XXVIII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 0

Біздердің ұғымымыз, түсінігіміз сырттағы бізге беймәлім құбылыстардың ішкі зайыры яғни түр, түстік, қуаттық, қасиеттік, тектік сапаларының белгілері оларда емес, керісінше біздің өзімізде ішімізде болады. Әлем сөзден бастап жаратылған деген астарлы ұғымның мәні де жарықтың зайыры,  үні, қасиеттері нәтижесінде адамзаттың ақыл-ойымен атау сөз болып бейнеледі. Бұл сырды алғашқы меңгерген, жаратылыстың барлық қасиетті белгілерін атау сөзбен белгілеп шыққан Адам атамыз болады. Сонымен иман парасаттылық қуат түрінде барлық жаратылыстың ішкі зайырын бейнелеуші, жоғарғы ұғым, қуат, күш болып Адам атамыздан бастап жаратылды. Бүкіл адамзаттың тарихи оқиғалары мен қаракетті, қасиеттері, тектілігі тазарудан өтіп Раббымыздың нұрымен қосылып иман қуатына айналып отырады. Сондықтан адамзат қандай бір заманның қасиеттілік, тектілік, зайырлық ақпараттарына жалғануға міндетті болып және сол замандағы пайда болған киелі жарықтың белгісіне иман қуатына жалғануы арқылы таза, қатесіз мәлімет алуға мүмкіндік алады. Және қандай бір замандарда болсын дін тазалығын сақтап, имандылығын жетілдіре білген, текті адамзаттың қалыптасқан періштелігі болып, ал періштеліктің де түр, түспен, жарықпен, жоғарғы сапасы Ақ түспен байланысты яғни ақтың ішіндегі 7 түр, түспен жалғанумен байланысты болуы да хақ.

Сонымен аятта; «Шын Алланың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сонда онымен түрлі-түсті жемістер шығардық…»  Жалпы түрлі-түсті шырын жемістердің жаннаттық қуаттармен байланысты болып және барлық жаратылысқа жан беретін жаңбыр екенін әшкере баяндап тұр. «Сондай-ақ таулардан да ақ, қызыл әрі қап-қара түрлі-түсті жолақтарды көрмейсің бе?» Біздің өмірлік бастауымыз, тегіміз таулармен байланысты пайда болатын үш түрлі қуаттың  әрекетімен, біздер адам болып дүниеге келеміз және өзара жұптасу арқылы осы үш қуаттың әрекетімен көбейіп, ұрпақтарды таратамыз, өсіп-өнеміз. Және мұнан тағы түрлі-түсті жолақтардың  пайда болуы жаратылыстың жарық қуатынан таралып, жарықтың белгілі бір түсіне байланысты ішкі қасиеті де байланысты болатынын білдерді. Мысалы қызылдың өзі 12 түспен, 6 тұрақты түспен байланысты түрленіп әр түрлі қуаттық шаманы, қозғалыс ерекшелігін қалыптастыратыны ғылымда мәлім, дәлелденген. Индиялықтардың дін ғұрпында маңдайын арнаулы бояумен таңба салып және бұл қара, қызыл, ақ түстермен байланысты болуында да ғылымдық негіз бар. Сонымен бірге жәндіктер, аңдар, жанды жануарлар, құстардың сезімталдығы, сезім күші белгілі бір жиіліктегі түрлі түсті сәулелердің әрекетімен пайда болады. Және қандайда бір қуаттың сипаты болған жарықтың иісі де болып, жұпар және сасық иісті екі сапаға бөлініп, екі аралықта бұл иістердің сан алуан сипаты да пайда болып, оның негізгі көрінетін, көрінбейтін  бояуы, түсі де болатынын  естен шығырмаңыз. Жер бетінің тіршілігінде 12 түстің өзара алмасуымен барлық ақпараттық, қозғалыстық күш қуаттардың әрекеті пайда болады.

Қандай да болсын қозғалыстан сол жаратылыс нәрсесінің  өмір сүру уақыты, тағдыры туындайды. Ал уақыттың негізі Ақ, Қара, Қызыл түстермен байланысты болып, өмірдің тіршіліктің бастауы деп атаған жөн. Қара түрдің ішінде 9 түстің болатыны және бұл жындар әлемімен тікелей байланысты болып, 10-шы сатыда ғана Аққа айналу құбылысының пайда болуымен көкке шығатын 10 сатының, дін құлшылығының  10 үңгірден өтумен, бір түрден екінші түрге ауысымен байланысты екенін жанның ағаруы осындай сатылардан өтумен және бұл жылдың 4 мезгілімен, 4 нәсілдік қуатты да, қозғалыс әрекетті  меңгерумен байланысты екені хақ. Шәкәрім атамыз 8 түрдің ақпен байланысты жарықтың түрлену сипатына, жұмбақ өлеңмен жаратылыстың зайырлы сырын, қасиеттерін астарлап баяндап беріпті. «Тоғыз қатын жиылып бір толғатқан, Бірін-бірі буаз ғып жуандатқан. Тоғызының киімі тоғыз түрлі, Келген кісі сияқты әр тараптан. Босанғанда екі түрлі киім жапқан. Бір киім шешесіне ұқсаса да, Бір киімі келіп тұр бөтен жақтан. Қатындар не? Киім не? Баласы не? Көпке киім жетеді не себептен?» Тоғыз киім тоғыз түрлі түстің белгісі және осы түстердің өзара араласуынан 10-шы түстің пайда болуын білдіреді. Және мұны; «Тоғыз қатын, тоғыз сан, тоғыз бөлек, Тоғыз цифр киеді түсі өзгерек. Бірінен-бірі жуан бола беріп, Ойласаң тоғыздан «он» туса керек. Киімі оның бір цифр, бір ноль болар. Ноль деген цифрдан жат бір дөңгелек. Қанша санды жазса да осы цифр, Жететінін байқайсыз, болсаң зерек.» Сонымен санның негізі түрден пайда болып, барлық сандардың негізі 8-ден, түрден шығатын және бұл таңбаның шексіздікті меңзеп тұрғанын да аңғаруға болады. Ал ноль саны қара түрмен байланысты, қараға енгенің түстің жоғалуы «черная дыра» құрдымының белгісі және  тоғыз түстің әрекетімен ғана Ақтың пайда болуы, ақталудың, көбеюдің сырын білдіреді. Олай болса қарасыз, жынсыз жер бетінде көбею, өсіп-өну, қозғалыс та жоқ. Сондықтан Раббымыз; «Түнді тыныштыққа, демалысқа жараттым» деген. Сол сияқты қызыл түстің жеті түрлі жағдайдағы түстермен әрекеттесіп қайта өзінің түсіне жақындағанда сия көк қызыл түспен фотондық қуатының екі есеге артуын көрсетеді.

Күннің батып шығу кезінде қызыл түске боялып, кейде жасыл түстің де пайда болатынын аңғарған зерттеушілер. Бұл үш түстің жер бетінің жылуының, теңіздің әрекетінің және салқындыққа да байланысты қозғалыстың негізін  желдің де туындауын қалыптастырады. Құранда сүрелердің және аяттардың сандық мәніне байланысты белгілі бір сөздің қуаты, түсі барын да білген жөн. Онда біздерге ұғымды болу үшін және жаңылысып, шатаспау үшін сан ғылымының маңызы, Алланың барлық қуаттың иесі екеніне иман келтіруге ақыл-ойымызбен қабылдап, тылсымдық, «метафизикалық» тұрғыдағы түрлі-түсті кітаптардың жүйесіне жалғануға да мүмкіндіктің артатыны сөзсіз.Түс көру, түсірген деген ұғымдардың осындай сәулелердің адам жанына немесе белгілі бір кісілік бейнелерге түскенде оның рентген сәулесі сияқты, тек онан миллиондаған есе көп артық кереметпен, ғылыммен байланысты, әрбір құпия жаратылыстың ішкі зайырының көрінісін түсті бояулар арқылы жанның оқып түсінумен, өзіне керекті құпия білімді жүктеп алуымен байланысты екені хақ. Сондықтан иман жанның айнасы деп түсінеміз. Немесе жүректің айнасы ұждан болып, біздің барлық ішкі сырымыздың, ғұмырымыздың, адамдық әрекетеміздің жағдайы осындай бояулармен рухани баламызға айналады. Олай болса тектілік, қасиеттіліктердің белгілі бір түсі, қуаттық шамасы, «метафизикалық»  ақпен оралған денесі болуы шартты жағдай.

Енді осындай тектердің ішкі қуатына, зайырлық қасиетіне талдау жасап көрсек. Қазақтың дәстүрінде жалпы ұлтымызға ортақ негізгі үш тектілікті үш жүзбен белгілеп; «Ұлы жүзге қауға бер де малға қой» деп қара түрді меңгерумен байланысты малдық қуаттарды меңгеру тақуалықты, білімділікті яғни Мұса пайғамбарымыздың арыстық тегімен  қоңыр түспен байланысты болады.  Қазақта  қоңыр түс, қоңыр үн, Қоңыр ата деген сияқты қасиеттіліктің сипаттары көп. «Орта жүзге қалам бер де дауға қой» деп ақ түстің сырын ілімділікті жанды меңгерумен  және мұның киесі Жүсіп  пайғамбарымызбен байланысты аян, түс көрумен, елдің өркендеуін қалыптастырумен, Раббымыздан құпия білімді алумен  және тектілігі көгілдір  түспен бейнеледі. Ал енді; «Кіші жүзді найза бер де жауға қой» деген нақылдың қызыл түспен аруақтық қуатпен және Дәуіт пайғамбарымыздың арыстық тегімен ақ түспен, ар сауытымен байланысты екені де хақ. Сонымен біздер алдыңғы тарауда баяндалған ақиреттің есігі жер жаннатының иманның дәрежесі сабырлық қуаттың жолдарының  «Кем-Пір-Қос-Ақ» болып аталуының өзінде хикметті сыр бар. Әйелдер үшін тақуалықтың жоғарғы дәрежесі ақ жаулықты кемпір болу екені де шындық. Енді біз осындай тектілікті меңгерген елміз, сол бабаларымыздың үлгісімен, әдетімен жүрсек болды десек, онда әлемдік қозғалыстан шығып қаламыз да, арты түрлі сынақтармен, азаптармен, соғыстармен, қан төгумен және алған пайдаланған қуаттарымызды төлеумен аяқталады. Тарихымызда үнемі сондай сынақтарға ұшырап келе жатқан елміз де.

Қазіргі таңда да мұндай жоғарғы сапалы жарықтық төбеміздегі жолдарды, кемпірқосақтық  көгімізді жетілдіруді тастап қойып, мыңдаған жыл артта қалған білімге, ілім көзіне қайта оралуымен, оны тура жол атаумен азғындыққа түсуге, кейіннен пайда болған ақпараттық жүйелерді , ғылымды терістеуден, құранды да теріске алуға себеп болғаны хақ. Мұндай жағдайда шындық ілімді алудан бас тартқан надан ғалымдар мен арамза молдалардың іс басына, ел билеуге, халыққа ақыл айтуға тұрып және ақиреттік дәстүрімізді терістеп тақ, дәреженің, дүние байлықтың ғана соңына түскен әлемдік салтқа шоқынудан да пайда болды. Жол дегеніміз үйден шығып кейін қайта оралатын дүниелік қозғалыс емес. Жол өлімнен басталып өліммен аяқталып, енді ол мезгілге, уақытқа қайта келудің мүмкін еместігін де білдіреді. Жол уақытпен бір болып «Тарихтың шеңбері кейін айналмайды» деген даналар. Бүгінгі күніміз тарих болып енді қайта оралмайды өткен шаққа айналады. Діндегі ақпараттық жүйе де сол сияқты жетіліп болашаққа жалғанып отырады. Үнемі жаңадан түрлердің пайда болумен,  кітаптарға тағдырлық оқиғаларға айналып бұрынғы түрлерді, кітаптарды мұның ішіне алып, басқарылу қасиетінің артуымен үнемі қозғалыста болады және Алланың қуаты шындық үкімі нұрдың әрекетімен, жарықтың  қуат-күші, сапасының артуымен, түнек күштерін меңгерумен де байланысты әлем кеңіп, дамып отырады. Сондықтан да; «Олар жаһилет дәуірінің үкімін іздей ме? Анық нанған ел үшін Алладан жақсы үкім беруші кім?» (6-50)

Біздердің меңгерген дін ақпаратымызға байланысты Алланың үкімі оқылып аяндармен, уахилармен түрлі-түсті сәулелермен беріліп отырады. Алланың тілі үнсіз тіл деген осындай сәуленің ақпараттық сырымен байланысты. Біздерге аманатпен берілген жанның қуаттылығы, қасиеттілігі өткен замандағы ата-бабаларымыздың  рухани егініннің иман дәнінен болғандықтан, өткен заман уақиғаларының тазарудан өткен түрге, түстерге айналған белгілерінің аян болып, жанға кітапқа айналып жазылуымен біз өміріміздегі жақсы-жаман әрекеттерді ажыртуға, жаратылыстың сырын түсінуге, ұлттық тектілігіміз де жетіледі. Сондықтан аян – тарих, шежіре шындығы. Мұны Раббымыз; «Игіліктің түсірілуі» деп және; «Сендер өздеріне зұлымдық қылғандардың жұртында отырдыңдар. Оларға қалай істегеніміз сендерге АЯН болды. Сендерге өнегелі мысалдар бердік.» (14-45) Әрбір адам баласы шектен шығып, күнәлі болмысынан тазара алмаған жағдайда түсінде тозақтық болғандардың тарихынан өнеге беріледі, мұндай аяттардан қорқып иманға келуді ескертеді. Сонымен бірге аятта; «Мұхаммед; «Алладан басқа бізге пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге сиянайық па? Алла тура жолға салғаннан кейін қайтып, шайтан баурап, жер жүзінде абыржыған жолдастары; «Біз жақтағы тура жолға кел!» деп шақырып жүрген кісі құсайық па?»,-де. Алланың жолы тура жол. Және әлемдердің Раббына бой ұсынуға бұйырылдық» де.» (6-71)

Олай болса тура жол дегеніміз де бейбіт өмір мен тыныштық, тоқшылық заманды қалыптастырумен, ешқандай абыржу, бүлік «экстремизмге» ұшырамайтын және кейін қайту түгіл өзге жаққа да бұрылмайтын Раббымыздың түсірген аяндарымен, уахиларымен ғана алға қарай әлеммен бірге, уақытпен тұтастықтағы ақпараттық жүйеге жалғанумен болады. Біздер кейін қарай қайтып (кинизмдік) масһабты тура жол деп алып, сол замандағы түсірген үкімдермен ғана жалғанамыз. Олай болса; «Олар жаһилет дәуірінің үкімін іздей ме? Анық нанған ел үшін Алладан жақсы үкім беруші кім?» біздің Раббымыз иеміз Имам Ағзам болып шығады. Аллаға теңдес жасап, ортақ қосумен біздің ел билігіміз, дін ғалымдарымыз да және әлемдегі  дінге байланысты барлық бүлікшілдіктің сыры; «жер жүзінде абыржыған жолдастары; «Біз жақтағы тура жолға кел!» деп шақырып жүрген кісі құсайық па?» деген исламдық, масһабтық топтардың шындықтан да, тура жолынан да айрылып, кейін қайтып, бағзы замандағы өзара қан төгістің үкімдерін сұрап алып жатқандары да хақ.  

Әлемнің жаратылысында бос кеңістік жоқ. Ібіліс білімнің тегі болып оттан жаратылған жыннан еді. Ал Адам атамыз судың негізі топырақтан «Сансыз, үнді, Ақтан» жаралған ілімді меңгеруге, жанды жетілдіруге, көбейтуге жаралған еді. Сондықтан Адам атамызға барлық періштелердің түрлі-түсті жарықтық денелердің Адамға қызметке тұрғаны да хақ. Адам атамызға сөз ұғымдарын меңгеру яғни пайғамбарлық ілімділік қасиеттілік болып,  яғни көктер мен жердің құпия жаратылыс сырларын, нәрселерінің ішкі сыр зайырлық  белгілерін меңгерумен байланысты болды. Олай болса, көк пен жердің жаратылыс негіздерінің, ілімнің барлық негізгі сыры құранмен баяндалып, сандармен белгіленіп, ал енді жаратылыс нәрселерінің ішкі құпия сырлы білімін меңгеріп амалға, сөзге, ғылымға айналдыруды меңгеретін қасиеттілерді елшілер деп атайды.  Сонымен білім қара түрмен және ібілістік ақ сұр (күл түстес) түсті меңгерумен байланысты болса, ал ілім сумен Ақ түрмен байланысты. Ілімнің білімі құран арқылы Ақ түрмен байланысты түстердің әрекетімен бейнеленіп адамзатқа түс, аян, уахи болып оқылып отырады. Ал оның негізі ащы шындық түрінде жер әлемінде теңіздермен байланысты да жаратылып қойылған. Шындықты хақиқатқа, шынға айналдыру білімін меңгеру арқылы болып,  суды білімді сөздердің қуатымен, түстерімен тұшытып пайдалы қуатқа айналдырудың да сыры хикметі бар.

Сонымен біздер Ақ, қара, қызыл түстерді көбеюмен, өсіп-өнумен байланысты меңгерсек, ал жалпы; 1. Қызыл; 2.Қызғылт сары; 3.Сары; 4. Жасыл; 5.Көгілдір; 6. Көк; 7. Күлгін түсті жарықтық қуаттарды біз өзіміз өндіріп бой өрісіміз, зейнет киімі әрі денеміз болып қалыптасуы да керек. Бұл құдайлық ақиреттік тұрғыдағы болмысымызды «Кебенек» деп атаған даналар. Сондықтан сыртын түзеп тақуа аталып, кебінделіп жүргенмен, іштегі иманның жарығының әсерімен, сыртқы зейнеті сеніммен, құлшылықтармен байланысты  бой өрісінің жеті түрлі түстермен бейнеленген кебенегі болмаса; «Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» деп  мұндай жанның жаннатық болып, түбінде қайта жер басатыны немесе ақиреттен шындық түріндегі хабарының міндетті түрде келуін ескерткен. Ақиретке иман дегеннің білімі де осындай белгілерді меңгерумен, хабар алумен байланысты болуы керек.Ал енді бұндай зейнеттік киімнің қалыптасуы үшін де біздердің тура жол масһаб атаған немесе басқалай түрлі тақуалық топтардың амалдарының жеткіліксіз немесе тек намаз оқумен, ораза, зекет, қажылықпен, белгілі бір қайырымдылықтармен ғана  шектелумен ұлттық тұрғыдағы тарихымызға жалғанбасақ, тарихтан хат алып үлгі қыла алмасақ, болашаққа жанат егелеріне де жалғана алмасақ, онда жол болып саналмайды. Және бұл құлшылықтар;  намаз орындау, намаз оқу және намаздарды толық орындау болып аталып; қарсылық күштерді жындар мен шайтандық қуаттарды да жүктеліп меңгерумен, ақталу, тазару тәсілдерін де қоса атқармаса, яғни қазақ дәстүрінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрі негізінде құлшылық амалдарын заманға қарай жетілдіре білумен ғана аманаттар ақталады.

Олай болса, біздер осындай құлшылық амалдарын жүйелеу арқылы жеті жолдық таза ақпараттық қуаттарға жалғануымыз да керек. Олар; 1. Қызыл; 2. Қызыл сары; 3. Сары; 4. Жасыл;  5. Көк; 6. Қою көк; 7.Қара көк;  болып судың буы, ақ түстің ішінде 7 түстің түрдің ақиретпен, тақуа болған ұжмақтық Алланың достарымен  арқылы екі аралық нәсілдерді, жындарды тазартып меңгерумен, ақиреттік әулие жандарына  жалғанумен байланысты болады. Сонымен бірге барлық  әлемдік жаратылыстың, тіршіліктің атқарушы, дамытушы, түрлендеруші  қозғалыс негізі болған төрт түрлі қуаттың барын білеміз. Олар; 1.Жәбірейіл жасыл түсті денені бойын жауып тұратын және үлкен екі қанаты бар періште болады. 2.Мікәйіл көк түсті  екі қанатты барлық адамзатқа, мақұлықтарға берілетін ризық несібенің атқарушы екі қанатты періштесі болады. 3.Исрафил сарғыш түсті екі қанатты періште болып, желдің, жаратылыстың  барлық негізгі  әрекеттерінің қозғаушы періштесі табылады. 4.Әзірейіл қара түсті-барлық жанды жаратылыс егелерінің, адамдарының жанын алумен бірге өлімді басқарушы  екі қанатты періште болып саналады. Енді адамзаттың негізі әйелден басталатын болса, әйел затының екі қанатты періште қызыл түрмен байланысты қуаттылығы, періштелігі тура жолдан болып, барлық адамзаттың қозғалыс негізін қан тегін қалыптастырады. Ал енді жоғарыдағы «кебенектің» әрбір зейнеттік киімі, түсімен байланысты да жеті арыстық қасиеттіліктің негізгі қозғалыс тектерімен байланысты ерекшелік түстері де бар. Ал мұндай періштелік түр-түстерді меңгерудегі  ең жоғарғы дәрежеге жеткен жеті қанатты періштелік болып, яғни Алла тағалаланың  адамзат үшін әшкере болған көркем есімді барлық сипатымен рахметімен бірігіп; Ол Алла деп аталуы хақ. Мұндай дәрежеге алғашқы болып көтерілген Мұхаммед пайғамбарымыз болады.

Төбеміздегі жолдың; 1Қызыл, 2.Қызыл сары, 3.Сары, 4.Жасыл, 5.Көк, 6.Қою көк, 7.Қара көк болып судың буы, ақ түстің ішінде 7 түстің түрдің пайда болуымен, бұған адамзаттың ортақ зейнеттік жарық киімі, біртекті денесі; 1. Қызыл; 2.Қызғылт сары; 3.Сары; 4. Жасыл; 5.Көгілдір; 6. Көк; 7. Күлгін түстерді қалыптастырамыз. Сонымен бірге 4 қозғалысты періштенің; 1.Жасыл, 2. Көк; 3. Сарғыш; 4. Қара қуат күштерді замандық қозғалыстық тегімен уақытпен, Ақ, Сары, Қызыл нұрлармен байланысты адамзатқа 7 тек ағаштың белгісі арыстар болып саналады. Енді жеті арыстың да түстік сипаты, қасиеттік, қуаттық ерекшелігі бар; 1. Мұса пайғамбар-Қоңыр; 2.Жүсіп пайғамбар-Көгілдір, 3.Иса елші-Күңгірт; 5. Ғиса пайғамбар-Қызыл; 6.Сүлеймен пайғамбар-Сары; 7. Мұхаммед пайғамбар-Жасыл түстердің, қуаттардың басқарушы кие пірлері болады.

Бұндай киелі түстердің пайда болуы да қарсылық қуаттардмен жүктеліп, қасиеттілігін тазартып меңгерумен байланысты екені сөзсіз. Қарсылық қуат қара түспен және ібілістің негізі періштелік сипаты  ақ сұр күл түсті сипатымен бегілі болса, шайтандық сипаты қоңыр қызыл болып, ал жындық қуаттың қара түстің әрекетімен байланысты екені хақ. Жалпы жандық періштелік сипаттардың да үш түрлі түспен 9 сипатпен ерекшелігі болатынын да алдағы уақытта талқылап көреміз. Тура жолдың мұндай түр-түсті қуаттарына толық жалғанып, Алланың сүйікті құлы болғандардың да шапағатшылық белгісі, ерекшелік қуаттары болуы керек. Қазақ елінің мұндай істі атқарушысы болған әулиелері; 1.Арыстан баба-көк; 2. Айша ана-Ақ; 3. Ясауи баба-Қоңыр; 4. Түктібай ата-Айшық түсті; 5. Сарыбай ата-көгілдір; 6.Сүйінбай ата-Жалын түсті; 7. Жамбыл ата-Қос қанатты-бозғылт түсті; 8.Қайназар ата-Бура түсті болып көрнісін береді. Олай болса біздердің Алланы тануымыз бізге білдірген барлығы, растығы нұрының жарықтарға айналған қасиеттерін танып меңгеру арқылы біздер Раббымыздың ешқандай ыстық, суығы, көлеңкесі жоқ ерекше сары түсті нұрына кіреміз. Мұндай нұрдың жер бетінде үлгісі болып, Мекке қаласындағы Қағба болса және әрбір ұлттың, үмметтік туған жер отанында осындай қағбалық есіктерді табумен оны құлшылық орнына айналдыру да басты борышымыз болады. Ол үшін де мұндай тектердің арасында көпір болып жалғанып тұрған, барлық әулиелердің түр-түстік қуаттарына жалғана білуіміз де міндетті болады. Негізінен иманның 49 түспен байланысты осыншама түсті қуаттың жиілігін, үндік бірлігін меңгерумен ғана нұрға жалғанатынымызды да білген жөн. Сондықтан аятта; «Аятта; «Сендер үшін жер жүзінде түрлі-түсті не жаратқан болса, шын үгіт алатын қауым үшін әлбетте үлгі бар.» (16-13)  деп ашық ескертіп, ал барлық жарықтың қуатының жиынтығы найзағай болып, ақыл иелеріне белгі бар деген Раббымыз.

Қазақтың бүгінгі замандық рухани дағдарыстың басты себепшісі де ұлтымыздың меңгерген рухани  өркениетін жоғалтуға байланысты. Бұл жағдайға себепші қарапайым иман мен сенімнің, жан мен рұқтың, пайғамбарлық пен елшіліктің жалпы сөз ұғымдарының астарын, нақылдардың құпия сырларын  да меңгеруден бас тартқан надан қауымның ел билігі, ақпараттық басқару орындары және философиялық мектебімізден бастап, барлық ақыл беру орындарында тажал болып өз ұлтының дәстүрін, рухани білімін жоғалтумен айналысып жатқанымен белгілі. Өкінішке орай, жалпы халықтың рухани дағдарысқа түсіп, ақылдары жоғалып, жалған біліммен негізделіп, мұндай іс басындағылардың әулие, керемет аталуымен бұл баяндап жатқан ата жол жазбалары, аруақтың аманаттарын түсініп оқитындар, яғни жетелі оқырмандар санаулы ғана. Сол аз ғана жетелі оқырмандардың ұжданы жетіліп, қуаттанып, бойы «кебенегі»  қалыптасып, саналық дәрежені меңгеруі үшін көпшілікке ертегі болса да, бұл құпия сырларды баяндауды жалғастыра береміз.

(Бірінші кітаптың соңы. Жалғасы; «Иман, сенім жан мен тән» деген бөлімде.) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.