Қандайда бір жаратылыстың сырын ұғыну үшін де жаратылыстың негізін, құдайлық болмысты, ақиретік тылсымдық өмірді де түсіне білуіміз керек.Адам атамызды жаратып, атау сөздерді үйретіп, яғни рұқтан білім беріп, атамыздың жаратылыстың барлық қасиетеріне ат беріп шықаны баяндалады. Енді бұл аттардың негізгі тұрақты белгісі-кітабы атау сөздер болған 99-сипатты көркем есімдер болып, Раббымыздың ұлық есімі болып саналды. Енді біздердіңде белгілі бір қасиетің сырын бейнелейтін аттармыздан да осы Раббымыздың есімдеріне жалғанумен белгілі бір есімдік сапаның атау сөздің пайда болатынын білген жөн. Немесе бұрынғы өткен қасиетті ата-бабалармыздың атын меншіктеп, сондай қасиеттілікті меңгеруге де ырым қыламыз. Сондықтан да адам баласы туылғаннан кейін белгілі бір қасиеттермен, жаратылыстық қуаттармен, қозғалыстық нәрселермен байланысты аттарды қоя білу парыз екенін әркім біледі. Енді біздердің аттарымыздың сапасы да артуымен яғни бұл дүниеде меңгерген қасиеттермен, ізгілікті амалдармен байланысты өлгеннен кейін біздің атымызға байланысты қалыптасқан иман жолдасымыздың рұқтық кітаптарға жалғануы арқылы, ақиретте белгілі бір көркем есімдермен жалғанып, өз орнымызды көктен алатынымыз да хақ. Сонымен әрбір адам баласын аты-көркем есімге айналуға соған қарай жаннатан өз сарайын салып, орын тебуге қабілетті болмақ. Адам аты белгілі бір ақпаратық «матрицаны» дененің сыр сипатын, құранның аяттарының жарықтық сапа бейнесін айқындап тұруы шарт. Сонымен әрбір адам баласы шамасына қарай рухани денесін қалыптастарып, құраның белгілі бір қасиеттердің көрнісі жарыққа, иман кітабына айналады. Жер бетінің барлық тіршілігінің қозғалыс қаракеті осындай имандық қуатқа, тағдарлық кітаптарға, ақыл-парасатқа айналғандар яғни жұлдыздар арқылы басқарылып оны «БІЗ» деп атаған құранда. Аятта; «Ішкен суларыңды көрдіңдер ме? (68) Оны бұлттан сендер жаударасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба?(69) Егер қаласақ оны ащы қылар едік. Ендеше шүкір етпейсіңдер ме?(70) Жаққан отарыңды көрдің дер ме?(71) Оның ағашын сендер жаратыңдар ма? Немес Біз жараттық па?»(56-72) (more…)