XXII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 52

Дін дегеніміз адамзаттың өмір сүру барысындағы рухани тұрғыдағы өркениетінен, жетістіктері мен қателіктерінен тұратын шежіре тарихы және өмірге деген көзқарастарының кейінгі ұрпақтарға қалдырып отырған насихаттары және белгілі меңгерген құндылықтар мен қасиетер тегін меңгеру арқылы ақиқатқа жету аманаты, уәдесі де болып табылады. Біздер ізгілікті дін арқылы ғана ақиқатты тани аламыз. Ал ақиқат дегеніміз; Әр адамның жеке меңгерген білімімен, өмірден алған тәжірибесі мен табиғи қасиеттерінің арқасында көз жеткізген өмір шындықтары болады. Өмір шындығы рухани жинаған байлығымызбен, ішкі дүниеміздің көмес қазынасымен «Мен» атты құдайлық несібемен, жанымызбен, тағдырымызбен байланысты жалғанатын ата-бабаларымыздың ақиреттік жинаған қазынасы, мирастары болған тектілік, ақыл-парасаттылық қуаттарымен және аналарымыздың қан тегімен жалғанған жандарымыздың құпия сырларының кітабы, уахи, аян, батамен білдіретін баяндары да болып табылады. Бұл жерде шын мен шындықтың айырмасын да ажырата білу керек. Шындықты біз қолмен ұстап, көзбен көріп, дәмін сезе алмаймыз, шындықты біз жан дүниеміздің әрекетімен, тазалығымен, жүрегімізбен естілік ақыл арқылы ғана түсініп ұғына аламыз. Ал шын болса бұл бейнеленген, өзгеретін, түрленетін бүгін тірі болып жүруіміз шын болса, ал бұл өмірден жоғалып топыраққа айналатынымыз шындық. Адамзаттың дінді меңгерудің маңыздылығы да шын мен шындықтың арасында алшақтық болмай өмір сүре білумен ерекшеленеді. Біздің өткен тарихымыз, өзіміздің сүрген өміріміз де шындық емес шын, себебі онда қателіктер де жетістіктер де бар. Бүгінгі өмір, тіршілігіміз де шын, бірақ қаншалықты шындықпен түзей алдық ол да біз үшін беймәлім.  Шындық пен шын үнемі өмір тәжірибесінің ата-бабадан қалған аманаттарымен, шежіремен, ұлттық тарихымызбен жалғасып тұтастықта болмаса, онда біздердің бұл қысқа өмірде жинаған немесе өзге елдерге еліктеп алған салтымыз, біздің жаратылысымыз ұлттық ерекшелігімізден рухани жинаған қазынамыздан туындайтын шындықпен сәйкес келмей, мұндай жағдайда білімнің бейнеленген, дәлелденген шынымен ақиқатты анықтауға жол аша алмайды, керісінше адасушылыққа, тығырыққа апарып тірейтіні де хақ.

Сол сияқты адамзатқа ортақ болған шындықтан жаратылатын асыл қасиеттеліктерді де меңгеруді ұлттық тұрғыда, ата-бабаларымыздың, аналарымыздың меңгерген тәжірибесінен шынынан үлгі тәлім алмаған жағдайда,кез келген белгілі бір шектеулі шынның бейнесі болып қалыптасқан, адамдық құндылықтарға негізделген сенімнің жетегінде кетумен, тегіміздегі бізге үнемі көрсетіліп, ескертіліп отыратын шындықты қабылдамай немесе кітаптарына жалғана алмай, жанымызға ұқсас болған қасиеттіліктерді меңгеруден бас тартумен адасушылық пен қателіктерге бой ұрып, үнемі түрленіп өзгеріске түсетін замандық қозғалысқа, қуаттардың әсеріне де әлсіздік танытып, ұлттың рухани  азғындауына, ақыл-ойдың тоқырауына түсеміз. Дін ұғымында «Бес күн жалған» деген сөздің де біздің бес қуатық өрісімізбен байланған тіршіліктік ақпараттық жүйемізде қарсылықтармен, жалғандықтармен бейнеленгендіктен біздің өзгеруге өлімге душар болатын мүлкіміздің бәрі жалған деп аталады. Сондықтан осындай жалғандықты меңгере отырып оны Құдайлық шындықпен-нұрмен қосу арқылы бізден шын көңілді, шын ақылды, шын жанымызды, шын тегімізді, шын кісілікті қалыптастыруымыз керек. Дінді меңгеруде де әр заманның өз шындығы болып, бізден бұрынғы меңгеріп шынға айналған құндылықтардың да өзі қайта електен өткізіп Құдайдан келетін шындықпен сәйкестендіріп отырмаса, мұндай білімдерді бұрмалаушылардың да әрекетінен адасушылық пен надандыққа, тажалдық әрекеттерге себепші болады.

Олай болса өмір шындығымен жүру үшін біздерге қандай шын керек? Шәкәрім атамыз бұған жауап беріп кетіпті; «Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай-шын құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса, кім құдай? Бұрын шын бар, бүгін шын  Ертең шын бар-үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың, Бұзылмайтын шын керек! Шын махаббат қылуға Шын сабырың жетер ме? Көрінген әрбір сұлуға  Көңілің толқып кетер ме? Олай болса таза ақыл, Әулиелік сенде жоқ. Баянсызға бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ. Әулиедей асықтың Қасиетін былғайсың. Қылығын қылып жастықтың Бір қалпыңда тұрмайсың. Әлде сайтан, әлде жын, Бірін тастап, бірін мін. Адам емес, айуансың, Неге тұрсын, сен де шын!» Сонымен шындықтың хақиқатпен бейнеленіп ақиқатқа айналуы Құдайлық шын болып, ал мұндай шынды меңгеру үшін таза ақыл-әулиелік пен қасиеттілік, бірқалыптылық, естілік, шын махаббат, шын сабыр керек екен. Ал біздердің меңгерген шын ақылымыз, даналығымыз кітап бетінен оқыған  білімімізге, шаруашылығымызға, тұрмысымызға байланысты болатын болса, бірақ оны ата-бабамыздың меңгерген дәстүрімен және құдайдан түсіп жатқан шындықпен өлшеп тазартып қатесін түзеп, таза ой қуаты парасаттан  қуат алмай, мұндай ақылымыз тек тіршілік қамында ғана пайдалы бүгінгі шын ғана болатыны да сөзсіз. Ал парасат дегеніміз таза ой қуаты болып, біздің меңгерген, жүктеп алған қасиеттерімізге қозғау салатын, белгілі бір бағытқа жұмсауға, пайдалануға күш-қайрат беретін нұр болып және ақылымыздың біліммен жетілген сайын білімнің үні — ойдың қозғалысы, қуаты да артып отырады. Парасаттылық қуаттардың да жер бетіндегі тіршілік егелермен, екі аралық тіршілік егелерімен және аспан мүлкімен байланысты дәрежелері де бар. Негізінде бұл қуаттардың көрінетін, көрінбейтін, ғайып жұлдызшалар жарық нұры болып және оның 6 түрі болатынын да баяндадық. Мұндай қуаттардың бейнелерін құранда кісі деп атаған.Және оған қарсы да қараңғылықтың, яғни бұзықтықпен, қара күштермен байланысты кісіліктердің де бейнелері болатынын естен шығармаңыз. Сонымен 9х6=56+56=112 санды толық қуаттық парасаттың басқарылуын Ол Алла деп  те атайды.

Мұндай жағдайда біздерге өмір шындығын анықтайтын ұлттық дәстүрімізді бүгінгі шынымызбен салыстыра отыра құдайлық шындықтарды да қабылдап тәжірибелік зерттеуден өткізе алатын ата жолы мектебіміз, яғни тәжірибелік философия, дін істері қалыптасуы керек. Замандық қозғалысқа, білімділіктің жетілуіне байланысты қарсы күш, бұзықтық, кісіліктің де қуаттары артуымен, шынайы өмір шындығына сәйкес болатын әулиелік таза ақылға жүгінуіміз үшін де олардың парасаттылық қасиеттіліктеріне жалғана алуымыз да керек.  Ондай дәстүрімізде бейнеленген қасиеттердің ішкі сырын меңгеру тәсілдерінен хабардар қылатын білімділікті де жетілдіріп түсінікті те, насихатты та дін кітаптарымен, аяттарымен сәйкестендіріп, философиялық тұжырымдарды  ойын тазартып, атау сөз ұғымдарының сырларын қайта қалыптастырып отыруымыз керек. Біздің жанымыз, рухани тегіміз ата-бабамыздың қасиеттіліктерді меңгерумен байланысты өсірген дәнінен, рухани егінінен болғандықтан, ақпараттық тұрғыда біз ата-бабамыздың меңгерген қасиеттіліктеріне де және тағдырлық қарама-қарсы кісілікке, қателіктеріне де жалғанып тұрамыз. Ал бұл тағдырлық, қасиеттілік  белгілер біздің жүрегімізде, тәнімізде міндетті түрде орындары болатыны да хақ. Олардың сандық мәнін 700 деп көрсеттік, оның 200 кісілік орны жүректе болады. Абай атамыз; «..Әй, не болсын!..Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» деп осы сырды ескерткен екен. Жүз қарамыз күнәдан пайда болған жүз бұлшық етімізді де ағартып бір тұтас кісілік бойға айналдыру үшін де алдымен 200 кісіні сосын 500-ді меңгеруіміз керек.

Сондықтан да діннің қағидалары, насихаты да әрбір заманның өзгерісіне қарай жетілгендік болып, біздің ішкі дүниемізді тануға, қасиеттіліктерді меңгеруге қызмет қылуы керек. Бірақ дін насихатының берілген білімдері арқылы біз өткен заманның тәжірибелерінен, жақсылықтарынан ғибрат алып ақылды болып даналықты меңгерумен жамандықтарынан сақтана алғанмен, ойлау қабілетімізді арттыратын парасаттылық қуаттарға жалғанбасақ, онда бүгінгі заманның түрлі көмес қара күштерінің әрекеттеріне қарсы тұруға, соған байланысты қасиеттіліктерді меңгеруге жетімсіз болатыны да сөзсіз. Ал парасаттылық қуаттар белгілі бір тектілік жүйесімен, қозғалыспен байланысты болғандықтан, біздер мұны қасиеттердің жүйесімен ғана жүктеле аламыз.  Дін ғалымдарының, масһабшылардың пәтуасы бойынша тікелей Аллаға құлшылық жасау яғни тазалықта, ақылда өмір шындығында түпкі негіз жаратушыға ұқсас болу деген мүлде ақылға сыймайтын ақымақтық және надандық. Біздің ақылымыз жетпейтін нәрсеге құлшылық қылып, оған жалғануымыз мүмкін емес. Және біздер қандайда бір қасиеттіліктер арқылы Алланың бізге түсірген, бейнеленген парасат нұрына жалғану үшін де біздер оның қарсылығын жеңіп меңгеру арқылы ғана мүмкін болады. Ал жаратушы иеміздің негізгі нұрында, тәңірлік қуаттарында қарсылық болмайды. Қарсылығы жоқ нәрсе мәңгілік уақытта өмір сүреді.  Қарсылықтардан ғана қозғалыс уақыттың туындайтыны, біздер уақытты яғни  өмірлік қозағалысты меңгерумен, жаратушы иеміздің бізге жаратқан барлық, бірлік сипаттарына ғана ұқсастығымызды қалыптастыру арқылы ғана жалғана аламыз.

Мұндай кезеңде біз діннің ізгілікті амалдарын орындау арқылы насихаттарын меңгерумен Алла тағаланың адамзатқа ұқсауға, табынып құлшылық қылуға жаратқан  негізгі тектердің жүйесі 99 көркем есімдерінің  парасаттылық қуаттар жүйесінің негізі болып, адамзаттың жер бетіндегі  өмір шындығын меңгеруге байланысты әулиелік ақылдың әрекеттерімен байланысты көбейіп отыратын, белгілі бір қасиеттіліктермен Алланың досы, сүйікті құлы болып, аттарының көркем есімдермен жалғанып парасат иелеріне, кісілерге, жұлдыздарға айналумен байланысты Бір Алланың сипаты «БІЗ» болып аталады. Сондықтан да әр ұлтымыздың үмметік сипаты өздерінің «біздеріне», әулиелік киеліктерге, парасаттылық қуаттарына, қасиеттіліктеріне жалғанумен және мұндай қуаттарды амалға айналдырып меңгерумен әлемдік тұтастық жолдарға жалғануға мүмкін де болады. Тура жолға жеті жолға (Жеті қарақшы) жұлдыздарға жалғану үшін де өзіміздегі үметтік ерекшелік екі жолымызға (Шолпан, Темуршын) оның көмес ұқсас жұлдыздары, кісілері болған Алланың сүйікті құлы болған ата-бабаларымызға, әулиелереміздің жандарына, кітабына жалғану арқылы жоғарғы парасаттылықтан, Раббымыздың бастапқы жаратылыс нұрдың бұлағынан, он саулықтан, таза ой қуаттарын жүктеп алып отыруымыз шартты болмақ. Себебі адамның өзі ғаламның ішіндегі кіші ғалам болып табылады.  Олай болса, ғаламның аспан мүліктерінің көшірмесі, ұқсасы да біздердің жалғанып тұратын қуаттық жүйемізде болуы керек. Және бұл жүйеміз бен негізгі аспан мүлкін, жаратушымыздың көркем есімді сипаттарына жалғану үшін екі аралық жаратылыс егелерінің ойыншық еместігін де құранда ашық ескерткен.

Демек біздердің табынып, ғибрат алуымызға тиісті Алланың досына айналған әулие ата-бабаларымыз, пайғамбар, елшілеріміз осы екі ғаламның арасын жалғаумен бір-біріне қайшы келтірмей орта үндестігін тауып, ақиреттің, тылсымның небір ғажайып көркем есімдермен бейнеленген тектіліктерге жалғанудың кілтін де таба білген. Сондықтан да біздер өмір шындығын табу үшін де Алла тағаланың, Раббымыздың нұрына жолдың есігін Алланың достары арқылы ғана аша аламыз. Барлық өркениеттің, мәдениеттің әліппесі аспан мүліктері  шырақтарынан басталады. Аспан шырақтары барлық өмірдің, тіршіліктің көзі. Адам атамыз бен Хау анамыз бастапқы жаралғанда аспанның, жаннаттың мүлкі шырағы түрінде болғаны да хақ. Адам атамызды даналықтан  яғни топырақтан жаратып, оған парасатты, ойшылдықты берген кезде әлемдегі барлық жаратылыстың нәрселеріне ат қойып шыққан еді. Кейіннен даналықтың негізінен, 11-қабырғадан Хау анамыз жаратылып, парасаттылықтың негізі еркекте, ал даналық негізі әйелдерде болатын, өзара татулықпен; «Екі жарты бір бүтін болумен» ғана біздер толық Адам бола аламыз. Ал даналықтың қарсылығы Ібіліс – білімділік еді. Міне білімді шайтанның азғыруына бірінші Хау анамыз алданған дегеннің өзінде осындай ғылымдық негіз де бар. Сондықтан біздің бұл өмірдегі меңгерген қандайда бір даналығымыздың міндетті түрде қарсылығы болып, ой қуатының тазалығын, парасаттылықты жетілдірмей, қандай ғалым дана болсақ та адасуымыз шартты жағдай.  Мұндай діннің алғашқы сынағынан кейін білімді, қуат, күштерді  «ҚАРАДАН» яғни тектерге айналып белгіленген қарсылық қуаттарды меңгеру арқылы ғана мүмкін болатын адамзаттың ең маңызды сынағы да пайда болғаны хақ. Біздердің тәніміздегі 100 бұлшық еттердің бірі жүрек болып осындай қарадан жаратылуында да нәпсілік тұрғыда өмір сүруге құштарлықтың да әрекеті бар. Мұны малдық қуат, ақша деп атаған құранда. Біздер бұл малдарымызды өсіріп, тамағын беріп бір тұтас қуатқа, жүйеге, жынға қызметке қоюымыз керек. Және оны Алла жолында жұмсау тәрбиесін де ақылмен меңгеруіміз керек болады.

Сонымен бірге біздерде аспан мүлкінің де, көмес жағдайдағы әулиелікке жеткен барша адамзаттың есімдеріне байланысты тылсымдық әлемде парасаттылықтың орындарының міндетті болуының өзі осындай ата-анамыздың жаннаттық жаратылысына байланысты екені хақ.  Себебі ата-анамыз жаннаттан түскеннен кейін басқа тәндік дене алып, жер бетіндегі аспанның барлық киелерінің уәкілі болып қайта жаратылған да еді. Сондықтан біздерде де белгілі бір аспан шырақтарының, мүліктерінің белгісі уәкілдігі, елшісі болса, ал біздің рухани жаратылысымыздың аспан шырақтарында белгілі бір киесі бары да хақ. Олай болса, біздің қандайда бір сауалдарымызға дайын жауап өзіміздегі уәкілде «Мен»-дік болмысымызда болуы да шарт. Егер біздің өзімізде мұндай жауап жарығы болмаса (нейрондар) онда біз ешқандай дұрыс нәрсені ақылмен қабылдай алмаймыз. Тәніміздің тазалығының жағдайына біздің ақылымыздың сапасының тәуелділігі, шариғат үкімдерінің маңыздылғы да осындай ғылымдық тұрғыда ақиқат болып табылады. Бірақ біз намаз оқып, масһабтық біліммен дінді меңгергенменде жеткілікті дәрежеде ішкі дүниемізді тазарта алмаймыз, олай болса ақылымызбен өмір шындығын да қабылдауға шарасызбыз. Жалпы әлемнің ұқсасы болғандықтан адамзаттың әлемінде де бостық болмайды. Біздердің күнәдан жаратылғанымыз, тәндік жағдайда өсіп-өніп жетілуіміз үшін анамыздың сүтімен,  яғни біліммен, әкеміздің шақуаты іліммен, жеген азық тамағымызбен, жаратылыс ортасынан, табиғаттан алған  қара қуаттардың, жұбайлық өмірде қуаттардың алмасуымен пайда болатын қуаттық жүйемізді еңбек ету барысында оны жұмсап, жағып орындарын даналық, парасаттылық, қасиеттілік ақпараттармен, жарықтармен толтырып отыруымыз да керек. Ал оны біз заманға еліктеп алған ақылмен, біліммен анықтап меңгере алмаймыз. Сондықтан да ата-бабамыздың қалыптастырған дәстүрін үлгі қылып өмір сүрсек қана адасушылық та аз болатыны сөзсіз. Және біздің тағдырымызда үмметтік тұрғыдағы уақыттық мезгіл өлшем болып, жол-жобамыздың ерекшелігі болуы да шартты жағдай. Ал әлемдік тұрғыда, адамзаттың тіршілігінде, өмірінде барлық қуаттардың өрістік ағысы және қасиеттердің бейнеленумен біздің болмысымыздың өзі жалпы ғаламның әлемдік уақытының, қозғалыс жүйесінің көшірмесі екеніміз де сөзсіз.

Ал парасатылық, кісілік қуаттардың да әрбір ұлттарға, үмметтік тілдік ерекшеліктеріне қарай  қалалардың тұрғындарына өмір сүрген жеріне, табиғатына, өсімдіктер және жануарлар әлеміне, ортасына байланысты өмір сүрген тарихи шежіремен тікелей қатынасты, ұлтық дәстүр-салтымен айқын болатын ерекше қасиеттіліктердің, тектік қуаттардың жүйесіне жалғану қағидасы да Алланың сүйген құлдарының есімдерімен байланысты болмақ. Парасаттылық , кісілік нұр қуаттарды меңгеру үшін де біз қандайда бір ата-бабаларымыздың тәжірибесіндегі қысқа және шектелген ұзақ уақыт шеңберлерімен қоршалған дәуірлермен, бейнеленген іс-әрекеттермен, өмір салттарымен қалыптасқан дәстүрлік дін ізденістері арқылы тектіліке айналдыра білген, өзіміздің арамыздан шыққан Алланың достары арқылы айқын болатын хикметті ақиқаттың танымын, ақылдың қуаттарын меңгерген, ақиреттік тазарудан сыннан өткен өмір шындықтарына  яғни аруақтық  тағдырларына жалғану арқылы ғана нәтижелі болады. Себебі рұқтық тұрғыда аспан мүлкі парасат иелері адамзатқа ортақ болғанымен, біздер мұндай нұрды тікелей қабылдауға жарамсызбыз. Сондықтан өзіміздің ата-аналарымызға, жеті ата қасиеттілік тектік ағашымызға, даналықтарға жалғану арқылы ғана сатылап көктік қуаттарға жалғана аламыз. Және мұндай жолдың 9 түрлі кісілік сатысы, тоғыз жолдың торабы, тоғыз дәуірлік оқиғасымен, көктік санның 10 түрлі қараңғылық үңгірлерден өту арқылы ғана мүмкін болады. Мұндай 19 сандық құпияны ежелгі ғалымдар Қаф сүресімен биіктікпен байланыстырғанның өзінде де мағына бар.

Біздер ата-бабаларымыз меңгерген тектіліктерді бұл заманның қозғалысына, қасиеттілік жүйесіне сәйкес жетілдірумен ғана қарсылық күштерге, азғыруға қарсы тұра аламыз. Аманат тектерді меңгеру қасиеттерін жетілдірумен жанымызды қуаттандырып,  даналықтан  ұлтымыздың  рухани бақшасын өсіріп, парасаттылық қуаттарды меңгеру арқылы  малдық қуаттармыздың яғни қайрат-жігеріміздің, тағдырлық талап-намысымыздың сапасын арттыруымыз керек болады. Мұндай  тура жолға, аспан мүліктеріне  жалғанумен болатын дін құлшылығын; «Алла жолында мал, жаныңмен соғысу» деп атаған. Дін қандай заманда болсын, сол заманға сай өркениеттілікке, білімділікке сәйкесті кемел адамдарды дайындаумен ғана ізгілікті болады. Мұндай кемелдіктің белгісі қайталанбас қасиеттермен, ғылымда дарындылықпен парасатты қоса білумен яғни  саналық қуаттың, ақылдың жетілгендік үлгісін қалыптастырумен, құдайдың ерекше хикметтеріне бөленумен көрінісін береді.

Сонымен адам баласының кемелдену жолында діннің ықпалы біздің тек қана бұл өміріміздің туылу мен өлудің арасын ғана емес, өткен шағымызды, болашағымызды және  бұл өмірге адам болып қайта жер басуға да алатын тағдырлық жобамызды да қамтитыны хақ. Мұндай өте нәзік, құпия жолға шыққан адам баласының өз ұлтына, халқына берер рухани өнімі қуаты малы болса, ал жетілгендік тұрғыда жанның өнімі арқылы сана қуатын меңгеру арқылы әлемге де беретін парасаттылық қуаты да болады. Адамзаттың тарихи даму сатысында талай пайғамбарлар, елшілер келіп рұқ пен жандық өнімдерді тазарту, өсіру тәсілдерін, әдеп үлгілерін қалдырып, ең соңында бұл 4 кітап дін  негіздері болып түскенімен, бұл діндердің бәрі үш  жүйе тектен, екі түрлі игілікті амалдар жүйесінен тұратынын білеміз бе? Үш жүйенің; Жер, аспан, екі аралық қуаттардың, қасиеттердің сырларының тегін меңгеру болып; Тәурат, Зәбур, Інжіл болып түсірілген еді. Ал енді осы үш жүйенің басын қосумен және жоғарғы жетілген сана қуатын қалыптастыруды және барлық діндердің бірлігін қалыптастырушы негізгі шежіре құранды түсірумен құлшылық амалдарды жетілдірумен, жанның ең жоғарғы дәрежесін өсіруді және діннің ортасын сақтаудың шариғат үлгісімен  Мұхаммед пайғамбарымыз  арап елдері үшін де орта топтық негізін қалаған еді. Бірақ тура жол үлгісін, пайғамбарлық намаздардың, иманның 70 бұтақты сырын меңгеруді өзі жеке орындап аз ғана сахабалар меңгергені де, ал мұндай даналықтың жоғарғы сатысын – данышпандықты сана қуатын үнемі жетілдіріп отырудың хикметті сырын Арыстан баба арқылы Ясауи бабамызға аманат қылғанының өзінде болашақта баяндайтын талай жандық құпия ғылымдары да бар. Жалпы әлемдік тұрғыдағы дін құлшылығын; Яссы, Мұхаммед, Інжіл деп түсінген абзал.

Ал үш түрлі құлшылықтың сапасын меңгеру арқылы діннің ішкі сырын, өмір шындығын, адамзатқа ортақ мұсылмандық тектілік негіздерін меңгеруге адамзатқа берілген екі игілік бар. Біздерге берілген діннің қағидаларына байланысты тәлім-тәрбиені белгілі шектердің шамасынан аспаумен, білімді меңгеру арқылы даналығымызды жетілдіру игілік болса, енді біздің күш-қуатымыз, өнеріміз, шаруашылық әдістерін меңгеруіміз, жаратылыстың құпия сырларын ашып, оны адамзаттың қызметіне тұрғызуға бағындыруымыздың бәрі парасаттан, ойлау ерекшелігімізден туындайды.Аятта; «Мұхаммед: «Бізге Алланың жазғаны ғана болады. Ол біздің иеміз. Мүміндер Аллаға тәуекел қылсын» де. (51) Оларға; «Сендер бізге екі игіліктің бірінен басқасының келуін күтесіңдер ме? Біз Алланың сендерге өз қасынан немесе біздің қолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз. Ал онда сендер де тосыңдар, біз де сендермен бірге тосайық» де (52) Оларға; «Малдарыңды мейлі бейілді немесе бейілсіз түрде сарып қылыңдар. Сендерден әсте қабыл етілмейді. Өйткені сендер бұзақы елсіңдер» де.» (9-53) Сонымен қандай жаратыс болсын, қасиеттілік, тектілік болсын жұбы болуы шартты болып, парасаттылық, кісіліктің де екі белгісі жұбымен, біздерге берілетін екі игілікті бірін; Қызыр Ілияс, Ғайып ерен қырық шілтен деп атаса, екіншісін, «Бақ қарасын Қыдыр дарысын» деген. Бұл аяттың сүресінің; Тәубе-бас ию, яғни иман келтіру ұғымын береді. Олай болса бұл игіліктер даналық пен парасаттылыққа жалғанумен болмақ. Қыдыр-даналық, Қызыр-парасаттылық болып және Қыдыр Мұхаммед пайғамбарымызбен байланысты болса, Қызыр-парасаттылық Ғиса пайғамбарымызбен, оларға түсірілген кітаптармен жалғану арқылы атқарылады.

Сонымен қазіргі таңда түркі елінің ислам дінімен қалыптасқан дәстүрі бойынша Алла жолында мал сарып қылудың ерекшелігі де ата-бабаларымыздың, әулиелеріміздің бастарына зияраттап, құрбандық шалып, олардың парасаттылық ой қуаттарына жалғанумен, өзіміздің малдық қуаттарымызды тазартып, күнәларымыздан ақталуымен, және ата-аналарымыздың тұтастық қуаттарының жүйесі, қасиеттерінің бейнесі болған аруақтарының тозақтағы жандарын құтқарумен байланысты болатыны да сөзсіз. Адамзаттың барлық қылығы, әрекеті, ақыл-ойы, тегі, қасиеті, жындық, шайтандық қуаттарының бәрі бір денеге аруаққа айналып барып тозақтың түрлі орындарынан тазарудан, қайта түрленуден де өтететінін білген жөн. Дін ғалымдарының жын қуаттарын адамзаттың екінші жартысы екенін мойындаудан бас тартқызудан да әлем халқын адастыруға да себеп болғаны хақ. Аятта; «… Біз Алланың сендерге өз қасынан немесе біздің қолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз. ..» Біздің қолымыздан пайда болатын; Лат және Ғұзза деп аталатын адамзаттың серіктерінің де Алламен басқаруында тұрып; «…немесе біздің қолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз.» деген ұғымның түркі дәстүріндегі «Аруақ қолда..» деген ұранының хақиқатын растайды. Әрбір адам баласы үшін екі қолының рухани бейнеленген көлеңкесі де игілік, иман жолдасы болуы керек. Бұл туралы інжілде ашық баяндалған, құранда аяттармен расталған да.  Олай болса бұндай әлемге де ортақ үш түрлі құлшылық істердің бәрін құран оқумен, яғни намаз орындаумен, жер есігі табанмен жалғанып, көкке саты іздеумен, ислам дініне барлық әлем діндерінің негізгі игіліктерін меңгерудің бірлігін қалыптастырумен нәтижеленетіні де хақ….(жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *