XXV-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 1

Жаратылыстың  сырын білмей дін жолында ғылымның шындығына табан тіремей ізденуден әлем діндерінің барлығы адасып, азығындыққа түскені де хақ. Біз түп негізді жаратушымыздың болмысын ешқандай адамзатқа тән меңгерген ақылдың, білімнің  дәрежесімен тани алмаймыз. Жаратушы иемізді біз өзінің нұрынан зейнет алып  және мұны біз өзіміздің бойsмызда, денемізде «нейрондар» түрінде орналастырумен ғана Раббымыздан әрбір адам баласына жеке-жеке берілетін аян, уахилар арқылы ғана өзіміздегі бейнесі- барымен салыстыра отыра, ақылмен қабылдай аламыз, санамен түсініп анықтаймыз. Алланың өзінің ғана берілетін хикметті білімімен ақылымыздың сапасын, қуатын арттырып санамызды  жетілдіру арқылы оның бізге әшкере болуға білдірген белгілерінен, шындықтарынан, хикметтерінен, мұғжизаларынан біз құдірет иесі, барлық қуаттардың иесі екенін, барлық, бірлік сипаттарын ажырта аламыз. Осындай танымдық пайымдаулармен яғни иман келтірумен, біздің ақылымызға лайық барлық әлемді жаратушы бір ғана Тәңірлік қуат иесі екенін, оның күнәмізге қарай бізге жіберетін азабынан, ауруынан қорқып, ал түсірген діні бойынша, пайғамбарлар арқылы бізге беретін жақсылықтары мен сыйларының хақиқатына сеніп, иман келтіру жолында ізденуіміз, еңбек ететінімізге уәде беріп, жақсылықтарға өзара үмметтік тұрғыда жарысуымыз да керек. Осындай ақылдың дәрежесін меңгеру үшінде белгілі бір сенімділіктің үлгісін, білімін меңгеруіміз де шарт. Бірақ біздер қандай білімді, дінді меңгердік, сенімді болдық,- дегенмен қарсылық күштердің, күнәлы  ақпараттардың ықпалынан, шабуылынан азат болуымыз мүмкін емес.  Иман қуаты таусылуға, жоғалуға тән құбылыс. Иман қуатының заманға сай өркениетін қалыптастыра алмағанда, яғни жаратушы иеміздің хикметіне жалғана алмаған жағдайда, ақыл күшіміз меңгерген біліміміздің қателіктерін, тозған жарамсыздарын електен өткзіу қабілетінен айрылып әлсірейді немесе мүлде жоғалып, білімді ақыл тұрғысында қабылдауға мәжбүр боламыз. Яғни ойлау қабілетіміз әлсірейді, керісінше зұлымдық күштердің қызметіне жегіледі.

Ал, мұндай жағдайдағы жетілмей қалған ақылымызға Алланың өзінен иманның нұрын алумен ғана күнәмыздан ақталып, хикметтерінен белгі ақпараттар алумен кемелдікке қарай жолға шыға аламыз, яғни тура жолға таза ақпараттар жүйесіне жалғана аламыз. Олай болса иманы кәмілдікке жеткен адам баласының ; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті , 5.Сабырлы болу деген бес түрлі негізгі қасиеттерді меңгеру керек. Және барлық тылсымдық, ақиреттік рухани қуаттардың негізгі жүйесі, яғни Алланың «Өзі» сипатынан; Жәбірейіл, Әзірейіл, Исрафил, Мікәйіл болып, адамзаттың меңгеруге тиісті аспан денелерімен байланысты негізгі 4 тектің қуат көзі болып табылады. Жәбірейілпайғамбарларға, елшілерге Алла тағаланың сөзі, хабарын жеткізуші; Әзірейілбарлық жан-жануарлардың, адамдардың жанын қадағалайтын, өлім сатыларынан өткізетін және Алла тағалаға апарып табыстайтын уәкілі; Мікәйілбарлық мақұлық, адамға, жанды жаратылыс иелеріне берілетін ризықтардың уәкілі; Исрафил, Ысрайлжер бетіндегі ақырзаманға дейін жел, т.б. түрлі қозғалысты алып жүруші уәкілі болады. Енді түркілік философиялық пайымдаулар бойынша осы негізгі төрт жүйені және Алла тағаланың сегіз сипатымен бірлігін қалыптастырумен, Раббымыздың нұрынан, парасаттылық қуатын қалыптастыратын, төрт жаратылыс қозғалысын меңгеретін, бес түрлі қанатты күрделі періштелердің сипаты адамзаттың қуаттық өнімімен байланысты болады. Олар; 1. Дардайылай, күн, жұлдыздардың уәкілі; 2.Зұлқайылқиямет күнінде адамдарды таразыға алып барып тұрушы періште; 3.Ахрайыл-барлық дария, өзен, көл, бұлақ суларының періштесі; 4.Мәлік-жеті тозақтың уәкілі болады.5. Ысмайылжер бетіндегі киелердің жебеушісі.

Және дүниенің негізін құраушы; От, Су, Жел, Жер болып, төменгі әлемнен қуттарының төрт тектің сипатын береді. Сонымен бірге бұл екі әлемнің арасын теріс ой қуаттарының яғни эфирдің-ауаның толтырып тұрғанын, қозғалыстың негізгі себепшісі де қарсылығы екенін жадыңызға тоқып алыңыз. Олай болса, төрт негізгі қозғалыстың бастауымен пайда болатын екі түрлі  9- санды қуаттардың  18 мың ғаламын жүйесін қалыптастыруды және бұл жүйені Раббымыздың нұрымен, аспан шырақтарының әсерімен ғана тұтастықта болатын 10 санды екі жүйелі баспалдақтың барын, яғни аспан саны аталуының себебі де осындай жүйелік ғылымнан пайда болады. Сонымен бірге адамзаттың негізгі рухани тұлғасын Мұхаммед атты сүйіспеншілік негізі- нұрды Мен-жанды жаратып, Адам атамыздан бастап барлық адамзат осы негізге жанды махаббатқа «Менге-Маған» арнап жаратқанды. Жанның негізгі өсіп-өнуіне қажет бес қуаттың; 1.Қозғалыстіршіліктік қуат; 2.Ұйқыөлім-көк қуаты; 3.Аянөткен өмір қуаты; 4.Ой-білім қуаты, 5.Жүрекес, ақыл, сана қуатын Алла тағаланың 8 сипатының бейнесін бой жарығына айналдыру жолында 5 х 8=40 түрлі жер анаға байланысты барлық қасиеттердің негізін, тегін; «Қожалық» деп атаған. Бұл қожалықты құранның жеті үніменен, жанды жетілдіру тұрғысында толық меңгеру үлгісін қалдырған Мұхаммед пайғамбарымыз болып және жетінші арыстық текті меңгерумен 47-санды (40+7) құрандағы сүренің ғылымы пайда болады. Ал, енді мұндай қасиеттілікті имансыз меңгеру мүлде мүмкін емес және иманның  қозғалыс қуаттарын меңгеру, басқарумен байланысты бірлік жүйеге айналған;  9 санды кісілікпен, төрелікпен байланысты болуымен құрандағы;  9,49 сандық мәндегі сүре мен аяттардың насихаты, көместік тұрғыдағы тылсымдық, кітаптық белгісі имандылықтың негізі шарты болады.

Сонымен 9+49+47=105 -99=6  сандық белгілердің құран аяттары бойынша ашық белгілері болып, мұсылманға тән меңгеруге тиісті қасиеттіліктердің, кітаптардың жүйесі болып шығады. Құранда; 105-Філ-көк пен жануар, құс бағыты болып, адамзаттың рухани болмысы үш түрлі қуаттардың негізін меңгерудің сырын баяндайды. Аятта; «Өздеріңе ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне соларға зор азап бар.» (3-105) Ашық дәлелдердің Алла достары әулиелердің меңгерген хикметті білімі, көрсеткен мұғжизалары және олардың бұл істерінің тектік, арыстық мирас болып ақиреттен келетін қуаттық, қасиеттілік белгілер болып жанға жалғануымен, халыққа мәлім болуымен байланысты. Бұл тұрғыда қазақ елінде ең көп киелі ашық белгіден, жұлдыздың сәулесі түсетін, Раббымыздың нұрынан шырақ жанатын жерлерде жеткілікті екені хақ. Және мұндай белгілердің жанның ұқсастығы, тектік бірлігі бойынша ұрпақтарымен еріксіз  ақирет өмірмен жалғанумен байланысты, Раббымыздың тарапынан жанның ұйқы кезінде берілетін несібе нығметімен, тағдырға жоба, аяндар алуымен байланысты екенін аятта; «Әй мүміндер! Сендер өздеріңді түзелтулерің керек. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды. Барлықтарың барар жерлерің Алла жақ. Сонда Алла сендерге не істегендеріңнің хабарын береді.» (5-105) Біздер шариғаттың білімін қандай масһабтық тұрғыда меңгерсек те, әр адамның өз тағдыры, сынағы бар және ешқандай шариғаттың үкімімен де білімімен анықталмайтын әке-шешеден алған жүктері, ата-баба әулетінің де  меңгермеген қасиеттерімен байланысты ерекшеліктері болады. Сондықтан да мүміндік тұрғыда да әркім жеке-жеке өз қауымын; «Сендер өздеріңді түзелтулерің керек» деген үкім берген. Ал енді біздердің ата-бабаларымызбен жандарымыздың тұтастықта болып, мүміндік тұрғысында жүректердің ұждан арқылы бір-біріне жалғанумен жалпы барлық адамзаттың, «Барлықтарың барар жерлерің Алла жақ» ақиреттік, тылсымдық өмір болып, өлілерді тірілтуге, жандарын жарыққа жаннатқа шығаруымен; «Сонда Алла сендерге не істегендеріңнің хабарын береді.» деп ескертеді. Олай болса діншілердің, масһаб білімін меңгергендердің өздерін тура жолдамыз деп, бірақ Алланың достарын зияраттаудан,  әулие аруақтарынан хабар алып, өздерін түзетуге  табынудан; «Серік қосылады, шерік қосылады» деген қорқыныштарының негізсіз надандықтан пайда болатынын; «Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды.» деп, олардың тура жолды таба алмай керісінше шайтанның жамағаты болып алғандарын де білдіреді. Негізінде қырық кітап қожалықты меңгеру Мұса пайғамбарымыздан басталып, «Оған отыз кеш уәде беріп, онды қосып, 40 кешке толтырдық» деген аятта. Ал тоғыз санды төрелік, кісілікті қайырымдылық, имандылық арқылы меңгеруді Ғиса пайғамбарымыз үлгісін қалдырған еді. Ал қазақ даналығында; «Тоғыз төре төбеден келмей, қырық қожа қырқадан аспай текті болмас.» деген екен.

Тектілік иманмен, рұқтан кітаптарына жалғанумен, жоғарыдағы 9 түрлі қозғалысты меңгеріп басқара білумен, сөз құдіретімен, парасаттылықпен байланысты екені де хақ. Олай болса, Інжіл жазбасынан; «Бұдан кейін Киелі Рух Исаны шайтанның сынағынан өтуі үшін айдалаға алып барды. Сол жерде қырық күн, қырық түн ораза тұтып, Иса әбден ашықты. Сонда азғырушы әзәзіл Оның қасына келіп: -Егер Құдайдың рухани ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп бұйына гөр!-деді. Иса оған былай деп жауап қатты: -Киелі жазбада «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді» ден жазылған ғой!..» (Лұқадан, 4-тарау) Біздерге құдайдың рухани ұлы;  «кісі, төре» болуымыз інжілді меңгеру арқылы міндетті болған. Мұндай жағдайда бастың жындық 16-санды (7+9) қуаттардан  тазаруымен байланысты төбемізден де кісілік нұрды алуымыз керек. Және исламдық діннің қазығы болатын, табанның ағаруы пайғамбарымыздың Мәсіхтық сипаты бойынша жер анамыздан 40 қуат белгілерін және Құдайдың сөзінен несібе ризық, қуат хикметін алуды аятта; «Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір! Егер Алла қаласа еді, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше, сен надандардан болма.» (6-35) Мұхаммед пайғамбарымыз арап жұртындағы надандықты жеңу үшін, жер кезіп, жер ананың нұр шығатын тесіктері болған килі орындарды, әулие зияраттарын аралап, құранның нығметі арқылы, көктен парасаттылық қуаттар мен жер ана нұрынынан Ақ-тан зейнетін алуды және бұл қуаттарды меңгерумен талай мұғжизаларды көрсете білгені тарихта қалған. Бұндай намаздардың орындалу құпиясын Арыстан бабамызға берілген құрамамен яғни жаннатпен дүние арасын жалғаудың белгісін, түркі халқына аманатпен Ясауи бабамыздың толық меңгергені де хақ. Құрманың қоңыр қызыл түсті, сарғыш қызыл түсті болатынын да естен шығармаңыз.

Әрине мұндай жер есіктері мен көкке сатылардың ең көп орны қазақ жері болып, ата жолында осындай Құдайдың сөзі-нұрынан түрлі жағдайда несібе рухани азық алып, ем шипасын меңгеріп және надандыққа да қарсы күрестің қазақ жерінде ақ бастау бұлағы ашылған да еді. Бірақ бұл өздерін көтеріп дәрежелеп «жұлдыздарға», кемеңгер талантты басқарушыға, білімдерін ақылдың кеніне айналдырып алғандарға көреалмастық және атақ дәрежесінен айрылуға әрине қорқыныш болды.  Сондықтан да; «Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды.» деген Алланың үкіміне қарсы шығып, ортақ қосумен, енді қазақ халқына мешітте намаз оқудан, Ханафилік ұстанымнан, имамдардың надандық пәтуасынан басқаның бәрі қорқыныш зиянды болып шықты. Яғни «экстремизм» дегенді ел билігіміз бен білімді қауым өкілдері, құранды зерттемей құдайдың белгілеріне мойынсұнбай, жалған тәпсірге негізделген; надандық, имансыздық намаздарды қолдап өсіруге де жан таластырып жатқаны хақ. Абай атамыздың; «Имансыздық намазда, Қызылбастың салған жол..»  деген әулиелігі жүз пайыз орындалды да. Және біздің ата бабаларымыз Ханафи масһабын ұстанып, тура жолда болмаған, тарихат, мағрипатты білмеген, Абай атамыз өтірік айтқан деп күнде халық алдында жарнамалайтын ғалымдардың сөзі бүгінгі таңдағы рухани сипатымызға, саналықтың өлгеніне, ар-намыстың жоғалғанына дәлел болмақ. Жалпы исламдық дін ұстанушы елдерге Ханафилік шариғатты ғана меңгеруді емес, негізінен сегіз дін түрін түсіріп, оны соңғы дін ислам арқылы бір жүйе дінге айналдыруға яғни 9-шы тұрғыда әрбір үмметтің өзіндік тәубелік намаздары мен жол-жобасы болуы керек. Төрт кітап негізінен төрт қозғалыс қуаттың қасиеттіліктерін адамдық болмысқа басқарылуға айналдырумен байланысты екені де хақ.

Сонымен 4 кітаптың негізі төрт қозғалыс періштелерін (Жәбрейіл, Әзірейіл, Мікәйіл, Исрафил) адамзаттың рухани болмысына айналдырумен бес түрлі  үш негіздегі жер әлемдік қуаттармен (1.«от, су, жер, жел, эфир»; 2.«уад, суағ, яғұс, насыр»; 3.«дардайыл, ысмайыл,зұлқайыл, ахрайыл, мәлік») байланысты меңгерумен 4 түрлі діннің өзіндік ерекшелік сипаттары пайда болады.  Және екі тілдік ақпараттың негізі от пен судың арасында ағаштың болып екеуінің бірлігін қалыптастырса, Раббымыздың сары нұрымен Алла тағаланың ақ нұрының арасын жалғаушы аруақтық қызыл қуаттың жүйесі болып әлемнің барлық қозғалыс тегі үш негізден құралуы шартты жағдай. Олай болса Тәурат –Жәбірейіл, Әзірейіл періштелік қуаттармен, Зәбур-Ысрайыл , Мекәйіл періштелермен. Інжіл-Әзірейіл, Жәбірейіл періштелік дәрежелермен бірігуі болса Құран төрт періштенің де түгел бірлігін 3 негізгі қозғалыс кие тегі мен бірлігін қалыптастырумен байланысты. Ал бұл кітаптарға байланысты пайғамбарлардың да періштелік жалғану дәрежесі, ерекшелігі бар. Енді Мұса пайғамбарымыз Раббымызбен тікелей сөйлесіп, Жәбірейіл періштелік дәрежені меңгеріп, кейінгі келген пайғамбарларға да Мұхаммед пайғамбарымызға құранды оқуға да Раббымызбен екі арада жәрдемші болғанын  құранда растайды. Аятта; «Мұхаммед әрине Мұсаға Кітап берген едік. Енді сен де оған қауышудан күдіктенбе…Оны Израил ұрпақтарына тура жол қылдық.» (32-23) Пайғамбарымызға Жәбірейіл періштесі Адам бейнесінде, яғни Мұса пайғамбар болып келгені де хақ. Бірақ пайғамбарымыз адам болып келген Мұса екенін айтқанда, діндер арасында алуыздық, адасушылықтар туындар еді. Әрбір кітап түсірілген пайғамбардың негізгі қуаттың періштелігі мен дүние  тұрғысындағы тектерді; От, Су, Жел, Жердің, эфир-теріс ойдың қуаттарын да, қозғалысын басқарушылық қабілетін меңгерулері тиісті болғаны хақ. Судың тегін меңгеру Нұхтан басталып, оттың тегін меңгеру Ыбырайым пайғамбарға тән болса,  жер мен желдің тегін меңгеру Салих –Һұт пайғамбарға тән болып және судың және ағаштық тек қаламды меңгеру барлық пайғамбарларға берілген қасиет болғаны да хақ.   Ал Исрафил сүр үрлеуші, желдің тегін Сүлеймен пайғамбарымызға басқаруға берілгенін, сонымен бірге судың, жынның да пірі деп қазақтың елі ғана атайтын шығар. Дәуіт пайғамбарымызға соғысу, өлтірумен байланысты Әзірейілдік қуатты және Ысмайылдық періштелік меңгеріп, кейіннен өлім арқылы ақталудың, жан құрбандығын меңгеруге Ғиса пайғамбарға жүктеліп ал мұны орындаған Иса-Искариот елші болды. Ал Ғиса пайғамбарымыз; «Шын мәнінде Алла қасында Ғисаның жағдайы; Өзін топырақтан жаратып, сонсоң «бол» дегенде бола қалған Адамның жағдайы сияқты.» (3-59) Олай болса Алланың қасында болған Ғиса пайғамбарымыздың Адам атаның дәрежесімен бірдей болса, біздерге «Адам» деген қасиеттілікті меңгеру үшін алдымен Інжілді, яғни Ғиса пайғамбарымыздың меңгерген қасиеттіліктеріне жалғануымыз да шартты болмақ.

Тәуратты меңгерушілер Мұса пайғамбарды Жәбірейіл деп түсінгендері де сөзсіз. Сондықтан; «…Жәбірейіл дұшпанымыз, бізге азап әкелген, уахиды Мікәйіл әкелсе нанар едік» дейтін еді» (2-96) Ал Мұхаммед пайғамбарымызға Мұса пайғамбарымыздың Жәбірейлік періштесі сипатында келіп, жүрекке 200 кісілік белгіні, кітап берілуін; «Мұхаммед оларға айт; «Кім Жәбірейілге дұшпан болса, Алланың дұшпаны. Өйткені ол, Алланың бұйрығы бойынша бұрынғыларды растаушы Құранды сенушілер үшін туралық әрі қуандырушы түрде жүрегіңе қондырды.» (2-97)  Демек жүректің тазаруы иман келтіру дегеніміз құранды кісі-кітап түріндегі 200 белгісін жүрекке зейнеттелумен ғана атқарылатыны және бұл Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатымен Ақ-пен, даналықтың негізімен байланысты. Себебі бұл Мұса пайғамбардан Мұхаммед пайғамбарымызға өткен  арыстық қасиетілікке жалғанумен  періштелік сипаты  болады.  Қазақтың дәстүрінде; «Ақтан аят пайғамбардан шапағат бер» деп жалбарынамыз. Жалпы дін кітаптары Ақ-тан Алла тағаланың жолынан болса, ал оның қозғалыс, парасаттылық қуаты орындалуы Раббымыздан;  сары нұрынан, иманнан болып, жүректе ақ пен сары түстің бірігуін қызыл түсті қан арқылы атқарылатынын да есте сақтаған жөн.    Сондықтан енді Мұхаммед пайғамбарымыз екі періштелік негізді меңгеруші болады. Аятта; « Кім Аллаға, періштелеріне, елшілеріне сондай-ақ Жәбірейіл, Мікәйілге дұшпан болса, әлбетте Алла тағала кәпірлерге дұшпан.» (2-98)  Адамдық жаратылыс тұрғысындағы қанатты (қан+атты) періштелер, елшілер жалпы қозғалыс, қуат егелері 4 періштеден де жоғары болатынын жоғарыдағы баяндаған 3 негізді бес қуаттардың бірлігін қалыптастырумен, кісілік дәрежеге жетіп, Алланың сүйікті құлы болуымен байланысты екені хақ.

Ал  пайғамбарлық қасиеттердің дәрежесінде Мұхаммед пайғамбарымыз да екі негізгі  жер тіршілігінің қуаттары болған періштелік сипаттарды «Қадірді» меңгергенін, мұндай қозғалысты енді ақылмен басқарылатын адамдық болмысқа түрлендіруін білдіреді.  Ал енді адамзаттың ең негізгі қасиеттіліктің басы болып, ақыл мен парасаттылық, қайырымдылық, имандылық арқылы  ақиқатты түсінумен болатын болса, оның сырын  яғни Адам болып және Раббымыздың рухани ұлы болып аталуды меңгеру керек болады. Ол үшін де үш діннің негізінде пайда болған Әзірейіл, Исрафилдік ақиреттің өмірімен байланысты қозғалыстардың негізі «Қызырлық» адамдық, қанатты періштелік болмыстың сипаты, үш дінді бірлей білген Ғиса пайғамбарымызға жалғануымыз да керек. Сонымен бірге бұл төрт түрлі негізгі қозғалыс тегін, дін кітаптарын меңгеріп қана қоймай, жер әлемді жаратқан 6 күн қозғалыстың жарықтың сипатын, Алла тағаланың сегіз түрін бойымызға алып, саналық қасиеттілік қылып меңгеруге  тиістіміз.  Сондықтан 4+6+8=18 санды белгіні оң қолдағы алақандағы сызықтармен байланысты, арапша 18-сандық белгінің даналықпен, өмір ағашымен, ғұмырмен байланысты болса, ал сол қолдағы белгі парасаттылықпен, сөз өнерімен, байлық, күш қуатпен  81-санымен байланысты болады. Екеуінің қосындысы 99-санды Алла тағаланың көркем есімімен екі  қолдың  адам тағдырымен де Ақ-пен  және Қызыл түрмен байланысты болуы да хикмет екені сөзсіз. Сондықтан Раббымыздан; қол жеткендік, қолға алу, суық қолдан тосу, қолдау беру, қолдарың сөйлейді; « Бастарыңа қайғы-қасірет келсе оны ешкімнен көрмеңдер, қол екі істегенімнен деп біліңдер» деген насихаты бар.

Біздердің құран мен пайғамбарымыздың сүнеттерін орындаумен, шариғатымыздың  салтын сақтаумен, исламның негізгі дін ұстанымын, яғни орта топтық арап елдеріне түсірген дін салтын ғана оң қолымыздың жағдайын меңгереді екенбіз. Бірақ біздерге бұл жағдайда мәлім болған, бұрынғы әулие-әмбилер, сахабалар, елшілерден қалған мирас өсиет насихаттарды меңгеру арқылы ғана шектелсек, онда дін ісін ғана меңгеріп, кәмілдікке жетуіміз мүмкін емес. Мұндай жағдайда біздер Раббымызға жалғануға, оның сөзін жеткізетін шапағатшылары мен кітаптарына жалғануымен де тікелей Құдай ісі болған таза ақылдан, сөзінен де азық алуымыз керек. Олай болса, жаратушы иеміздің сөзі, нұры көктен де жерден қуат, азық болатынын аятта; «Егер олар Тәурат, Інжілді және Раббылары тарапынан өздеріне түсірілгенді толық орындаса еді, әрине олар үстіңгі жақтарынан әрі аяқтарының астынан жейтін еді. Олардың орташа тобы бар. Дегенмен олардың көбінің істеген істері жаман еді.» (5-66) Және бұл жалғасты келе жатқан елшілік істерге, жер ойпаттарын киелі жерлерге зияраттап, құрбан шалып, қанмен тазару сияқты бұрынғы діндердің салтына жататынын да ашық ескертіп; «Әй Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Алла сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды.» (5-67)  Пайғамбарлық деп аталған Алла тағала тарапынан, Ақ  жолдарынан түсірілген құранды оқуға, дін қағидаларын түсіндіруге,  даналықты меңгеруге байланысты  бұл міндетін дұрыс орындап шыққанымен, сенімділік тұғысында ғана болатыны сөзсіз. Ішкі дүниемізді тазартуға Раббымыздың тарапынан сары нұрмен жалғанып, имандылықты меңгеруге берілетін парасаттылық пен сабырлықты меңгеруге, күнәдан ақталуға, тазаруға байланысты, «Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр.» деген үкіммен Нұх пайғамбарымыздан бастап келе жатқан мұндай құпия істердің,  елшілік міндетінің  жалғастыруын ескерткен. Сонда ғана; «..Алла сені адамдардан қорғайды…» деп азғырылудан аман боламыз. Бірақ мұндай істерді меңгеретін тақуалық түрлі топтардың, тарихаттардың да пайда болуымен; «Дегенмен олардың көбінің істеген істері жаман еді.» деген аятта бүгінгі таңдағы діни ахуалға байланысты.

Ал, қазіргі таңда ислам дінінде бұндай бұрын түсірген үкімдердің дәстүрге айналған намаздарына да, заманға байланысты Раббымыздың түсіріп жатқан белгілеріне, аяндарына да ашық қарсы болып, тура жолдан адасқандарына да осы аят кепіл болады. Сондықтан да пайғамбарымыз; «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың әдет-ғұрыптарына сүйем бе сүйем, кезбе кез ілесіңдер. Тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе оған да барып кіресіңдер.»-деді. Біз; «Уа Алланың елшісі Яуһидилер мен християндарды айтып тұрсың ба?» деп сұраған едік, Ол: «Басқа кім болушы еді?» деп айтты» (1378; 3456-шы хадистер) Бұрынғы замандарда мұндай киелі жерлерге арнаулы шатыр тігіп, жүз мыңдаған құрбан шалуды, қанмен тазаруды әдет-ғұрыпқа айналдырғаны тәурат, пайғамбар жазбаларында баяндалады. Пайғамбарымыз да бір ғана рет Меккеге қағбаға зияраттап қалған уақыттарда осындай ойпатты жерлерде құрбандық шалып, құран оқу рәсімін өткізгені де  Мәдинадағы мешіттің түйе шөккен жерге салынуында да осындай ойпаттық хикмет сырынан тарихта үлгілер бар. Сонымен әлем діндерінің негізінен екі түрге бөлінуінің де сыры осындай екі нұрдың арасын жалғаушы әдет-ғұрыпты дүниелік жағдаймен, сараңдықпен  алмастырып, тылсымдық өмірді ұмыт қалдырумен, қабірдегілерді тастап қойумен байланысты болады. Християн дініндегілердің шіркеулерін сары түспен әшкейлеп, ал исламның ақ мешітпен ақ туымен белгілі болса, арасында жасыл түстің де болуына осы жағдайдан мәлімет береді. Олай болса, тәндік тазалықты сақтауды исламнан басқа діндер тастап қойса, ал парасатылықты имандылықтың сабырлық қуаттарын меңгерудің ислам дінде жоғалғанына да белгі болады. Жалпы әлемдегі барлық діндерде де жан ғылымының сырын меңгеруді жоғалтып алғаны да сөзсіз. Сонымен Абай атамыздың Мақсұт атты өлең насихатындағы 3 түрлі жемістің; Қызыл, сары, ақ болып және оның қара, жапырағы жасыл ағашта, зиярат басында өсіп тұрғаны осындай әлемдік діндердің бірлігінің ғылымын ескертіп тұрғаны да хақ…(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.