алаған қолым береген» деген қазақ даналары. Біздер тек ораза ұстанып, бес парыз намазымызды оқып, ата-бабаларымыздан алған аманаттарды; жанымызды, рұқымызға берілген парасаттылық қуаттарымызды көбейтіп, бастапқы қуаттарды  өз орнына қайтарып және Алла жолында жинаған қуатымыз арқылы;  ақшамыз- малымызбен, жанымызбен соғыспай, яғни тозақтық туыстарымызға қол созып, қара қуаттардан тазаруға жәрдем бермесек, дүниеде садақа беруден  кедей болып қалудан қорқып сараңдық жасасақ, онда бізде әділеттіліктің жоғалғаны болады. Олай болса біздердегі жаратылыстан берілген иман қуаты,  ынсап, ұяттылығымыз да жоқ, демек махаббат та өлі болғаны.

Сондықтан да құранда жаратушы иеміз біздерге әділеттілікті сақтауды аятта; «Мұхаммед оларға айт; «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсіргендерді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Мүміндікті меңгеріп, иманды болуы дегеннің өзі белгілі бір ата-бабамыздан қалған кітаптарға жалғануға, яғни белгілі бір аяндар, уахилармен Раббымыздан аяттарын шежіремізден өткен заман тарихынан хабарларды алып тұруға, тарихаттық дәрежеге жетумен белгілі болады. Осындай жағдайда біз құранымызды меңгеру арқылы Інжіл, Тәуратқа жалғанумен жоғарғы парасат егелері аспан денелеріне, жұлдыздарға, жолдарға жалғанып, парасаттылықтың да жоғарғы дәрежесіне жете аламыз. Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып, тура жолымызды тауып, ой қуатының тарихта үздіксіз тұтастығын қалыптастырумен саналы даралыққа да жете аламыз. Олай болса біз барлық діндердің бірлігін, әлемдік қуаттардың адамзаттың пайдасына ғана жаратылғанын,  біртұтас адамдар болған екі аралық аруақтық қуаттарға жалғану «шерік қосу» деп адамзаттың өзінің табиғи тұрғыдағы өнімі болған жындық, шайтандық қуаттарды да  адамзаттан бөлек зиянды жаратылыс деп  жүктелуден, қаралай қорқып қашудан да аулақ боламыз. Керісінше мұның бәрі біздер үшін меңгеретін міндетті жүк болып, бұл аманат жүктерді қандай жол амалдармен алудың, тазартудың заман білімдеріне, іліміне сай тәсілдерін Раббымыздан сұрап көрсету арқылы пайдалы қуаттарға айналдыра аламыз деп ойлайтын боламыз.  «… Ал мұндай ойды ойлаған кісі жаратушыға неге шүкірлікті ойламасын? Шүкірліктен ғибадаттың бәрі туады. Онда әділетті жақтаушы ниеттен, шапағаттан айырылма. Егер мұндай ойдан, ниеттен ажырасаңыз иман да, адамдық та барлығы да қашады. Сопылардың; «Бір адамның ниеті бұзылуынан, жүз адам қолайсыздыққа ұшырайды» дегені пайда болады…» (38-сөз) (жалғасы бар)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *