XIX-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 1

Қазақ дәстүрінің құранмен бекіп, бүкіл әлем діндерін толық қамтып қалыптасуы да жан ғылымы мен жоғарғы біртектілік қасиетті меңгерген Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың 63 жыл жер астында хилуетте өмір сүріп, әлемдік барлық ақпараттық жүйеге жалғана алуымен байланысты екені де хақ. Бұндай ақпараттар жүйесінің 3 түрлі тараудан 33 мың сипаттардан; нақыл — сөз құпиялары, ғылым деректері, ғылым көздерінен  тұрып барлығы 99 көркем есімдермен немесе Ар —атты Алла тағаланың сегіз сипатының бейнесімен байланысты болып, сәни дәптердің хикметтерінің сандық мәндері мен құран аяттарының арасында тығыз байланыстың барын әзірге ұғына алған қазақ ғалымын таба алмайсыз. Ясауи бабамыздан талай мыңдаған шәкірттер тарап, түркілік руханиятының тура жол болып қалыптасуына да, әлемдік тұрғыда дінде әділеттілік пен өзара қарым-қатынас еркіндігін қалыптастырған Шыңғысхан бабамыздың орнатып кеткен  тыныштық заманымен,  300 жылдан астам уақыт әлемде түркілік дін дәстүрінің үстемдігі қалыптасқаны да хақ. Бұл тектілікке негізгі мирасқор қазақ елінің әлемдегі ең көп әулиелер, пайғамбарлар жерленген мекенге айналып, біздердің осыншама көлемдегі жерге, байлыққа еге болып қалуымыздың өзінде ата-бабалармыздың өсірген рухани бақшасының  иесі атануға, Құдайлық тағдырдың ықпалы екені де хақ. Мұндай жағдайда қазақ халқының да рухани сынақтары өзге елдерге қарғанда ауыр және қиындығы да зор болатыны да хақ.  Әрине құранды және онан тараған таза білім мен кітаптарды, ғылым, қуаттарының  бірлік жүйесін қорғап, сақтауға Алла тағаланың бекіген уәдесі барын да естен шығармаңыз. Осындай сөздің құнын, барлық ізгілікті, игілікті діннің амалдарын орындауға негізделген дәстүріміздің қаншама уақыт өзге елдердің ықпалында болғанымен, жоғалтуға жол бермеген Раббымызға мың шүкір дейік, ағайын!

Қазақ даналығында; «Бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер» деген мақалдың барын білсеңіз, онда сана деген қуаттың ең жоғарғы ақылдың ұғыну қуаттылығы мен түсіну қабілеті болып және Раббымызбен тікелей байланысқа шығуға да мүмкіндігі бар рухани жетілген адам баласына тән болмақ. Алдыңғы тарауда тектілік пен қасиеттіліктің айырмашылығын баяндап кеттік. Және «Жын шайтандар..» атты жазбада тектердің әлемдік ортақ жағдайда нәсілдік белгілермен байланысты жүктеліп, біртектіліктің қалыптасатынына дәлелдер келтірдік. Қазақтың даналары әлемдік тұрғыдағы жан ғылымының білімін меңгеру арқылы дін тұрғысында шариғаттың шарттарын  ұстанып, намаздарын орындап, жоғарғы жетілгендік парасаттылықты, саналықты меңгеру үшін тарихат, мағрипат сатыларынан жеке-жеке өтіп жүрмей-ақ және дін ұстанымында тарихат, мағрипат деп діндік бір ағыммен, топтармен бөлінбей-ақ, қарапайым қойшы мен патшаныңд а күнделікті өз міндеттерін атқарып жүріп-ақ меңгеруге болатын дәстүрін қалыптастырумен, біздердің ұлтымызда нәтижесі тектілік болып бекігені және ақылдық қуаттың сапасы- жетелік болып қалыптасқаны да хақ. Сондықтан бұл сырды; «Жетесізге жеті айтқанмен түсінбес» деп қаны бұзылып тегінің азғанын, ана сүтінің ақталмай, әке аманатын тастап қойғанын ескерткен екен. Сонымен әрбір жетелі азаматтың, азаматшаның да ұлттық дәстүрімізді бұлжытпай орындау арқылы шариғаттың істерін меңгеріп жүріп-ақ, Құдай ісі болған Раббымыздың көрсететін жол-жобасын алып, саналықты меңгеріп Ар сауытын да  оңай қалыптастыра алады. Раббымыздың; «Дінді қиындатпаңдар» деген үкімін жоғарғы дәрежеде орындай білген қазақ әулиелері болып, ешқандай хат танып, кітап оқып, хадистерді ақтарып, құранды жаттауға мүмкіндігі болмаған әрбір қазақ ұлтының өз дәстүрін  сақтау арқылы, көркем сөз шығармашылықты меңгеру арқылы жоғарғы дәрежелі білімді хазірет, шейхтармен тең тақуалықты меңгеріп, саналық тұрғыда сұқбаттасуға да, өмірді, дінді дұрыс пайымдауға да жете алғаны да хақ.

Қандайда бір ұлттың, үмметтік топтардың немесе дін тобының да құранға, пайғамбарымыздың өсиеттері мен ата-баба тарихи шежіресіндегі меңгерген тектілік, дін құндылықтарынан, жанның ұлттық шығармашылық сөз өнерінің тағдыры да қалыптасып, бұл үзілмейтін жіб болып; Алланың жібі деп аталды. Осындай қазақ ұлтының да қалыптасқан Алланың жібін меңгерудің сырларын шығармашылық тұрғысындағы даналардың еңбектерін түгелдей қамтып, құран аяттарының ұғымдарын бейнелеу үшін де белгілі сандық жүйенің, сан ғалымының болуы шарт. Осындай сандық жүйе ғылымы арқылы қазақ дәстүрін замандық қозғалысқа, шаруашылық істерді меңгеру өркениетіне де бейімдеп отыратын философиялық шығармашылығы мен оны қалыптастырған ғұламалары да болатыны сөзсіз. Мұндай білімде де қазақ халқының әлемнің алдында озық болғанына дәлел болатын; Абай-Шәкәрім әулие, ғұлама, сопылардың біздерге қалдырған еңбектері деп мақтануға тұрарлық деп түсінген жөн. Бірақ Абай атамыздың еңбегін сандық тұрғыда құран аяттарымен, пайғамбарымыздың өсиеттерімен салыстыра отыра, жан ғылымының құпия сыры болған, құранның жеті үніне жалғануға болатынын және мұндай жағдайда саналық қуаттың жалғануымен  Шәкәрім атамыздың шығармасын да оңай түсінуге болатынын білу үшін де әулие бабаларымыз меңгерген тақуалық дәрежеге көтерілу керек. Ал  сана дегеніміз жетеден жоғары тұратын, адамзаттың сөзді ұғыну қабілетімен, тылсыммен байланысу жүйесімен байланысты болып, бұл белгілер негізінде әрбір адам баласының тегінде жаратылыстан болуы керек. Егер біз өзіміздегі бар белгімен ғана салыстырып танымасақ, онда бізге беймәлім құпия болған ақпараттардың  сырын түсіну қабілетіміз жоғалады. Және саналықтың ана жатырымен, етегімен, ақ жаулықтық қуаттылығымен, бой өрісінің тазалығымен ғана нағашыдан келе жатқан тектің қанында ділдік бейнеленуі болып, ал мұндай қасиеттілікті қалыптастырмай, ар, ұяттылықты сақтамай, бой жарығының (аура, дене) жетілмеген жағдайында ұрпақтардың санасыздығы, меңіреулігі, мәңгүрттенуі болып, сөз ұқпайтын адамзаттың қоғамын ғана қалыптастырады.

Мұндай жағдайда  намазын оқып, оразасын ұстап, зекетін беріп, қажылығын жасап тақуа, мүмін аталғанмен, сөз ұғыну қабілеті болмай, құр сенімге ғана бой ұсынушы болғанымен, бірақ имандылық қуаттарын меңгеріп, тегін жетілдіре алмайды.  Негізінде мұндай пенделер өз ұлтының дәстүрін, сөз құндылықтарын меңгеруге де құлықсыздық танытып, дін жолында тарихатқа түсіп, тақуалық жасап талаптанғанмен, иман қуаттарын меңгеріп, тегін жетілдіре алуға шамасы жетпейді де. Себебі толымды бір ақылдың көмегінсіз иман іздеп келмейді жұлдыздардан. Мұндай жағдайларды қарапайым тілмен жетесіздік деп атау керек. Негізінде ұлтымызға тән тектілікті меңгеруде қазақ елінде, мейлі шет елдегі қандастармызды да қосқанда да және саналыққа жалғануға мүмкіндік белгісі бар, жетесі ашық 10-ақ мың азаматтар бары да хақ. Бірақ қазіргі таңда бұлардың басым бөлігі әлі рухани ояна алмай жатқаны да сөзсіз. Осындай 10 мың адам баласының жетелік ақыл қуатын меңгеру арқылы 100 мың қазақ ұлтының азаматтарының рухани оянуына әсерін береді. Яғни адамдардың арасында да өзара қуаттардың алмасуы, көңілдің сәулесі ұждандылық арқылы бірінен-біріне берілуімен ақпараттық алмасуды, көңілді тазарту қабілетінің болатынына бұл дәлел болмақ. Олай болса, біздерден әлемнің барлық жанды, жансыз жаратылыс егелерімен  де,  халқымен де өзара қуаттық тұрғыда алмасу, жұғуының болуы да хақ. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады», «Әдеті жаман елге әйеліңді апарма» деп жамандықтың, аурудың, теріс пиғылды  әдеттердің, мінез, қылықтардың жұғуын ескертсе, «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген нақылдың да астарында құранның аяттары тұрғанын білген абзал. Сонымен біздер жаңбыр арқылы әлемдік барлық керекті ақпараттарды жанымызға жалғануға жер ананың өнімдері арқылы азық тұрғысында «Ел» қуаты қылып алатын болсақ, тылсымнан  әулиелер, пайғамбарлар аруағынан саналық, парасаттылық қуаттарды рухани серіктеріміз, күзетшілереміз арқылы жалғанып ала аламыз. Біздердің ұлттық, рулық, жыныстық ерекшелігімізді сақтау үшін де түрлі қасиеттілікті жаратқан болса, ал әлемдік тұтастықта болып, мейлі қандай ұлттық, дін ұстаным сенімділік  еркешелігіне қарамай біртекті Адам аталу үшін де, әлемдік барлық қозғалыс тектеріне жалғанудың амалын, намаздарын орындауын да меңгеруіміз керек. Мұндай намаз орындауды; «Атаның баласы болма, Адамның баласы бол. Атаның баласы – дұшпаның, Адамның баласы — досың» деген. Біздердің Ханафи масһабын ұстанып Имам Ағзам әулиенің баласы болып алғанымыз да құранды теріске алудан пайда болғаны сөзсіз.

Олай болса, бізге жетелік ақылдың маңызы да зор болмақ. Біз жетелік ақылдың қуаттылығын меңгеру арқылы ғана саналыққа жол ашылып, парасаттылықты да меңгеруге мүмкіндік аламыз. Және Абай-Шәкәрім  және Ясауидей ғұламалар еңбегін сандық тұрғыда жүйелеп оқып, саналық тұрғыда түсініп қана Алланың достары болған пайғамбарларымызға жалғанып, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатынан да жалғанып үлес алуға жол ашамыз. Құран сандық ғылым тұрғысында кітаптарға айналып, барлық әлемге келген діндердің ақпараттық белгілеріне жалғануға жол ашады. Яғни  пайғамбармыздың сүннеттерін орындаумен және дәстүрімізді меңгеріп даналарымыздың қалдырған еңбектерін түсіну арқылы, біздер құранның осы заманға  дейінгі ашылған барлық кітаптарына жалғануға мүмкіндік аламыз. Ал, осындай кітаптардан ғана әлемдегі барлық білімнің қазынасы пайда болғанын да естен шығармау керек. Мейлі буддалық, кришналық, таураттық, інжілдік, исламдық т.б. діндер тобында болсын, негізінен бәрі әлемге ортақ даналықтың, парасаттылықтың кітаптарына жалғанумен, әлемге ортақ білімнің өркениетін қалыптастырады да, ал мұның барлық тұжырымдамасы құранға келіп тіреледі де. Сол сияқты әрбір әлемге түскен 4 кітап діннің негіздері, әрқайсысы өзінен бұрынғы діндердің қуаттарын, тектік белгілерін, қасиеттілік сапаларын меңгерумен де ерекшеленеді. Сондықтан Інжіл кітабы өзінен бұрынғы Тәуратты толық қамтиды, ал Зәбурдың белгілі бір тектерін меңгерумен ерекшеленеді. Ал құран бұл 3 кітапты да толық қамтумен және оларды растайды, қорғайды да. Намаздық тұрғыда пайғамбарымыздың қалдырған сүннеттерінде де орта топтық араптарға тән үлгісі болғанымен, өзінің жеке орындаған намаз орындау үлгілері құпия болып, санаулы сахабалар ғана меңгеруімен, Арыстан бабаның мұны әрі қарай жалғастыруға Ясауи бабамызға құрмамен пайғамбар аманатын өткізудің де негізгі себебі бар. Ол Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан діннің жаратылыстың барлық жанды нәрселермен де тау, таспен де қуаттармен жалғанып, зейнеттелуін қамтамасыз ететін сипаты Зәбур болып оқылғанмен негізгі ұстаным Яссы-қажырлық, жігерлік деп аталып, әлемдік жаратылыспен жалғанудың сыры; біртектілікті қалыптастыру діні қазақ ұлтының мирасында болғаны да хақ. Және Мұхаммед пайғамбарымыздың да үмметі болып, Інжіл-қайырымдылық, ақиқатты меңгерудің барлық амалы тарихат, мағрипат, ақиқат болып кейіннен дәстүр болып қалыптасқаны да сөзсіз.

Масһабшы және дін ғалымдары, топтары исламдық тұрғыда тек құранның аяттарында жазылған және пайғамбарымыздың сүннеттерінде ғана қарастырылған насихаттарға сүйенумен және көптеген аяттардың құпиясын шеше алмаудан жан, тек, иман мен рухани қуаттардың түрленуін, ерекшеліктерін, білімін меңгере алмаудан да қазақтың дәстүрлік дін ұстанымы ақылды тазарту және жетілдіру амалдарының «шерік, серік қосу» деп неге аталғанын мысалдармен дәлелдер келтіре кетейік. Негізі барлық жаратылыс себептері, әлемдік қуаттардың біртұтас жүйесі де құранның жеті үніне жалғанумен ғана пайдалы қуаттарға айналып, олардың намаздарын орындап меңгеруге мүмкіндік болады. Ал, Құранның үндері; 1.Өлшеусіз кеңістікпен; 2.Рухпен;3. Судың үнімен; 4. Саяздықпен; 5.Тереңдік, тұңғиықпен;6. Алланың тілсіз үнімен; 7. Жарықтың үнімен; байланысты болады. Және бұл үндердің қарама-қарсылық, теріс ықпалды көмес жақтары бар. Сонымен барлық жанды, жансыз жаратылыс егелері осы 7 үн арқылы ғана адамзатқа қуат болып қосылып немесе адам баласы өндірген жетілік үндік, яғни аруақтық  қуаттарын бұл жеті негізге қосып дәрежелеп отырады, болмаса қарама-қарсы жағын көбейтуге өз үлесін қосады. Бұл үндерден,  нәтижесінен енді 49-иман қуатының үні және оған қарсылығы пайда болып, парасаттылық қуаттың негізінде 99 көркем есімдік қасиеттердің пайда болуында да осындай сыр бар.Аятта; «Алла жолында мал сарып қылғандар мысалы: Әр сабағында жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла тағала тым кең, әр нәрсені білуші.» (2-261) Және де «Әйелдерің егіндіктерің қалған кездеріңде барыңдар» деген насихатпен бұл қуаттарды адам баласының өзара некелесу арқылы өндіретінін білдіреді. Мұндағы 7 сабақ жеті қасиеттің белгісі болса,100 дән жүз түрлі сауалға жауап алатын белгі болып, рухани тұрғыдағы өсіп-өнуді, күш қайратты білдіреді. Сонда осындай жеті қасиетті меңгеру арқылы тәнімізде, денемізде 700 белгі, тылсымдық ақпараттық жүйемен байланыста тұратын аян, уахимен кітаптармен жалғануға арналған ғылым көзі (нейрондар) пайда болады екен.

Ал енді бұл дәндерді қалай өсірудің жағдайын Інжіл жазбасында; «Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндерінің кейбіреулері жол бойына түсіп, тапталып қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып жеп қояды. Біраз тұқым тастақ жерге түседі. Көктеп шыққанан кейін ылғал жетіспегендіктен қурап қалады. Кейбір дәндер тікен арасына түседі. Бірге өскен тікендер оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды. Ал кейбіреулері құнарлы топыраққа түседі. Бұлар өсіп, 100 еседен өнім береді. –Мұны айтқаннан кейін Иса дауыстап;-Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!-деді.» (Лұқадан 8-ші тарау) Және шәкірттеріне; -Құдай өз Паташалығы туралы сырларды білуді сендерге бұйырған. Бірақ басқалар көріп тұрса да шынымен көрмесін, естіп тұрса да түсінбесін деп, оларға сол құпиялар астарлы әңгімелер арқылы айтылады. Ал бұл әңгіменің мағынасы мынандай; «Тұқым Құдайдың ізгі хабарын  (аян, уахи, батаны)білдіреді. Жол бойына түскендер ізгі хабарды былай тыңдайтын адамдарды бейнелейді; оларға әзәзіл шайтан келіп сенбесін, құтқарылмасын деп, жүректерінен қонған сөздерді ұрлап алып кетеді. Ал тастақ жерге түскендері мынаны көрсетеді; адамдар Ізгі хабарды естіген бойда оны қуанышпен қабылдайды, бірақ тамыр жаймағандықтан уақытша ғана сенеді. Олар сынақтан өтіп жүрген кезінде сенімдерінен безіп кетеді. Тікен арасына түскен дәндер болса, мынаны білдіреді; адамдар Ізгі хабарды естиді. Алайда былай шыға бере, тұрмыс қамын ойлап абыржып, байлық пен ләззаттың қызығына алданады. Осылайша Ізгі хабар ескерусіз қалып, өнімі пісіп үлгірмейді. Ал құнарлы топыраққа себілген тұқым мынаны бейнелейді; бірсыпыра адам Құдайдың хабарын тыңдап, ізгі, таза жүректерінде сақтап, шыдамдылықпен өнім береді.» Құран аятындағы 100 дәннің мағынасы да осындай құнарлы топыраққа түсіп 100 есе өнім беретін құдайдың патшалығынан келетін Ізгі хабарға, аян, уахиларға тәуелді болып және қазақ елінің дінді меңгерудегі жағдайынан осы насихаттағы баяндалған барлық белгінің сипатын табуға да болады.Енді қазақ елінде Құдай паташалығы орнап, Ізгі хабар алу үшін жүрек құлақтарының мөрін ашу арқылы әулиелердің батасын аққу, сұңқарлар арқылы алумен, шариғатын берік ұстанып, тақуалықты меңгерумен жетесі қалыптасып, саналыққа (рұққа, орайға, төбеге) жалғанатын ұждандық тектерін қалыптастыра білгендерде баршылық. Ұжданды адам баласы көкірегінде сәулесі болып, ұйқы кезінде жанымен соғысумен өзгелерге де құдай патшалығының хабарын таратушыға айналады. Яғни Алла жолында соғысушы болады. Ал Ғиса пайғамбарымыз ұжданды адам баласын; «Ешкім шам жаққан соң оны ыдыспен бүркемейді, не төсек астына қоймайды. Қайта, үйге кіргендерге жарығы түсу үшін шам қойғышқа қояды. Себебі мәлім болмайтын ешбір сыр, жарыққа шығып, жария болмайтын ешбір құпия жоқ. Сондықтан қалай тыңдайтындарыңа назар аударыңдар! Өйткені кімде біраз түсінік бар болса, соған тағы көбірек беріледі, ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады,-деді.» (Лұқадан 8-тарау) Абай атамыз көкіректе сәулесі бар деп түсіндірсе, Шәкәрім атамыз ұждандылық  туралы насихат әңгіме және өлең де жазған. Сонымен иман деген есту, түсіну қабілетімен байланысты болып, жаныңда жарығымен, көкіректен бөлінетін періштелік бейне ұжданмен байланысты болып, егер кімде ұжданы жүрегінде иман дәні болса, онда ол он сауылықпен көктен келетін нұрмен дәрежеленеді. Ал кімде мұндай қасиет қуаты жоқ болса, онда  қиындыққа, азапқа, сынаққа түседі. Мұндай жағдайлар қазақта; «Менің жүрегім таза, ниетім дұрыс» деп өзін-өзі ақтап, иманды, ұждандымын деп мақтанушыларға тән сипат көп кездеседі өмірде… (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.