IX-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 58

    «Дін дегеніміз көзқарастар жүйесі мен іс-әркеттер және Алланың адамзат баласына салып берген қасиетті жолы. Діннің арқасында ғана көкірегі ояу адамдар өзінің көздеген мақсатына жетуге мүмкіндік алады..»(Әл-Фараби) Сонымен ғұлама бабамызға жүгінсек дінді меңгеру үшін көкіректің ояу болуы міндетті шарт екен. Олай болса көкіректің оянуына ең басты себеп бір ақылдың қуаттылығы, естіліктің жағдайы және ішкі дүние мүліктің сыры иманның қажетті мөлшері, шамасы керек екен. Дін-сенімдерді меңгерумен өзінің бейнесін құлшылығын анықтап, ал діннің мақсаты мен талабы адамзатты жер бетінің халифасына , құдайлық сипаттағы періштелік дәрежеге айналдыру болмақ. Сонымен біздер сенімді; 9;81;11 сандарымен белгіледік. Енді бұл сандардың жалпы қосындысы 101 болса, онда оған қарсылық тағы осындай шамамен; 101+101= 202 санымен барлық дін амалдарының саны шығады. Дін деген адамзаттың бәріне ерікті болып, бірақ біздің адам болып жер бетінде тұрақтап тұрумызға, төмен түсіп хайуанданып кетпеуімізге жаратушы иемізден міндетті әрекеттерін орындаулары парыздар болған, нәсілдік уәдеміз яғни намаз орындауымыз бар. Бұл намаз ана тілімізді меңгеруіміз арқылы сөз түсіну қабілетіміздің қалыптасуына, біздердің тылсымнан тікелей үйретуші, тұрмыс ұстазымыз Раббымызды тыңдауға берген уәдеміз болып табылады. Бұл уәдені Адам атамыздан бастап Алла тағаладан ең басты тиым салынған істердің де саны 9 болып оны тәубе намазы деп атаған. Жоғарыдағы сенімнің 3 сипатынан үш түрлі намаз орындау ерекшелігі пайда болады да және бұлардың басын намаз оқу арқылы бірлеуді исламның ерекше құлшылығы аталған. Дінді меңгеру үшін  сенімімізді белгілі бір себепке табынуымыз керек, яғни намазын орындауымыз керек. Ол үшін де  біз әуелі Алланы еске алып, яғни намазын оқып (құран аят, дұғаларын оқу арқылы) сыйынып,  ұлықтау арқылы қандайда бір ғибрат, үлгі  мысалдарды амалға, іске айналдырып, намазын, орындауын жүзеге асырамыз. Сол үшін де жаратушы иеміздің түсірген нығметтеріне өзіне, Раббымызға сыйынамыз, яғни «Биссимиллаһи рахман, рахим» деп айту міндет болған исламда. Ал тәубе сүресінде бұл дұғаны айту берілмеген. Себебі тәубе бізге аманат тұрғысында дінді меңгеруден бұрын жаратылыстан тағдырға құдайлық нұрды парыз қылып жүктелген және үнемі оны Раббымыздан заманға қарай дамытып, кеңітіліп отырған. Тәубе намазын орындау Адам атамыздан бері жалғасты келе жатқан дін құлшылығының бастауы деп түсінген жөн. Қазақ даналығында; «Тоғыз жолдың торабы», «Тоғыз дәуір», «Үйірмен үш тоғыз», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» деген нақылдар бар. Және барлық тағдырлық уақиғалар да тоғыз дәуірлік кезеңмен 300 жылда қайталанып отыруы шарт.

Сонымен адамзат үшін діннен де жоғары тұрған міндетті болған, Алланың өзінен болған яғни «Мен» сипатының қуаты, кісілігі тәубе намазын орындау арқылы иманды сақтау-аманат және иманның негізі адамзатқа ортақ махаббаттың бөлшегі, дәні болады. Біз имансыз, кісіліксіз адам болып өмірге келе алмаймыз. Сондықтан адамзаттың тәндік жаралысы; жануарлық, малдық қуаттардың негізінде болғанымен, бұл қалыпты көркемдеп Адам деген ерекше қасиет егесіне айналдыру үшін; Біздер ар-ұяттылық сезімдерін мойындап, онан күшті нәпсілік, құштарлық, құмарлық, тәккаппарлық т.б. сезімдерге бой алдырмаған жағдайда ғана оның жетегімен жүре аламыз. Иманның жетегімен бізді жүргізбеуге, тәубемізден шығаруға қарсылық күштердің ібілістің жаратылысы қара қуатты әскерлері болып, біздер ішкі қуатымызбен мұны меңгере алмаймыз. Себебі біз тәнімізді өсіріп түрлі әрекеттерді, дүниелік тіршілігімізді, жаратылыстағы барлық қозғалыс егелерін басқаруға күш қуатты еселеп арттырып отыруымыз керек. Ал ол қуатты біз азықтан, барлық жаратылыстық себептерден, рухани тұрғыда да жалғанып аламыз, жүктелеміз.  Қандай қуатты алып жалғансақ, сол қуаттардың, рұқтық тұрғысыдағы өріс түріндегі  жанды, жансыз жаратылыс себептеріне және өсімдіктер мен хайуандардың да әсерінде сезімдік, түйсіктік тәуелділікте боламыз. Бұл тәуелділіктен босану үшін де бізге діннің де намаздарын меңгерумен ғана рухани жетілген адамдық тұрғыдағы ақпараттық қуаттарды біз тікелей де және өлілер арқылы ата-аналарымыз арқылы да тозақтық өмірден де, жаннатық тіршілік иелерінен де алуға мүмкіндігіміз бар. Сонымен біздерге негізінен жануарлық, құстық және адамдық үш түрлі дәрежедегі ақпараттарға жалғана білу, жанды тірі болып аталу үшін міндетті керек жағдай.  Міне осындай жағдайда біз дінсіз өз ақылымызбен мұндай амалдарды орындауға қабілетсізбіз. Егер діннің сенімінен бас тартқанда немесе қандайда бір біздің ата-бабаларымызбен қошталмаған, аманатқа, имандық қуаттарға айналмаған, дәстүрімізді мойындамаған қандайда бір жетістікке жетті деген дін топтарымен де қатынассақ онда біз керісінше адасамыз, ақылымызды, иманымызды да жоғалтып та аламыз. Қандай ортада өмір сүрсек те иманымыз арқылы қошталмаған дін құлшылықтары амалдарынан бізге берілген махаббаттың бөлшегі имандық қуатымызды біз баптап өсіре алмай ұрлатып, кейде мүлде жоғалтып, түрлі ұлттардан да құралған біртұтас халықтың да жер бетінен жоғалуына да жаратылыстағы қарсылық себепшінің әрекетінің тұзағына түсіп, керісінше меңгерген дін арқылы зұлымдықтың, имансыздықтың жақтаушысына айналуымыз да әбден мүмкін болмақ.

Сондықтан  да біздер бақытты өмір сүргіміз келсе, онда Адам атамыз бен Хау анамыздың жаратушы иеміздің тиым салған нәрсесін жеп, пайдаланудан болған сынақтың және онан бергі барлық қауымдардың ашық қателіктері мен күнәларының белгілері де біздің жаратылысымызда тағдырымызда міндетті түрде жазылып қойылғанын да естен шығармаған жөн. Бірақ біздер өз ұлтымыздың шежіресімен ғана жалғанған жағдайда біздерден бұрын өткен ата-бабаларымыздың қасиеттіліктерін меңгерумен бұл белгілердің тегімізге байланысты да аз, көп шамасы және иман қуатының да қасиеттілік ықпалында боламыз. Ұлттық имандылығымыздың жалпы сипаты ар білімімен өлшенсе, ал жеке-жеке иманымыздың тектілігіміздің ерекшелігі ұятымызбен және сөз түсіну қабілетімізбен яғни жетелігімізбен көрінісін береді. Сондықтан ата-баба тағдырымыздағы тектілік қасиеттілік белгілерді тағдырымызға алып ерекше қасиетті болып өмірге келгенмен, өмір сүру барысында  өзіміздің абыройымызды, арлылығымызды өмірге қажет деңгейде де жоғары қоя алсақ қана өз бойымызға болмысымызға тән ұяттылықты, имандылықты меңгере аламыз.  Имандылық қуаттарының ата-бабамыздың талай дәуірлерден өтіп түрлі рухани қарсылықтарды меңгерумен өсірген рухани егінінің жемісі болғандықтан, біз мұны өзге ұлттан, үмметтерден ала алмаймыз.Мұндай негізгі тарихи шежіреміздегі қарсылықтардың ықпалына түсіп, оны сенімдері арқылы сынақтардан шыңдалып, талай аштық, соғыс, апаттарадан аман қалуға Құдайдың жәрдемімен меңгеріп қасиетке айналдырған ақиқаттың белгісі біздің рухымызда тағдырлық нәсілімізде жаратылыстан таңбаланып қойылады. Яғни оның да саны 99 болып, яғни тәубенің, кісіліктің қалыптасуымен он көктік нұрмен дәрежеленуі және 9 дәуірлік уақиғалардың қосындысынан тұрады. Ал, бұл ақиқаттың  және негізгі сәжделік 33 түрлі періштелік қуаттардың үш түрлі қозғалыс әрекетінің де белгілері болып табылады. Және ішкі сыры, қасиеттері Алланың көркем есімдерімен байланысты екені және оған қарсылықтың да 9 бұзықтықтың тәубеге қарсылықтың да 10 белгі теріс ойлармен дәрежеленумен екі негізгі ібілістік (шайтан, жын) белгімен жалпы саны 101 екенін білсек, онда бізге мұны меңгеру үшін де 99 негізгі қасиеттілікті періштелікті және бастапқы жаратылыстық 4 негіз жоғарғы дәрежелі періштелерге жалғанумен, яғни 4 түрлі ақылдық қуатпен; 99+4= 103-түрі қасиеттің белгісін алуымыз керек. Ал, қасиет дегеніміз қандайда бір жаратылыстағы затты пайдаланбастан оны иленудің, меңгерудің қабілетін иелену болмақ. Мұндай қабілетті әулиелік деп атап адамзаттың әулиелігі осындай дәрежелерден де тұратынын да естен шығармаңыз.

Сонымен  103-99=4 санының өзі бізге мәлім ақылымыздың, иманымыздың  кені 4 түрлі дінді, 4 түрлі жаратылыстық қуаттардың негізін  ескертіп жұптағанда жалпы 8 тұрақты діннің барын да білген жөн. 9-шы болып әр ұлттың, рудың тіл,сөз байлығын меңгерудің ерекшелігіне қарай ережесі, өмір сүру әдет-ғұрпы болмақ. Біздер заманның білімімен түрлі тұрмыстық, дүниелік қаракеттердің өзгеруіне қарай бейімделуден иманымызды жоғалтып аламыз. Олай болса, ата бабадан қалған өмір салты, дәстүріміз, аманат та естен шығып ұялудан қаламыз. Ал қазақ халқының ұялу дәстүрін Абай атамыз 30-шы, 36-шы қара сөздерінде насихатын көрсеткен.   Ұяттың әлсіреуінен иман жоғалып, иманның жоғалуынан арамыздың қалыптаспауынан жоғарғы дәрежелі ақыл-ойдың тірегі санамыздың жоғалуымен жүрек көздерінің де жабылуына соқтырады. Мұндай түрлі зұлымдықтарға түскен жағдайда бізге көмекке келетін  дін-сенім құлшылығы  көмес түрде қарсылықтардың арамның, күнәнің, зұлымдықтардың әрекетінен тазару үшін міндетті түрде керек. Сондықтан біз дінімізге иман келтірдік деп тәубеге келгенімізді ғана сөз жүзінде мойындап намаздарын орындау оқу арқылы  жоғалған, қашырып жіберген тағдырлық иманымызды ғана келтіре аламыз. Дін намаздарын орындап оқып рухани тазарған сайын біз ұятымызды тауып, оның әрекетін, іштен ескертуін, қуатын  сезіне алу қабілетіне ие боламыз. Дінді біз ерікті түрде меңгеруіміз керек. Яғни ол үшін де біз ата-бабаларымыздың тарихын, олардың дінді қалай меңгергенін және қателіктерін де білім тұрғысында зерттеу арқылы ғана біз тарихтағы белгілі тұлғаларға, рухани ұстаздар болған әулие-әмбилердің көмегіне, олардың артында қалдырған мирастарына сүйене алуымыз керек. Сондықтан бұрынғы өткен ғұламалар; Иман, Ислам, Ихсан деп бұл жолдың тәртібін үш ақ сөзбен белгілеп кеткен. Иман1.Ақылдылық, естілік, 2.Пайымды (ойлау қабілеті, даналық), 3.Ізетті, (дәстүрін меңгеру) 4.Көркі өзіне сай (жыныстық, кәсіптік, ұлтық сыртқы бейнесі, мінез көркемділігі), 5.Ізгілікті (тақуалығы), 6.Сабырлы (қажырлық, төзімділік, майталмандық) болып сипаталады. Ал енді сенімділік қуаттарды меңгеру тұрғысында барлық діндердің қазығы Ислам екенінде дау жоқ. Ихсан1.Патшалық, 2.Өсіп –өркендеу болып сипатталады. Бұл жағдайдан біздердің дінді меңгерудегі еріктілігіміз иманға тәуелді болып, құран аяттарының барлығында да біріншіден иман келтіріп, тәубемізге келіп яғни ұяттылықты және оның парыздарын орындап барып, сосын ғана рәсімдік, сауаптық құлшылықтарды қандай да бір амалдарды орындаудың маңыздылығы да осындай сырдан туындайды. Олай болса біздер иман, тәубе құлшылығы арқылы ғана дінді меңгеріп жанымызға патша-қожа болып, жер бетінің халифасы тұрғысында өсіп, өніп өркендей аламыз.

Енді қазақ елінде масһабтық ұстанымда әуелі ұят, иман және оны сақтаудың тазалығын меңгеру туралы насихатталып ислам дінінің құлшылығын орындауға шақырмай ма, мұнда қандай қателік, адасқандық болу керек?- деп сұраңыз. Рас, біз осындай діннің насихатына келу арқылы адамдық сипатымызға тән ұяттылығымызды қалыптастырып, иманымызды тауып ізгілікті пендеге айнала аламыз. Бірақ біздерге иман мен сенімді бір, айырмашылығы жоқ деп түсіндіргеннен кейін иманның ұлттық тұрғыда діл бақшасын өсірудің, әрбір үмметке берілген ережесінен, жол-жобасынан бас тартсақ болғаны, ойымыз белгілі бір шеңбермен шектеліп, ақылымыз сол қағида шарттарға байланып, біз иманымыздың қуатын осы өмір сүрген замандағы жетілген қарсылық күштерге қарсы тұруға дейін меңгере алмаймыз. Сенім құлшылықтарын иманды меңгеру деп түсінгендіктен ішіміздегі тағдырымызға байланысты да міндетті түрде «меніміздің» көрсеткенін, үнін тыңдаудан қаламыз да, оның орнына шайтанның сыбырлағанын, қарсылығынн теріс ойды тыңдап, сезімнің жетегіне еріп керісінше мәгүртке де айналып аламыз. Осындай жағдайда біздің 101 атты қарсылық күштер мен сенімнің құлшылығының араласумен 101 түрлі діннің топтарының пайда болуын да естен шығармаңыз. Оның 73 тобы исламның ішінен шықса, ал қалған 38 тобы өзге діндерге тән болмақ. Және 99 көркем есімдердің жын қуатымен, яғни жындылық арқылы меңгеруден де түрлі діндік рәсімдердің пайда болуымен Абай атамыздың; « Әй не болсын!…Жүз қараға екіжүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» (24-сөз) Бұл насихатпен жалпы үмметік сипатымыз Алланың жүзінен пайда болған 100 қойымыз ұлттық малымызды құртатын, арымызды, дәстүрімізді жоғалтқанда 200 түрлі жындылықтардың пайда болатынын да білдіреді. Яғни мұндайда біздер түрлі дінді осыны орындасақ текті боламыз, жақсылыққа жетеміз деп ойдан әрекеттер шығарамыз немесе кез келген елдің салттарын ырымдарын дін қылып аламыз. Оған мысал әулиелерімзге, батырларымызға ескерткіш жасап, басына гүл қою, өліктерге де гүл шоғын арнау яғни гүлмен, шөппен аруағын риза қылмақ әрекеттерімізді былай қойғанда жаңа жылда шырша ағашына табынып, шоқынып аяз ата, қар қыз деген қолдан тәңір жасап солардан тілек тілеп жарылқайды деп сенеміз, халықты да ұрпақтарымызды да осылай иманын қашыруға азғырамыз. Сонымен бірге иманды қашыруға, құдайдың аяттарына қарсылық білдіруге, кітаптарына ортақ қосуға; атыңды қазақшаласаң иманың өсіп текті боласың, таңбаны өзгертіп орыстан ажырасаң иманды елге айналасың немесе масһабпен намаз оқып тура жолда болып иман түгіл ақылды да өсірмей тәпсірге өзге жұрттың ақылына байлап, иманды қашырып ақыл-ойды жоғалтумен, жастарымызды жетесізге айналдырумен айналысып кеттік те. Сенім мен иманның және жан мен рұқ сипаттарының білімін жоғалтумен ұлттық сөз байлағымызызды да ұрпақтарға меңгертпеуге, иманын мүлде өсірмеуге жас балаларды 3 тілді зорлап үйретуме , олардың 13 жасқа дейін ана сүтімен, ұлттық ділден қуат алып иман арқылы 7 түрлі жандық, нәсілдік қуаттардың зейнеттелуіне жер анамыздан белгі алуына қолдан кедергі ұйымдастырып жатқан ел басқарушыларда  сана түгіл жетесі бар деуге ауыз бармайды. Мұндай жағдай біздің арымызбен байланысты қалыптасатын саналықтың мүлде жоғалумен, ал санаға жол ашатын ана қанымен, дәстүрімізбен, төменгі сана әйелзатының етегімен, киіз қазығымен жетілетін ділден, иманнан қуат алатын ұлттық тұрғыда жетелігіміздің де жоғалуынан, әулие бабалар қалдырған өсиеттері түгіл, ұлтымыздың жаппай бір-бірімізді ұғыну қабілетіміздің жоғалуынан осындай дінсіздік, надандықтың, діндегі адасаушылықтың, жастарымыздың тағдырлық иманына, ата-баба мирасы аманаттарына жалғана алмауға, бүлікшілді кпен жат пиғылдардың жетегінде кетуіне де жағдайды қолдан ұйымдастырғанымыз да хақ.  Себебі біздің бір ақылымыз яғни жетелігіміз сөз түсіну қабілетіміздің, естілігіміздің алғашқы сатысы болып, оның ұлттық сөз байлығымызға тәуелді байланып тұрғанын тек ана тілімен, діл білімімен ғана өсіп өнетінін де білген жөн. Мұны аятта; «Күдіксіз Алла; иман келтіріп, ізгі іс істегендірді, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізеді…(23) Олар, көркем сөзге көндіріліп, мақтаулы Алланың жолына салынғандар.» (22-24) Сонымен жаннатықтар иманы бойынша ізгі іс істегендер  және мұны бір ақылмен меңгеріп, ойы мен тілін қоса білумен  көркем сөзді, тәубесін, иманын толық меңгергендер болып саналады. Олай болса, діншілердің құранның Ең жоғарғы дәрежедегі Алладан келген көркем сөз екені де хақ, яғни енді құранды жаттап алғандар тура жолға түседі дегендері рас болып тұр ма? Егер осы аятқа қарап пайымдасақ, онда біз құранды мүлде теріске аламыз. Себебі; «Сендерге түсінікті болу үшін барлық жаратылыс нәрселерін парымен жаратым» деген үкім бар. Сандық тұрғыда да бұл аяттың жұбы, пары бары да хақ. Бірақ біз оны саналық тұрғыда меңгеруге әзірге ой қуатымыз әлсіз, сондықтан үгіттік тұрғыдағы жұбына тоқталсақ; «Олар сөзді зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме?» (23-68) Бұл аятта сөз туралы болғандықтан, тілсіз сөз болмайды. Ал тілмен ділдің өзара жұп болатынын білсек онда иман тілмен ғана өсіп өнеді, жетіледі. Қазақ елінің тіл білімі, сөз байлығы саналық тұрғыда қалыптасқандықтан ақылды меңгерудің зерде, зейін, жады, жат, зеректік, жете, сана деген сипаттары болып, құранды жаттап алу деген бұл белгілердің бірі ғана болып, мұның қате пікір екені әрбір есті адам баласына ұғымды болар еді. Бірақ біздірдің ұлттық философиялық мектебіміз қалыптаспаған, сондықтанда біздер әлемдік тілдік біліміне тәуелдіміз.  Бірақ аятта; «Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің, түстеріңнің қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер (ақылды, имандылар) үшін белгілер бар.» (30-22) Бұл аяттағы тіл мен түс деген белгіге мұқият зер салсаңыз біздің түріміздің ақ, қара, сарылығын емес, түнде көретін түстеріміздің тіл білімімізбен, жазу, оқылу бағытымен де тікелей байланысты және оның тылсымнан үмметтік жоба кітаптарының оқылуының да ерекшелігі қарама–қарсылығы болатынын ескертеді. Олай болса біздің ұлттық, үмметтік тіл біліміміздің ерекшелігі, өзге тіл білімдеріне сөз ұғымдық қайшылық, қарсылығы да болуы керек. Себебі біздер «СОЛ» бағыттағы жазу, оқу үлгісімен, ал арап тектес елдердің «Оң» бағыттағы жазу, оқу қуатымен үндік және тылсымдық кітаптарының да оқылу, көрсету қарама-қарсылығы болатыны да хақ. Ал тіл білімінің негізі пайғамбарлар арқылы ғана берілетін болса, біздің өз ұлтымызға тән пайғамбарларымыз да және оның кейінгі замандары істерін жалғастыратын арамызға түсіріп тұратын елшілері де болуы шартты үкім болмақ. Тіл білімінен, ұлттық көркем сөз байлығынан ғана діл білімі қалыптасатын болса, онда ділімізден ғана иманды өсіре аламыз. Біздердің имандық қуатымыздың да қозғалу бағыты арап елдерімен қарама-қарсылығы болуы да сөзсіз. Демек дәстүріміз де де өзгешеліктер, артықшылықтар болуы да қалыпты жағдай.

Олай болса иманды меңгеру үшін аятта; «Араларыңда Алланың Елшісі барлығын біліңдер. Егер ол, істің көбінде сендерге бағынса еді, әрине қиыншылыққа ұшырар едіңдер. Бірақ Алла, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңде зейнеттеді. Сондай-ақ сендерге; қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсетті. Міне солар тура жолдағылар.» (49-7)  Мұхаммед пайғамбарымыздың жанында қаншама тіл білімін меңгерген білімді сахабалар болғанымен және олар құрандағы құпия аяттардың да сөз астарларын зерттеп,  құлшылық амалдарын пайғамбарымызға түсіндіргенмен, бірақ пайғамбарымыздың  жазу сауаты болмағанмен тіл білімін жоғарғы дәрежеде меңгергені хақ. Олай болса тіл білімінің намазы болған  аян, уахимен, көкейге салған оқылған батамен ғана әрекет қылғанын үлгі қылады. Және иман қуатының, жарығының  жақсылық амалдар болып « иманды жақсы көрсетіп»  бейнеленіп уахи, аянмен көрінетін, жүрекке зейнет (тағдыр жазуы) болып енетінін, сонымен бірге  «қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсетті.», яғни  тағдырдағы жамандықтарды алдын-ала ескертіп отыратын іштегі елшілік қасиет екенін ескертеді. Сонымен ешқандай жазу, оқу білімін меңгермей-ақ, тікелей Раббымыздың аяттарын оқитын яғни түс көру арқылы аяндармен жоба алып, құранның жасырын көмес кітаптарын алуды «Кітап берілгендер» деп атайды. Құранда «Раббыңнан түсірілгендер» яғни «Түсіңде көрсетілгендер» деген мыңдаған аяттардың ескертуін, Құдайдың ісін көрсеткен, білдірген жол-жобасын масһаб және исламдық дін топтарының терістеп, тек білім тұрғысында шариғатты жол қылып алуды да Раббымыз аятта; «Немесе дін тұрғысынан Алла бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмаса еді, әрине араларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдар үшін күйзелтуші азап бар.» (42-21) Масһабшы діншілердің пайғамбардан кейін уахи түспейді, яғни Алланың бұйрығы бізге иман арқылы дін  шариғатты да жетілдірумен бірге әрбір пенденің аянмен тағдырын тазартуға, болашаққа бағдар қылып алуға көрсетіп, жазатын сөзі таусылды дегенмен бірдей болып,  Аллаға күдіксіз серік қосып, ортақ қосу амалы болып шығады. Ал аятта; «Егер жер жүзіндегі ағаш атаулы; қалам, теңіз сия болып, одан кейін оған тағы жеті теңіз көмектесіп жазса да Алланың сөздері таусылмайды. Күдіксіз Алла, өте үстем, хикмет иесі.» (31-27) Демек жер бетіндегі ағаштар мен өзен, көл, теңіз сулары арқылы жанға айналып, Алланың сөзі біздің тағдырымызға жазылып, оқылып жатырғаны хақ және оған жеті жол-теңізден яғни көктен, жеті жолдан, ай мен күннің жүзіп жүрген теңіздерден де Алланың білімінен сөздердің де ұдайы келіп жатқанын ескертеді. Сондықтан иман деген пайғамбарлық қасиет, яғни ақылды меңгерудің тұрақты құлшылығы болып, пайғамбарлық міндеттің негізі таза ақылдан, әлемдік  уақтық тағдырына, замандық қозғалысқа, уақытқа ілесе білуге, ата-бабадан мирас қалған кітаптарына жалғануға белгі болған иманды қалай өсіру, егінін жетілдіру болса, мұның толық дәрежесін Мұхаммед пайғамбарымыз құлшылығын көрсетіп, кітаптық  ғылымын құран тұрғысында оқып, иманның  қуатын меңгерудің, рухани егінін өсірудің ортасын белгілеп берген еді. Жоғарыда иман мен сенімнің 9 санды белгілерін ескерттік. Осы екі белгіні толық меңгерумен 9+9=18 мың ғаламға жалғанудың, оң алақандағы тағдырлық 18 санды белгіні меңгеруді қалыптастырған еді. Бірақ сол жақ алақандағы 81-санды белгі сенім құлшылығын пайғамбар намазы, құлшылығы болып жасырын орындалғаны, оны санаулы сахабалар ғана меңгергені де сөзсіз. Сонымен бірге барлық діндердің басын біріктіруге арналған ілім мен білімнің өркениетін қалыптастыратын сопылық тұрғыдағы 11 санды сенімділік құлшылық намаздары да ол заманда құпия жабық болып қалғаны да хақ. Сондықтан да араптарды құранда «Сендерді орташа үммет қылдық» деген. Себебі ол уақыттағы білімнің, ілімнің де әлсіздігінен, құранның негізгі аяттары мен жоғарғы дәрежелі иманың қуатын, ақылдың саналығын меңгерудің сырларын Алла тағаланың негізгі кереметі, құдіреті мен ғылымдық сипаты 8 түрмен толық бекітіп жаппай дәстүрге айналдыру мүмкін болмады. Сондықтан елшіліктің жоғарғы сатысы болған тазартушы масіх Ахметтік дәрежесінің бейнесі Ғиса пайғамбар және Мұхаммед пайғамбар елшілік істерін басын қосатын үшінші Ахмет өмірге келу тиісті болғаны да хақ. Пайғамбарымыздың миғраждан алған 3 түрлі намаздың үкімдері де осы құпия сырларды сенімнің 3 түрлі ерекшелік қуаттарын меңгеруге байланысты еді. Сондықтан масһаб білімінде намаз оқуды басты құлшылықтың дәрежесі қылып оған зекет, оразаны, қажылықты тіркеп бес парызбен тура жол таптық деген адасушылықтың пайда болғаны да хақ. Ал бақара сүресі; 285(15,6); 286 (16,7) сандық мәндегі құлшылықтардың сенімнің 81(9), 11(2) сипаттарымен меңгеру амалдары шығып қалып иманның өркениеті де жоғалуына себеп болғаны да хақ.

Мұндай жағдайда, иманың өзін көрсетуі арқылы ғана қателіктерді анықтауға, түзеуге болатыны да ескертілген аятта; «…Мұхаммед оларға: «Егер тауратқа иман келтірген болсаңдар, имандарың сендерге нендей жаман нәрсені бұйырған де» де (2-93) «Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты ақылын жұмсамайтындарға береді.» (10-100) Демек иманның келуі Раббымыздың тарапынан ақылдың, ескертудің берілуі болып, ал мұндай ақылды орындамағаннан міндетті түрде сынақтың пайда болатынын да білген жөн. Сондықтан да Иман-аманат болып саналады да тылсымнан заман уақиғаларына  берілген қандай да бір белгілерді ақпараттарды мұқият зерттеу, ақ қарасын ажырату дін ғалымдары мен даналардың міндеті болу керек.. Мұндай аманатқа мән бермей немесе терістеп қиянат жасаудың сұрауы да зор екені сөзсіз. Сонымен сенімнің қуатын меңгерудің маңыздылығы да «Жүз бір атты пәледен сақта» дегендей 101 қарсылық ібілістік білімге байланысты болмақ. Қайталай кетсек, сенімнің; 9,81,11(101) сипаттарын меңгерудің маңыздылығы да құранның және шежіре-тарихтың білімінен және ақиреттің жаратылысынан, білімінен хабардар болу міндетті болмақ. Аятта; «Мұхаммед саған осылайша әмірімізден «Рұқ» уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.»(42-53) Сонымен рұқтың яғни ақиреттің құпия  білімі болып, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлармен ең соңында Ғиса пайғамбармен інжіл болып бекіген  Мұхаммед пайғамбарымызға өзіне ғана құпия білім болып оқылған кітаптың имандылық қуаттарын меңгерудің сырлары болып саналады. Мұны інжілде «СОЛ» кітабы деп атаған. Ал біздер үшін бұл кітаптан мирас болған хадистер мен сүннет амалдарынан біз иманымызды түрлі қарсылық азғырудан сақтануға байланысты білімін алады екенбіз де, Сол арқылы ғана Оң құранға жалғанып барып тура жолға пайғамбарымыздың шапағатымен ғана түсеміз де иман бақшасын өркендетуге өзіміздің жобамызға тағдырлық кітапқа жалғанамыз.  Сонымен біздердің пайғамбарымызға иман келтіру дегеніміз хадис білімін меңгерумен көрсеткен сүнеттерін орындау арқылы құранның «СОЛ»  кітабын алуымыз керек. Және Аллаға  иман келтіру амалын орындауымыз үшін барлық кітаптармен берілген білімдерді де толық меңгеріп тылсымнан иман арқылы оқылған Раббымыздың  аяттарымен құлшылығын, намаздарын орындауын да қалыптастыра білуіміз керек. Оң жақтан берілетін  9 тәубе мен 9 дәуірдің құлшылығын бірлеуіміз арқылы 18 ғаламдық Құранның жеті иман қуатының үніне жалғануымыз да керек.  Енді біздер сол бағыттағы тіл білімінің мирасқорлары ретінде құранды оң жағынан оқылатын арап тілін меңгеру арқылы оқып немесе бағзы замандағы құран тәпсірлеріне ғана жүгініп жалғана алмаймыз да. Себебі әрбір заманның оқиғаларының 9 дәуірлік кезеңдердің де қарсылығы болып, кезінде иманға қуат болған аяттардың енді керісінше құранды терістеуге, аздыруға деген қарсылық аяттары да ібіліс тарапынан пайда болуы да заңдылық. Мұндай жағдайда құранды теріс бағыттағы қарама-қарсылық тіл біліміне аудару арқылы жаңадан аяттардың құпяясының ашылуымен, ғылым көздерінің пайда болуымен исламның Ақ бастауымен, мұғжиза, хикметтерінің Ақ бұлағымен ғана дінде үстемдік орнайтыны да сөзсіз.

Дәуірлерден заман құралады, әр заманның Алла тағаладан берілген ерекше нығметтері мен сынақтары да сан алуан түрлі болады. Сондықтан да әрбір заманның өзіне тән қуаттары мен уақыт қозғалысын меңгеруге, жаратылыс сыр құпияларын біліммен жітілдіруге де қарсылық күштердің зұлымдық себептердің де өрістеп дамитыны да сөзсіз.  Мұндай жағдайда иман қуатын жетілдіруге, рұқтан егін өсіруге арналған біздің сенімділік тұрғысындағы оқитын намаздарымыз, оразамыз, зекетіміз, қажылығымыз мүлде жеткіліксіз болып шығады.  Және сенімнің үнемі қарсылығы жетілген сайын білімділік тұрғысында құран аяттарын құпия сырларын ашатын, Раббымыздан хикметпен уахилар алып мұғжизалар келтіретін жаңадан құлшылық рәсімдерін жетілдіретін іс басында тұратын елшілердің келуі де шартты болмақ. Бұл Құдай ісі деп аталып әрбір кезеңдерде үмметік тұрғыда қосымша жол-жобалардың келуімен түрлі хикметтердің түсуімен, мұғжизалардың көрінісімен белгілі болмақ. Яғни дін де өркениеттің қалыптасуымен адамзаттың ақылының дамуын, сана қуатының жоғарғы сатыға қарай көтеріліп, замандық оқиғаларға баға беруге, ғылым көздерінің ашылуына себеп болу керек.

Себебі иманның алты сипатының; 1. Иман-Ақылмен, даналықпен байланысты болса, ал ақыл замандық білімге де байланысты жетіліп отырады.  2. Иман-пайымдау (ойлау қабілеті, естілік) болып сөз ғылымының философиялық білімнің өркениетімен бірге жетілу де керек. 3. Иман-Ізеттіліктің заман мәдениетінің түрлі кәсіптердің, адамзат тұрмысының  салттарын, қаракеттік істердің өзгерісін де қамту керек.  4. Иман-Көркі өзіне сай (жыныстық, кәсіптік, ұлттық сыртқы бейнесі) болудың да заманға қарай бейімделудің көркем мінез, қылықтың, парасаттылықтың сипаты болу керек.  5. Иман-Ізгілікті істерді меңгерудің де замандық өркениеттің үдерісіне тұрмыстық, шаруашылық істердің алуан түрлігімен ізгіліктің де ауқымы арту керек. 6. Иман-Сабырлылықтың ақиреттің біліммен байланысты құран аяттарының құпия сырлары, ғылымдағы жаңадан білімдердің жаратылыс сырларының да ақ қарасын ақиқатын меңгерумен жетілгендік қуаты да болуы керек. Сонымен негізгі төрт дін қағидаларында 6 түрлі иманның құлшылық намаздарының да меңгеру де өз ерекшеліктері бары сөзсіз. Ізгілікті, ізеттілікті меңгеру имандылық құлшылығы барлық дінде ортақ амал болып саналады. Ал енді ақылды, даналықты меңгерудің жоғарғы дәрежесі Зәбурмен көрінісін берсе, пайымдау, ой қуатын меңгеру інжілмен дарындылық қасиеттерді меңгерумен жоғарғы дәрежесі болып саналады. Ал сабырлық қасиеттің іліммен, ақиреттік біліммен байланысты болып бұл Тәураттан басталып 4 дәрежесі болса, онда Мұса пайғамбарымыздың Қыдыр атамен жолығумен ілімдегі сабырлықтан сүрінсе, ал мұны толық меңгерген Мұхаммед пайғамбарымыз болады. Иманның 4-ші құлшылығы көркіне өзі сай болудың сыры тіл білімінің жоғары жетістігін меңгерген жындар мен шайтанды да жұмсай білген дүние ісін де жетілдіре білген, барлық жер бетінің байлығын жинаса да өз қалпынан шықпаған парасаттылықтың үлгісі Сүлеймен пайғамбарымызға тән болып табылады. Ал енді иманның бұл құлшылықтарын сенім арқылы меңгерудің насихаты құранда; 6-сүре «Әнғам»-Үміттену, 15-сүре «Хыжыр»-Бойтұмарлау, 51-сүре «Зарят»-Бағыштау, бағалау болып және үмметтік нанымды қалыптастыру болып табылады. Бұл құлшылықтың пайғамбарымыз миғраждан алып келген үкім аяттың 285(15,6) сандық жүйеге сәйкес болмақ. Бұл құлшылықтың сырын ислам дінінде сахбалардың көбі меңгергені де хақ.

Сонымен бірге иманды жетілдіру құлшылығы 286-шы аятпен,(16,7) санды Мұхаммед пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйекпен сәжде қылуға бұйырылдым» деген өсиетіне сәйкес мұны сопылардың тарихат, мағрипат деген жолдармен меңгеруге тырысқаны сөзсіз. Және 11-санды сенімділіктің құлшылығымен пайғамбарымыздың аманатын жалғастырған және барлық діндердің басын біріктіре білген Ясауи бабамыздың қалдырған ілімі құранның имандық қуатын толық меңгерудің белгілерін түгендеудің де құпия сыры болады. Қазақ елінде ата жолы болып исламның қаншама ғұламалар, пайғамбарлар армандап, болжап кеткен иманның қуатының жаңғырып, Ақ жол болып, құранның Ақ бастауының ашылу хикметі де болған еді. Болған еді деуге себеп бұл жоғарғы дәрежелі хикметті мұғжизаны меңгеруге иманның сабырлығы дәрежесінде яғни саналық дәрежеде болуға тиісті үлкендер , зиялылар қауымы мен ел билеушілердің сана түгіл, дүние ісіне байланғаннан иманмен пайымдауға жетелері де жете алмай, ата жолының көбі іблістің жамағатына айналуына, дін ғалымдары да ібіліске қызметке тұрып жәрдем бергені де хақ.  Ясауи баба ілімін былай қойғанда,  ұлтымыздың Абай-Шәкәрімдей  даналарын философиялық тұрғыда зерттейтін ғалымдар қауымы болғанда сенім мен иманның, жан мен рұқтың  арасын жетелі ақылмен ғана бөліп қарастыра білгенде мұндай зұлымдыққа түспеген де болар едік. Мұндай жағдайда «Серік қосу, серік қату, ортақ қосу» деген ұғымдар иманға қарсылық, иманды жоғалтумен байланысты екенін дәлелденіп, аруағына зиратағаннан керісінше түс көріп, аянға жалғанып иман қуатын алатынын да іс жүзінде әулиелерді аралап көзін жеткізетін заңгер, ел билеуші, ғалым арамыздан шығып қалар ма еді. Олай болса; «Шерік қосу, шерік қату»деген ұғымдардың сеніммен және құлшылық рәсімдермен байланысты болатынын да жастарымыз білген болар еді. Абай атамыз тіл білімін меңгерудің кез келген жасқа немесе білімге ғана байланысты болмайтынын; «Өзіңе сенбе, жас ойшыл, Тіл өнері дертпен тең. Көңілдің жүгін қиял қыл, Ызаға тұтқын бой мен мең-зең, Қасиет тұтып, ойға ұмтыл, Қан қайнап, қуат егілсін! Онан гөрі еңбек қыл, Улы сусын төгілсін! Ойлай берсең, ой деген Не қызыққа келер кез. Кісі айтпаған, білмеген Күй әдемі, тәтті сөз. Тыңдама оны, ұмыт сен, Бүркен дағы, бар да жат. Тамылжыптып айтқанмен, Қыла алмассың сен қымбат. Кез болсаң қайғы я зарға, Құрсатса тілді ұмтылып, Алып шықпа базарға Асаудайын бұлқынтып. Қайғы-дертің мейлі мың, Саудаға салмақ-өзіңе ар. Жаныңа түскен жараның Іріңін нетсін надандар. Біліп оған не керек, Ішіңнен қайғы жемесең, Жалтаңдаған жас жүрек Байғұс-ай десін демесең. Өз бойыңа болып сақ, Жан-жағыңа қараңдар! Күн көріп жүр күліп-ақ Сенен басқа жарандар. Олардың да ешбірін Қайғы аман қойған жоқ шығар. Ойлап, байқап көр түрін, Таттырмап па дүние зар? Күлкі болмай, қой жаным, Сен бүйтесің, ол қайтті? Олар көрген арманы Кімге шақты, кімге айтты?!»  Және «Имансыздық намазда қызылбастан келген жол» деп біздің сенімнің намазын иманды меңгеру де, керісінше иманды жоюға қызмет қылуға ібілстің жолына түсіп тажалға айналған зиялы, білімді, ел билеуші, дінші қауымдарға ата-баба аманатын қиянат жасап уәдесін орындай алмай имандарын жоғалтумен өздері де жоғалуға тән болғандарына қандай өкініш десеңші!…Әрине әрбір айыптауға да, иманды адамға  ғылыммен дәлелін де келтіру керек. Олай болса бізде тырысып көрейік имансыздар қатарына қосылмас үшін…(жағасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *